Ғылыми зерттеу күнделігі зерттеу тақырыбы «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»


ШҚО Бесқарағай ауданы «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ



бет4/10
Дата14.10.2023
өлшемі8,83 Mb.
#114728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ШҚО Бесқарағай ауданы «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ
9 сынып оқушылары Әлібек Әсия, Есенаманов Жанның
мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына дайындаған
«Желтоқсан алауын жаққан жүректер» атты ғылыми жобасына


Ғылыми жетекшінің пікірі.
Зерттеу жұмысының тақырыбының өзі тың, аз зерттелген тақырып. Жұмыстың барысында қойылған мақсатының өзі айқын. Желтоқсан оқиғасының мәнін, нақты оқиғаға қатысушы куәлердің айғақтары арқылы дәлелдеп, тарихи оқиғаға баға берген. Тақырып барысында сол кездегі қоғамдық жүйенің дағдарысын ашық көрсеткен. Куәлердің айғақтарын, тарихи оқиғамен байланыстыра отырып ой-түйіндеуге ұмтылады. Зерттеу жұмысы барысындағы осы жетістіктерді атап өткен жөн.
Зерттеу барысында тарауларды толықтыра түсу қажет, қосымша деректік құжаттамаларды қосу қажет.
Оқиғаға қатысушылардың деректерін толық қамтыса,түссе тақырыптың құндылығы артатыны сөзсіз. Оқушының алғашқы жылдары жазып отырғандығын ескерсек, жоғарыда аталған кемшіліктердің болашақта түзелетіндігіне сенім білдіруге болады.


Қазақ халқы бабаларымыз, ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке ұлт болып қалу–қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда қол жеткізді.
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе
Қазақ халқының ертеден ешкімге тәуелсіз, жеке, дара мемлекет болып өмір сүруді қалайтыны, сол егемендік жолында қаншама батырларымыз бен ұлы тұлғаларымыз жандарын пида еткенін соңғы тамшы қанына дейін «елім, жерім» деп тұратыны тарих қойнауынан мәлім, оның дәлелі қазақ халқы басынан 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілістер мен толқуларды өткізді. Ұлт-азаттық көтерілістердің басты мақсаты тәуелсіз, егеменді мемлекет құру. Ата-бабамыз ертеден қоныстанған кең-дархан даламызда бұрынырақтарда да қуатты мемлекет Қазақ хандығын құрғаны белгілі. Алайда, сол Қазақ хандығын қорғап қалу үшін халқымыз өзі аса қастерлейтін егемендігінен айырылды, Ресейдің отаршылдық тұзағына түсті. Ұзақ жылдар бойы өз атамекенін қанымен қорғап келген халыққа «Тәуелсіздік» сөзінің ұғымы ерекше. Үш ғасырға жуық Ресей құрамында болған қазақ елі отаршылдық езгінің небір сұрқия саясатының құрбаны болды, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз мұра қылып қалдырған шұрайлы жерінен айырылды. Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан тілімізден айырыла бастадық. Осы қордаланған мәселенің мұз құрсауын еріткен оқиға – Желтоқсан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет