Ғылыми зерттеу күнделігі зерттеу тақырыбы «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»



бет8/10
Дата14.10.2023
өлшемі8,83 Mb.
#114728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«1986 жыл желтоқсан Алматы»
Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер араңдатып салған оқушы жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған пленумының шешіміне наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және қоғамға жат басқа да адамдар пайдаланып, правоға қарсы әрекеттер жасады, сондай-ақ бір азық-түлік магазинін, жекеменшік автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын әрекеттер жасады.» — деп алаңға шыққан жастардың адал ниеттерін жалған жала жауып, нашақорлар, ішкіштер деп айып тақты. Хабарландыруда айтылған автокөлік өртелуі туралы Сартолов Қанат былай дейді: «Алаңдағы түрлі жарақат алғандарды алған автобустар сол күні ешбір студентті алмады, тек әскерилер мен полицейлерді тасыды. Бұл жастардың ашу-ызасын тудырды. Сол себепті бір топ студент (арасында мен және менің курстастарым болған) автбусты шайқап-шайқап аударып жібердік.»
Алаңнан 16-17 желтоқсан күндері ұстаған жастарды айуанша автобустарға тиеп, желтоқсанның қақаған аязында қала шетіне апарып, ұрып соғып суық қардың үстіне лақтырып кеткен еді. Қыздарды арам пиғылдарымен қала шетіне апарып аяқ-киімдерін, үстіндегілерін шешкізіп қара суықта қардың үстіне отырғызып қойғандарының өзі не деген қаныпезерлік?! Сондағы тек елімнің мүддесі, халқымның жағдайы деп ақ ниетпен алаңға шыққан жастардың көрген азабы мен қазасын кім өтейді?!
17 желтоқсан күні жастардың тағы бір лебі жиналып, алаңға қозғалды. ҚазПИ-дің филология факультетінің І-курс студенті Құрманбаева Рыскүл сол жиналған топтың ортасында болып көргені:
«Азаңда өз курстастарымызбен жиналып, алаңға барамыз дедік те, топтасып көше бойлап қозғалдық. Жолдан «Автодорожный институттан», «АГУ-дан» жастар келіп қосылды. Барлығымыз бір бағдармен келе жатқанда бір мезетте жан-жақтан әскери көліктер келіп, денелі, дау-дау адамдар түсіп, топты тоқтатып, барлығын машиналарға тией бастады. Ине шаншар жер болмастай етіп, тығыздап тұрып көлікке кіргізді. Мені біреу жұлқылап желкеден ұстап алып, машинаға кіргізе бергенде басыма арт жағымнан қатты дубинка тиді. Солқылдап ауырып келеді, өстіп 1-1,5 сағат жүріп, қаланың шетіне апарып тастады. Суық, киімдеріміз жыртылып қалған, беті-басымыз қан қайта қалаға қарай бет алдық.»
17-18 желтоқсан күндері алаңға шыққан жастардың алаңда көрген озбырлығы, соққысы аздай жаппай жазалау басталды. Алаңда түсіріліп алынған суреттер арқылы жоғарғы оқу орындарын аралап, тінту өтті.
Тінту кезінде өздерінің курстас қыздарын тыққанын оқиғаның куәгері Ермузхамбетова Салтанат айғақтайды: «Оқиға басылғаннан кейін оқу орнымызға КГБ-дан алаңда түсірілген суреттерімен адамдар келді. Олар жатаханадағы қыздардың барлығын жартылай шешіндіріп, үстілерінде соққының ізі бар ма, жоқ па деп тексерді. Өзімізбен комнатада бірге жататын Омарова Бибігүл есімді қыздың желкесінде дубинканың ізі бар еді. Соны ұстап алып кетпес үшін оны киім салатын шкафтың жоғарғы бөлігіне шығарып, тығып қойдық. Тексеруші байқамады да, біз бір жазадан аман қалдық»
Ұсталынғандар қатаң жазаға тартылды. Сол жылдары Партия мүшесіне болған жастар да бұл оқиғадан тыс қалмады. Олар жасырын түрде желтоқсаншыларға көмектесіп, өздеріне берілген тапсырманы орындау барысында қолдарына келген көмектерін аямады. Мысалы: Чинтемиров. Серік/партия мүшесі/ жиналыстарда жастарды қорғап ара түсті. Оларды қудалауға жол бермеді. Ерғали есімді жігіт (Ауған соғысының ардагері болған) өзінің қолына берген суреттер арасынан өз курстастарының суреттерін жойып жібергендігін Сартолов Қ.А.-ның естеліктерінен білеміз. Осылайша оларды жазадан аман қалуына ықпал етті. Егер ол суреттер жазалаушылардың қолдарына түссе, қазіргі оқиға куәгерлерінің тағдыры мүлде басқа арнаға бұрылатыны сөзсіз еді. Осындағы жастар арасындағы бір-біріне деген достық, бауырмалдық сезімдері, сондай игі істері қазіргі ұрпаққа үлгі боларлық әрекет. Желтоқсан оқиғасы алаңға шыққан жастардың қаншамасының тағдырын басқа арнаға бұрып, олардың өздерінің ұлттық санасының шыңдалуына, егемендіктің іргесін қалауына, тоталитарлық жүйенің мұз құрсауын жібітуге үлес қосқан, патриоттық рухтың үлгісіне айналдырды. Оқиға болып жатқан күндері алаңда болғандарғана жазаланбады, жайбарақат кешкі жұмыстан қайтып келе жатқан оқиғадан хабары жоқ адамдар «қазақ»болғаны үшін соққыға жығылып жатты ол жөнінде Талғар Ауылшаруашылық техникумының сол жылдардағы студенті Үркімбаев Бақыт былай деп еске алады:»17-күні КазПИ-дің жатаханасынан қайтып келе жатқан біздер отырған автобусты өз бағытынан тыс алап келіп , автопаркке тықты, ішінде екі қария, апалар бар еді . Тоқтаған автобустың ішіне қолдарына қызыл байлаған орыс ұлтынан құралған жасақшылар лап қойып отырғандарды ұрып, соқты. Әзер қашып құтылдық» Осы бір айғақтан-ақ жазалау шараларының әділеттсіз жүргізілгенін көруге болады,Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды,соның 46-сы кейін ақталды. Оның екеуі өлім жазасына кесілді: Қ.Рысқұлбеков, М.Әлімқұлұлы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет