Ғылыми зерттеу күнделігі зерттеу тақырыбы «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»


жылғы Алматы облысында орныққан саяси жағдай



бет9/10
Дата14.10.2023
өлшемі8,83 Mb.
#114728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
07fc9fc48a4d28ff66168b04dc792a9ab9df056a (1)

2.3. 1986 жылғы Алматы облысында орныққан саяси жағдай.
Бұл шеру Алматы қаласында өткенімен жаппай облысқа, тіпті барша республикаға әсер етті. Алматыдағы жастардың солай шеруге шыққанын естіп, басқа облыстарда, қалаларда жаппай шерулер өтті. Талдықорған қаласының студенттерінің бас көтеруі 16 желтоқсан күні Алматы жастарының бас көтеруінен кейін болды. Сол Талдықорғандағы оқиғаның ортасында болған Адыбаева Ғалияның естеліктері:
«Мен ол кезде (1985-1991) Талдықорған педогогикалық институты музыка факультетінің ІІ курс студенті едім. 1986 жылы 16 желтоқсанда кешкі сағат 19:00-де радиодан Алматыда шеру болғанын естідік. Концерт қоюға дайындықта болғанбыз. Сағат 21:00-де №2 жатақханада студенттік кеңесте Айтжанова Жанна «Түңгі сағат 12:00-де қазақ студенттердің жиыны болады.»-деді. Айтқандай сағат 12:00-де жиналдық.

  • Алматыда жастар көтеріліпті, себебі: Қонаевты алып, айдаладағы бір орысты алып кеп орнына қойыпты.

  • Біз неге шықпаймыз?!

  • Біздің неге намысымыз жоқ. Айдаладағы бір орысты неге қолдаймыз?! Ертең шығамыз! – деген ойлар айтылды. Осындай ашына айтылған

сөздерден кейін барлық қазақ жастары намысымызға тырысып, ұлтжандылығымыз оянып, бірігіп талқылап жатқанда, астындағы вахтерша апай болып жатқан жиналыс туралы деканға және милицияға хабарлап қойыпты. Олардың келе жатқанын ести сала, ештеңені білдіртпес үшін, бір мезетте-ақ тарап кеттік. Еш сыр білдірмедік. Түңгі 1:00-де қайтадан жиналдық. Түнімен лозунгтар «Бізге қазақ басшы керек», листовкалар «Барлық қазақтар таңғы 7:00-де алаңға жиналыңдар» деп жазып дайындадық.
Сағат 4:00 терезеден секіріп шығып, листовкаларды Заведтехникум, Индустриалдық техникум, Пединституттың №1 жатақханасы, Юртехникум студенттеріне тараттық.
Заң техникумына келгенде топты қаруланған әскер күтіп тұрды. Олар техникумның жатақханасын қоршап, студенттерді сыртқа шығармады, өрт сөндіргіш машиналармен су шашып, қару қолданды. Сол жердегі қақтығыста қалғаны қалып, шыққандары шығып алаңға қарай жылжыды.
Сағат 7:00-де барлығымыз алаңда болдық. Бірақ ол кезде алаңды милиция қызметкерлері қоршап тұрды.
Барлығымызды автобустарға тиеп, тез-тез таратуға тырысты. Бірақ автобустың ішінің өзінде орыс-қазақ арасын араздастық болып, жанжал туды.
1 ай тергеуде болдық. КГБ-ның адамдары тергеуге алғандар психилогиялық күйзелістерге ұшырады,сұрақ астына алынған қыздар қайтып келгенде, етек-жеңі жасқа толып келетін.»
Дәл осылай Алматының шетінде жүріп жастардың бас көтергені туралы естіп Алматы гидромелиоративтік техникумының (Шамалғанда орналасқан) студенттері де шеруге шығуға тырысқан. Ол жайында сол техникумның І курс студенті, Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық Ұйғыр аудандық комитетінің мүшесі Қыстықбаева Ә.Қ./ жазаланып партия мүшелігіне шығарылған/ естеліктері:
«Біз 16 желтоқсан кешкілік Алматыда болған жағдайды естідік. Ол жайында талқылап, келесі күні таңға Алматыға барамыз деп келістік. Келіскеніміздей таңға Алматыға қарай жылжи берейік дегенде, барлық автобустарды тоқтатып тастапты, оған қарамастан жаяу, күн суық, трассаға шығып, Шамалғаннан Алматыға бет алдық. Қаскелеңге жете бергенде жолдан әскерилер күтіп алды. Барлығымыз қайтаруға тырысты, ұрып-соғып, автобустарға тиеп қайтадан оқу орындарына апарып тастады. Сондағы ұстаған кездегі ұрғандары, тепкендері, соққыға жыққандары барлығы да кеше ғана болғандай есімде. Бізді қайта оқу орнына алып келгеннен кейін сұрақ астына алды. Мені Партия құрамында болғаным үшін жеке тергеуге алып, бірнеше аптаға түрмеге қамап қойды. Жиналыстарға салып, қинап, ұрсып, сүйектен өтер сөздер айтты. Жүрекке салған ізі қандай?!» Желтоқсан оқиғасы тек Алматы қаласында ғана емес, барлық облыстарды стихиялы болсада қамтыды. Халық алдында тотаритарлық жүйенің бет-пердесі ашылып,нағыз бейнесі көрінді.»Мені өзім бала күнен бері санамызға сіңген партияның, комсомолдың кіршіксіз бейнесінің бір сәтте жоқ болғандығын түсіндім. Мұздай қаруланған әскердің халыққа қарай тап беруі, тотаритарлық жүйенің нағыз айуан бейнесін ашып берді» деп есіне алады Ермухаметова. Салтанат.
Оқиғаның куәсі болған кез-келген адамның жүрегінде із қалды,оның өмірі мүлде басқа арнаға бұрылды./ оқудан шықты, жұмыстан қуылды, партия ,комсомол қатарынан шығарылды т.с.с./ҚазПИ-дің тарих факультетінің студенттері алаңда/ тақырыпқа арқау болған сурет/
Бір өкінішті жағдай сол кезде алаңда болған жастардың нақты деректері қазіргі таңда аудан көлемінде жинақталмаған, болашақта осы мәселе төңірегінде біраз іздену жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Ел тарихы –ер ерлігіне бастау алатынын ескерсек, желтоқсаншылар ерлігінің өтеуі еліміздің егемендігі.
Егемендік, тәуелсіздік-болашақ ұрпаққа аманат.Желтоқсанның ызғарлы аязында шыңдалған, ұлттық рухымыздың еңсесі биік болғай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет