Эмпирикалық зерттеу әдістері. Аталған зерттеу әдістерінің бастауыш сынып оқушылпрының зерттеуде қолайлысын таңда және дәлелде.
Сұхбаттасу – әңгімелесудің бір түрі, бірақ жауапқа баға беру және позициясын анықтауға бағдарланады. Сұхбаттасуда жобалау әдістемесі қолданылады. Сұрақ қоюшының өзінің ойы бойынша арнаулы жобаланған жаядаттар келтіреді: «Сен не істер едің, егер…». Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлар элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты ―субъект-субъект‖ жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ-жауап әдісінің мынындай түрлері бар: 1.Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. 2.Сұқбат-әңгіме – сұқбаттын бір түрі. Сұхбаттасудың бұл түрі зерттеу объектісі, өз іс-әрекеті, өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық, педагогикалық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде көрінеді. Мектеп жасында дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай сауалнама алу әдісі қолданылмайды. Зерттеуші сауалнама жүргізу арқылы бастауыш мектеп мұғалімі мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады.
Сауалнама сұрақтары ашық өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі және жабық өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет: -зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру; -тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу; -бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы; -ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану; -дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу; - өздерінің жеке тұлғалық сапасын бағалауды талап ететін сұрақтар ұсынылмау керек.