Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Таңдаған жоба тақырыбына байланысты эмпирикалық зерттеу әдістерін таңдау және жоспарын құру



бет24/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

Таңдаған жоба тақырыбына байланысты эмпирикалық зерттеу әдістерін таңдау және жоспарын құру.

  • Курстық, дипломдық жұмыстағы жұмыс кезеңдері.

    50. Педагогикалық эксперимент және оның түрлері, өткізу әдістемесі.
    Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе, онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін психикакалық, педагогикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғалардың заңдылықтарын ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөлу мақсатында жоспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен педагогика саласындағы ғылыми жұмыстарда қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады. Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнайы жабдықталған орын жайларда жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейнелесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үдерісінің педагогикалық проблемаларын шешуде сирек қолданылады. Алынған нәтижелерді салыстыру мақсатында экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, экспериментік және бақылау тобы. Дегенмен, басқа әдістен өзгешедігі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық, педагогикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге де мүмкіндік береді. Табиғи эксперимент балалардың ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекеттің табиғи жағдайда өтілуінде психикалық-педагогикалық зерттеу жүргізілуін сезінбеуі мен білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттелушілер оған енгенін білмеуі керек, зерттеуші өзі бастауыш мектеп мұғалімі ролін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі. Эксперименттік жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді модельдейді: эмоционалдық немесе эстетикалық әсерленушілік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер аталған үдерісте аса қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады. Эксперимент ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық үдерістің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет