Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Курстық, дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімі



бет26/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

Курстық, дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімі.

Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сай рәсімделеді. Дереккөздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дереккөздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30 сілтемеден кем болмауы тиіс. Қосымшаға диплом жұмысының зерттелуі мен орындалуына байланысты негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар (кестелер, суреттер) кіргізіледі.
Қорытындылар мыналардан тұруы тиіс: диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар; - қойылған мақсаттар шешімдерінің толықтығын бағалау; - аталған саладағы ең жақсы жетістіктермен салыстыра отырып, орындалған жұмыстың техникалық – экономикалық деңгейін бағалау.

  1. Рейтинг әдісі және өзін-өзі бағалаудың теориялық негізін түсіндіру, практикада қолдану әдістемесін көрсету.

Рейтинг әдісі
Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.
Өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау. Өз тұлғасын белсенді дамытушы болу үшін студент өзіне сырттай сыни көзбен, болашақ мамандығының талаптары тұрғысынан қарай білу керек.
Өзін-өзі тану – бір мезетті емес, күрделі үдеріс. Ол басқа адамдармен өзара әрекеттестік жағдайында жүзеге асады. Өзін-өзі тану өзін-өзі сынау нәтижесінде пайда болады.
Өзін-өзі тануды өзін-өзі бақылаудан, өз өмірінің фактілерін талдаудан бастау керек. Студент үнемі өзін-өзі саналы өмірмен жасауы қажет: ол өзін дербес қоғамдық, кәсіби және жеке өмірге дайындап жатқанын, өз бойындағы қайсы қасиеттердің келешекте қажеттігін, немесе керісінше, өз іс-әрекетінің қай тұстары бекер өтіп жатқанын байқай алуы керек.
Өзін-өзі талдау – өзін-өзі танудың екінші тәсілі. Бұл үдеріс – өте күрделі, ол фактілердің сыни бағалануын, оның белгілі құндылықтармен сәйкестілігін талап етеді.
Өзін-өзі талдаудың жиі кездесетін түрі – адамның өзін идеалымен немесе достарымен, не өткендегі немесе келешектегі өзінің бейнесімен салыстыру тәсілі. Бұл тәсіл студентке өзін даму қозғалысында, үнемі өзгеру үдерісінде көруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі танудың белсенді тәсілі – өзін-өзі сынау болып табылады. Бұл тәсілді қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарында, ұжымдық қарым-қатынас жасағанда, құрылыс жасақтары сияқты қоғамдық жұмыстарда жүзеге асыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет