Курстық жұмыс(жоба) қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша студент оқытушының жетекшілігімен курстық жұмысты орындайды.
Курстық жобаның мақсаты: – Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігін кеңейтіп, бекіту;нақты зерттеулер кезінде қолдана біру;
– ғылыми, оның ішінде сынды пікірлерді дамыту; кәсіптік міндеттерді шешу үшін теориялық білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуді меңгеру;
– өзіндік жұмыстарды жүргізу тәжірибесін алу және даярланып жатқан курстық жұмыс мәселесін шешу кезінде зерттеу әдістемелерін меңгеру;
– студенттің кәсіптік саладағы өзіндік жұмысты жүргізуге даярлық деңгейін айқындау;
-болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын ынталандыру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу курстық жобаны жазу процессінде келесі міндеттер шешіледі деп жорамалдайды:
– зерттеу тақырыбын таңдау;
– әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;
– жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;
– жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы.
Диплом жұмысы студенттің белгілі мамндық бойынша дербес ғылыми зерттеу жұмыс болып еспсетеледі, көлемі ереже бойынша 60 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
Диплом жұмысының құрылымдық элементтері:
Негізгі бөлім (теориялық және аналитикалық бөлімдер)
Қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша (лар)
Титул беті - диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді. Титул беттерге нөмір қойылмайды, бірақ та жалпы беттер санына кіреді. Титул беттердің формалары 3 және 4 қосымшаларда беріледі. 2.4.4. Диплом жұмысы кіріспе, бөлім мен бөлімшелер атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысы төмендегідей шарттарға сай болуы керек:
Материалдың баяндалуының логикалық жүйелілігі;
Зерттеудің нақты мақсатты бағыты;
Зерттеу қорытындысының нақтылығы;
Ұсынылып отырған шешімдердің, тұжырымдар мен қорытындылардың дәлелділігі.
Кіріспе диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, сонымен қатар диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды. Кіріспенің көлемі 3беттен тұрады. 2.4.6. Диплом жұмысының негізгі бөлімінде мазмұны, әдістемесі және зерттеу жұмысының қорытындысы беріледі және бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Диплом жұмысы екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім - 2-3 параграфты қамтитын теориялық бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде зерттеу мәселесінің теориялық аспектілері, яғни ғылыми, құқықтық, статистикалық және басқа да әдебиеттер қарастырылады. Әдебиеттерді қарастыру барысында отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нысанына көзқарастары салыстырмалы түрде зерттеліп, зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі анықталып, зерттеушінің өз қөзқарасы мен қойылған міндеттерді шешуде өзіндік бағыты айқындалады
Екінші бөлім – аналитикалық. Бұл бөлімде 2-3 параграф қамтылуы мүмкін және арнайы ақпарат (ғылыми, техникалық, статистикалық, практикалық және т.б.) негізінде зерттеу нысанының жан жақты, күрделі талдау жүргізіледі. Бұл бөлімнің соңында жүргізілген талдаудың нәтижесі қорытындыланып, тиімді болып табылатын ұсыныстар берілуі керек.