7. Зерттеу жұмысының логикалық құрылымы. Зерттеу жұмысының логикасы туралы түсiнiк беруде ғылыми iзденiстiң тиiмдi болуы көбiнесе оның зерттелу ретiмен шындық нәтижеге жетудегi дұрыс қадам жасай бiлуге байланысты болады. Педагогикалық-психологиялық зерттеудiң өзiндiк құрылымдық ерешелiгi – ол адам дамуы мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасының бiр-бiрiне әсерiн анықтайтын күрделi жүйе болып қалыптасуында. Сондықтан адамның өзi зерттеу обьектiсi немесе тәрбиенiң субьектiсi болып қарастырылады. Мұның өзi зерттеу жұмысын логикалық тұрғыдан негiзделуiне жоғары талап қояды. Логика жасау, ол алдымен iздену стратегиясын құрудан басталады, бұл өте күрделi процесс ол тек зеттеуге жол ашып қоймайды зерттеу процесiн жүргiзуге негiз болады, оның сипаты мен әрбiр қадамының ретi қарастырылып, нәтижеге жетудегi қиындықтарды шеуге де ықпал етуi тиiс. Педагогикалық зерттеудiң логикалық құрылымын жұмыстың басталу кезiнде анықтап алып, нәтижеге жетудiң принцптерiне сүйене отырып, зерттеу кезеңдерi туралы және жетiстiкке жетудi қамтамасыз етудiң жолдарын натылап алу қажет. Зертту жұмысының логикалық құрылымының үш кезеңi бар. Олар: зеттеудiң қойылысы /постанавка/ жеке зерттеу жүргiзу, оны рәсiмдеу мен тәжiрибеге ендiру. Мақсат, мiндеттерiн анықтау және болжам жасау. /проблема-тақырып-обьект-пән-ғылыми факторлар-шығатын тұжырымдама-жетекшi идея-болжам-зерттеу мiндеттерi/. Ғылыми iзденiстiң бұл логикалық бөлiмiн осылай беру бiржақты қарастырылмайды, оны зерттеушi өз ой-пiкiрiмен өзгертуiне мүмкiндiгi бар. Көбiне бiржақты қаралатын зерттеудiң қортынды кезеңi. Оған бақылау, байқау қортындысы және нәтиженi тәжiрибеге ендiру кiредi. /есеп, баяндама, кiтап шығару, диссертация, жоба т.б/.
Әрбiр зерттеу жұмысының iздену бағыт-бағдары, ретi, мәселенiң сипаты, мақсат, мiндеттерi мен жұмыстың орындалу деңгейi мен орындалу логикасы болады. Оны зерттеушi өзi таңдайды. Бiрiншi кезеңдегi жұмыс:
-мәселенiң қойылысы және зерттеу тақырыбын таңдау.
- зертеу обьектiсi мен пәнi,
- зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi,
- жетекшi идея, ғылыми болжам,
- зерттеу нәтижесiнiң мониторингi және зеттеу жетiстiктерiнiң өлшемдерi,
- тәжiрибелiк жұмыстардың диагностикасы.