Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Эмпирикалық зерттеу әдістері



бет38/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

75. Эмпирикалық зерттеу әдістері..
1.Эмпирикалық әдістері өзінің қолдану аясына қарай жіктеледі. Оның ішінде тәжірибеде көп қолданылатыны педагогикалық бақылау және эксперимент. Сондықтан эмпирикалық зертету әдістері төмендегідей болып жіктеледі: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, эксперимент, іс-құжаттарды талдау, бастауыш мектеп мұғалімілердің тәжірибесін жинақтау.
2.Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі Педагогикалық бақылау – педагогикалық үдерісті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың алғашқы кезеңінде зерттеуші қандай мақсатта, оның ұзақтығы қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Тек қажетті білімі, зерттеу аймағында біліктілігі болып, бақылау әдістемесін білгенде ғана әрекетке түсуге болады. Бақылау алдын ала құрастырлған нақты жоспар болған кезде тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, объективті фактілерді таңдауға, нәтижені тіркеу, себеп-тергеуге байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі.
Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары, бейнеаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу: күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізіледі Зерттеу объектісін бақылау түрлері:
1) тікелей және жанама;
2) ашық және жабық. Уақытына қарай: үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық( өте ұзақ) түрлері бар.
Тікелей бақылау – бастауыш мектеп мұғалімі-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы болған жағдайда іске асады. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның рӛлінде байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.
Жанама бақылап-зерттеу тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Бақылап зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керектерін мен құбылыстарды іздеген кезде қолданады. Практикада бақылаудың араласа бақылау түрі тиімділігін көрсетіп келеді.
Араласа бақылау зерттеуші зерттелушілердің әрекетіне және өміріне өзі белсене араласады. Мәселен, оқу-тәрбие үдерісіндегі балалардың мінез-құлқын бақылау үшін, зерттеуші олардың бастауыш мектеп мұғалімі немесе топ жетекшісі болып араласады. Зерттеушінің бұлай араласуы бақылаудың табиғи түрде жүруіне әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жабық түрде бақылау көбірек қолданылып келеді. Жабық түрде бақылау арнаулы белгіленген топта айналы қабырға және жасырын камера арқылы бақыланады. Бұл түрі де зерттелетін мәселені табиғи түрде бақылауға мүмкіндік беріліп, зерттеушіден такт сақтауды талап етеді. Кей жағдайда өзін-өзі бақылау қолданылады.
Бақылау жүргізуге қолданылатын талаптар: мақсатқа бағытталған, жүйелілік, ұзақтық, әртүрлілік, объективтік, жаппай, такті сақтау. Бақылау әдісінің құныдылығы табиғи жағдайда зерттелетін құбылыс пен үдерісті зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ бақылау ұзақ уақытты талап ететіндіктен, зерттелетін құбылыс барлық уақытта лайықты бола бермейді, бір зерттеушілер көп объекті санын қамти алмайды, фактілерді тіркеу, түсіндіруде субъективтік келу жолдары болып, тек сыртқы жағынан кӛрінеді.
1.Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі
Әңгімелесу- алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясын түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі.
Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушісімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады. Әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Бірақ байқап қалса, өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез-келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады. Ашық жазба – стенографиялау тәсілі әңгімелесушіні абыржытып жабырқаңқы қылады. Әңгімелесу кезінде жауаптарды тікелей жазып алу айтарлықтай кедергі болады.
Сұхбаттасу – әңгімелесудің бір түрі, бірақ жауапқа баға беру және позициясын анықтауға бағдарланады. Сұхбаттасуда жобалау әдістемесі қолданылады. Сұрақ қоюшының өзінің ойы бойынша арнаулы жобаланған жаядаттар келтіреді: «Сен не істер едің, егер…». Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлар элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты ―субъект-субъект‖ жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ-жауап әдісінің мынындай түрлері бар:
1.Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады.
2.Сұқбат-әңгіме – сұқбаттын бір түрі. Сұхбаттасудың бұл түрі зерттеу объектісі, өз іс-әрекеті, өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі.
Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық, педагогикалық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде көрінеді. Мектеп жасында дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай сауалнама алу әдісі қолданылмайды. Зерттеуші сауалнама жүргізу арқылы бастауыш мектеп мұғалімі мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады.
Сауалнама сұрақтары ашық өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі және жабық өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:
-зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру;
-тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу;
-бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы;
-ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану;
-дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу
- өздерінің жеке тұлғалық сапасын бағалауды талап ететін сұрақтар ұсынылмау керек
1.Тест зерттеу әдісі және оның түрлері.
Тестілеу – бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады.
Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі.
Педагогикалық тестілеу– мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті өлшеуге көмектеседі. Кӛптеген педагогикалық тестер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады Педагогикады ең бастысы мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты тексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік тестер қолданылады. Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын ала болжайтын тестке қатысушы жауапты өзі жасап немесе шешімін ұсыну керек тестер мен таңдауды алдын ала болжайтын тестер деп ажыратуға болады тестке қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.
Төрт немесе бес ұсынылған нұсқадан шешімді таңдау ең икемді және жиі қолданылатын тест түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау тестері едәуір кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға негізделген.
Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары Роршах тест.
2.Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы: баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, бастауыш мектеп мұғалімі туралы мәліметтер жинауға көмектеседі. Мектепке дейінгі балалардың жұмысын талдау олардың неге қызығатынын, ойлау ерекшелігін, түсінігін, пікірін, баға беруін оқу біліктілігін анықтауға ықпалын тигізеді. Бұл әдіс балалардың іс-әрекетінің қанық талдамасына негізделеді.
Олар жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуна мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсіндеу, қол еңбегі, тіл дамыту бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау баланың психикалық үдерінің даму ерекшелегін, білімі, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қарағанда, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, ӛмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар өте жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалардың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтардың болуын ғана емес, сонымен қатар, эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, сөздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасауға болады.
3. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау әдісі. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді.Бастауыш мектеп мұғалімінің шығармашылық ізденісі күрделі проблемаларды шешуде кӛмегін игізеді. Зерттеу объектісіне жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді.
Алдыңғы қатарлы тәжірибе бастауыш мектеп мұғалімідердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.. Алдыңға қаралы тәжірибенің екі түрі бар: педагогикалық шеберлік, жаңашылдық.
Шеберлік -педагогтың ғылыми нұсқауларды кешенді, жүйелі, білікті қолдануы.
Жаңашылдығы: педагогикалық әрекетті ұйымдастыруда жаңашылдығының мазмұны. Тәжірибені зерттеу және тұжырымдау үшіні төмендегідей жүйелілік сақталады:
-бақылау, әңгімелесу, сұрау, іс-құжаттарды зерттеу негізінде тәжірибені сипаттау;
-бақыланған құбылысты жіктеу, белгілі анықтамалар мен ережелердің негізінде қорытындылау;
-себеп-салдар байланыстарын, оқу-тәрбие үдерісінің түрлі байланыс тетігін белгілеу.
Ю.К.Бабанский, В.И.Бовдарь, Я.С.Турбовскойдың еңбектерінде, зерттеулерінде озық тәжірибені және оған жету жолдарын қарастырды. Я.С.Турбовскойдың пікірінше, озықтәжірибе -оку-тәрбие үдерісін жетілдіру мен жетістікке жету жолындағы мақсат көздеген іс-тәжірибе. Озық тәжірибе қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жас үрпақты оқытып тәрбиелеудегі көкейкесті, өзекті мәселелерді қанағаттаңдыра алады.
Ю.К.Бабанский озық тәжірибені іс-әрекеттік деңгейіне қарай жіктей келе «жалпы тәжірибе», «озық тәжірибе», «жаңалықты тәжірибе», «зерттеушілік тәжірибе» деп бөліп қарастырды.Ш.Таубаева озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе, озық педагогикалық тәжірибе деп қарастыра келе, төмендегідей анықтама береді:озық тәжірибе — педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіндегі жоғары сапаға ие болған нақты іс-әрекетінің нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет