4 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 4.1 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кемінде бір жарияланымда немесе ғылыми-практикалық конференцияда жасалған бір баяндамада ұсынылуы тиіс.
4.2 Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;
2) өзекті болуы, ғылыми жаңашылдығы пен практикалық маңыздылығы қамтылуы;
3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
4) ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып орындалуы;
5) негізгі қорғалатын ережелерге сәйкесмазмұны ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерін қамтуы;
6) тиісті білім саласындағы озық тәжірибеге негізделуі тиіс.
1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын магистратураның білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі қажет;
2) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне сүйене отырып, нақты практикалық ұсыныстарды, басқару міндеттерін дербес шешуді қамтуы керек;
3) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалады;
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша мазмұны эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы тиіс.
4.4 Магистрлік диссертация бойынша жұмыс күнтізбелік кесте бойынша (1-қосымша) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалуы тиіс.
4.5 Магистрлік жұмыс міндетті түрде университеттің сараптау комиссиясында немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында плагиаттық тексеруден өтуі тиіс.
5 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 5.1. Магистрлік диссертация жаңа факторларды, құбылыстарды сипаттайтын немесе бұрын белгілі ережелерді басқа ғылыми ұстанымдармен жаңаша перспективалы аспектіде жинақтауды қамтитын принципті түрдегі жаңа материалды қамтуы тиіс.
5.2 Магистрлік диссертацияның мазмұны ғылыми зерттеудің бастапқы алғышарттарын, оның барысы мен алынған нәтижелерін көрсетуі тиіс. Магистрлік жұмыс тұжырымдамасының пайдасына айқын дәлелдер келтірілуі тиіс. Оған қайшы келетін көзқарастар жан-жақты талданып, сыни бағалануы тиіс.
5.3 магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:
- титул парағы (2-қосымша));
- қазақ тілінде бір бет көлемінде түйіндеме-орыс тілінде қорғалатын жұмыстар үшін / орыс тілінде түйіндеме-қазақ тілінде қорғалатын жұмыстар үшін;
- бет көрсетілген мазмұны;
- қысқартулар, символдар, белгілер тізбесі (қажет болған жағдайда);
- кіріспе;
- бөлімдерден, бөлімшелерден тұратын негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- жарияланымдар көшірмелері;
- қосымша (факультативті).
5.4 Түйіндемеде өзектілігі туралы мәліметтер, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің негізгі идеялары мен қорытындылары, алынған нәтижелердің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы, магистрлік диссертацияның көлемі мен иллюстрациялық материалдың саны туралы мәліметтер жазылуы тиіс.
5.5 Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы, иллюстрациялық материалдың көлемі мен саны туралы мәліметтер, тәжірибелік және теориялық маңыздылығы көрсетілуі тиіс.
5.6 Қорытындыда диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар баяндалуы тиіс.