Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі.Белгілі мәселеге байланысты бақылау әдісінің алдын ала жоспарын құру



бет37/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

74. Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі.Белгілі мәселеге байланысты бақылау әдісінің алдын ала жоспарын құру.
Педагогикалық бақылау – педагогикалық үдерісті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың алғашқы кезеңінде зерттеуші қандай мақсатта, оның ұзақтығы қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Тек қажетті білімі, зерттеу аймағында біліктілігі болып, бақылау әдістемесін білгенде ғана әрекетке түсуге болады. Бақылау алдын ала құрастырылған нақты жоспар болған кезде тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, объективті фактілерді таңдауға, нәтижені тіркеу, себеп-тергеуге байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі.
Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары, бейнеаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу: күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізіледі
Зерттеу объектісін бақылау түрлері:
1) тікелей және жанама;
2) ашық және жабық.
Уақытына қарай: үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық( өте ұзақ) түрлері бар.
Тікелей бақылау – бастауыш мектеп мұғалімі-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы болған жағдайда іске асады. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның рөлінде байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.
Жанама бақылап-зерттеу тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Бақылап зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керектерін мен құбылыстарды іздеген кезде қолданады. Практикада бақылаудың араласа бақылау түрі тиімділігін көрсетіп келеді.
Араласа бақылау зерттеуші зерттелушілердің әрекетіне және өміріне өзі белсене араласады. Мәселен, оқу-тәрбие үдерісіндегі балалардың мінез-құлқын бақылау үшін, зерттеуші олардың бастауыш мектеп мұғалімі немесе топ жетекшісі болып араласады. Зерттеушінің бұлай араласуы бақылаудың табиғи түрде жүруіне әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда жабық түрде бақылау көбірек қолданылып келеді. Жабық түрде бақылау арнаулы белгіленген топта айналы қабырға және жасырын камера арқылы бақыланады. Бұл түрі де зерттелетін мәселені табиғи түрде бақылауға мүмкіндік беріліп, зерттеушіден такт сақтауды талап етеді. Кей жағдайда өзін-өзі бақылау қолданылады.
Бақылау жүргізуге қолданылатын талаптар: мақсатқа бағытталған, жүйелілік, ұзақтық, әртүрлілік, объективтік, жаппай, такті сақтау. Бақылау әдісінің құныдылығы табиғи жағдайда зерттелетін құбылыс пен үдерісті зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ бақылау ұзақ уақытты талап ететіндіктен, зерттелетін құбылыс барлық уақытта лайықты бола бермейді, бір зерттеушілер көп объекті санын қамти алмайды, фактілерді тіркеу, түсіндіруде субъективтік келу жолдары болып, тек сыртқы жағынан көрінеді.
1.Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі
Әңгімелесу- алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясын түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушісімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады. Әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Бірақ байқап қалса, өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез-келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.
Ашық жазба – стенографиялау тәсілі әңгімелесушіні абыржытып жабырқаңқы қылады. Әңгімелесу кезінде жауаптарды тікелей жазып алу айтарлықтай кедергі болады.
Сұхбаттасу – әңгімелесудің бір түрі, бірақ жауапқа баға беру және позициясын анықтауға бағдарланады. Сұхбаттасуда жобалау әдістемесі қолданылады. Сұрақ қоюшының өзінің ойы бойынша арнаулы жобаланған жаядаттар келтіреді: «Сен не істер едің, егер…».
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлар элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты ―субъект-субъект‖ жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ-жауап әдісінің мынындай түрлері бар:
1.Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады.
2.Сұқбат-әңгіме – сұқбаттын бір түрі. Сұхбаттасудың бұл түрі зерттеу объектісі, өз іс-әрекеті, өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі.
Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық, педагогикалық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде кӛрінеді. Мектеп жасында дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай сауалнама алу әдісі қолданылмайды. Зерттеуші сауалнама жүргізу арқылы бастауыш мектеп мұғалімі мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады.
Сауалнама сұрақтары ашық өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі және жабық өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:
-зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру;
-тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу;
-бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы; -ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану;
-дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу;
- өздерінің жеке тұлғалық сапасын бағалауды талап ететін сұрақтар ұсынылмау керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет