Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Бекітілген тақырыпқа сәйкес әдебиеттермен жұмыс істеу барысында библиография құрастыру



бет39/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

76. Бекітілген тақырыпқа сәйкес әдебиеттермен жұмыс істеу барысында библиография құрастыру
Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon - кітап және көне грекше: drapho - жазу) - баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.
Қазақ библиографиясы, негізінен, қазақ баспасөзінің даму тарихымен тығыз байланысты. 1900 жылы Қазан қаласында Қазақстан туралы А.Е.Алекторовтың Указатель книг, журнальных статей и заметок о киргизах деген көрсеткіші, т.б. орыс ғалымдарының бірен-саран библиография көрсеткіштері жарық көрді. Айқап журналының (1911 - 15 жылдары) беттерінде жаңа шыққан кітаптар жөнінде хабарлама-деректер мен тізімдер жарияланып тұрды. 1926 жылы қазақтың қоғам қайраткері және бірінші библиографы Міржақып Дулатұлының 2 бөлімді Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші шықты. 1937 жылы журнал мақалалары мен кітап жылнамалары, 1940 жылы кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді басылымдарының библиографиясы жасалынды. Соғыстан кейінгі жылдары республикада библиография ісі өркендеді. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым - Баспасөз шежіресін, 1971 жылы Қазақ КСР кітаптарының жылнамасын шығару ісі қолға алынды. Библиографиямен көптеген ғалымдар шұғылданды: тарихшы-ғалым Н.Сәбитовтың Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862 - 1917 жылдары (1948 жылы), Қазақ өлкетану библиографиясының бас библиографы Г.П.Царевтың Что читать по животноводству (1953 жылы), С.Ақашевтің Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру (1965 жылы), қазақ әдебиеті библиографы Ә.Қ.Нарымбетовтың 4 томдық Қазақ әдебиеті (1-том - 1970 жылы; 2, 3, 4-том - 1997 жылы) библиография көрсеткіштері, тіл білімі саласында Ш.Сарыбаевтың Библиографический указатель литературы по тюркологии (1989 жылы), авторлар ұжымы құрастырған Библиография обществоведов Казахстана жинағы, Қ.Б.Жарықбаевтың психология ғылымы бойынша көрсеткіштері, Ү.Сұбханбердинаның Дала уәлаяты газеті (1996 жылы), Қазақ, Алаш, Сарыарқа (1993 жылы) атты мазмұндамалық көрсеткіштері, Орталық ғылыми кітапхананыңжаратылыстану ғылымдары бойынша салалық көрсеткіштері, Э.И.Иванчикованың Мангышлак, Г.А.Демешеваның Животный мир Казахстана. (1960 - 1970) (1997 жылы), т.б. кітаптар жарыққа шықты.
Салалық библиография
Салалық библиография - білімнің және (немесе) іс жүзіндегі қызметтің белгілі бір саласына мазмұны жағынан катысты құжаттармен жұмыс істейтін библиография.

Библиография жазу негіздері.


Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай - ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай - салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері - библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер)пайдаланылады.

Библиографиялық құралдар құрастыру

Библиографиялық құрал - библиографиялық қызмет көрсету және библиографиялық ақпаратты пайдалануға арналған библиографиялық өнімнің негізгі түрі.Онда библиографиялық өнімнің атқаратын негізгі қызметтері толық жүзеге асырылады.
Библиографиялық құрал - бір ғана библиографиялық сипаттамадан (бір библиографиялық плакат) бірнеше миллион библиографиялық сипаттамадан тұратын ірі кітапханаларға арналған каталогтар түрінде шығарылуы да мүмкін.
Библиографиялық құрал ( 7.0-99 МСТ-қа сәйкес ) - белгілі тәртіппен реттелген библиографиялық жазбалар жиынтығы.
Мысалы, Қазақстан Республикасында ұлттық кітапханасының ұлттық библиография бөлімі құрастырған, 1991 жылы жарық көрген "Қазақ ССР-нің құрылғанына 70 жыл" деген көрсеткішті айтуға болады. Бұл библиографиялық құрал-кһөлемі жағынан да,құрастырылған салалыр жағынан да мейлінше ауқымды еңбек.

Құралдарды түрлері бойынша жіктеу:


- мазмұнына қарай - әмбебап,салалық,тақырыптық,өлкелік, аумақтық,тұлғалық;
- шығарылу мерзіміне қарай- ағымдағы, ретроспективтік, перспективалық, кумулятивті (бұрын шығарылған басылымдар материалдарын біріктіру);
- таңдау тәсіліне қарай - тіркемелік, таңдамалы, белгілік, аннотациялық ( қысқаша сипаттама беру);
- материалдарды топтау тәсіліне қарай - әліпбилік, пәндік, сөздік, жүйелі, хронологиялық болып жіктеледі.
Құралдардың нысандары бойынша жіктелуі:
- қолжазба (машинамен жазылған);
- карточка (каталогтар және картотекалар)
- дербес емес баспалық (кітап ішіндегі, журнал ішіндегі, газеттегі, кітапқа қосымша,мақалаға қосымша құралдар);
- машинамен оқылатын (электрондық деректер және деректер қоры);
- библиографиялық басылымдар (типографиялық тәсілмен шығарылған құралдар).
Құралдар типтері:
-библиографиялық көрсеткіш;
-библиографиялық тізім;
-библиографиялық шолу;
- библиографиялық каталог;
- библиографиялық картотека;
- библиографиялық деректер көзі;
- библиографиялық құралдардың негізгі түрлері.
Библиографиялық құралдар дайындаудың жалпы әдістемесі.
Алдыменен құралдың түрі мен типін анықтау қажет.
Библиографиялық құралды құрастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
-дайындық кезеңі;
-негізгі кезең;
-қорытынды кезең.
Дайындық кезеңіне тақырыпты таңдау және зерттеу енеді:
- таңдау және зерттеу. Тақырып әр алуан тұрғыда жаңашылдығы, өзектілігі, оқырман қызығушылығын туғызуы, салаға сәйкес әдебиеттің жеткілікті болуы және кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты.
- жоспар - проспект жасау. Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт - бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық,тәжірибелік және т.б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай - ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық оқырмандар тобы және т.т. ) айқын анықтап алу қажет.
- құралдың тақырыбы бойынша әдебиеттерді анықтау.
анықтау - библиографиялық өңдеу мақсатында құжаттарды іздеу. Бұл жерде таңдалған тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді қандай картотекада, каталогтан, кітап қорынан іздеу қажеттігін анықтайсыз.
Негізгі кезеңде жазбаларды библиографиялық таңдау және библиографиялық топтау жүзеге асырылады. Ол талдау және жинақтау кезеңдеріне бөлінеді.
Талдау кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты: жоспарда көзделген құрылымы және библиографиялық құралдар құрастырудың әдістемелік талаптарына сәйкес,таңдалып алынған құжаттардың библиографиялық жазбаларын дайындау. Талдау кезеңінде әрбір құжатпен жұмыс жасау қажет.
Бұл кезеңде библиографиялық таңдау жүзеге асырылады, яғни сіз таңдаған тақырып бойынша ең құнды әдебиеттер мақсаты мен оқырманына қарай сұрыпталады:
- әрбір басылым туралы мәлімет карточкаларға жазылады;
- әдебиеттер тақырыпшалар бойынша бөлінеді;
- мүмкіндігінше барлық құжаттарды қарап шығу керек, кейде кітаптың мазмұны мен тақырыбы арасында алшақтық болуы мүмкін, құжаттардың библиографиялық сипаттамасын тексеру керек. Егер кітап көп тақырыпты қамтитын болса, оны жалпы бөлімге орналастырып, өзге бөлімдерде сілтеме жасау керек;
- құжаттарға аннотация жасау (мәніне қарай анықтамалық және ұсыныстық аннотациялар жасалады) қажет.
Анықтамалық аннотация басылымның атауы және авторы, жанры, түрі және кімге арналғаны туралы мәлімет береді және библиографиялық сипаттамада көрсетілмеген өзге де мәліметтерді береді.
Бұл көбіне ғылыми, оқу және анықтамалық басылымдарда кездеседі. Аннотация қысқа және нұсқа болуы тиіс.
Ұсыныстық аннотацияда кітапқа, мақалаға берілген сіздің бағалауыңыз беріледі.Оның басты мақсаты - оқырманды қызықтыру.Ұсыныстық аннотацияның көлемі әдетте анықтамалық аннотация көлемінен үлкен болғанымен, бұл жерде де нақтылық пен қысқа да нұсқа қағидасын ұстанған дұрыс.
Екінші белгі - құжаттарды сипаттау тәсілі бойынша - аннотация жалпы (шығармаға жалпы сипаттама),талдау (егер шығарманың бір тарауы немесе бөліміне зейін аудару қажет болса),топтық(мазмұны жағынан жақын құжаттарды біріктіру) болып бөлінеді.
Жинақтау кезеңі. Бұл кезеңде сіз жасаған жұмысыңызды тиянақтайсыз. Библиографиялық құралдың құрылымын, материалдардың топтастырылуын қарайсыз, кей бөлімдердің әдебиеті аз болса, оны толықтырасыз, олардың орналасу тәртібін тексересіз.
Номер бересіз, номерлеу қажет.
Әрбір құжаттың бөлімдерде, тақырыптарда өз орнында болуын тексересіз, яғни библиографиялық топтама жүргізесіз.
Бұл оқырманның құралды пайдалану кезінде қажетті материалды тез табуына көмектеседі.
Қорытынды кезең. Библиографиялық құралды дайындаудың қорытынды кезеңіне анықтамалық -әдістемелік аппарат дайындау, түзету, библиографиялық құралды безендіру жұмыстары енеді.
Анықтамалық-әдістемелік аппарат құрамында алғысөз (немесе оқырманға) болады. Шағын құралдың өзін де алғысөзбен ашу керек.
Бұл жерде құралдың кімге арналғаны, қандай құжаттар енгені, материалдардың орналасу тәртібі, тараулар мен бөлімдер атаулары, тақырып атаулары, аннотация түрлері, көмекші құралдар (оқырман назарын құралдың құрылымына аудару қажет), әдебиеттерді таңдаудағы хронологиялық аумақ (жылы,айы, күні) туралы міндетті түрде мәліметтер беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет