Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу


Мақаланы жариялау орнын таңдау



бет18/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
дифз начка

Мақаланы жариялау орнын таңдау. Егер ірі ғылыми ашылым жасалса (мысалы, омыртқасыздардың жаңа түрі сипатталса немесе белгісіз аминқышқылдары ашылса), жариялау орнын таңдау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Егер ғылыми нәтижелер осындай мәселелер бойынша жұмыс жасайтын мамандарға қол жетімді көздерде немесе журналдарда жарияланса, онда бұл жақсы нәтиже береді. Ал, егер мұндай маңызды жаңалық туралы жарияланымның сипаттамасы конференция материалдарының 100 данадан ғана тұратын жинақтамасында таралса, онда бұл - мәліметтің таралуына кері әсерін тигізеді. Егер, ғылымға елеулі үлес қосуына үміткер нәтижелерді сол бағыттағы емес басылымдарда жарияласа, онда болашақта оның басымдылығын дәлелдеуде мәселелер тууы мүмкін. Беделді басылымдардың редакциялары қолжазба (мақала) басылымның бағытына және деңгейіне сәйкес келетінін мұқият тексереді.
Барлық фактілер мен ұсынымдарға толық жауап беру. Мақаланың авторлары ұсынылған нәтижелердің ғылыми растығы үшін толық жауап береді. Рецензияланған (сын пікір берілген) мақалалар үшін жауапкершіліктің жартысы сол рецензияны берген рецензентке түседі, бірақ авторлардың жауапкершілігі мұнымен азайып қалмайды. Сұрақтың нәтижелерін растайтын кез келген деректерді жарияланымның авторлары беруі тиіс. Бұл авторлардың жеке мәліметтеріне де, басқа зерттеушілердің нақты мәліметтері мен қорытындыларына да қатысты. Сондықтан, жұмысты жазу кезінде әдебиеттермен егжей-тегжейлі және терең танысу қажет Жарыққа шығарылатын барлық фактілер мен нәтижелерге толық жауап беруде кездесетін қателіктерді болдырмау үшін:
- мақаланы жазар алдында осы зерттеу мәселесі бойынша ақпараттың барынша кең ауқымын мұқият талдау;
- мәселені зерделеу кезінде дереккөздердің дұрыстығын бағалау, нәтижелердің шынайылық және нақты негізділік деңгейін, әдістемелік және интерпретациялық қателердің болуын анықтау;
- өз деректерін іріктеу, талдау және түсіндіру кезінде "сәтсіз" эксперименттердің нәтижелерін мұқият талдау;
- мақаланы жазу кезінде, мәселені тұжырымдау және нәтижелерді талқылау кезінде осы мақаланың нәтижелеріне қайшы келетін нәтижелері мен қорытындылары бар әдеби деректерді керексіз тастамау да қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет