Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу


Библиография жинағын біліңіз



бет21/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
17. Библиография жинағын біліңіз.
БИБЛИОГРАФИЯ (грек. biblion-кітап және drapho-жазу) баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі түрде насихаттайтын ғыл.-практикалық қызметтің бір саласы, ғыл. пән. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғыл. сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы Б. ғылым мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғыл.-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғыл. қағидаларды, саяси филос. және эстет. көзқарастарды, тех. жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.
Б-ға мыналарды жатқызуға болады:
1. Белгілі мәселеге немесе автор шығармаларына байланысты әдебиетгердің көрсеткіші.
2. Библиографиялық қызметтің методикасы мен теориясын жасайтын ғыл. еңбектер. 3. Жарияланған, басылып шыққан баспалар жөніндегі пікірлер орналасқан газет, журналдардың бөлігі.
Б-лық сипаттамада автордың аты-жөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажеттіжағдайда мазмұндалған (аннотация) сипаттама жасалады. Б-лық құралдарға енген шығармаларға сипаттама берудің қалыпқа түскен қатаң тәртібі бар. Олар белгілі бір мағлұматтардың жүйелі жиынтығын құрайды (авторы, кітаптың аты, баспасы, басылған жері, уақыты, көлемі, т.б). Б. атқаратын қызметіне қарай -ағымды, өткенді шолу (ретроспективті) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай -салалық,өлкетану, елтану, сын және жалпы (әмбебап) болып бөлінеді. Қазіргі кезде библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін ИНТЕРНЕТ-ке қосылу Б. үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында тех. баспа материалдары (микрофиштар, магниттіктаспалар, дискеттер) пайдаланылады. Қазақ Б-сы, негізінен, қазақ баспасөзінің даму тарихымен тығыз байланысты.
18. Жоспар құруды біліңіз
Сипаттама жоспары зерттеу объектісі мен мәнін бөліп көрсетуге және сипаттама гипотезасын тұжырымдауға болатын кезде қолданылады. Жоспардың мақсаты – осы гипотезаны тексеру, зерттеу объектісін сипаттайтын фактілерді сипаттау болып табылады.
Эксперименталды жоспар биотехнологиялық эксперимент жүргізуді қамтиды. Ол ғылыми мәселе және түсініктеме гипотезасы тұжырымдалған кезде қолданылады. Жоспардың мақсаты- зерттелетін объектідегі себеп- салдарлық байланыстарды анықтау болып табылады.
Бағдарламаның орындалуы зерттеу әдістерін таңдауға негізделеді және осы әдістердің зерттеу мақсаттарымен, міндеттерімен және гипотезаларымен байланысын көрсетеді.
Қандай да бір әдісті таңдау кезінде ол төмендегідей болуы тиіс:

    • тиімді, яғни қойылған мақсатқа қол жеткізуді және қажетті дәлдік дәрежесін қамтамасыз ететін зерттеу;

    • үнемді, яғни уақыт, күш және зерттеуші құралдарын үнемдеуге мүмкіндік беретін;

    • қарапайым, яғни зерттеушіге қолжетімді;

    • адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз;

    • мораль мен құқық нормалары тұрғысынан жол берілетін;

    • ғылыми, яғни мықты ғылыми негізі бар.

ЖОО студенттері ғылыми зерттеулердің жұмыс бағдарламаларын әзірлемейді, бірақ олар оқу жұмыстарын дайындау жоспарын құруға міндетті. Магистрлік, дипломдық немесе курстық жұмыс жоспарында кіріспе, бөлімшелерге бөлінген негізгі бөлім және қорытынды болуы тиіс.Жоспар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайым жоспар негізгі сұрақтардың тізбесін қамтиды. Күрделі жоспарда әрбір бөлім кіші бөлімдерге бөлінеді. Кейде аралас жоспар құрайды, онда бір бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді, ал басқалары бөлінбей сол күйі қалдырылады.
Жоспарды жасау кезінде төмендегі қағидаттар орындалғаны абзал:

    • сұрақтар таңдалған тақырыпқа сәйкес келді және оның шегінен шықпаған;

    • тақырып сұрақтары логикалық ұстанымда болған;

    • зерттеудің негізгі аспектілерін көрсететін тақырыптар міндетті түрде енгізілген;

    • тақырып жан-жақты зерттелген.

Жоспар түпкілікті соңғы нұсқа болып қалмайды және зерттеу процесінде өзгеруі мүмкін, өйткені объектіні зерттеудің жаңа аспектілері мен ғылыми есептің шешімдері шығуы мүмкін. Зерттеу жоспарына (бағдарламасына) сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін реттеу үшін жұмыс жоспары (жоспар-кесте) жасалады.
Студент белгіленген мерзімде қойылған мақсатқа қол жеткізуге және ғылыми міндеттерді шешуге әкелетін жұмыстарды орындаудың логикалық жоспарын жасай білуі тиіс. Жұмыс барысында ең бастысы маңызды бөлігін назарға алып, қалған бөліктерін де ұмытпау қажет. Зерттеу жұмысын орындау кезінде зерттеушінің өте маңызды қасиетінің бірі ол – тек қана қарау ғана емес, сондай – ақ көру, атап айтқанда, басты зерттеу сызығынан бас тартпай кіші мәселедегі үлкен мәселені көру, байқау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет