Ғылыми шығармашылық бостандығы – бұл ғылыми қызметтің идеалды, бірақ әрдайым жүзеге асырыла бермейтін принципі. Ғылым үшін тыйым салынған тақырыптарды және зерттеу саласын таңдауға еш шектеу қойылмайды, әр ғалымның өз таңдауы болады. Ғылыми жетістікке үміткер кезкелген ғылыми нәтиже мұқият талданып, бағалануы тиіс. Нақты жағдайларда бұл қағидаттың пәрменділігі көбінесе ғылыми ортада жұмыс істейтін ішкі факторлармен де және сыртқы – этикалық, әлеуметтік және материалдық факторлармен де шектеледі.
Ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы немесе ашықтығы. Фундаменталды ғылыми зерттеулердің нәтижелерінде (өнертабыстармен шатастыруға болмайды) зияткерлік меншік құқығы болмайды, себебі олар бүкіл адамзатқа тиесілі. Тіпті автор да немесе басқа біреулер де ғылыми нәтижелерді пайдалануға тыйым сала алмайды немесе қандай да бір өтемақы талап ете алмайды, тек материалды пайдаланған адам авторлық сілтеме ғана жасайды. Тиісінше, жаңа нәтижелер алған кез келген ғалым оларды жариялауы тиіс, өйткені жаңа білім тек қана әлемнің ғылыми бейнесінің құрамдас элементі болып табылады.
12. Ғылыми ортадағы этиканың негізгі қағидаларын біліңіз. Ғылыми этика нормалары Қоғамның Сенаты Макс Планк (Германия) 2000 жылдың 24 қарашасында қоғам институттарында жұмыс істейтін барлық ғалымдар үшін орындалуы міндетті ғылыми этиканың келесі нормаларын қабылдады.
1.Күнделікті ғылыми қызметті реттейтін нормалар: - нақты ғылыми салада қолданылатын деректерді алу және іріктеу ережелерін нақты сақтау;
- бастапқы деректерді қорғау мен сақтауды сенімді ұйымдастыру; барлық маңызды нәтижелерді анық және толық құжаттау;
- «жүйелі скептицизм» ережесі
- өзінің жеке нәтижелері мен өз ұжымының жұмыс нәтижелері бойынша туындаған күмәндар үшін ашықтық;
2. Әріптестердің арасындағы қарым-қатынасты және ынтымақтастықты реттейтін нормалар:
- бәсекелестердің ғылыми жұмысына, мысалы, пікір беруді кешіктіру немесе құпиялылықты сақтау шартымен алынған ғылыми нәтижелерді үшінші тұлғаға беру жолымен кедергі жасамау міндеттемесі;
- жас ғалымдардың ғылыми өсуіне белсенді ықпал ету;
- жұмыс бойынша басқа ғалымдар мен әріптестердің сындары мен күмәндері үшін ашықтық;
- әріптестердің жұмысына мұқият, объективті баға беру; сенімді қарымқатынас.