«Биотехнология» бағытындағы зерттеулер үшін аса маңызды және ең жедел ақпарат көзі ретінде интернет-ресурстарды бөлек атап өткен жөн. Төменде ақпараттық Интернет – ресурстарының тізбесі келтірілген.
Биотехнологияның ұлттық орталығы – Қазақстан – National Center for Biotechnology - https://www.biocenter.kz/ Алматы технологиялық университеті - https://atu.kz/ Биотехнологиялық ақпарат беру - халықаралық орталық –National Center for Biotechnology Information – https://www.ncbi.nlm.nih.gov/ Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты - https://www.rpf.kz/ Жалпы генетика және цитология институты - http://iggc.kz/ Интернет-каталог, «Биотехнология» бөлім– DMOZ- https://dmoz-odp.org/Science/Biology/Biotechnology/ Биотехнология бойынша интернет-ресурстар (АҚШ) – BioTech – https://www.easycounter.com/report/biotech.icmb.utexas.edu Биотехнология-ақпараттық ресурс (АҚШ) – https://www.nal.usda.gov/main/ Биология және биотехнология институты – Қазақстан - http://ipbb.kz/ Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
http://www.nlrk.kz/index.php?option=com_content&view=featured&Itemid=101&lang=kz Биоматериал тану –Biomaterials Network – http://www.biomat.net Ауылшаруашылық биотехнологиясы – AgBiotechNet –
http://www.agbiotechnet.com/index.asp Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы - http://nauka-nanrk.kz/kz/index.html Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалықсараптама орталығы - https://www.ncste.kz/kz/main Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі - http://edu.gov.kz/kz/ Ауылшаруашылығы биотехнологиясы (АҚШ) – http://agnic.umd.edu/ “Nature”шолужурналдары – Nature Reviews –
http://www.nature.com/reviews/index.html Nature Biotechnology журналыныңИнтернет-беті – https://www.nature.com/nbt/ Ферменттердің халықаралық каталогы – Enzyme Nomenclature – https://enzyme.expasy.org/
Аллергия және жұқпалы аурулар институты (АҚШ) – BioSpace – http://www.biospace.com/ Интернеткаталог – Biocompare – https://www.biocompare.com/
Google әмбебап іздеу сервері – http://www.google.com Яндекс әмбебап іздеу сервері – https://yandex.com Ақпарат көздерін зерделеу интернет көздердің тізімін (картотекасын), оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, журнал және газет мақалаларын, биотехнологиялық кәсіпорындардың технологиялық регламенттерін іріктеуден және құрастырудан басталады. Кітапханаларда жүйелі, алфавиттік және пәндік каталогтарды, диссертациялар авторефераттарының, журнал және газет мақалаларының каталогтарын қарау қажет.
Алфавиттік каталогта кітаптар (карточкалар) атаулары алфавиттік тәртіппен орналасқан, ол басылымның библиографиялық сипаттамасының бірінші сөзі бойынша анықталады (автордың тегі немесе авторы көрсетілмеген басылым жағдайында).
Карточкалардың жүйелі каталогында білімнің жекелеген салалары бойынша библиографиялық жіктеме белгіленген тәртіппен орналасқан. Мұндай каталогтың бір түрі соңғы ай ішінде кітапханаға келіп түскен кітаптардың атаулары бар жаңа түсімдердің каталогы болып табылады.
Пәндік каталогта кітап атаулары айдарларда көрсетілген белгілі бір зерттеу пәндері (тақырыптары) бойынша орналастырылған. Осы каталогтағы кітаптардың айдарлары мен атауларының өздері бір-бірінен соң әліпбилік ретпен жүреді.
Әдебиетті таңдау үшін библиография және реферативтік басылымдарды пайдаланған жөн. Биотехнологиялық журналдарды, атап айтқанда осы жылы журналда жарияланған материалдардың көрсеткіштері берілген осы немесе басқа жылдағы соңғы нөмірлерді қарау қажет. Монографияда, оқу құралдары мен журнал мақалаларында пайдаланылған әдебиетке бет сілтемелерін көруге болады.