Мәселенің құрылымын әзірлеу: - мәселені тақырыпқа, тақырыпшаға, сұрақтарға бөледі;
- олардың әрбірінің осы компоненттері бойынша болжанған саласы мен алдағы зерттеулерінің көлемін анықтайды.
Тақырыптардың өзектілігін анықтау – ғылым мен техниканың өрлеуі үшін олардың қазіргі кездегі құндылығы. Зерттеудің өзектілігі - бұл зерттеуді неге дәл қазір жүргізу керек деген сұраққа жауап.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы болуы тиіс.Бұл: - мұндай тақырып ешқашан әзірленбеген және қазіргі уақытта тақырып
басқа бір тұлға арқылы әзірленбеуде, яғни қайталанбаған дегенді білдіреді.
- ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау кезінде жаңашылдық инженерлік
емес, яғни ғылыми тұрғыдан жаңа болуы тиіс.
- егер жаңа міндет әзірленсе де, тіпті ашық заңдылықтар негізінде де бұл
ғылыми әзірлемелер емес, инженерлік сала болып табылады.
Тақырып экономикалық тиімді болуы тиіс. Бұл ғылыми зерттеу нәтижесінде ұсынылған шешімдер қолданыстағы шешімдерден тиімдірек болуы тиіс дегенді білдіреді.
Тақырып практикалық маңызды болуы тиіс. Практикалық мәнділік өндірісте де, аралас немесе пәнаралық зерттеулерде де өзекті мәселелер мен міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігімен анықталады.
Мысалы, молекулалық биология әдістерімен ақуыздың кеңістіктік құрылымы мен аминқышқыл тізбегінің мағынасын ашу осы ақпаратты инженерлік энзимологиядағы жаңа ферментативтік технологияларды жобалауда пайдалану үшін практикалық маңызы бар.
Тақырып ғылыми ұжымның (ұйымның) ғылыми бағытына сәйкес болуы тиіс. Зерттеу жұмысын жоспарлау әдістемесін білу.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау оны ұтымды ұйымдастыру үшін маңызды. Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен білім беру мекемелері зерттеуге тапсырыс берушілер ұсынған өтінімдер негізінде мақсатты кешенді бағдарламалар, ұзақ мерзімді ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бір жылға арналған жұмыс жоспарларын әзірлейді.
Оқу орындары кафедраларының ғылыми жұмысы оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі. Профессорлар және оқытушылар жеке жоспар бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) алдын-ала жоспарланып отырылады. Оқу орындары мен кафедралардың жұмыс жоспарлары СҒЗЖ туралы тиісті бөлімді қамтуы мүмкін. Жоспар бойынша студенттік ғылыми үйірмелер мен топтар жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша жұмыс бағдарламалары мен оларды орындаудың жоспар-кестелері жасалады. Монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын және дәрістерді дайындау кезінде осы жұмыстардың орындалу – жоспары әзірленеді.