Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу


Ғылыми жарияланымдардың түрлерін білу



бет7/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Ғылыми жарияланымдардың түрлерін білу.

Жарияланымдар ғылыми қауымдастық ішінде және көпшілік арасында ғылыми нәтижелерді таратудың маңызды тәсілі болып табылады. Осы әдіс арқылы авторлар ғылыми растығы үшін жауапты болатын өз еңбектерінің нәтижелерін жариялайды. Жаңа ғылыми нәтижелер туралы шығатын жарияланымдар зерттеу жұмысының нәтижелері мен пайдаланылған әдістерінің толық сипаттамасын беруге тиіс. Егер жұмыстың нәтижесіне бірнеше ғалымның еңбектері сіңсе, онда зерттеулер немесе эксперименттер жоспарын әзірлеуге, деректерді есептеу, талдау және интерпретациялау және қолжазбаларды дайындауға елеулі үлес қосқан ғалымдардың ғана авторларлық құқықтары бар болып есептеледі және осы ғалымдар ғана мақаланы жариялауға келісім беруі тиіс. Сондай-ақ, авторлар жарияланымның мазмұнына бірлесіп жауап береді.
Ғылыми жарияланымды құру схемасы. Ғылыми мақаланы жазу және басып шығару үрдісі формализациялауға негізделеді. Ғылыми жазбаша еңбектердің (баяндамалар, қысқаша хабарламалар, конференциялардағы сөз сөйлеу тезистері, тұрақты және шолу мақалалары, патенттер, материалдың арнайы танымал ұсынымдары, таза ақпараттық іріктемелер және т.б.) әртүрлілігіне қарамастан, мақалаларды дайындау рәсімін тұрақты кезеңдерді қамтитын жалпы үлгі түрінде қарауға болады.

  1. Зерттеу нәтижелерін ғылыми жұмыстар түрінде рәсімдеу әдістемесін біліңіз.

Ғылыми нәтижелерді екі түрге бөлуге болады:

  1. теориялық-әдіснамалық (теориялық зерттеулер үшін), атап айтқанда: тұжырымдама, гипотеза, жіктеу, заң, әдіс;

  2. аспаптық (қолданбалы және эмпирикалық зерттеулер үшін), атап айтқанда: тәсіл, технология, әдістеме, алгоритм, зат пен оның әсері, құбылыс.

Теріс нәтиже ғылыми қоғамдастық үшін әрдайым ерекше құнды болып келеді, өйткені ол басқа зерттеушілердің күш-жігерін "үнемдейді". Сондықтан теріс нәтиженің шынайылығын мұқият тексеру керек.
Жарияланымдар. Жарияланымдар ғылыми қауымдастық ішінде және көпшілік арасында ғылыми нәтижелерді таратудың маңызды тәсілі болып табылады. Осы әдіс арқылы авторлар ғылыми растығы үшін жауапты болатын өз еңбектерінің нәтижелерін жариялайды. Жаңа ғылыми нәтижелер туралы шығатын жарияланымдар зерттеу жұмысының нәтижелері мен пайдаланылған әдістерінің толық сипаттамасын беруге тиіс. Егер жұмыстың нәтижесіне бірнеше ғалымның еңбектері сіңсе, онда зерттеулер немесе эксперименттер жоспарын әзірлеуге, деректерді есептеу, талдау және интерпретациялау және қолжазбаларды дайындауға елеулі үлес қосқан ғалымдардың ғана авторларлық құқықтары бар болып есептеледі және осы ғалымдар ғана мақаланы жариялауға келісім беруі тиіс. Сондай-ақ, авторлар жарияланымның мазмұнына бірлесіп жауап береді.
Ғылыми жарияланымды құру схемасы. Ғылыми мақаланы жазу және басып шығару үрдісі формализациялауға негізделеді. Ғылыми жазбаша еңбектердің (баяндамалар, қысқаша хабарламалар, конференциялардағы сөз сөйлеу тезистері, тұрақты және шолу мақалалары, патенттер, материалдың арнайы танымал ұсынымдары, таза ақпараттық іріктемелер және т.б.) әртүрлілігіне қарамастан, мақалаларды дайындау рәсімін тұрақты кезеңдерді қамтитын жалпы үлгі түрінде қарауға болады.

  1. Материалды жариялау туралы ойдың пайда болуы (жариялау идеясын қалыптастыру).

  2. Құқылы авторлармен кеңесу.

  3. Жариялау туралы шешім қабылдау.

  4. Ғылыми семинардағы баяндама.

  5. Жариялау үшін орынды (журналды) таңдау.

  6. Мақаланы дайындау көшбасшыларын таңдау.

  7. № 1 нұсқаны жазу.

  8. Авторлардың тізімін және олардың кезектілігін анықтау.

  9. № 1 нұсқаны барлық авторлардың оқуы және № 2, 3 және т. б. келесі нұсқаларды дайындау.

  10. Нәтижелерді баяндауда принциптік келісулерді немесе келіспеушіліктерді анықтау және оларды талқылау.

  11. Мақала ережелерін біртіндеп нақтылау.

  12. Мәселелерді біртіндеп шешу.

  13. Бірінші түзетілген (дұрыс) нұсқаны дайындау.

  14. Барлық авторлардың дайындалған нұсқасымен танысу, жарияланымның белгілі бір бөлігіне назар аудару (авторлардың қызығушылығына, олардың құзыреттілігі мен жауапкершілігіне қарай).

  15. Тең құқылы авторларда туындайтын мәселелерді одан әрі жою.

  16. Хат алмасу үшін авторды (немесе авторларды) таңдау.

  17. Сұрақтары толық жойылған түпкілікті нұсқаны жасау.

  18. Редакциялық талаптарға сәйкес мақала қолжазбасын дайындау.

  19. Мақаланы журнал редакциясына жіберу.

  20. Редакцияның шешімімен танысу.

  21. Мақаланы жариялаудан «Бас тарту» деген қорытынды болған жағдайда:

а) мақаланың барлық авторларына оны жариялаудан тыс қалғандығы туралы хабардар ету;
б) осы материалмен одан әрі қарай жұмыс жасау туралы шешім қабылдау.

  1. «Түзетулерсіз қабылдау» деген қорытынды болған жағдайда: түзетуді уақытында жасау (24-кезең).

  2. «Түзетулермен қабылдау» деген жағдайда:

а) мақала авторларын редакцияның шешімі туралы хабардар ету; б) барлық сыни ескертулер бойынша шешім әзірлеу;
в) түзетулерді ескере отырып, жаңа нұсқаны жасау; г) жаңа нұсқаны журнал редакциясына ұсыну.

  1. Қажет ететін түзетулерді қарап шығу және оларды жөндеу.

  2. Жариялау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет