Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу


Мақала бойынша жұмысты біліңіз



бет9/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
9. Мақала бойынша жұмысты біліңіз.
Мақаланы жазуды бастамас бұрын алдын ала бірнеше негізгі сұрақтарға жауап алу керек.
Жұмыстың негізгі мақсаты қандай? Бұл сұраққа жауап мақаланың мазмұнын және түрін анықтауға көмектеседі:

  • мақала зерттеудің жаңа және маңызды нәтижелерін сипаттайды ма (эксперименттік (тәжірибелік) мақала неғұрлым кең таралған үлгі);

  • мақала бұрын жарияланған нәтижелерге жаңа түсінік бере ме (жиынтық талдамалық мақала;

  • ірі гипотезаны ұсыну және негіздеу үшін пайдаланылады);

  • мақала әдебиетке немесе ірі тақырыпқа шолу болып табылады ма?

Бұл жұмыстың осы тақырып бойынша басқа жұмыстардан айырмашылығы және оның жаңалығы неде?

  • ғылымға қандай жаңа нәтижелі үлес қосады?

  • бұл материал бұрын басылып шықты ма? - оның осы саладағы басқа жұмыстарға қандай қатысы бар?

Бұл мақала қайда жарияланады, қандай сала бойынша? Алдымен «Авторларға арналған ережелермен» танысып, журнал редакциясының нақты талаптарын сақтауға тырысу керек.
Жұмыстың келесі кезеңі - идеяны немесе негізгі гипотезаны анықтау. Ең маңыздысы, мақалада бір сұрақ қойылып, оған толық жауап беруге мүмкіндік беретін ақпарат көлемі болуы тиіс. Жұмыс гипотезасын құрастырып, мақаланың негізгі сұрағына берілетін жауаптардың барлық түрлерін ойластырған дұрыс. Мысал ретінде жоғары импакт факторлы журналда жарыққа шыққан мақала құрылымының көрінісімен төмендегі суреттерден танысуға болады.
Мақаланың атауы - оның өте маңызды элементі болып табылады. Көпшілік зерттеушілер мақаланың мазмұнын оқымай-ақ, оның атауына ғана көңіл бөледі. Мақала атауының негізгі артықшылықтары – оның қысқа және нақтылығы. Көптеген журналдардың талаптары бойынша тақырып ұзындығы 10-12 сөзбен шектеледі. Тақырыпты қысқа, мазмұнды және мәнерлі қылып құрастырудың өзі оңай жұмыс емес, сондықтан тақырыпты бірнеше рет өзгертуден қорықпаған жөн. Жұмыстың мәнін көрсететін түйінді сөздерді тақырыпта қолдануға тырысыңыз. Мақаланың атауының өзі алынған нәтижелерге қарағанда қарастыратын мәселені көп дәрежеде сипаттауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет