Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным



бет18/103
Дата27.03.2023
өлшемі335,4 Kb.
#76609
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Байланысты:
?ûëûìíû? òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû? ï?í³

26. Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным
Егерде Шығыста өндірістік, практикалық сұраныстарға байланысты өлшеу техникасы дами бастаса, ал батыста, яғни Грекияда дәлелдеу ғылымы қанат жая бастады. Көне гректер әлемді және оны құрайтын заттар мен құбылыстардың қалыптасуын, дамуын баяндап, түсіндіруге тырысты. Бұл көзқарастарды натурфилософия деп атаймыз. Натурфилософия дегеніміз – табиғатты кейбір жаратылыстану ұғымына сүйеніп, біртұтастықта философиялық тұрғыдан түсіндіру. Басқаша айтсақ, натурфилософия – табиғат философиясы.
Орта ғасырларда батыс мәдениетінде пайымдаушылық, абстрактілі ойлау, тәжірибеге сүйенген білімнен бас тарту, универсализмнің ерекшеліктен басым болуы сияқты антикалық дәстүрлер одан әрі дамыды, тереңдетілді, сонымен қатар, алхимия, астрология дамыды. Осындай ерекше сипаттар батыс мәдениетінің ішкі бірлігінің жоқтығын, амбиваленттілігін көрсетеді.
Орта ғасырлық Батыста философия, арифметика, логика, грамматика, риторика, латын тілі өте жақсы дамыды, ал жаратылыстану ғылымдарына мән берілмеді, өйткені, батыс мәдениеті обьективті заңдармен түсіндірілетін табиғат идеясын білмеді, табиғат бұл уақытта жаратушының еркімен басқарылатын жасалған нысан.


27. Ортағасырлық Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстағы ғылым. Әл Фараби, әл Бируни, ибн Сина, ибн Рушдтың ғылыми көқарастары
Ал орта ғасырлық Шығыста математикалық, физикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами бастады. ІХ ғасырда Птоломейдің «Астрономияның ұлы математикалық жүйесі» кітабы араб тіліне аударылды. Европада «Альмагест» деп аталатын бұл кітаптың аудармасы мен оған берілетін түсініктемелер аспан денелерінің орнын есептеуге арналған әртүрлі таблицилар мен кестелерді жасауға мүмкіндік береді. Әл-Бируни (973-1048) – орташа салмақ туралы ілімнің авторы, астрономиядан, математикадан, философиядан, филологиядан, географиядан, тарихтан, яғни, ғылымның барлық бөлімін қамтитын 150-ден астам еңбек жазған. Натурфилософ А.Р.Бируни ғылым мен практиканың өнердің пайда болуы туралы прогрессивті идеялар айтқан. «Геодезияда» ғылымды адам өмірінің қажеттілігі тудырғаны, сонан соң олар өзіндік даму барысында жеке-жеке салаларға бөлінгендігі туралы айтылады. Бируни тек білім мен еңбек адамды ізгілендіреді, еңбек жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытады деп атап көрсетті.
Абу Али ибн Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, дәрігер. «Медицина канонын» жазды. Ибн Сина «Сауығу кітабы» мен «Білім кітабында» табиғатты зерттеуге көп көңіл бөлді, логикалық ойлау мен тәжірибенің, ақыл мен эксперименттің бірлігі принципін жақтады. Таным процесінде сезімдер мен ақыл-ойдың өзара байланысын көрсете отырып, Ибн Сина танымның жоғары сатысы абстракция деп есептеген; қабылдауға негізделген баяндау мен жинақтаудан туындайтын анықтамаларды бөліп қарастырған. Теория мен практиканың өзара тығыз байланысына ерекше мән берген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет