Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет70/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
11. Ғылым және дін.
Ғылым және діннің арақатынасы – қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды. 
Антикалық кезеңнен қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылым мен дін бір-бірінен ажырағысыз, қоян-қолтық күй кешті. Ал XVIII ғасырда батыста жаңа мәдениет туды. Ғылым мен өндіріс дамыды. Бұл жағдай мәселеге мүлдем жаңа қырынан қарауға жол ашты. Атап айтқанда, әлемнің өмір жасы, биологиядағы механизм мәселесі, эволюция теориясы, элементтердің табылуы, жүйке жүйесі мен мидың функцияларын түсіну бағытында жасалған талпыныстар батыс әлемінде ғылым мен діннің қақтығысына негіз қалады. Ғылым мен діннің қақтығысы дегенде, негізінен, материалистік батыс әлемі еске түседі. Оның ислам дініне қатысы жоқ екенін ашып айтуымыз керек. Өйткені һижра жыл санауы бойынша екінші ғасырдан бесінші ғасырға дейін жалғасқан және қазіргі батыс әлемінің ойлау жүйесіне де сүбелі үлес қосқан мұслымандардың ғылым-білімдегі жетістіктері бұған дәлел бола алады. Дінді қате түсінуге себеп болған негізгі себептердің бірі – діннің материалистік пәлсапа, әлеуметтану және антропология тұрғысынан зерттеу нысанына айналуы, ал екіншіден, дін дегенде адам санасына бірден бұрмалаушылыққа ұшыраған христиандықтың сап ете қалуы. Осылайша соңғы ғасырларда жалпы дін сонымен қатар ислам діні де материалист батыс ой-санасының құрбанына айналды. 
Материалистік түсінік бойынша күллі болмысты тек қана көзге көрінетін материалдық заттардан, ал адам баласы тәннен және сол тәннің туындысы саналған ой-сана мен сезім-түйсіктерден ғана тұрады деп пайымдауынан туындап жатты. Өкінішке қарай, «ғылымилық» шапанын жамылған осындай қысыр көзқарас дінмен қоса адам өміріне қатысты басқа да барлық құндылықтарға адамның өз қолынан жасалған өнім деп баға берді. Сонымен қатар, сол шолақ түсінік бойынша, жасалған «ғылыми» емес ғылымға, яғни нақты лабораторияларда көзге шұқып көрсеткендей дәлелденбеген нәрсеге шындық деп қарауға болмайды. Себебі ол нақты емес. Ал дінді тек сенім мәселесі ретінде қарауға болады. Міне, осы түсінік батыста білу мен сенуді бір-бірінен бөле-жарып, екі бөлек ұғым деп қалыптастыра бастады. 
Ғылым мен діннің арасында үлкен алшақтық пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде батыс әлемінің алдында христиандық тұрғандықтан, дін мен ғылым қарама-қайшы ретінде көрсетіліп, иманнан гөрі ақыл мен ғылыми таным басты негізге алынды. Карл Марксқа ең көп ықпал жасаған Фейербах осы ақиқатты «Христиандық біздің тіршілік және өрт қауіпсіздігімізге, темір жолдар мен кемелерімізге, әскери және техникалық мектептерімізге, театрларымыз бен ғылыми мұражайларымызға қарама-қайшы қатып қалған пікірден басқа ешнәрсе де емес» деп білдірген. Осылайша, ғылым дінді өз негіздерінен қопарып алып, материалистік шеңберде зерттеу обьектісіне айналдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет