33. Ғылыми революцияның типологиясы. Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.
Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:
1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.
Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.
1. Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;
2. Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;
3. Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:
1) ғылыми революциялардың аумағы;
2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;
3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;
4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;
5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;
6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,
7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.
Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады
Бірінші глобальды революция «логика» (Аристотель). Екінші гл,рев. Гелиоцентрлік жүйе(күн жүйесі) Коперник Галилей.Үшінші гл.рев. Энштейн,теория относительности.
34. Ғылымдар методологиясы. Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) : Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.
Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методологиятеориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконныңэмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейінГ.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды