Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Биотехнологиялық революцияның əлеуметтік жəне антропологиялық салдары



бет90/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
36.Биотехнологиялық революцияның əлеуметтік жəне антропологиялық салдары. 
Ғылыми-техникалық революцияның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына дөп келді. Ғылым қоғамның негізгі өндіргіш күшіне айналды.
Ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары:
-​өндірісті, оны бақылау мен ұйымдастыруды комплексті автоматтау;
-​жаңа қуат көздерін ашу және пайдалану;
-​құрылымдық материалдарды жасау және пайдалану;
-​биотехнология;
-​информатизация.
Биотехнология – ХХ ғасырдағы қолданбалы ғылым саласы. Адамға пайдалы белгілері менкеректі жаңа организмдерді шығару, оның ішінде трансгендік жануарлар мен өсімдіктер, олардың тиімді белгілерін алдын-ала жоспарлап, жаңа белоктарды алу, ол жайындағы ақпараттарды басқа тірі ағзаның геномына енгізу сияқты тың әрекеттер осы биотехнология ғылымының жетістіктері болып есептеледі.
37.Əлеуметтік өмірдің глобализациясы - қазіргі өркениеттің даму заңдылығы.
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт РостоуДэниел БеллАлвин ТофлерПитер ДракерДжон НейсбиттЛестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1. “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердіңдіндердіңмәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі.
2.экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. 
3. аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. 
4. ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады
5. этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет