Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Позитивизм және тарихи таным теориясы



бет93/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
41.Позитивизм және тарихи таным теориясы.
Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
1.өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
2.материалдық молшылықтарға жету;
3.ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
4.баюдың көзі ретінде соғысты жою;
5.“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.
42.Ғылыми және қарапайым сана: пайым және ақиқат.
Қарапайым сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырган адамдардың, қогамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлганың екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қогамдыц тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қара-пайым уаиым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтыгы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады.
1. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол – шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.
2. Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны – объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.
3. Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.
4. Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді. Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік.
5. Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол – ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.
ПАЙЫМ – ойлау процесінің формасы, белгілі бір сатысы. Анық та айқын пайымдау, өз ойын дұрыс құру, фактілерді дәл жіктеп, дұрыс жүйелеу қабілеті таным процесінде өте қажет. Пайымға сүйене отырып, шындықтың мәнін ашуға жетелейтін танымның шығарм-қа толы жоғары деңгейі зердеге байланысты. Философия тарихында Пайым мен зердені екі түрлі қабілеттер есебінде бір-бірінен айырып қарастыру антик. философиядан басталғанымен, нақтылы түрде И.Канттың ілімінде іске асты. Кант Пайымды ғылыми танымға қабілеттілік, ал ақыл болса, философияның дүниені танып-білуге дәрменсіз талпынуы деп анықтады. Оның пікірі бойынша, зерде Пайым шегінен асуға, сөйтіп шексіздікті, абсолюттілікті тануға ұмтылады, алайда бұл мақсатқа ол жете алмай, шешілмейтін қайшылықтарға – антиномияларға ұшырасады. Гегельдің пікірінше, Пайым – негізінде білімнің қалыптасу кезеңі, білімділіктің белгісі ғана. Себебі білімді адам анықталмаған, көмескі, бұлыңғырға қанағаттанбай, заттардың айқын бейнесін, дәл кескінін білгісі келсе, білімсіз адамның ойы керісінше тұрақсыз, ауытқу мен адасуда болады. Сондықтан ондай адаммен белгілі бір мәселе жөнінде тіл тауып ұғынысудың өзі қиынға соғады;
43.Ғылым –дүниені игерудің ерекше тәсілі. 
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.
44.Ғылыми таным ерекшеліктері. 
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дәлділігімен ерекшеленеді деп айтылады.
Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Шындығында, білімнің формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Fылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.
Теория деген не? Теория - бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Кез-келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және процестермен бірқатар бақылаулар мен эксперименттердің мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды.
Заңдарды құрастыруда өзге салаларда қалыптасқан теорияларда және оларда жеткілікті дәл мән мен мағынаға ие болған (мысалы, "энергия" және "жұмыс" ұғымдары механикада өзінің мәні мен мағынасына ие болады және кәдуілгі тілдегі осындай ұғымдардан көбіне өзгешеленеді) ұғымдарды енгізумен сипатталатын концептуалдандыру тәсілі.

45.Шындықты заттық және объективті зерттеу
Шындық (reality) — бақылаушы адам үшін нақты бар екендігі күмәнсіз заттар мен істер, оқиғалар мен құбылыстарды білдіретін философиялық категория; факт; объективті әлемнің түрлі шынайы көрінісі. Шындықты дұрыс тану ақиқат делінеді. Шындық объективті және заттық болып екіге бөлінеді.Философияда "Шындық" термині екі мағынада қолданылады:
-әлемдегі барлық бар нақты заттар. материялды әлем; 
-объективті шындық; материяның өзі мен оның түр өзгерістері. Шындық бұл жерде заттық шындыққа, яғни сана мен сезімге қарама-қарсы қойылған.
Ғылыми танымның негізгі міндеті – шындықтың объективті заңдарын анықтап, оны адамға түсінікті белгілер жүйесінде бейнелеу. Ғылым болмысының негізін жаңа білімдерді алып, оны жүйелеп, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің тұрақтылық сипатын қамтамасыз ету құрайды.
Ғылыми білімнің ең бастапқы міндеті – шындықтың, яғни табиғаттың, әлеуметтік болмыстың, танымның, ойлаудың объективті заңдарын ашуы. Сондықтан да зерттеу, ең алдымен, заттар мен құбылыстардың жалпы, қажетті, ұдайы қайталанатын қасиеттерін іздестіруге бағытталған. Мұндай сараптау болмаса, ғылым да жоқ, өйткені ғылымилық заттар мен құбылыстардың тереңіне бойлай отырып, оның заңдылықтарын ашуды білдіреді. Бұл – оның ең іргелі белгісі мен ерекшелігі;
Зерттелетін нысандардың дамуы мен әрекет етуінің белгілі заңдылықтары мен қасиеттеріне сүйене отырып, ғалым болашаққа болжау жасайды, яғни шындықты практикалық игерудің жолын көрсетеді;
46.Ғылым әлеуметтік реттеу факторы
Ғылыми білім – күрделі жүйе. Оның құрамында философиялық, діни, методологиялық көзқарастар, интеллектуалдық және сенсорлық дағдылар, әртүрлі сипаттағы рефлекциялар, әлеуметтік психологиялық стереотиптер, қызығушылық пен қажеттіліктер, қайшылықтар мен парадокстар болуы мүмкін.
Ғылым әлеуметтік институт ретінде белгілі бір қоғамның даму принциптеріне сүйенеді. Мемлекет ғылымды ұйымдастыру және дамытуға бағытталған белгілі шараларды іске асырып отырады. Ғылымның дамуында оның өзіндік өсуін қамтамасыз ететін моралдық ұстанымдар жүйесі бар. Оны «ғылыми этос» деп атайды.
Ғылыми этостың негізгі принциптерін ХХ ғасырдың 70-жылдары ғылым социологиясының негізін қалаушы Р.Мертон ұсынған. Мертон ғылым әлеуметтік құрылым ретінде негізгі төрт құндылықтық императивке сүйенеді деп есептеді. Олар әмбебаптық, ұжымдық, адалдық және ұйымдастырылған скептицизм.
Әмбебаптық императиві ғылымның объективтілік, демократиялық және интернационалдық сипатын көрсетті. Ғылыми ақиқат әруақытта күнделікті өмір күйбіңінен жоғары. 
Ұжымдық императиві ғылыми нәтиженің әр уақытта белгілі бір топтың, қауымдастықтың бірлескен еңбегінің нәтижесі екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, кез келген ғалым өз еңбегін дамытуда ғылым тарихы мен дәстүріне сүйенеді.
Адалдық императиві ғылым әр уақытта тек ақиқатқа ғана қызмет ететінін нақтылайды.
Ұйымдастырылған скептицизм императиві ғалым өз нәтижесіне, бұрынғы ақиқаттарға әруақытта сын көзімен қарау керектігіне меңзейді.
Қорыта айтқанда, ғылым дегеніміз – әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылған жаңа білім алу жолындағы ұмтылыс немесе танымдық қызметтің ерекше түрі. Ол – тамшылай төгілген тердің, тынымсыз еңбектенген ізденістің, оқыған үстіне оқып, белгілі бір дәлелдеумен дәйектеудің түбіне тереңдеп бойлаудың, машақаттанудың нәтижесі. Ғылымда даңғыл жол жоқ. Бұлтарысы көп, бұралаңы мол, тайғанап, тайып, қайта көтерілуді, жығылып, қайта тұруды керек етеді
47.Ғылымның қоғам қажеттілігіне әсері
Ең алғашқы адамдар өздерін қоршаған орта жайлы білімдерді жинай бастады. Адамзаттың даму жағдайына қарай бұл білімдер арта берді. Адамдар қоршаған ортаның құпияларына тереңдей енуге талпынды. Уақыт өте келе жекелеген ғылымдар пайда болып, дамыды. Олардың бірі – табиғатты, келесілері – экономиканы, үшіншілері – тарихты немесе мәдениетті зерттеді. Кейінірек ғылым ой еңбегін дене еңбегінен бөлді. Дәл осы әлеуметтік даму түрткіжайты арқасында адамзат қызметінің ерекше түрі – ғылыми таным қалыптаса бастады.
Ғылым – әлемді танып-білу тәсілі. Ежелгі адам тас пен сүйектен алғашқы еңбек құралын жасағанда, от жағуды үйренгенде, қарапайым баспана жасап, тасқа қашап сурет салған кезде тарих ғылымы дүниеге келді. Жазудың пайда болуымен білім жинақтала бастады. Адам өмірлік әрекеті барысында жазудың көмегімен қоршаған орта жайлы білімін өзгелерге тарата бастады. Кейін адам жануар мен өсімдіктер, жұлдыздар мен Ай, арба мен баспанасы туралы маңызды деректерді жазып қалдыруынан биология, астрономия, физика және сәулет өнері, медицина мен математика ғылымдары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет