Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

1 
бағыттағы және ара тұра ислам діни лексикалары ұшырасады [58, 254]. 
Ахмет Йүгінеки еңбегінде: дұға, кітап, дүние, жомарт, тілі, зиялы, сараң, 
тәкәпарлық, шапағат т.б. 
Сүлеймен Бақырғани еңбегінде: құдай, құлшылық, тозақ, Алла, күнә, 
астағфиралла,  дәрет,  михнат,  ғибадат,  иман,  құлшылық,  зікір,  шариғат, 
софылық, парыз, ораза, нәпсі, шапағат, мұсылман, әулие, уажиб, сүндет 
көбіне діни лексика кездеседі. Алтын орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиеттен: 
Рабғузидің «Нух` алайһи с – салам хикаялары», «Сүлеймен алайһи с – салам 
хикаялары», «Харут пен Марут хикаялары»; Хусам Кәтибтің «Жұмжұма 
сұлтан» нағыз мұсылман дінін уағыздаған шығармалар. Өз кезінде, қазір де 
құндылығын жоймаған иманияттыққа, мұсылман мәдениетіне шақыратын 
еңбектер болып табылады. Діни лексика сияқты ислам мәдениеті де қазақ 
мәдениетінен бөлек дүние емес. Қазақтар қазақ тілінде сөйлейтіндер, діни 
тұрғыда  сөйлейтіндер  болып  екіге  бөлінбейді.  Демек,  қазақ  мәдениеті, 
мұсылман мәдениеті деген де жоқ. Бір тұтас ислам мәдениеті шеңберінде 
өркен  жайған    қазақтың  ұлттық  мәдениеті  деген  бар.  Сол  сияқты  қазақ 
тіліне етене сіңісіп кеткен діни лексика (терминдер) деуге болады тілімізде 
қалаптасып күнделікті сөйлеу тіліне айналды. Діни лексика тек қана адамды 
жерлеген рәсімдерде ғана қолданылады, қожа, молдалардың, мешіттің «кәсіби 
лексикасы» десек қатты қателесеміз. Діни қағидаларды «кәсіби лексикаға» 
айналдырып жүргендер шын мәніндегі «дүмше молдалар», «дінді апиынға» 
қалай айналдырғанын білмей қалған, ислам әлемінен, мәдениетінен жұрдай, 
хабары жоқ, сауатсыз дін иелері екендігін неге жасырамыз. Жалпы, қазақ 
тілінде «тіл және дін» туралы аз айтылып келді, теориялық еңбектер жоқтың 
қасы. «Жалпы тіл білімі» [59] «Тіл білімінің негіздері» [60] - деген еңбектерде 
мүлдем сөз болмайды. Кеңес дәуірі кезеңінде «діни лексика» мәселесі жабық 
тақырып болып келді. «Тіл және дін» туралы айту басыңды қатерге тігумен 
пара – пар болды. Бір тұтас қазақ әдебиетінен ғасырлық мәдениет алынып 
тасталды.  Қазақ  әдеби  тілінің  дамуына  ықпалы  бар  «діни  лексикалар» 
туралы мүлдем сөз болмады. Бірақ, орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілі -  
Г. Абдрахманова [61, 49], А.К. Құрышжанов [62, 49], М. Оразов [63, 279],  
Э.Н. Наджип [64, 162],  А. Ибатов [65, 211],  Ескі түркі жазба ескерткіштері 
[66, 81, 123],  туралы зерттеулер т.б. лингвистикалық талдауға түсті.Түбі 
«тіл және дін» - атты тарау толығынан қайта қаралады деген үмітімізде 
жоқ емес. Ислам діні конфуци – даосистік және үнді – будда және хрестиян 
дініне қарағанда жас дін. Оның шығуы VII ғасырдың бірінші жартысына 
жатады. Араб жерінде көне арабтар тайпасы өмір сүрді [67, 194]. Исламның 
негізін қалаған Мұхаммед пайғамбар болды [68, 250]. Мұсылмандар бір 
ғана Аллаға ғана сенеді. Құдай, әлем туралы шындықты айту үшін арнаулы 
адамдар пайғамбарлар таңдап алынды. Ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед 
болды [69]. Басқа ерте уақыттағы пайғамбарлар: Адам, Ной (Нұх), Авраам, 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
2
Лот, Моисей (Мұса), Давид (Дәуіт), Соломон (Сүлеймен), Иссус Христос т.б. 
болды. Мұның ішінде Мұхаммед ілімі ғана шындыққа жуық келді. Ислам 
діні бойынша әлем алланың әмірімен алты күнде жасалды. Әйел еркектің 
қабырғасынан жасалды. Адам өмірінің ең тәтті күндері Адам мен Хауаның 
өмірі деп оқытты. Құран (арабша оқу) ислам дінің қасиетті кітабына айналды. 
Ислам діні мен қазақтың әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері туралы еңбектер 
жазылды [70]. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» - деген кітабында: «Ислам 
дінін қабылдаған қазақтар Құран ережелерінің негізінде де, исламға дейінгі 
дәстүрлі ырым – жораға да табиғи түрде және бір мезгілде мінәжат ете алатын 
болған. Осылайша, қазақтар өздері үшін жаңа араб дінін қабылдағанымен, өз 
бабалары – түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз жазған 
жоқ» - дейді [71, 3]. Бұдан шығатын қорытынды ислам дінін қабылдаған 
қазақтар  мұсылмандық  әдет  –  салтқа,  тұрмысқа  байланысты  күнделікті 
өмірдегі заттық және рухани мәдениетке қатысты сөздерді де қабылдады 
бірақ,  өзінің  ата  –  бабасының  тілінен  алшақ  кеткен  жоқ.  «Оканчательно 
решить  судьбу  казахской  традиции  в  Казахстане  может  лишь  появление 
тех, кого в исламе зовут Аль инсан – аль камиль – Человек Совершенный» 
- деген сөз әркімді ойландырады [72]. Осы орайда Зира Наурызбаева [73]. 
Әлмира Бекетқызы Наурызбаеваның [74]. Евфрат Бағдатұлы Иманбектің 
мақалалары  мен  сұхбаттарын  ерекше  атап  өтуге  болады  [75].  «Ислам 
уммасының  болашағы»  деген  халықаралық  конференцияда  Мұхтар  Құл 
–  Мұхаммед  баяндама  жасады  онда:  «Ислам  мен  білім  егіз  ұғым.  Алла 
тағаланың 99 есімінің бірі - білім» - деді [76].  Мұхтар Құл – Мұхаммед: 
«Жалпы мәдениетке тоқсан тоғыз анықтама берсек те ұлттық мәдениетің 
тірегі біреу ғана, ол – тіл» [77] - деген сөзінің түп – төркініне тереңірек 
барайық. Еліміз егемендік алуы қарсаңында «Тіл туралы заң» 1989 жылы 
қабалданды  [78].  Қазақстан  республикасының  Президентінің  өкімімен 
«Қазақстан республикасы тіл сясатының тұжырымдамасы (1996)» бекітілді. 
Егеменді елдің  мемлекеттік тілінің қолданылу аясын тағы бір пысықтап 
берген бірден – бір маңызды құжат болды. Қазақстан Республикасындағы 
«Тіл  туралы  заң»  (1997),  Егеменді  Республиканың  Конститутциялық 
заңындағы мемлекеттік тіл туралы айтылғанды кеңінен - талқылап нақтылап 
берді. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы» мемлекеттік тілдің сала – салада қолданылуын 
тағы да айтып өтті. Сайып келгенде 1996 жылғы құжатпен мазмұны сай келіп, 
бәлендей айырмашылығы жоқ болды. Тек қана ғылыми қамтамасыз етуде:  
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты басым рөлге ие болуға тиіс 
– деген сөйлем жазылды. Соңғы жылдары мерзімді баспасөзде қазақ тілінің 
болашағы жөнінде өткір - өткір мақалалар жарық көрді. Атап айтсақ: ф.ғ.д    
Ө. Айтбаев [79] терминология туралы бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтерді. 
Ф.ғ.д Б. Хасанов [80] мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы,  С. Ақтаев [81],  

Вестник ПГУ № 3, 2010
1 
Мұхтар  Құл – Мұхаммед [82]  т.б. қазақ тілінің болашағы жайында сөз 
қозғады. Мемлекеттік тіл шыны керек «Баяғы жартас бір жартас» күйінен 
бір таңбады. Жетім бала «Көркемтайдың» күйін кешкелі қашан. әл-Фрабидің 
өзі тіл ғылымын басқа ғылымдардан жоғары қойды [83, 47].  Қазақ тілінің 
мемлекеттік статусы бола тұра неге өз дәрежесінде қолданылмайтыны туралы 
Б.  Хасанов  аталған  мақаласында  17  сұраққа  бейресми  түсіндірме  берді 
сонда барлық жайттар анық айтылған. «Конститутциялық Кеңес тіл заңы 
саласындағы осы атап көрсетілген және атап көрсетілмеген қайшылықтарды 
біржолата  жою  үшін  «Қазақстанның  мемлекеттік  тілі  туралы»  жаңа  заң 
қабылдауын талап ету әділ болары сөзсіз» - дейді. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.  Краткий  философский  словарь.  Под  редакцией  М.  Розенталя  и  
П. Юдина. Политиздат при ЦК ВКБ (б). 1940. –  С. 323-324.
2. Төкенов Ө. С. Мәдениеттану негіздері. – Алматы: Дайк пресс, 2001. 
–  Б.  63.  
3.   Тимошинов В. Культурология. – Алматы, 2001.  –  С. 101.
4. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы: Евразия, 1995. 
–  С. 19.
5. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. 
–Алматы: Дәнекер, 2000.  –  Б. 146.
6. Мұқтарұлы С. Шоқан және өнер. – Алматы: Өнер, –  1985. - 216 Б. 
7.  Хусайнов  К.Ш.,  Жубанов  М.Х.  Проблемы  фоносемантического 
деривации. –Алматы: Ғылым, 1998. –  Б. 69. 
8. Культурология. История мировой культуры. – Москва: UNITY, 2000.  
– С.  57-58.
9. Батманов И.А. Грамматика киргизского языка. Выпуск 1. – Казань: 
Киргизское государственное издательство, Фрунзе, 1939.  –  С. 54. 
10. Копыленко М.М. Основа этнолингвистики. –Алматы: Евразия, 1995. С. 71.
11. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б.10 -25.   
12.  Қайдаров  А.Т.,  Керимбаев  Е.А.  Этнолингвистические  аспекты 
казахской ономастики // Известия Ан КазССР Серия филологическая, 1990, 
№ 3. – Б. 5.
13. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991,  – Б. 26 – 38. 
14.  Копыленко  М.М.  Основы  этнолингвистики.  –  Алматы:  Евразия, 
1995, – С. 19.
15. Седельников А.П. Распределение населения киргизского края по 
территории, его этнографический состав, быт и культура // Абай, №8, 1993. 
– Б. 20.
16. Ғабитов Т.,  Мүтәліпов Ж., Құлсариев А.  Мәдениеттану.  – Алматы: 
Дәнекер, 2000.  – Б. 48-49.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
2
17. Щерба А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. – Ленинград: 
Наука. Ленинградское отделение, 1970. – С. 110. 
18. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. – Алматы: Наука, 
1980. – С. 9 .
19. Звигенцев В.А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и 
извлечениях. Часть 1. Государственное учебно-педагогическое издательство 
Министерство просвещ. РСФСР. – Москва, 1960. – С. 205.
20. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. 
–Алматы: Дәнекер, 2000.  – 52 -54.
21. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. 
– Б. 13 – 14.
22. Ведение в культурологию. – Москва: ВЛАДОС, 1995, – С. 87.
23. Құран кәрім. 1991. – Б.  342.
24. Томсен В. История языковедения до конца ХIХ века. Государственное учебно-
педагогическое издательство Наркомпроса РСФСР. – Москва-1938. – С. 32.
25. Березин Ф.М. История советского языкознания. – Москва: Высшая 
школа, 1981. – С. 103. 
26. Введение в культурологию. – Москва: ВЛАДОС, 1995. – С.  84
27. Культурология.  – Ростов – на – Дону: ФЕНИКС, 1995. –  С. 34 -35
28. Культурология. – Москва: ЦЕНТР, 2000.  –  С. 67.
29. Седельников А.П. Распределение населения киргизского края по 
территории, его этнографический состав, быт и культура // Абай, №8. 1993.  
–  С. 20.
30. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым,  –   
Б. 314-317,   275 - 283.
31. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики . – Алматы: Евразия, 
1995, – С. 21.
32. Сейдімбеков А. Күңгір – күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. 
– 148.
33. Культурология. – Москва: ЮНИТИ, 2000.  –  С. 30.
34. Ақсауыт. Батырлар жыры.  Екі томдық. – Алматы: Жазушы, 1977. 
–  Б. 71,  218.
35. Жұмабаев М. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым, 1992. – Б 196.
36. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Жалын, 1971. – Б. 74.
37. Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. – Алматы: 
Ана тілі, 1994. – С. 74.
38. Головин Б.Н. Основы культуры речи. – Москва: Высшая школа, 
1980. – С. 6 – 7.
39 .Виноградов В.В. Язык Гоголя и его значение в истории русского 
языка // Материалы и исследования по истории русского литературного языка. 
Том III . – Москва: Издательство академии Наук СССР, 1953. – С. 15.

Вестник ПГУ № 3, 2010
130 
40. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: 
Қазақстан, 1971. – Б. 74.  
41. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. – Москва: 
Наука, 1980. – С. 90. 
42. Смағұлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени 
аспектілері // ф.ғ.д., ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның 
авторефераты. – Алматы; 1998. – Б. 37.
43. Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. – Алматы: Қазақ 
ССР-нің Ғылым баспасы, 1984. –Б 24.  
44. Основы культуры речи. Хрестоматия. – Москва: Высшая школа, 
1984. – С. 7.
45. Назарбаев Н. Ә. Ортақ үйіміздегі тыныштық – баршамыздың әрбір 
қазақстандықтың игілігі. Қазақстан  Халықтары Ассамблеясының сесиясында 
президенттің жасаған баяндамасы. // Сарыарқа самалы. №9 (12956), 1999. 
46. Өрелі өнер (Тіл мәдениеті туралы) – Алматы: Ғылым, 1976. – Б. 33.
47. Белинский историк и теоретик литературы.  – Москва –Ленинград: 
Наука,  1949. – С. 172.
48. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Рауан, 1991. 
– Б. 121;  Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Рауан, 
1995. – Б. 167. 
49.  Копыленко  М.М.  Основы  этнолингвистики.  –  Алматы:  Евразия, 
1995. – С.  19.
50. Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық жинағы. – Алматы: 
1961. – Б. 677. 
51. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – Б. 547.
52.  Сыздық Р. Сөз Құдіреті. – Алматы: Санат, 1977.  – Б. 177.
53.  Жәнібеков  Ө.  Ата-баба  мұрасы:  уақыт  пен  өмір  талаптары 
тұрғысынан // Егеменді Қазақстан. 1992. 3 қазан. – Б. 3.
54. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –Алматы: Ғылым, 1984. 69 б.
55. Бартольд В. История. Изучения Востока в Европе и России. Лекции, 
читанные в университете и в Ленинградском институте живых восточных 
языков. – Ленинград: Издание второе..1925. – С. 154.  
56. Қорқыт ата кітабы. – Алматы: Жазушы, 1994. – Б. 13 -14.
57. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алма-Ата, 1987. 
– Б. 83. 
58. Ахмад Ясауи. Хикматлар. – Тошкент: Ғафур Ғұлам номидаги Адабиет 
ва санъат нашриети, 1990. – Б. 254. 
59. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1983. 
60. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Санат, 1993. 
61.  Абдрахманова  Г.Х.  Қожа  Ахмед  Яссауидің  «Диуани  хикмет» 
тіліндегі септік жалғауларының сипаты // ф.ғ.к., кан. ғылым дәр. алу. үшін. 
жаз. диссерт. Авторефераты. –Алматы, 2000. 49 - б.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

62. Құрышжанов А.К. Исследование по лексике <тюркского – арабского 
словаря - Алма –Ата, 1970. - С.49.
63. Оразов М. Семантика Казахского глагола (Опыт семантической 
классификации) // Диссертация на соискание ученной степени док. фил. наук. 
–Алма –Ата, 1983, - С. 279. 
64. Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник ХIV века «Гулистон» Сейф 
Сараи и его язык. Часть первая. –Алма-Ата: Наука, Каз.ССР, 1975. - С. 162.
65. Ибатов А. Қутбтың «Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. –Алматы, 
1974. - 211 б.
66. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. Ибатов А. Қыпшақ 
Берке Фақиһтың тілі, 81 б; Сағындықұлы Б. ХII ғасыр ескерткіші «Һибат – ул 
– Хақайықтың тіл ерекшеліктері»  123 б; –Алматы: Наука издат. Каз. ССР, 1983. 
67. Введение в культурологию. –Москва: ВЛАДОС, 1995. - С. 194. 
68. Культурология. История мировой культуры. –Москва: ЮНИТИ, 
2000. 250с.
69. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. –Алматы: Жазушы, 1994. 
70. Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. –Алма –
Ата: Қазақ университеті, 1992; Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың 
әдет – ғұрпы. –Алматы: Қазақстан, 1992. 
71. Жолдасбеков М. Рух эволюциясы Н. Назарбаевтың «Сындарлы он 
жыл» («Критическое десятилетие») атты тың туындысы хақында // Егеменді 
Қазақстан. 2003, № 35 - 36 (23236) - 3 б.
72. Нурпейсова Ш.А. К чистому роднику традиции (сұхбат) //Заман 
–Қазақстан. 1997. №19 (192).  
73. Наурызбаева З. Духовность как источник нормативного регулирования 
традиционного общества // Заман Қазақстан. 1997. № 22 (195).
74. Наурызбаева Ә.Б. Мәдениет жаратушы – адам еңбегімен қымбатты 
(сұхбат) // Заман Қазақстан. 1997. № 8 (181); № 9 (182). 
75. Иманбек Е.Б. Культурономика – образ будущего для Кахзахстана // 
Заман Қазақстан. 1997. № 14 (187).
76.  Егеменді  Қазақстан.  2003.  №  127-130  (23340)  //  Египетте  Араб 
республикасының астанасы Каир қаласында дүние жүзінің 70 – ке жуық 
елдерінің бас қосқан «Ислам уммасының болашағы» атты үлкен халықаралық 
конференция болып өтті. 
77.  Егеменді  Қазақстан.  Ұлт  мәйегі  –  мәдениет.  Мұхтар  Құл 
–Мұхаммедтің    «Ұлттық  мәдениеттердің  тарихи  сабақтастығы»  атты 
халықаралық конференцияда  сөйлеген сөзі. 2003. № 139 (23349).   
78. Қазақ Советтік Социалистік республикасының Тіл туралы Заңы. 
–Алматы: Қазақстан, 1989. 
79. Айтбаев Ө. Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел // Егеменді Қазақстан.  
№ 134 (23344). 2003 жыл. 31 мамыр. 

Вестник ПГУ № 3, 2010
13 
80. Хасанов Б. Заңның күші – тілдің сұсы // Егеменді Қазақстан. № 150 
(23360)  2003 жыл. 21 маусым.
81.  Ақатай  С.О.  Сүлейменовтың  «Тарихқа  дейінгі  түріктер»  деген 
кітабының «Түрік тілі мен жазуының шығу тегі хақында» (аударған) Түрік 
тілі мен жазуының шығу тегі хақында // Заман Қазақстан. №27 (434) 4 шілде, 
2003 жыл.  
82. Мұхтар Құл – Мұхаммед. Ұлт тірегі – тіл. //Ана тілі. №19 (648) 2003 
жыл, 15- мамыр. 
83. Көбесов А.   Әл Фараби. –Алматы: Қазақстан, 1971. - 47 б.
Резюме
При изучении истории, этики и культуры казахского народа 
прослеживается  огромное  Богатство  языка  и  его  развитие 
рассматривается    в  данной  работе  в  четырех  разделах.  Такое 
исследование  дает   возможность  изучить   общую  историческую  
лексикологию.
Resume
In the study of history, ethics and culture of the Kazakh people one 
can trace great wealth of the language and its development. The author 
does this in the given work in four sections. Such research gives an op-
portunity to study general historical lexicology.  
ӘӨЖ: 81,42
МӘТІН СТИЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН 
БАҒЫТТАРЫ
А. Утанова
Қазақ гуманитарлық заң университет, Астана қ.
М. Шындалиева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
ХХ  ғасырдың  орта  тұсынан  басталған  әдебиетті  стильдік  тұрғыдан 
зерттеу мәселесі стилистиканы бірнеше салаға бөліп қарастыруды қажетсінді. 
Қазақ тіл білімінің атасы, ұлы ғалым А. Байтұрсыновтың еңбектерінде де 
стилистика мәселесі жіті қарастырылған. Ғылыми болмысты игеретін тәсіл 
– ғылымның қоғамдағы орны мен мәні өте биік. Ғылым болмысты игеруде 
жалпылама білімді анықтауға әрекеттенеді, анықтаған соң жалпылама білімді 
(ұғымды) ғылыми ізденістердің негізі ретінде қалыптастырады. Ғылымның 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

осы  әрекеті  табиғи,  яғни  ғылыми  заңдылық,  себебі  жалпылама  білімсіз 
объективтік  табиғи  болмыс  толық  және  әділ  зерттелуі  мүмкін  емес.  
А.  Байтұрсынов  ғылымның  болмысты  игеретін  негізгі  тәсіл  екендігін, 
жалпылама ұғымды, білімді анықтаған соң, оларды  өзіне негіз тұтатындығын 
өте жақсы түсінген, сөйтіп өз зерттеулерінде ғылымның тәсілділігін, ұғымның, 
білімнің жалпыламалығын жоғары деңгейде пайдаланған. А. Байтұрсынов 
қазақтың барлық сөзінің түбірі өзгермейтінін нақты мысалдармен дәлелдейді 
де, «ғылыми ақиқат», «жалпылама ұғым» деген сияқты өткір терминдер 
ұсынған. Бұлардан шығатын қорытынды – стилистика мәселесін ұлы ғалым 
ақиқаттан гөрі ұғым деген өлшемге лайық деп тапқан. Ахаң тіл үш негізгі 
қызмет  атқарады:  қарым-қатынас  қызметі,  хабарландыру  қызметі, 
әрекеттендіру  қызметі,-  деп  жазады  [1,  189  б.].  Осы  үш  қызметтің  екеуі 
(хабарландыру, әрекеттендіру) – ғылыми стильдің негізі болады. Яғни барлық 
ғылыми стиль мәтіндерінде жаңа ғылыми дерек, заңдылық жайында хабар 
болады. Және сол ғылыми дерек ереже, шарт, анықтама ретінде қолданылып, 
олар ойға тілдің әсер ету (әрекеттендіру) функциясы арқылы жеткізіледі. 
Ғылыми стильді лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар 
қалыптастырады.  Экстралингвистикалық  фактор  –  ғылыми  мәтіндердің 
тілдік  ұғымдардан  тыс  ұғымдарды,  шарттарды  сақтайтындығы,  яғни 
нақтылық,  біройлылық,  көркемсөздік,  бейэмоциялық,  жалпыламалық, 
күшейтпеушілік, жекелендірмеушілік, объективтілік, әділдік, шындық сияқты 
қалыптардан ауытқымауында жатыр. Барлық стильдің тілдік стандарттары 
мен сыртқы құрылымдық стандарттары да болады. А. Байтұрсынов мәтіндерді 
абзацқа бөлу, тиісті тіл материалдарын қатар-қатар орналастыру, іштей ұсақ 
тараушаларға  бөліп  алу,  ойдың  желісін  сақтау  сияқты  мәселелер  жалпы 
мәтіннің  сыртқы  құрылымдық  стандартын  қалыптастырады  деп  дұрыс 
тұжырымдама ұсынған. Белгілі бір қаламгердің шығармасындағы тілдік 
құбылыстарды қарастырудың негізгі бір саласы оның стильдік ерекшеліктерін 
тану  мәселесімен  байланысты.  Стиль  категориясы  тіл  білімінің  барлық 
саласын қамтиды. Ол тілге де, әдебиетке де тән құбылыс болғандықтан, 
жалпыфилологиялық  ұғым.  Әсіресе,  әдеби  стильді  сөз  еткенде,  әрбір 
жазушыға  тән  стильдің  өзіндік  ауқымы,  дүниеге  көзқарасы  зерттеуге 
тұрарлық нысан болып табылады. Жеке стильде тек тілдік жүйе ғана емес, 
идеялық  мазмұн  да  көрініс  табады.  Осыдан  келіп  әдеби  стильдің 
лингвистикалық стильден ажырайтын бір ерекшелігі шығады. Әдеби стильдің 
көрсеткіші таңба, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, жалпы мәтін бола тұрғанмен, олар 
жаңа эстетикалық типтегі белгілі бір идеялық мағынаның көрсеткіштері. 
Әдебиеттегі  стиль  мәселесі  шығарманың  идеялық  мазмұнымен, 
жанрлық-құрылымдық,  поэтикалық  тілімен  байланысты  болады. 
Лингвистикалық тұрғыдағы стиль мәселесі де осылай саралауды, өзіндік 
компоненттерді ажыратуды талап етеді. Алайда әдебиеттану жағынан да, 

Вестник ПГУ № 3, 2010
13 
лингвистика жағынан да стиль мәселесінің алшақ кетіп қалатын тұсы жоқ. 
Мәтін стилистикасы жазушы стилін айқындауда базалық рөлге ие болады. 
Ғалымдар  оқытуға  алынатын  мәтіндердің  стильдік  ерекшелігіне  де  мән 
береді. Мысалы, Е. Никитина кітап тіліне байланысты әдебиет тілінің стилі, 
ғылыми стиль, көпшілікке бағытталған ғылыми стиль және баспасөз стилі 
деп бөледі. Ал оқытуға арналған мәтіндерді оқу мәтіндері деп бөледі. Қазақ 
тілінің стилистикасын зерттеуші ғалымдар Қ. Жұмалиев, Ф. Мұсабекова,  
М. Балақаевтар сөйлеу стилі, кітаби жазба стильдер, іс қағаздары мен ресми 
стиль, ғылыми стиль, көркем сөз стилі деп бөлгені белгілі. А. Жапбаров қазақ 
тіліндегі стильдерді былайша жіктейді: 1. Ауызекі сөйлеу стилі. 2. Кітаби 
жазба стиль. 3.  Ресми іс қағаздар стилі 4.  Ғылыми-техникалық әдебиет 
стилі.  5.    Публицистикалық  стиль.  6.    Көркем  әдебиет  тілінің  стилі. 
Көрсетілген мысалдар оқытуға алынатын мәтіндердің түрлі стильді қамтуы 
қажет екендігін дәлелдейді. Мәтін арқылы тілдік қатынастың барлық түрі 
үйретіледі: мәтінді оқыту әрекетімен бірге, мәтін бойынша әңгімелесу арқылы 
сөйлеу әрекетіне, мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, 
мәтін бойынша мазмұндама жазғызу арқылы жазу әрекетіне, мәтін бойынша 
ойын жеткізе айту әрекетіне үйретіледі. Ф.Ш. Оразбаева тілдік қатынасқа 
байланысты  сөйлесім  әрекеті  (речевая  деятельность)  деп  танып,  оған 
төмендегідей анықтама береді: «Сөйлесім әрекеті белгілі бір ойды, хабарды, 
не  деректі  баяндау  және  оны  екінші  біреуге  жеткізу  арқылы  онымен 
түсіністікке  жету»-  дейді.  Ал  тілдік  қатынасқа  байланысты  сөйлесім 
әрекетінің өзін іштей беске бөледі: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, 
тілдесім. Автор бұл сөйлесім әрекетінің әрқайсысына анықтама бере келе, 
тілдік  қатынасқа  байланысты  сөйлесім  әрекеттерінің  барлық  түрі  мәтін 
арқылы үйретілетінін баса айтады. Бұл айтылғандардан сөйлесім әрекетіне 
қажет, тілдік қатынас қызметін атқаруға керек тілдік тұлғалардың бәрін 
мәтін арқылы үйретуге болатыны анықталады. Осымен байланысты мәтін 
таңдауға  белгілі  талаптар  қойылады.  Ол  талапты  жалпы  алғанда  үшке 
топтауға  болады:1.  Мәтіннің  лингвистикалық  мақсаты.  2.  Мазмұнының 
танымдық ұстамы. 3. Әдістемелік нысанаға сәйкес болуы керек. Бұларды 
мәтін  таңдауға  қойылатын  шарттар  деп  санауға  болады  [2,  141  б.]. 
Функционалдық стильдер – жұмсалу мақсаты, атқаратын рөлі, қолданысы 
деген мағынаны білдіреді. Стиль өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, 
тарихи қалыптасқан тілдік құралдар жүйесі болғандықтан, тілдің қатынас 
құралы ретіндегі неге, не үшін жұмсалатындығы өткен ғасырдың қырқыншы, 
елуінші жылдары зерттеле бастады. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің 
әлеуметтік  қызметіне  мақсаттық  стильдердің  қатысты  екендігін  жоққа 
шығармайды.  Сондықтан  академик  В.  Виноградов  тілдің  әлеуметтік 
қызметінің түрлерін қарым-қатынас (общение), хабарлау (сообщение) және 
әсер  ету  (воздействие)  деп  бөледі  де,  соларға  сәйкес  біріншісі  –  тілдің 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет