Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

11 
- деп [26, 84].  И.Г. Гердер (1744 - 1803)  өзінің  «Тілдің шығуы» (1772) - деген 
еңбегінде  тілдің  пайда  болуын  адамның  тұрмысын  анықтайтын  табиғи 
заңдылықтарды оқып – үйрену  негізінде түсіндіруді мақсат тұтқан. Тірі 
тіршілік иесі ретінде адам табиғи заңдылықтарға бағынады; бірақ жануар 
есебінде ол – табиғаттағы өмірге нашар бейімделген. Өлімнен оны тек қана 
«ойлампаздығы»  құтқарады.  Бұл  адамның  тіршілік  етуде  іс  –  жүзінде 
жануардан да асып түсетінін көрсетеді. Ойлампаздық, адамдар арасындағы 
қоғамдық  байланыс,  табиғат  әлемінен  олардың  айырмашылығы  тілінен  
көрінеді. Қоғамдағы бүтін ұғым және тіл адам өміріндегі ерекше форма 
болып  табылады.  Гердер  үшін  ол  –  адам  мәдениетімен  тең.  Тарихи 
қалыптасуды және тілдің дамуын ол – мәдениеттің мәңгілік даму үрдісін 
әртүрлі мәдениеттердің ұрпақтан – ұрпаққа берілуімен ұсынады. Гердердің 
идеясы немістің және еуропалық пәлсәпашыларға және ғылымына қатты 
әсер  етті.  Олар  мәдениеттің  тарихи  және  этникалық  формысын  үйрену 
арқылы  түрлі  қырынан:  салыстырмалы  тіл  білімі,  мифологияны  және 
фольклорды  зерттеп  қарастырды.  Гегелдің  (1770  -  1831)  пәлсәпәлық 
жүйесінде мәдениет атымен аталмайды. Ол оны өмірдегі негізгі қажеттілік 
арқылы, шығармашылыққа диалектикалық рухани шығу арқылы «біледі». 
Шығармашылық – жаңаны ойлап табу, ол сондай жаңа болуы керек ескіні 
ұмытпайтын және жоймайтын, ол туралы әрқашан еске алатын, оны өзінде 
сақтай  білетін,  оны  әр  сәтте  өзінің  тарихы  сияқты  іске  қосатын,  өзінің 
болашағы сияқты сезінетін – дейді [27, 34-35]. «Наука – один из новых 
институтов  в  структуре  культуры.  Однако  значение  ее  быстро  растет,  а 
современная культура воспитывает глубокие изменения под влиянием науки. 
Духовная эволюция через миф, религию и философию привела человечество 
к науке, где достоверность и истинность получаемых знаний проверяется 
специально разработанными средствами и способами. Наука, таким образом, 
существует как особый способ производства объективных знаний» [28, 67]. 
Көшпенділер  мәдениеті  әлімсақтан  (әліп  +  сақ)  басталатыны  айтылды. 
Ғылымның негізі ретінде жартастарға аңның, аңшының кескіндерін түсіру 
– кескіндеме өнер ретінде танылды. Мұндай өнер сүйектерге  ою - өрнек салу 
арқылы: кебежеге, сандықтың бетіне, ер – тоқымға, ат - әбзелдеріне түсіру 
арқылы дамыды. Кейіннен текеметке, киімдерге түрлі ою - өрнек салудың 
мазмұны арта түсті. Өнердің бір түрі «музыка» да осы: ою - өрнек арқылы 
айтылды.  Седельников:  «Обыкновенно  передача  песни  сопровождается 
подыгрыванием на инструменте; из последних распространены: домбра – род 
треугольной балалайки с тремя струнами (бараньи жилы) и кобыз – овальная 
балалайка  с  колышком  внизу  (как  у  виолончели),  на  которой  играют 
смычком; из духовых можно назвать зурну – деревянный длинный рожок» 
- дейді [29, 20]. Айтылған ойды терілген мысалдар: Взяв кобыз с священной 
песней Долго прыгал по кибитке По коврам вокругмалюток (ҚКБС, 1935. 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

25 б.). Кобыз* – старинный казахский музыкальный инструмент (Тверитин). 
Алтыннан қалқан жарқылдап, Сыбызғы, сырнай шақылдап (Қамбар, 334); 
Керней, сырнай тарттырып, Қырық қақпалы қалаға, Тегіс хабар берді енді 
(Алпамыс,  223)  жан  –  жақты  толықтыра  алады.  Күй  –  адам  баласының 
дыбыстарға еліктеу арқылы, ішкі – жан күйзелісінің қуанышының жарыққа 
шығару символына айналып, бара – бара қамыстың тербелгені, ағаштық 
сыбдырлағаны үрмелі аспаптармен, қобыз, домбыраның өмірге келуіне түрткі 
болды. Қ. Жұбанов: «Қазақтың мәдениет, тарихы да жазылмаған. Сондықтан 
күйлердің қалай шығуы, қалай пайда болуы, қалай дамуы жайында тарихтың 
жазып қалдырған деректері жоқ. Қазақта күй түрінде айтылған сөз шағатай, 
ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың 
«и» дыбысының бірқатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түрікпен, 
әзірбайжан,  анатоль  тілдерінде  «қ»,  «г»-  ге  айналады.  Түрік  музыкасын 
тексерген  профессор  Беляев,  Успенский  екеуі  бірігіп  жазған  «Түрікмен 
музыкасы» деген кітабында музыка мәдениетінің өсу жағдайын, мәдениеттің 
тарихи өсу процесінің қалай болатынын ескі тарихшылардың жорамалдау 
жолымен баяндайды. Бақсы – көптеген түркі тілдерінде музыкант (үдеші –А.Қ) 
мағынасын берген. «Қобыз» сөзінің басқы «қ» дыбысы түсіп қалғанда «о» 
- ның орнына «а» дыбысын қолданғанда «абыз» болады. Қазақ инструментінің 
біреуі – «сыбызғы». Негізгі түбір болатын «сыбыс»... Қазақша қамыстың бір 
аты – сыбыс. «Қамыс» сөзіндегі «а» дыбысын «о» дыбысына айналдырсақ
қырғызша «қомыс», біздің «қобыс» болып шығады. ...Біздің қарауымызша, 
орыстың «домрасы», қазақтың «домбырасы», арабтың «тамбұры», бенгал 
елінің  «тмыры»,  гректің  «тамирі»  -  бір  нәрсе»  -  дейді  [30,  314-317].  
М.М.  Копыленко:  «Заглавие  детального,  снабженного  многочисленными 
рисунками  повествования  Сагатбека  Медеубекулы  о  домбре  включает 
указание об этнолингвистическом анализе. И в самом деле, последний раздел 
статьи касается происхождения казахского термина домбра, его соответствий 
в других тюркских и нетюркских языках, что значительно обогащает наше 
представление о замечательном музыкальном инструменте. Еще в большой 
мере «лингвистична» краткая статья  А. Нурмагамбетова, в которой автор, 
выдвигая  дополнительные  весомые  аргументы,  соглашается  с  
Н. Ундасыновым, опровергающим предложенную некогда Л. Будаговым 
персидскую этимологию термина домбыра.  И настаивает на его исконно 
тюркской природе» - дейді [31, 21]. Комузъ - Қобыз родъ волынки или дудки, 
всякій  музыкальный  инструментъ;  желъзн.  музык.  Комыргай  –  дудка, 
свистокъ – деп анықтаған (Будагов, 65). Взял домбру* заставил струны Тихо 
звучные  заплакать  (ҚКБС,  15).  Домбыра*  –  музыкальный  инструмент 
(Тверитин). «Күй» деген сөздің тегі «көкпен» байланысты болғанын біз де 
о баста айтып едік». А. Сейдімбековтің: «Эпостарымыздағы «адырнасын ала 
өгіздей мөңіреткен» - деп келетін жыр жолдары жырауларымыздың түсіне 

Вестник ПГУ № 3, 2010
10 
кірген ассоциация емес, өмір шындығынан алынған» - деген сөзі ойымызды 
толықтырады [32, 148]. «Музыкальное начало не было отделено от движения, 
жестов, возгласов, мимики» [33, 30].  Демек, «дыбыс» пен «ым» сөйлеу тәсілі 
болған кезде «әуен» де табиғаттың дыбыстық құбылысы ретінде көшірме 
болып, адамның рухани қажетін өтеді. «Ұшқан құсқа үн қосты» - деген тіркес 
содан қалыптасты. Абыздар мен бақсылар  көне дәуір  мәдениетін таратушы, 
ерекше магия иелері болды. «Қобыланды батыр» жырындағы: Қыл қобызға 
жағады Қарағайдың шайырын немесе «Алпамыс» жырындағы [34, 71, 218]: 
«- Мынау серкелердің мүйізі, қабырға сүйегінен сырнай істеп қойдым, соны 
қыздардың жолына барып тарт, сені ұстап алып кім қылды деп сұрар, айтып 
қойма», Қобыландының қыл қобызы, Алпамыстың Кейқуатқа жасап берген 
«сырнайы» Батырлар қаладан шыққанда жанына үдешілер (Бабырша үдеші 
–  музыкант  деген)  –  қыл  қобыздарын,  сыбызғы,  сырнайшыларын  ертіп 
шыққан. Бұл дегеніміз түріктерде үдешілер мәдениеттің ерте заманнан жоғары 
болғандығын растайды. «Мимика – ішкі сезім тілі», «Қазақ тілінде қазақтың 
сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді 
тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы 
мінезі – бәрі көрініп тұр» - дейді М. Жұмабаев [35, 196]. М. Балақаев: Мәдениетті 
адамның  сөйлеу  мәнері  құлаққа  жағымды  болмақ  –  дейді  [36,  74].  «Сөз 
мәдениеті» дегеніміз не? Кейде тәжірибеде «Тіл мәдениеті» дегенді қолайлы 
сезінеді.  Екеуінің  арасында  бәлендей  айырмашылық  жоқ.  Тіл  мәдениеті 
тарихы өзінің бастауын өте алыстан алады. Ол өзінің тарихи көзін көне 
Шумер, Гректерден және көне Римдерден алады. Олар - сөз өнерінің теориялық 
және практикалық негізін қалады. «Сөз» өнері би – шешендердің тілі арқылы 
ауызша да, жазбаша да жетті. «Сөзге» тоқтау, айттым бітті «тіл кеспек болса 
да,  бас  кеспек  жоқ»  содан  қалған.  Тура  биде  туған  жоқ  болған.  Билер 
институты дала заңын реттеп отырған. «Из истории ораторского искусства» 
тарауын қараңыз [37, 74]. Қазақ шешендік сөздерін арнайы зерттеген Әмина 
Маметова оның «Қазақ билерінің шешендік сөздері оның әдебиеттегі орны» 
(1945)  кандидаттық  диссертациясының  ғылымда  алатын  орны  ерекше. 
«Сөйлеу мәдениеті» (сөз мәдениетінің синонимі) орыс тілді әдебиеттерде үш 
түрлі мағынада қолданылады: а) сөз мәдениеті – құрылымы мен құрылысы 
, өзіндік құны оның коммуникативті қызмет жүйесін арттыра түседі; б) сөз 
мәдениеті – екіншіден, адамның білімі мен танымының жиынтығы, өзара 
қарым – қатынаста тілді қолданғанда мазмұнды сөйлеуге, қиналмай еркін 
сөйлеуге  қолданылады;  в)  сөз  мәдениеті  –  тіл  мәдениеті  саласындағы 
лингвистикалық  білімі,  коммуникативті  сапасы  [38,  6-7].    Сөз  бен  тіл 
мәдениет  туралы  айтқанда  жарасым  табады.  Бірақ,  бұл  екеуін  екі  түрлі 
қарастыру да негізсіз емес. Тіл мен сөздің бірлігі мен айырмашылығы үлкен 
проблема. Бұл мәселелер «Жалпы тіл» білімінде қарастырылады. Дегенмен, 
тіл - қарым – қатынастың таңбалы тетігі; сөз – тіл таңбасының ізбасары, 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
2
берілетін ақпарат көздерінің сипатын, және тіл заңын орындайды; сөйлеу 
қызметі  –  адамның  сөйлеу  үшін  бейімделген  психо  –  физиологиялық 
организмнің  жұмысы;  мәтін  –  сөздің  өте  жетілген  мазмұны,  мазмұнды 
қалыптастырып, жеткізе білетін ауызша және жазбаша шығарма. Мәтіннің  
мазмұны – адамның ақыл – ойында қалыптасқан ақпараттың нақтылығы.      
В.В. Виноградов: «Но, кроме того, в каждой более или менее самоопределившейся 
социальной среде в связи с ее общественным бытием и материальной культурой 
складывается свой словесно – художественный вкус, связанный со специфическим 
отбором и оценкой разных выразительных средств общенародного языка» - дейді 
[39, 15].
Тіл мәдениеті қоғамдық орындарда адамның өз ойын нақты, мазмұнды 
жеткізуімен де айқындалады. 1950 жылдары Қазақстанда тіл мәдениетін 
зерттеу қолға алынды. Тіл мәдениеті халықтың жалпы мәдени дәрежесімен, 
әдеби  тілдің  қандай  белесте  екенімен  тығыз  байланысты.  М.  Балақаев: 
Әдеби тілдің жауы – анархия – дейді [40, 117]. Тіл мәдениеті өзінің табиғаты 
жағынан заттық және рухани мәдениетпен тығыз байланысты. Заттық және 
рухани мәдениеттер қазақ тілі арқылы ғана көрінеді, елден шыққан мәдениет, 
елі үшін тек қана өзінің ана тілі арқылы ғана іс – жүзіне асады. «Культура 
речи означает использование языковых средств, оптимальных для речевой 
ситуации» - дейді Л.И. Скворцов [41, 90].  Қазақтар үшін сөйлеуге тиімді сөз 
атадан – балаға мұра болып қалды. Ол – көбіне этномәдениетпен байланысты 
болды. Затқа сөз табу оның уәжімен тығыз байланысты. Зат бірден атауға ие 
болмай, көп жылдар тәжірибеден өтіп барып, белгілі құбылысқа байланысты 
уәжденіп барып атауға ие болды. К. Смағұлова бұған орай: «Қазақ халқының 
ең маңызды мәдени ұлттық ерекшеліктерінің бірі – жан – жақты қамтылған 
дәстүрлі мәдени үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдері» - дейді [42, 37].  
Тіл мәдениеті ХI – ХII  ғасырларда сөз болғанын М. Қашқаридің еңбегінен 
білеміз. Ол: «Ең таза тіл – тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, 
жат – жұртқа барып – келіп, қарым – қатынасы жасамайтын адамдардың тілі» 
- дейді.  Бұл – түркі тілінің тазалығы үшін күрес болса, оның тікелей мұрагері 
қазақ тілі үшін де қатысы бар деп ойлаймыз. ХV ғ. Асан қайғыдан бастап 
барлық ақын - жыраулар  қазақ тілінің тазалығы үшін күресті.  ХVIII ғ. Орыс 
тілінен қазақ тілін сақтап қалуы үшін үздіксіз күрес жүрді. Осындай, нәтижелі 
тіл үшін күрестің салдарынан ғана қазақ тілі мың өліп, мың тірілді. «Әсіресе 
тіл мәдениетін сақтау, ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, 
қоғамда атқаратын қызметінің тірегі» - дейді Құрманғалиева [43, 24]. 
Қазіргі  әдеби  тіліміз  –  халық  тілінің  жоғарғы  формасы.  Әдеби  тіл 
дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, стильдік тармақтары сараланып, 
нормалық жүйесі нығая түседі. «В области культуры русской речи в последние 
годы наиболее успешно развивались следующие теоретические направления: 
1)  вариантивность  норм;  2)  функциональность  в  оценках  нормативного 
характера; 3) соотношение внеязыковых и внутрилингвистических факторов 

Вестник ПГУ № 3, 2010
1 
в становлении, развитии и функционировании литературных норм; 4)  место 
и роль литературно – нормированных элементов в структуре национального 
языка; 5)  культура речи в условиях двуязычия и многоязычия и некоторые 
другие» - деп жазылғанның кейбір элементтері біздің тілмізге де қатысты 
[44, 7]. Көп этникалық  Қазақстан үшін әрине ұлттық тілді дамыту орынды. 
Қазақ тілі доминанттық рөл атқаруы керектігі айтпаса да түсінікті. Уақытша 
орыс тілі ресми тіл ретінде қызметін тоқтатқан емес. Басқа тілдердің де 
дамуына Қазақстан қамқорлық жасауда. Халықтар Ассамблеясы азшылық 
ұлттардың басын қосып, тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі бола білуде.   
Н.Ә. Назарбаевтің: «Бірақ, қазақ тілін Қазақстандағы ұлттық топтардың 
барлығы да үйренетін болуы тиіс» - деген ұлағатты сөзі естерінде болар 
дейміз [45].  Еліміз егемендік алып,  қазақ тілі әдеби тілге қатысты норманы 
сақтағанмен, мемлекеттік тіл ретінде өзінің толық қанды қызметін атқара 
алмай  отыр.  Бұған  көптеген  себептер  бар.  Тіл  қоғамдық  құбылыс  оның 
дамуы  тарихи  үрдіске  негізделген.  «Әдеби  тіліміздің  сапасын  арттырған 
сайын, тіл мәдениеті жақсара бермек» - дейді Қ. Есенов [46, 33]. Тілді тарихи 
мұра  ретінде  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жеткізуші  ол  –  адам.  Адамның  өмірі 
этномәдени тұрмысымен байланысты екендігі айтылды. Біздің ғасыр - өзінің 
артықшылығымен тарихи ғасыр. Барлық ойлар мен біздің жауаптарымыз, 
шығармашылығымыз  тарихи  негізден  басталып,  тарих  табалдырығында 
пісіп – жетіледі – деген екен 1841 жылы Белинский [47, 172]. Тіл мәдениеті 
туралы жазған  Т. Қордабаевтің еңбектеріне де назар аударғанымыз жөн 
[48, 121 қараңыз: 167]. М.М. Копыленко: «Тем не менее наибольшее число 
этнолингвистических исследований касается именно лексика и фразеологии 
как такого яруса языка, в котором этнос находит наиболее яркое выражение» 
- дейді [49, 19].  Қазақтың этномәдениетіне байланысты Ш. Уәлихановтың: 
«Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Қазақтың оқ – дәрісінің құрамы», 
«Егіншілік  туралы»,  «Киіз  үй»,  «Қазақтың  молалары  мен  жалпы  көне 
ескерткіштері жөнінде», «Қазақ шежіресі», «Тәңірі (Құдай), «Қазақтардағы 
шамандықтың қалдығы», «Аруақтар немесе онгондар - өлген ата – бабалардың 
рухы», «Қазақтардың космологиялық түсініктері», «Әуедегі құбылыстар», 
«Жаман көзден, ыбылыстар мен әр түрлі аурулардан сақтайтын - тұмар» т.б. 
атап өтуге болады. 
Ы.  Алтынсариннің:  «Этнографиялық  очерктерінде»:  шариғат,  үй 
сынық, жесір, тоқал, ілу, жыртыс, кемпір өлді сүт ақы, сәукеле кигізу  т.б. 
айтылады. 
А.  Құнанбаев  шығармасында:  күлдәрімен  белін  буған,  төркіні,  жел 
ұшық, намаз шам, қалың, қансонар, томаға, найза, тымақ, насыбай, медресе, 
шөлмек, алтын бергек, елубасы, шар салып, жайлау, қыстау, аршопке, шапан, 
сабау,  кереге,  бөрік,  тон,  өлекшін,  кәннің,  бәйітсымал,  қобыз,  домбыра, 
шылдақана, малма сапсиды, ақ шомшы, керуен, күзеу, қарша, киіз, ұшпа, қом, 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
2
ылау, шүйінші, бойкүйез, бәңгі, шолпы, кәмшат бөрік, тұғыр, көйлек, кебін, 
үкі тақтық, барымта, қамқа, торғын тон, дулыға, сауыт, қылыш, шарайна, 
босаға, төр т.б. көптеген этномәдени лексика кездеседі [50, 677]. 
Ш. Құдайбердиев шығармасындағы этномәдени лексиканың кейбірін 
атап өтсек олар мыналар: ұжмақ, ұршықтай, шалбар, ноқталы, күсіп, төрт 
аяқты мал, қақпан, бота, құлын, лақ, қозы, пішен, қынап, қанжар, жұлдыз, ай, 
жетіқарақшы, үркер, таразы, шолпан, темірқазық, қосбозат, шелді көз, уыздай 
келіншек, әміркеннен мәсі-етік, сукно, түлкі тымақ, ақ шарып, қымбат ішік, 
қыл шапан, бешпент, шалбар, сағат, калошмы, ер – тұрман, күміс, қалам, 
көрпе, қымыз, құрыш, мырыш, лапкесі, шылбыр, құдық, шыңырау, белбеу, 
сынық ине, таспа, қармақ, көже, талақ, желі, бағлан,шақпақ, бүлдірге, мәңгүр, 
қора, бұқа, маймыл, әтеш, тауықтың айғыры, қанжыға, тарамыс,домбыра, 
гормон, дойбы, карта, сауыт, шатыраш, жесір, құрым үй, жебелі оқ, саптама, 
ақ сауыт, қын, қалпақ, тұзақ, күбі, ірімшік, шүмек, бақсы, ноқта, шебелет 
қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек, шашақ сәкәкүл, таға, сақа, құндақ, нажағай, 
темірқазық, минут, шерік, қамшы, құрық, жанторсық, саптаяқ, тәспық, сәлде, 
жайнамаз, еруліг, малта, ноқта, сәждә, кісен, асық, балгер, көсеу, желбау, 
ошақ т.б. [51, 547]. 
Тілдің сан – салалы қызметі туралы қажымай, талмай зерттеп жүрген 
ф.ғ.д, профессор Р. Сыздықова ... тілдің көркемдігін зерттеп, мақсаты мен 
талдау  әдісі  жағынан  айырмашылығы  бар:  лингвистикалық  стилистика; 
екіншісі – сөз мәдениеті – деп, жазды [52, 177].  Қазақ тілінің құпиясын 
байқаған Ө. Жәнібеков тіл мен адам психологиясын ұштастыра келіп:  Байқап 
қарасақ адамның қайсы бір ұлтқа жататындығының өзі оның бет пішінінен 
ғана емес, халықтық дәстүрлермен байланыстылығынан да көрінеді екен. 
Асар – үмені, қонақ кәдені, ауылдың «алты аузын», бастапқыны  (бастанғыны 
– болса керек-А.Қ.),  келін ізетін, күйеу мізетін, той бастарды, беташарды, 
әужарды, басқа да кәде – жоралғыларды іштей ұғынып, жүрекпен сезінген 
адамның мерейі үстем болатыны тағы бар – дейді [53, 3]. 
Өнердің ерте кездегі мінездік сипаты синкретті болды.  Синкрет – (грек. 
synkretismos  -  біріктіру)  -  әртүрлі  көзқарастардың  тоғысы.  Көне  діннің 
пайда болу жолы әртүрлі. Оларға: магия, фетешизм, тотемизм, эротикалық 
салт, жерлеу дәстүрі т.б. жатады. Негізгі түп - тамыры алғашқы адамдардың 
өмір  тұрмысына  апарады.  Анемизм  -  Бұл  терминді  ғылыми  айналымға 
ағылшындық этнолог Э.Б. Тайлор (1832 - 1917) енгізген. Ерте қоғамдағы 
адамның  жеке  құндылығының  сенімі,  сыртқы  дүние  әсерінің  тылсым 
сырларымен астасып жатты. Алғашқы мифологиялық көзқарастармен тығыз 
байланысты болды. Анемизм (лат. anima – аруақ, жан) адамдардың табиғи 
сипаттарымен сапасымен айқындалады. Тайлор бұл сенім теориясының  ядросы 
- барлық дін алғашқыда «тағы – пәлсәпә» «рух» «жанның» денеден бөліну 
қабілетіне байланысты болды. Бұл сенімнің бұлтартпастай дәлелі – түс көру, 

Вестник ПГУ № 3, 2010
1 
галлюцинация, летарикалық түс көру кезеңі, жалған өлім, және тағы басқа 
түсініксіз құбылыстар жатады. Магия – діннің неғұрлым көне түрі. Магия 
(грек. megeia - волшебство) кейбір символикалық іс - әрекеттер мен дәстүрлер, 
сиқырлау және салт – дәстүрлер жатады. Ағылшын дінтанушысы, этнолог 
Джеймс Фрэзер (1854-1941) діннің алдындағы кезең дейді. Неміс этнологы, 
социологы А. Фирканд (1867-1953) діннің дамуының негізгі көзі деп қарайды. 
Орыс этнографы Л.Я. Штернберг (1861-1927) анемизмнің сенім – нанымның 
жемісі деп біледі. Фетишизм – (франц. fetihe – тұмар, амулет, идол) ерекше 
күш иесі сипатты жансыз заттарға табыну. Фетешизмнің табыну нысаны: тас, 
ағаш, т.б. заттар болуы мүмкін. Амулет – (араб. гамала - алып жүру) алғашқы 
кезеңдегі фетешизм мен магияға апарады. Қазақтардың кейбірі түсінбесе де 
тұмар, аюдың тырнағын т.б. мойындарына іліп алады. Тотемизм – көптеген 
халықтың дінінде мал – жанға, ағашқа  табыну ұшырасады. «Тағыларға» 
әлем жанды болып көрінді. Оның ішінде – мал – жан, ағаш та болды. «Тағы»  
өзінікі сияқты оларда да жан бар деп, олармен қарым – қатынас орнатты. 
Алғашқы адам малдың атымен өзін атады. Оларды өзінің «бауыры» деп атап, 
оның өліміне қайғырды, мұны: тотемизм – дейді. Тотемизм – (солтүс. Үнді 
ототем – оның табы) дегенді білдіреді. Тотемизм – ру мен өсімдіктер және жан 
– жануарлар (көбіне табиғат құбылысына байланысты) қандық байланысын, 
сенімді жатқызады. Рулық, фратриалдық (грек. фратрия-ағайындар), топтық, 
жыныстық және жеке тотемизм болады. Бұның қайсысы көне? Көптеген 
зерттеушілердің пікірі бойынша фратрий тотемін көне деп есептейді. Тотемизм 
– қазақтарда кездеседі. Мысалы: Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып (Қыз 
Жібек), Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып (Қобыланды, 39);  Әулиенің 
сыбағасына жылқы атаған (құрбандыққа сойған) да, Қорасан (індет) кетсін деп 
қой сойған. Көбіне еркек малды атаған. Жас бала туғанда мойыны, бұғанасы, 
бел омыртқасы берік болсын деп, сойылған қойдың омыртқаларын  тізіп жинап 
қойған. Туған ер баланың «жолдасын» көмгенде асықты қызылға бояп үш 
– төртеуін бірге көмген. Қойдың кәрі жілігін шарбақ қораның шыталарына іліп 
қойған (Ш. Уәлихановты қараңыз) т.б. Бұлақты жерлерде, жалғыз жарым 
ағаш кездессе, «әулие ағаш» - деп әлем – жәлем ілген. Астана қаласында 
тотемизмнің белгісі болған «Алып бәйтерек» символикасы бой көтерді. С. 
Қасқабасов: «Адам мен жануарды бөлмеу, адамды екі кейіпті болады деп 
түсіну ол замандардағы миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай жануар 
түрінде бейнелейді, яғни зооантропоморфтық образ жасайды. Бұл, әсіресе, 
тотемдік мифтерде кең етек алған, ал кейінгі дәуірлерде мифтің басқа да 
түрлерінде орын тепкен. Әдетте, көне тотемдік мифтерде бір рулы ел мен 
белгілі бір жануарлар тобының тотемдік атасы – бір аң деп баяндалады. 
Бұл мифтердегі кейіпкерлердің өзгеруі - әлі таза құбылу емес, бұл мақсатты 
құбылуға апаратын жол. Мақсатты құбылу кейін, мәселен, ертегі жанрының 
бір белгісіне айналады. Ал, тотемдік мифтегі қаһарман кейіпінің өзгеруі 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
2
шын мәніндегі құбылу деп саналмауы керек, себебі мұнда сол кездегі сана 
бойынша қаһарман адам кейіпінде де, жануар түрінде де көріне береді» - дейді 
[54, 69].  Тіл мен дін егіз ұғымдар. Діни лексика қазақ тілінен тыс өмір сүрмек 
емес. Діни лексика қазақ тілінің сөздік қорының бөлінбес құрамдас бөлігі 
болып табылады. Қазақ тіліндегі діни лексикалар этномәдениетке дендеп енгені 
соншалықты  оларды қазақ тұрмысынан бөліп қарастырудың өзі әбестік болар 
еді. Қазақ мәдениетін ислам дінінсіз көзге елестетудің өзі қиын. Араб жазуы 
қазақ мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. В. Бартольд: «Арабский язык, 
как язык ислама и язык культуры, оказавшей несомненное влияние н культуру 
западной Европы, всегда привлекал к себе небольшее число исследователей среди 
европейских оренталистов; научные успехи достигнутые этого отраслью знания, 
значительно превосходят успехи других отраслей востоковедения» - дейді  
[55, 154].  Қорқыт ата (VIII - IХ ғ.)  өмір сүргенмен шығармалары бертін 
жарыққа шықты. Сондықтан да шығармаларында оғыз - қыпшақ елінің салты 
мен тұрмысы кеңінен көрінеді. Қорқыт ата шығармасы Ислам діні дәуіріне 
дөп келген соң мұсылман қағидалары, діни лексикалар ұшырасады. Темір 
досы, дін тұтқасы Мұхаммед көрікті, Мұхамедтің оң жағында намаз оқығанда 
Әбубәкір – Сыддық көрікті, «Ясин» аяты көрікті, пайғамбарлар, құран, құтба 
намазы, азан т.б. [56, 13-14].  Сол дәуірге жатқанымен, шығарамаларында 
діни лексика онша көп кездеспейді: Ислам шеңберіндегі суфизмдік ағымды 
ұстаған  Әбунасыр  Мұхаммед  Ибн  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Ұзлақ  әл 
–Фараби Түркістандағы Фараб (Отырар) қаласында 870 жылдары туған. 
Махмұт Қашқари сөдігінде көне түрік заттық және рухани мәдениет 
сөздері өте көп: ат, оқ, ун, алб, от, ир, он, атыз, өкуз, ыдыш, уруғ, очақ, азуқ, 
әтук, ічук, өрук, узум, еркәк тақғу, арқар, орғақ, алтун, улар, арпа, уғуршық, 
қын, қанат, қылыч, көмәч, қобуз, қымыз, қамыш, кумуш, қорығ, балық, білік, 
тәзәк, төшәк, тішәк, көрук, көлук, келін, лачын, қатун, тушақ, ьулан, көгән, 
қамчы, кәкрә, тамға, қарға, кәтмән, қалқан, бузағу, қысғач, балдыз, сувлық, 
т.б. І. Кеңесбаев «Орта ғасырда қазақ халқының жазба дәстүрі болғанын 
бәріміз де құптаймыз. Өйткені өмірдің қиын тауқыметінен жазба дәстүріміз 
туыстас түркі тілдерімен астасып жатты» [57, 83] - дейді. Бұл келтірілген 
мысалдардан да айқын көрінеді.
Ахмад Яссауи   шығармасында рухани мәдениет лексикасы кездеседі: 
өнер, білім, ой, ақыл, абырой, бақыт, уақыт, жұт, шырақ, жарық, әдептілік, 
құл,  қызмет,  нұр,  құрмет,  дәстүр,  т.б.  Ахмат  Яссавий    хикматларында: 
бисмиллох, хикмат, дафтари, ғариб, фақир, даргохиға, ғарибларын, Мадинаға 
Расул,  мехнат,  қуъон,  намоз,  қазо,  мухаббатни,  шайтон,  имон,  нафсим, 
мактаб, суннат, кофир, нурға, рух, жибрил, хафтум, аласт, арвох, зикр, оллах, 
бобом, шароб, товба, азозил, иллийюн, иншоаллох, лаббайк, мул, уқбо, олам, 
ориф, арш, азоб, жамол, чортер, чилтан, дарвеш, дин, адаб, ибодат, икки 
нур, каромат, мехмон, меһрож, нафс, зикр, муршид, нолмус, суфий софлық 

Вестник ПГУ № 3, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет