Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

8
основных раздела: 1) на лингвистику, изучающую структуру языка, и 2) на 
лингвистику, изучающую процессы языкового развития. Допустимо говорить 
о лингвистике структур и о лингвистике процессов. [1-5].
Шынында да тілдегі ауысу процесcтерін тілдің жеке саласы ретінде 
алып  қарастыру, біріншіден, тіл білімі ғылымының көкжиегін кеңейтеді, 
екіншіден, ғылымда күні бүгінге дейін даулы болып, басы ашылмай жүрген 
кейбір проблемалардың оң шешімін табуына мүмкіндік береді. 
Енді сөз таптарының арасында болатын ауысу процесcтерінің кейбір 
түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Тілдің  даму  барысында  сөз  таптарының  құрамындағы  сөздер  үнемі 
қозғалыста болып, бір-біріне ауысып, өздерінің мән-мағынасын, қызметін 
өзгертіп  отырады.Соның нәтижесінде тілдегі барлық сөз таптары басқа 
сөз таптарының есебінен толығып, сан жағынан еселеніп көбейіп отырады. 
Субстантивация,  адъективация,  нумерализация,  прономинализация, 
адвербилизация, вербализация, конъюнктивация процесстері осының  айғағы.  
Бұлар,  жалпы  алғанда,  лингвистикалық  ауысу  процесстері.  Бұл  ауысу 
процесстері соңғы кездері сөзжасамның өнімді бір жолы – конверсияның 
әртүрлі формалары ретінде танылып, сөз тудыру амалдарының  бірі   ретінде 
қарастырылып жүргені белгілі. 
1.  Субстантивация.  Бұл  -  өзге  сөз  таптарының  зат  есімдер  тобына 
ауысуын  білдіретін  конверсиялық  процесс.  Қазіргі  қазақ  тілінде  басқа 
сөз  таптарының  зат  есімдер  қатарына  ауысуы,  сөйтіп,  зат  есім  мәнінде 
қолданылуы кең тараған құбылыс. Сөз таптарының ішінде субстантивация 
процесcіне ұшырамайтыны кемде-кем. Бұл орайда, әсіресе, сын есім, сан есім, 
етістіктің қимыл есімі, есімше категорияларының жиі субстантивтенетіні 
ерекше көзге түседі. Мысалы көтерме, түстік, ауру, науқас, ыстық, шала, 
туысқан, жасаған, жанар, қайнар т.б.
Бұл  фактілер  зат  есімдердің  аталған  сөз  таптарымен  лексикалық 
жақтан да, грамматикалық тұрғыдан да тығыз байланыста екенін көрсетеді. 
Сондықтан болу керек, басқа сөз таптарының субстантивтену мәселесі қазақ 
тілі зерттеушілерінің назарынан тыс қалмай, әр кезде жарық көрген әр түрлі 
оқулықтарда, ғылыми-зерттеу еңбектерде азды-көпті сөз болып келеді. Бұл 
бағытта,  сондай-ақ,  соңғы  жылдарда  күнделікті  ғылыми  басылымдарда 
бірқатар мақалалардың жарияланғандығын да атап өту лазым. 
Өзге  сөз  таптарының  жиі  субстантивтеніп,  соның  нәтижесінде  зат 
есімде  тобына  ауысуының  өзіндік  себептерінің  барлығы  анық.  Бұл,  ең 
алдымен, зат есімдердің лексикалық құрамынан молдылығына, атқаратын 
синтаксистік  функциясының  ауқымдылығына  байланысты.  Өйткені  зат 
есімдердің сөйлемде тәуелсіз мүше – бастауыш қызметінде жұмсалуы оның 
басқа сөз таптарымен емін-еркін граммматикалық әрқилы байланыстарға, 
қарым-қатынастарға түсуіне мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде өзге сөз 

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
таптары бір жағынан субстантивацияланып зат есімдер құрамына ауысып 
жатса, екінші жағынан, олар да өз кезегінде зат есім категориясынан сөздер 
қабылдай, өз өрістерін кеңейтіп жатады. Осы арада айта кететін бір жайт, 
ол - сөз таптарының барлығы бірдей бір-бірімен грамматикалық қарым-
қатынасқа түсе алмайтындығы. Бір-бірімен грамматикалық байланыстарға 
түспеген сөз таптарының арасында, әрине, сөз ауысу болмайтындығы өзінен-
өзі түсінікті. Мұндай жағдайда яғни сөз таптарының бір-біріне ауыспауына 
себеп, бөгет болатын нәрсе, біздіңше олардың сөйлемдегі функциясының 
шектеулі  болуы.  Үстеулер  сөйлем  құрамында  пысықтауыштан  басқа  да 
синтаксистік  қызмет  атқару  мүмкін.  Бірақ  ондай  қызмет  үстеулер  үшін 
үйреншікті де негізгі қызмет бола алмайды. Үстеулер пысықтауыш мүше 
ретінде қимылдың, іс-әрекеттің сынын, мөлшерін, мезгілін, мекенін білдіреді 
де, осыған орай, етістіктермен тіркесіп, сөйлемде оның алдында тұрады. 
Сөйтіп, үстеулер заттың белгісінің белгісін білдіреді де зат есімдерден тікелей, 
тура байланысқа түсе алмайды. Сондықтан да басқа сөз таптарына қарағанда, 
үстеулер субстантивация процесcіне самарқау тұрады. Қазіргі қазақ тіліндегі 
субстантивтер тобынан арғы негізгі үстеулер болып келетін сөздердің жоққа 
дерлік болып келетіндігінің себебі, біздіңше, осында сияқты. 
Басқа сөз таптарының субстантивтенуі екі түрлі болады. Оның біріншісі 
– уақытша субстантивтену деп аталады. Басқа сөз таптарының уақытша 
субстантивтенуі, негізінен, стильге, контекске тән болып келеді. Стильдік 
қолданылу  ыңғайына  қарай  өзге  сөз  таптары  сөйлемде  уақытша  заттық 
мағынаға иеленеді. Уақытша субстантивтенген сөздер өздерінің бастапқы 
мағынасынан  мүлдем  қол  үзіп  кете  алмайды,  онда  белгілі  бір  дәрежеде 
бұрынғы мағынасы сақталады. Мысалы: Жуанды қойып жуасты. /Абай/. 
«Жақсыға біткен ағайын». Жаман жақсы болмас /мақал/. Білегі жуан бірді 
жығады /мақал/.
Синтаксистік қолданысқа байланысты қалыптасқан мұндай «уақытша 
субстантивтенген» лексемалар реестр сөз дәрежесіне жетпейді. Сол себепті 
олар лингвистикалық сөздіктерде дербес, жеке реестр сөз ретінде берілмейді. 
Сөйлем  құрамында  ондай  кезеңдік  заттың  мәнін  беретін  сөз  ретінде 
субстантивтерді «контекстік немесе стильдік субстантивтер» деп атайды.  
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» [2-27].
Өзге сөз таптарының субстантивтенуінің екінші түрі –толық (не-кемел) 
субстантивтену  болып  табылады.  Толық  субстантивтенудің  барысында 
басқа категориялрға тән сөздер өздерінің сөз табынан біржола қол үзіп, зат 
есімдер қатарына түпкілікті ауысады да оның құрамын жаңа лексемалармен 
толықтырады. Толық субстантивтенген сөздер сол тілде сөйлейтін халық 
үшін зат есім болып танылады да, жалпы халықтық сипат алады. Ондай 
субстантивтер, әдетте, реестр сөз дәрежесіне жеткен деп саналады. Әрі олар 
түрлі лингвистикалық сөздіктерде зат есім сөз деп көрсетіледі. Мысалы, қазіргі 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
8
ана тіліміздегі туысқан, жасаған, жаратқан, ата, бай, кедей, көсеу, безеу, ауру, шалғы, 
шапқы, дөңес, қырат, аңтұрған, сықылды толып жатқан арғы негізгі есімше, қимыл 
есімі, сын есім болып келетін сөздер осы толық субстантивтенудің айқын дәлелі бола 
алады. Бұлар қазіргі кезде өздерінің бұрынғы категорияларының мүлдем қол үзіп, 
зат есімдер тобына біржола ауысқан.
Субстантивация процессінің нәтижесінже зат есімдер категориясына 
ауысқан сөздерді құрамы жағынан да екі топқа бөліп қарауға болады: а) 
жалаң субстантивтер; ә) күрделі субстантивтер. Жалаң субстантивтерге, 
негізінен құрамы жағынан бір ғана сөзден тұратын «басқа тектес» сөздер 
жатады: надан, қу, пысық, жақсы, жаман және т.б. Күрделі субстантивтерге 
кем дегенде екі не одан да көп сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалған 
болмаса екі түбірдің бірігіуінен пайда болған, синтаксистік қолданыстың 
барысында зат есімдерге айналған күрделі сөз тұлғалары жатады: ақсақал, 
бойжеткен, атшабар, бозқасқа, қубас т.б. 
2.  Адьективация.  Бұл  –  басқа  сөз  таптарының  сын  есімге  ауысуын 
білдіретін лингвистикалық процесс. Бұл процесcтің нәтижесінде тілдегі сын 
есім категориясы өзге сөз таптарынан ауысып келген сөздермен толығып, өз 
ауқымын кеңейтіп отырады. Сондықтан да адьективация тіл білімінде сын 
есімдердің қорлану, даму көздерінің бірі ретінде танылады. 
Адьективация жайында сөз болғанда , біздіңше, екі нәрсенің басын ашып, 
анықтап алу қажет. Оның бірі- бұл тілдің морфологиялық құрылымында 
ғана ұшырайтын тілдік құбылыс па, әлде онда тұрақты түрде өтіп жататын 
процесс пе деген мәселе де, екіншісі, оның сын есімінің сөзжасам жүйесіне 
қатыстылығы туралы. Біздің ойымызша, адъективацияны әрі лингвистикалық 
процесс, әрі сын есім тудырудың өнімді тәсілдерінің бірі бір жолы ретінде 
қарастыру дұрыс. Адьективацияның процесс болатын себебі – сын есімдер 
де  тілдің  бір  бөлшегі  санатында  жалпы  тілдік  құрылымға  тән  дамудан 
тыс тұра алмайды. Тілдік даму барысында олар тілдегі өзге лексикалық 
–грамматикалық категориялармен сан қилы байланысқа түсіп, бірде сөз беріп, 
бірде олардан өз кезегінде өзі де сөз қабылдап, үнемі үздіксіз қозғалыста 
болады.  Адьективация  процессін  мойындамау,  екінші  сөзбен  айтқанда, 
тілдің  дамуын  танымау  деген  сөз.  Екіншіден,  адьективация  сын  есімдер 
тудырудың ең өнімді тәсілі болып саналады. Керек десеңіз сын есімдердің 
о баста өз алдына бөлек, жеке сөз табы болып қалыптасуы осы адьективация 
тәсілімен тығыз байланысты. Себебі, қазіргі тіліміздегі сын есімдердің өзегі 
болып табылатын «негізгі»  немесе «байырғы» сын есімдердің барлығы да 
әуел баста есім не етістік тобынан ауысып, атрибутивтік  мәнде орныққаны 
мәлім. Мысалы: көк, ақ, жас, бай, өзге, басқа, байтақ және т.б. сөздердің 
о баста сындық мағынада емес, заттық ұғымда қолданылып, кейіннен сын 
есімдер тобына ауысқандығы белгілі. Сол сықылды қызыл, сары, жасыл, 
ауру, кебу, жүдеу, бедеу, сасық, жасық, қайнар (бұлақ), жанар (тау), қашаған, 

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
сүзеген, тебеген, өңкиген, дүңкиген, ұшқалақ, жаңғалақ тәрізді түрлі қатыстық 
мағыналарды білдіретін сын сөздердің де бір кезде етістіктің формалық 
тұлғалары  болғандығы,    бұлардың  да  соңынан  адьективтивацияланып, 
атрибутив  сөздер  болып  орныққандығы  анық.  Егер  осы  айтылғандарға 
шалажансар, әпербақан, жел өкпе, жел аяқ, көрсе қызар, ұр да жық, тіс 
қаққан, тас бауыр, без бүйрек  секілді адьективацияланған күрделі сөздер 
мен фразалық тіркестерді қосатын болсақ, онда адьективацияның сын есім 
категориясын қалыптастырудағы рөлі тіптен ұлғая түседі. Сонымен, бұл 
фактілер адьективацияны ескіден келе жатқан процесс әрі сын есім тудырудың 
көне тәсілі деуге мүмкіндік береді. 
3. Нумерализация.  Бұл – басқа сөз таптарының сан есімдер тобына 
ауысуын  немесе  оның  орнына  қолданылуын  білдіретін  лингвистикалық 
процесс. Алайда бұл процестің грамматикалық табиғаты, сипаты туралы 
ғылыми  әдебиетерде  бір-біріне  қайшы  әртүрлі  ой-пікірлер  айтылады. 
Мысалы, «Түркі тілдерінің салыстырмалы –тарихи грамматикасы» атты 
ұжымдық еңбекте нумерилизация процессі «көлемдік, мөлшерлік, сандық 
ұғымда зат есімдердің қолданылуы» деген тұрғыдан түсіндіріледі [3,200]. 
Рас  түркі  тілдерінде,  соның  ішінде  қазақ  тілінде  де  сан  есім  мәнінде 
қолданылатын центнер, қадақ, батпан, пұт, килограмм, тонна, гектар, адым, 
қарыс, кез және т.б. біраз зат есімдер бар. Бірақ тілімізде бұлардан басқа 
сандық, көлемдік, мөлшерлік ұғымда жұмсалатын жалқы, жарты, сыңар, 
егіз, көп, аз, дара, қос, жарым тәрізді сын есімдердің, қозы көш (жер), ет 
асым (уақыт), түн ортасы, кешқұрым (мезгіл), әу дегенше, қас қаққанша т.б. 
сияқты жасалуы жағынан әртүрлі сөз таптарына қатысты болып келетін күрделі 
сөз тұлғалары мен фразалық тіркестердің ұшырайтынын ұмытуға бола ма? Олай 
болса нумерализация процесін тек қана зат есімдердің нумеративтік қызметіне 
байланысты  қарау  дұрыс  болып  шықпайды.  Осы  орайда  нумерализация 
процесіне анықтама беруде, біздіңше, мына бір пікірге жүгінген лазым: «Под 
нумерализацией понимается переход других частей речи в числительные или 
употребление других частей речи в роль числительных» [4,157]. Бұл анықтама 
нумерализация процесінің грамматикалық табиғатына, мазмұнына сай келеді. 
Біріншіден, бұл  тұжырым нумерализация процесcін сан есімдердің лексика-
грамматикалық  категория болып қалыптасуында атқарған тарихи рөлін танып 
білуге көмектессе, екіншіден, ол сан есімдердің тілдегі өзге де грамматикалық 
категориялармен қарым-қатынасын, түрлі байланысын анықтауға мүмкіндік 
береді. Сонымен, нумерализация процесін екі ыңғайда қарастыруға болады: 1) 
басқа сөз таптарының сан есімдер тобына ауысуы мен айналуы 2) өзге лексика-
грамматикалық категорияларға жататын сөздердің сан есім мәнінде қолданылуы 
не болмаса нумератив сөздердің пайда болуы. 
Жалпы, сан есім – өзінің лексика-семантикалық мағынасы жағынан 
болсын, грамматикалық ерекшеліктері мен сөзжасам жүйесі тұрғысынан 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
8
болсын өзгеге ұқсамайтын өзгешелігі бар сөз табы. Мысал үшін сан есімнің 
сөзжасам  жүйесіне  тоқталайық.  Онда  сан  есімнің  басқа  сөз  таптарына 
ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері айқын көрінеді. Әдетте, тілдің лексикалық, 
грамматикалық жүйесінде белгілі бір сөз табынан сөз тудырудың әрқилы 
тәсілдері арқылы сол сөз табына болмаса өзге сөз табына қатысты жаңа 
сөздер  жасалады,  сөз  таптары  сөздік  құрамды  байытуда  үлкен  қызмет 
атқарып  жататыны  белгілі.  Айталық,  етістіктерден  зат  есім  сөздердің 
жасалуы, керісінше, есім сөздерден етістіктердің пайда болуы, сол тәрізді 
зат есімнен сын есімнің, сын есімнен зат есім не етістік сөздердің қалыптасуы 
тілдің сөзжасам жүйесіндегі әбден орныққан заңдылықтарға жатады. Десек 
те, тілдің сөзжасам жүйесінде мейлінше кең тараған, нық орныққан бұл 
амал-тәсілдер сан есімнің сөзжасам жүйесінде ұшырымайды. Сан есімдер 
ешқашан басқа сөз таптарынан морфологиялық тәсіл арқылы жасалмайды 
және өзі де басқа сөз табына жаңа сөз жасауға ұйытқы бола алмайды. Сан 
есімдер өзінің ішкі ресурстары арқылы көбейіп, толығып отырады, басқа 
сөзбен айтқанда, олар өз сөзжасамының аясынан шықпайды. Мұны проф.  
Н. Оралбаева; « сан есімнің сөзжасамды байланысты негізгі ерекшеліктердің 
бірі деп санауға әбден болады»,- деп дұрыс атап көрсеткен.
Бірақ сан есімнің сөзжасамына осылайша қарау, біздің ойымызша, тілдің 
қазіргі қалыптасқан жүйесі тұрғысынан келгенде ғана дұрыс. Тіліміздегі 
сан есім сөздерді тарихи қалыптасу тұрғысынан, сондай-ақ оларды жалпы 
тіл  білімінің  материалдарымен  салыстыра  қарағанда,  көне  түркі  тілінің 
деректерін есепке алғанда, сан есімнің де сөз табы болып қалыптасуының 
өзге сөз таптарының грамматикалық категория ретінде пайда болу жолынан 
бөлек    болмағаны,  қайта  оның  дербес,  бөлек  грамматикалық  категория 
болып орнығыуында нумерализация процесінің аса зор роль атқарғанын 
көреміз (ескерту, бұл жерде сан есімдердің сөз ретінде қалыптасуындағы 
адьективацияның, үстеулердің негізінен адвербиализация процессінің негізінде 
пайда болғанын және т.б. процесcтерді ескерту қажет.). Өйткені тілдегі сан 
есімдердің негізі болып саналатын бірден онға дейінгі сан атаулары өздерінің 
қалыптасу  тегі  жағынан  басқа  сөз  таптарымен,  әйтпесе,  зат  есімдермен, 
етістіктермен байланысты болып келеді. Мұның тілдік негізі де жоқ емес. 
Себебі  сөз  таптары  тілдің    тарихи  даму    барысында  бірін-бірі  байыта 
отырып, қанаттаса дамиды. Мұндай тілдік жалпы заңдылықтан сан есімдер 
де шет қала алмайды. Олар да басқа сөз таптарымен синтаксис аясында сан 
алуан, әр қилы грамматикалық қарым-қатынастарға түседі. Мысалы, сан 
есімдердің  субстантивтенуі  (жеті,  қырқы,  жүзі),  пронималдануы  (біреу), 
адвербиалдануы  (ол  екі  сөйлемейді)  секілді  процестер  айтқан  сөзіміздің 
айғағы. Егер бұл айтылғандарға бесбармақ, елу басы, жүз басы, мың басы, 
Үшарал, Екібастұз, Бестау т.б. номинативтік зат есімдер мен топонимикалық 
атаулардың құрамындағы субстантивтенген сан есімдерді, екі жүзді, екі ұшты, 

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
екі ұдай, бір рет, бір келкі, т.б. адьективтер мен үшеу ара, екі талай тәрізді 
адвербиалданған тұлғалардың қатарындағы сан есім формаларын қосатын 
болсақ, бұл байланыстардың ауқымы тіптен ұлғая түсетінін байқаймыз. Бұл 
орайда, дәлел үшін қазіргі қазақ тіліндегі бірлік сандар мен кейбір ондық 
атауларының әуел баста өзге сөз таптарынан ауысып келгенін, сондай-ақ 
шығу тегі тұрғысынан зат есім, сан есім, үстеу болып жататын нумератив 
сөздердің сандық мәнде қалыптасуын еске алсақ та жеткілікті. 
4.  Адвербиализация.    Бұл  -  басқа  сөз  таптарының  үстеулер  тобына 
ауысуын  білдіретін  лингвистикалық    процесс.  Ол  –ауысу  процестерінің  
ішіндегі ең өнімдісі болып табылады. Адвербиализация, сондай-ақ, тілдегі сөз 
таптарының негізінде бірден, бір уақытта жасалмайтындығын және бірінінің 
негізінде бірі туып отыратындығын айғақтайтын процесс болып табылады.  
Себебі, тілдегі үстеу деп аталатын лексика-грамматикалық категория түгелдей 
өзге сөз таптарынан ауысып келген негіздер мен сөз формаларынан құралады. 
Мысалы, әрең, жақсы, жылдам, көп, аз, қатты, ескіше, жаңаша, шикілей деген 
сөздер сын есімдер тобынан адвербиалданса, жаздыгүні, қыстыгүні, кесек-
кесегімен, жөнімен, шалқасынан, жатқа, ілгері, жоғары, төтесінен сықылды 
толып  жатқан  үстеулер  о  баста  септік  жалғауларындағы  зат  есімдердің 
көнеленіп  барып  үстеулер  қатарына  ауысуынан  жасалса,  жорта  жағалай, 
арнай, қайта, ептеп, көріне, сеспей, т.б. тәрізді үстеулер етістіктің көсемше 
формаларынының адвербиалдануынан қалыптасқан. 
Адвербиализация процесі, біздің ойымызша, үстеулердің сөз табы болып 
қалыптасуының  және  оның  жаңа  лексикалық  тұлғалармен  толығуының 
бірден-бір жолы. Десек, үстеулердің сөз табы болып қалыптасуының негізгі 
жолы- адвербиализация процессіне лингвистикада жете мән берілмей келеді. 
Ол ол ма, адвербиализация тіпті , үстеулердің жасалу жолының бір жолы 
ретінде, тіпті, ауызға алынбайды. Осы орайда, жалпы тіл білімінде үстеулердің 
екі  түрлі  тәсілімен:  морфологиялық  (синтетикалық)  және  синтаксистік 
(аналитикалық)  тәсілмен  пайда  болғандығы  айтылады.  Мысалы  бұл  екі 
тәсіл- «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»-атты кітапта : «үстеулердің 
негізгі жасалу жолдары» деп  беріліпті [2, 322-364]. Олардың белгілі бір 
морфологиялық  және  синтаксистік  тұлғаларда  қалыптасуы  бұрынғы  сөз 
табының  аясында  жүреді  де,  бұлар  үстеулер  тобына  ауысқаннан  кейін 
«ешбір грамматикалық өзгерістерге енбейтін, септік, жақтық формаларды 
қабылдамайтын,  яғни  форма  жағынан  өзгеріске  түспейтін  сөздердің 
қатарына өтеді». [6-204].Үстеулерге берілген кез-келген анықтамаларда оның 
негізінен, басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздерден жасалатындығы, 
ешқандай  морфологиялық  өзгерістерге  ұшырамайтындығы  айтылады. 
Солай бола тұра, зерттеушілердің үстеулердің адвербиализация жолымен 
қалыптасқанын көрмей, оны синтетикалық және аналитикалық  тәсілдермен 
жасалады деуі қалай? Үстеу сөздердің құрамында сөз тудырғыш аффикс бар 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
8
екен деп, оны сөзжасамның морфологиялық тәсіліне жатқыза беруге бола 
ма? Біздіңше үстеулердің синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық 
(синтаксистік) жолымен жасалады деу тым ұшқары айтқандық. Үстеулердің 
қалыптасу жолына бұлайша қараушылық, әлбетте, әрбір сөз табының өзіндік 
ерекшелігімен санаспаушылық болып шығады. Асылы, әрбір сөз табының 
қалыптасуы, оның дамуы жайында пікір айтқанда, оның тарихына, сөз табы 
ретіндегі өзіндік өзгешеліктерімен санасқан жөн. Тілдегі грамматикалық 
категориялардың барлығын бірдей қалыптасқан белгілі бір үлгілерге салып 
түсіндіре беру үнемі оң қорытындыға әкеле бермейді.Үстеулерді де, осы 
орайда, морфологиялық, синтактистік тәсілдер арқылы жасалады деу-дәл 
осы таптаурын көзқарастың салдары.  
Басқа сөз таптарынан адвербиалдану процесінің нәтижесінде ауысып 
келген үстеулерді адвербиалдану сипатына қарай екі топқа бөліп көрсетуге 
болады.  Оның  алғашқысына-  түпкілікті  немесе  толық  адвербиалданған 
сөздер жатады. Түпкілікті немесе толық адвербиалданған сөздерге өздерінің 
бұрынғы  сөз  таптарынан  семантикалық  жақтан  да,  функциялық  жақтан 
да мүлдем алшақтап, үстеулер тобына біржола көшкен лексемалар кіреді: 
ерте, енді, әлі, қарсы, әдейі, әзер, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, сәл, әнтек 
т.б. Бұлардың әбден адвербиалданғандығына тағы бір дәлел- бұлар тілдің 
қазіргі қалпында тек қана сөйлемде пысықтауыш қызметінде қолданылады. 
Толық немесе түпкілікті адвербиалданған сөздердің синонимдік сыңары 
болмайды. Бұл жағдайлар толық немесе түпкілікті адвербиалданған сөздердің 
үстеулер құрамына ауысуы- тілдің өте көне кезеңінде болған деп қорытынды 
шығаруға жетелейді. Толық немесе түпкілікті адвербиалданған сөздердің 
қатарына, сондай-ақ, шалқасынан,төтесінен,   кеңінен, жүресінен, алда, артта, 
кейде, қапыда, лезде, босқа, текке, зорға, жатқа, шынымен, кезекпен, ретімен, 
жайымен,  сықылды  септік  жалғауының  адвербиалдануынан  жасалған 
формаларын да жатқызуға болады. Бұл формалар септік жалғауларындағы дәл 
осындай тұлғаларымен омонимдес болып келгенімен, олардан семантикалық, 
функциялық тұрғыдан мүлде басқаша келеді. Мағыналық жақтан бұл сөздер 
үстеулердің түрлі  топтарына енеді де, сөйлем  құрамында тек пысықтауыш 
қызметінде жұмсалады.
Пысықтауыш  қызметінде  жұмсалған    сөздердің  барлығы  бірдей 
үстеулер  тобына  ауыса  бермейді.  Олардың  үстеулер  тобына  ауысуына 
бірден-бір себеп болатын фактор- басқа сөз таптарының пысықтауыштық 
қызметте  ұдайы  әрі  тұрақты  қолданысы.  Пысықтауыштық  функцияда 
ұдайы  әрі  тұрақты  жұмсала  бастаған  басқа  сөз  таптары  әуелгі  кезде 
уақытша  не  жарым-  жартылай  ғана  адвербиалданып,  үстеулер  қатарына 
ауысады.  Мұндай  уақытша,  жарым-жартылай  адвербиалданған  сөздер 
өзінің бастапқы грамматикалық категориясынан қол үзіп кетпейді, сонымен 
семантикалық жақтан да, функциялық тұрғыдан да байланысты болады. 

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
Сөйлем құрамында қолданылу ыңғайына қарай бірде өзінің функциясында, 
бірде үстеу қызметінде жұмсалады да, екі сөз табының арасында «аралық» 
позиция ұстайды. Мысалы, 1.Жақсы бала. Жақсы оқиды.2.Қатты қағаз. Қатты 
күлді.3.Бірге бірді қос. Бірге жүреді. 4. Өзен бойы жағалай тал- жағалай 
отырды.  Мысалға  келтірілген  сөйлемдердегі  асты  сызылған  сөздердің 
тұлғалануы  бірдей  болғанымен  мағыналары  мен  қызметтері  екі  басқа. 
Келтілірген мысалдардың алдыңғы жұптары өздерінің тура мағынасында 
қолданылып, анықтауыштық қызмет атқарып, атрибутивтік, заттық мәнде 
жұмсалып тұрса, соңғы жұптардағы осы тұлғалас сөздер өзінің бастапқы 
мағынасынан алыстап, атрибутивтік, объектілік, адвербиалдық мәнге көшіп, 
қимылдың қалай жасалғанын білдіреді. Мұндай сөздердің қандай мағынада 
жұмсалғандығы контексте білінеді. Бұлар өзара омонимдік қатар құрып бір-
бірімен лексика-грамматикалық байланысқа түседі. 
Түйіп айтқанда, тілдің бүкіл құрылымдық жүйесінде (фонетикада, лексикада 
және  граматикада) үздіксіз болып жататын мұндай ауысуларды лингвистиканың 
жеке саласы ретінде қарастырудың мезгілі әбден жетті деп санаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мигирин В.Н. Очерки по теорий процессов переходности в русском 
языке. - Бельцы, 1971. 
2.  Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі.  Жауапты  редакторы  –  проф.  
Н. Оралбаева. - Алматы, 1989. 
3.  Сравнительно-историческая  грамматика  тюркских  языков.  -  
М, 1986.
4. Виноградов В.В. Русский язык. - М.,1972.
Резюме
В  статье  рассматриваются  переходные  процессы  между 
частями речи.
Resume
The article considers transition processes between parts of speech.
ӘӨЖ 81:39 (574)
ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
А.Қ. Тұрышев
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүр – Жүсіп тек қана түркі тілдері туралы  біліп қоймаған дүние 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет