112
Институт бітірген қызы бар қырықтың ішіндегі Шәрбан жүрегі алай-
түлей: көзден тайса да кәңілден кетпеген ескі күндер барлығын қайта еске
түсіргендей. Шаңырақ иесі Нәбидің өңі сұсты: құшақ жая қарсы алар сыңай
танытпай тұр.
Әрекетті қонақ келер алдындағы үй-ішінің әуре-сарсаңынан бастаған
драматург көрерменді шеше мен қыз арасындағы қызықты диалогтардың
үстінен түсіреді. Бүгінгі заман қалыбы, тіршіліктің көп сырын кітаптан,
кинодан ерте біліп алу қазіргі жастар мінезіне ерекше сипаттар бітірген: бірі
әлеуметтік, азаматтық кәмелеттен гөрі жыныстық балиғатқа ерте жетіп, ес
біліп етек жаппай тұрып дүниеде шалыс басады, ал кейбірі біреулерінің
жастық албырттығынан гөрі кекселік кемелдікті мол сүйіп, күйіп кетуінен
гөрі есептеп өлшеуі, таразылап тандауы басым жатады.
Мезгіл ырғағын сезгіш суреткер кейінгі буын өкіліне тән са- рабдалдықты
дәрігер қыз Нәзипа бейнесі арқылы көрсетпек болған.
Жастары алшақ жандар арасындағы сүйіспеншіліктің иірім сыр-ларын
әлем әдебиетінде Шекспир, Чехов, Хемингуэй сынды жазушылар терең
бейнелеген болатын. Бір қуаныш, бір қайғы, бір романтика, бір трагедия қатар
жүретін күйлерді суреттеу үшін суреткерге нағыз шеберлік қажет.
Нәзипаның әкесімен құрдас, бір кезде шешесіне көңілі кеткен, қилы
заманды бастан кешкен адамға ынтызары аууын өмірде кездеспейтін жайт деу,
бұл адамдыққа кереғар нәрсе деп келте қайыру дұрыс болмас еді. Келбетті,
мүсінді, ойлы азаматты бір көргеннен жүрегі тулап шыға келген қыздың
алды-артына қарамай, тәуекелге бел буғандай сыңайы бар.
Драматург Нәзипа мен Есен линиясын шағын көрініспен тия- нақтағандай
болады: жас сұлу есірік жігіттен егде еркектің ақылын оң санайды екен,
өмірден татқан ащысы мол, түйгені мол жанды қалайды екен. Ал егде тартқан
азаматымыз бұла арудың тентек жүрегіне ие бола алмаймын деп қорыққандай
сыңай білдіреді. Өйтпесе неге қашсын.
Жұмат, Есен, Нәби, Шәрбан омірлерінің ерекше мәнді кезеңіне қатысты
өткен бір оқиға жотасы қайта-қайта, қылтиып көріне береді. Кең жайылған
дастарқан ашық жарқын әзіл-күлкі, сый-сияпат бәрі де оны ұмыттыра
алмайды.
Суреткердің шығармашылығы жайында академик Р. Нұрғали: «Өнердің
бәйгесіне түсем, бауырым жазылып, кеңге сілтеймін деп жүрген шағында
еріксіз тұсалып қалған талантты Зейін көп жылдар қалың тұманда адасып,
шалғай кетіп, шет жайлап барып, өз үйіріне басқа жүрт белден асып
кеткен кезде, өмірі енді еңкейе бастаған шағында қайта қосылды. Оның
шығармашылығынаа тұтас көз тастағанда, талай уақытын откізіп алған, енді
қайтсем қарпып қалам деген жанның асығыс қомағайлығын, содан туған
кейбір атүстілікті, тереңдетер, әшекейлер тұста жалғыз сызық, бір бояудың
жетпей қалар сәттерін көруге болады, –дейді [2, 398].
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
113
«Ақын жүрегі» пьесасында драматург қатар жүріп, бірге ойнап, бірге
өскен достардың басына омір қатері төнгенде, кім қалай басты, қайда тартты
деген сұрауларға жауап іздеп қоймайды, сонымен қатар адамгершілік сыналар
тұстағы мінездердің құбылысын бейнелейді. Опасыздық пен сатқындық, өлім
мен өмір бетпе-бет келген соғыста ғана емес, бейбіт тіршілікте де болып
жататынын көрсетеді.
Сырт қарағанда төрт құбыласы тең жандар кездеседі, басында – үйі,
бауырында – қазаны, алдында – малы, аясында – отбасы. Облыстық
аурухананың бас дәрігері, кезінде министрдің орынбасары болған, ізін басып
өсіп келе жатқан қызы қандай, қырықтың үстінде ажары таймаған әйелін айт,
– Нәби бақыттылығын сипаттауға осылар да жетіп жатыр. Сөйткен адамның
рухани дүниесін бірер сағатқа келген қонақтары астан-кестен етті.
Мезгілсіз шақта жазықсыз итжеккен асып кеткен Есен соңғы түңді
ұмытпайды. Жұмат айтқан сөзіне, оқыған өлеңіне, басқан қадамына дейін көз
алдында сайрап жатыр. Жалақор кім? Бұралып өсіп келе жатқан өрімталды
көктей орған кім, наласына қалған кім?
Ешқайсысы Нәбиді көзге шұқып, басқа салып қалмайды. Жылдар өтер,
буындар ауысар, біреу өрлеп шыңга шығар, біреу зымырап құзга құлар,
сонда талай нәрсе кешірілер, көп қиянат ұмытылар, бірақ тірлік жолына қол
ұстасып бірге шыққан досыңнан көрген қиянат ұмытылмасы да кешірілмесі
де анық. Жанға батқан дертке айналып, жүрекке шемен боп қатып, о дүниеге
озіңмен бірге кетер.
Өткен күнде жасаған қылмыстың зіл батпан салмағы кеудесін езіп,
жанын азаптаған Нәбиді ескі достары – Жұмат, Есен жүйелі сөзбен тұспалдап,
еріксіз жерге қаратады.
Ауру жүрек шыдатпай, Нәби күнәһарлығынан ары күйген ақын Жұмат
құлайды.
Пьесаның екінші бөліміндегі тартыс қолма-қол, асығыс шешім қабылдау
керек шұғыл операцияға байланысты өрбиді. Кейіпкердің мінезі, азаматтық
келбеті осы қадамға қатынасына сәйкес көрінеді.
Бұрынғы зобалаңды еске түсіруге құрылған драмалық әрекетке енді
өлім үстінде, ауру қыспағында жатқан адамға тәуекелге бел буып, басыңды
қатерге тігіп, арашашы болу яғни қиындықтан, жауапкершіліктен қашып,
басқаға сілтей салудың айқасы қосылады. Бұл туралы «Өзі көзбен көріп,
қолмен ұстаған дүниелер, тіршілікте мұрат тұтқан мамаңдық ерекшеліктері
жазушы шығармаларында әр түрлі ыңғайда көрініс береді: етжақын өмір
объектісін тақырып етіп алып, кәсіп қалыбынан туатын психологиялық дара
сипаттарды дәл бейнелеу жиі кездеседі», – дейді академик Р. Нұрғали [1, 399].
Расында да қазақ әдебиетіндегі бұл құбылысты ұзақ жылдар дәрігер болған
Зейін Шашкин шығармашылығынан анық аңғаруға болады. Кәсіп орайына
қатысты туған мінез-құлықты тиянақты суреттелген.
Вестник ПГУ №4, 2010
114
Жүрек операциясына байланысты дәрігерлер – Нәзипа, Есен, Еркін,
Генриэтта түскен әр түрлі сезім күйлерін драматург бөгде адам аңғара бермес,
тек маманның ғана көзі шалар дәлдікпен көрсетеді. Дәрігердің жұмыс
үстіндегі қатқыл мінезі, сөйлеу ерекшеліктері, кәсіби қимыл-қозғалыстары
сенімді бейнеленген.
Операция кезіндегі қылығы арқылы Нәби мінезі жақсы ашылады.
Ол үшін аруақты ақын Жұматтың тірі қалу-қалмауынан гөрі өз басының
амандығы, қызмет орнынан сырғып түсіп кетпеуі маңыздырақ. Хал
үстіндегі адамды Алматыға әкетіңдер деген сөзді жаны ашығандықтан емес,
жауапкершіліктен қашып, не көрсе де басқа көрсін деп айтып отыр. Бұл қара
басының қамынан өзгеге селт етпейтін тоғышар, менменнің кескіні, іс оңға
басайын деген кездегі қалпын көріңіз: «Тыңдап тұрмын. Иә, Нәби! Кім
дейсіз? (Даусын өзгертіп). Ә, саламатсыз ба, жолдас секретарь! Операция
жақсы аяқталды. Оқ алынды. Ерлік дейсіз бе? Әрине, біздің бала да жанын
салды-ау. Хирургтің алтын қолы өлім аузынан қайтарды деген осы».
Әуелде ат-тонын ала қашып, беті ары қарап кетсе, пәлесіне қалмайын
деген кісі, енді абыройға еншілес, жақсы атаққа ие болмақ. Жұмат көз
жұмғанда, Нәби тағы озгеріп сала береді: «Осында құдайдың зарын қылдық:
«Жасама, жасама, операцияны!»,– деп. Құртты-ау мына қыз!.. Обкомға не
деймін, бетім-ау!..».
Драматург кейіпкерлер мінезін психологиялық тебіреністер арқылы
ашпақ болған ниетіне үнемі жете бермейді. Егде тартқан ақын Жұмат пен
салиқалы әйел Шәрбан арасында айтылатын сөздер тым әсіре қызыл,
шамадан тыс жылтыр сөздер. Кірпік қағуы қиындап кеткен сәтте Жұматтың
үздігіп өліп-өшуі адамды мүлде сендіре қоймайды . Сахналық эффект үшін
демесе, Жұмат ойын дауыс арқылы беру пьесаның драмалық материалға
үйлесе қоймаған жоқ.
Қазақ дратургия саласындағы негізгі қағидаларға жауап беретін
психологиялық драма – З. Шашкиннің «Ақын жүрегі» пьесасында достық
парыз, адамгершілік мұрат идеясын психологиялық арнада бейнелеп қана
емес, алдағы өмірге талпынған, үмітке сенім артқан тұлғалардың ірі бейнесін
жасаған.
«Ақын жүрегі» пьесасы бүгінгі қазақ драмасының ізденіс жолындағы
жақсы пьесалардың бірі болып табылады.
әдебиеттер
1. Қазақ әдебиеті энциклопедия. - Алматы, 1999. - 750 б.
2. Нұрғали Р. Драма өнері. - Алматы, 2001.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
115
Резюме
Статья посвящена принципам раскрытия характера
человека в казахской психологической драме (на материале
произведений З. Шашкина).
Resume
The article is devoted to the means and principles of character drawing
in Kazakh psychological drama (on the material of Z. Shashkin).
ӘОЖ 811. 512. 122
ҚАЗАҚ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ДАЛА»
КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қ.С. Мұқышева
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Еуразия даласындағы мал өсірушілердің тіршілік аумағы Ұлы Дала деген
атқа ие болды. Қазір бұл әбден тұрақтанған географиялық, геоклиматтық және
тарихи термин. Тарихтан бұрынғы замандарда, соңғы Мұз дәуіріне дейін
ол бұдан да үлкен аумақты алып жатты және Мамонт Даласы деп аталды.
Мұз дәуірі кезінде бұл жерлер тіршіліксіз мұзды шөл дала болды. Неолит
заманында оны Жылқы Даласы деп атауға болатын. Заратуштра заманында
ол Тұран деген атқа ие болды. Антик (көне) әлемінің авторлары Скифтер,
қытайлар – «әзезілдер елі», ал арабтар Дешт-і-Қыпшақ деді. Орта ғасырларда
және ХІХ ғасырға дейін еуропалықтар оны Ұлы Татария деп атады. Орыс
эмигранттары – еуропаның ресейлік классиктері Н. Трубецкой, П. Савицкий
одан кейін Л. Гумилев Ұлы Даланы материктің өзге аймақтарынан: Еуропа,
Үндістан, Афразия, Қытай, Қиыр Шығыстан ерекшеленетін, географиялық,
экономикалық және тарихи тұрғыдан тұтас өзгеше субконтинент – Еуразия
деп атауды ұсынды. Шынында да, Ұлы Даланың таулы-далалы және шөлді
ландшафтары, сонымен қатар шұғыл-континентальды құрғақ климатының
Еуропа және Азиямен ортақ тұстары көп. Байырғы тұрғындардың да көптеген
ұқсас жақтары, өзгеше мәдениеті, ортақ этносаяси тарихы бар және ұлы
суперэтнос – Еуразияның далалық мал өсірушілері болды.
Еуразияның негізгі ландшафтық уәжі – шексіз кең байтақ дала - шартты
түрде «жазық» деп аталатын кеңістік түсінігінің пайда болуына ықпал жасады.
Бұл түсінік тарихи тұрғыдан бұрынғы кезеңдерге тіркелген және географиядан
кең мағынасы болған. Әр түрлі халықта ол түрлі мазмұнмен толығып отырды.
Орыс халқының тарихында көшпенді халықтар – «қыпшақтар» («половцы»),
яғни «далада тұратын адамдардың» жері мағынасын беретін «Поле» ұғымы
Вестник ПГУ №4, 2010
116
бар. «Поле» ұғымының кеңістікті сипаттамасы анық – бұл «үлкен жазық
орын». Бұл терминнің қазір жаңа баламасы бар, ол – «степь».
Славян мифопоэтикалық түсініктер контексінде «поле», «степь» ұғымдары
адамның сопылыққа қарсы, ішкі тыйымдарынан еркін мінезінің синонимі болып
табылады. Л.Н. Толстойдың «Живой труп» пьесасының кейіпкері Федя Протасов
мінез-құлықтың мұндай түрін сипаттай отырып былай дейді: «Бұл – дала, бұл
оныншы ғасыр, бұл бостандық емес, еркіндік».
«Дала» терминінің шығуының әлі де болса бір мағыналы түсініктемесі
жоқ. Бұл сөз көптеген жалпы еуропалық тілдерде кездеседі, «step» - «жазық,
тегіс болу» деген. Латыш тілінде stiept – «созылып жату» дегенді білдіреді.
Әзербайжандық «tap» - бұл «ашық, тегіс орын», хинди тілінде tap –
«алаң, иен жер». Әр түрлі континентте дала әр қилы аталады: Солтүстік
Америкада - прерия (көгалды, шалғынды аймақ); Оңтүстік Америкада
- пампа немесе пампас, ал тропиктерде – льянос. Оңтүстік америкалық
льяностың Африкадағы және Австралиядағы баламасы саванна болады.
Жаңа Зеландияда даланы туссоки деп атайды.
Ғалымдар бұл терминді біресе «тепу, тепи – бью (соғамын), бить
(соғу), рублю (шабамын), рубить (шабу)» сөзімен байланыстырады – ендеше
«соғылған, шабылған орын», біресе топот (дүбір), топтать (таптау) сөзімен
жақындастырады, бұдан степь-дала – «тапталған орын - вытоптанное место»
деуге болады. Оны латыштың Stiept – «созылып жату» сөзінен шықты деп
те айтады.
Мұның бәрі сөздің этимологиясын анық түсіндірмесе де, көркемдік
жағынан түсінік береді: дала – бұл өте үлкен «кең жайылған», «тапталған»
және «шабылған» жер.
Географиялық әдебиетте дала мен оның түрлеріне берілген ондаған
анықтама бар. Қазіргі географиялық анықтамалар мен энциклопедиялар дала
табиғатына төмендегідей сипаттамалар береді:
Дала – солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай және
субтропиктік зоналарында шөптесін өсімдіктер өскен жазық. Ағашсыз
кеңістікте тығыз немесе жартылай тығыз жабыны бар, шөп басқан, өсімдік
түрлеріне өте бай тип. Қоңыржай географиялық белдеудің континентальды
бөліктеріндегі ландшафт түрі. Дала климатының ерекшелігі кең
температуралы диапазон болып табылады – жазы өте ыстық, қысы суық,
сонымен қатар ылғалдылығы төмен. Даланың табиғат әлемінің көптүрлілігі
ғалымдарға даланы аймақшаларға бөлуге мүмкіндік берді, алайда бұл
аймақшалардың барлығын біріктіретін өзіндік ерекшеліктері: ағаштың
жоқтығы, шөптесін өсімдіктердің басым болуы, ал жануарлар әлемінде
кемірушілердің көптігі. Қазақ тілінде лексикалық баламасы – дала сөзі бар.
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде дала – «шөптесін өсімдікті кеңістік;
жайылым». «Кеңістіктің» семантикалық үлесі қарастырып отырған
лексикалық мағыналарды біріктіреді.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
117
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде мынадай түсініктеме келтірілген.
Дала – 1. Кең–байтақ жазық өңір, құла түз. Сусыз шөл дала. 2. Есік алды,
тыс. 3. Ауылды жер, қыр. Дала қосы – науқан кезіндегі уақытша баспана.
Дала поштасы – әскери бөлімнің далаң жердегі поштасы. Далаға айтты – сөзі
зая кетті. Далаға тастады – а) қараусыз қалдырды, қадірлемеді. ә) шаңына да
ілеспеді, маңайламады. Даланы басына көтерді – қатты сөйлеп даурықты.
«Дала» концептісі қазақтың тілдік санасында сөздік мақалаларының
түсіндірмесінің мағыналарынан әлдеқайда кең. Бетегелі далаларда «қан
майдан ұрыс» болып, халықтың тағдыры шешілді.
Дала тарих сияқты, эпикалық мағынасы бар сөз.
Дала кеңістігінің «шексіздігі» бұрын-соңды даланы көрмеген адамдарға
қатты әсер еткен. Вильгельм Рубрук (XIII ғ.) өзінің Алтын Ордаға
жасаған саяхатын жалпы суреттегенде, саяхат барысында және жергілікті
тұрғындармен қарым-қатынасқа түскенде туындаған қиындықтарға
оқырманның көңілін аудара отырып, шексіз жазықпен қозғалып бара жатқан
көш жайлы толғаныспен еске алады: «Оңтүстік-шығыс бағыттағы заңғар
таулардың арасында аңғар созылып жатты, сонан-соң таулар арасында тағы
бір үлкен теңіз көрінді, осы аңғар арқылы бірінші теңізден екіншісіне дейін
өзен ағып жатты, сол аңғарда қатты желдің тоқтаусыз соғып тұратыны
сонша адамдар бұл жерден жел теңізге ықтырып әкетпесін деген үреймен
өтеді... біз теңіздей кең жазыққа кірдік» [1, 117-б.]. Джон Кэстль 1736 ж.
жаңа Қазақстанның аумағына жасаған саяхатында былай деп жазған:
«...Жер ... жаппай төбешіктер тізбегінен тұрады және теңіз дауылынан кейін
толқындары тыныштанбаған ашық теңіздей көрінеді. Бұл шөл далада өсетін
шөп үшкір блып келеді, екі күн жаяу жүрсең, аяқ киімсіз қалуың мүмкін»
[2, 85-86-б.].
Даланы қабылдау – кең көлемді әрі кең мағыналы. Осындай қасиеттермен
сипатталатын объект ретінде даланы қазіргі кезде концептуалды ұғымдарға
жатқызады. Ол тек географиялық объект емес, сонымен қатар нышан әрі
көркем бейне. Әдеби шығармаларда «дала» ерекше әлем, жұмбақ және
керемет әдемі кеңістік түрінде суреттеледі. Авторлар даланы суреттеу
арқылы өзінің дүниеқабылдауын, табиғатқа деген көзқарасын, туған жерге
деген махаббатын білдірген, өз шығармалары кейіпкерлерінің сезімін, ойын,
арманы мен жай-күйін бейнелеген.
Классикалық прозада шексіз дала бейнесі Н.В. Гогольдің «Тарас Бульба»
повесінде көрсетіледі. Ю.М. Лотманның айтуы бойынша, бұл туындыда
әлемге деген екі көзқарас қарама-қайшы қойылады. Оларды «заттар әлемі»
және «аспан мен дала әлемі» деп белгілеуге болады. Екі көзқарастың өзара
қатынастары «бөлінетін» және «бөлінбейтін» болып белгіленген. Заттар әлемін
жеңіл жолмен мүшелеуге, бүлдіруге, және бұзуға болады. «Бөлінбейтін»
мұнда кеңістіктің белгісі сияқты үздіксіздіктің топологиялық ұғымының
Вестник ПГУ №4, 2010
118
баламасы түрінде көрінеді. Сондықтан кеңістік ұғымына адамдарды үздіксіз,
бөлшектеуге келмейтін тұтастыққа біріктіретін музыка, би, той, қырғын,
серіктестік сияқты «бөлінбейтін» құбылыстар жатады» [3, 434б.].
Саяхатшылардың хаттары мен күнделікті жазбаларындағы шұғыл
континентальды климатта орналасқан дала мен шөлді сипаттаулары
Н.В. Гогольдің суреттеулерінен ерекшеленеді. Олардың айқындығы мен
бейнелілігі кем түспейді, алайда бұл басқа далалар. Еуразияның орталығында
орналасқан далалардың сипаты мүлдем өзгеше. Н.М. Пржевальский Гоби
шөлін тіршіліксіз, адам тұрмайтын әлем ретінде суреттейді: «Апталар бойы
жолаушының көз алдында қайталанатын сол бір бейнелер: біресе қыста
былтырғы қурап қалған шөптің сарғыш түсімен құбылып тұратын ұшы-
қиыры жоқ жазық, біресе жартастардың қаралау, айғыздалған тізбектері,
біресе арасында шыңынан жүйрік бөкеннің бейнесін байқауға болатын жайпақ
төбелер... Ондаған, тіпті жүздеген шақырымдар бойы үнемі жолаушыны
өзінің шыжыған ыстығымен тұншықтыруға немесе құмды дауылымен көміп
тастауға дайын тұрған тақыр сусыған құм. Онда бір тамшы су жоқ, не бір
аң, не бір құсты көрмейсің, тірі жансыз бос қалғандық мұнда адасып келген
адамның жанын түршіктіреді» [3, 21, 22б.].
Польшалық демократ Адольф Янушкевич (1803-1857) көптеген
жылдарға жер аударылып, Қазақстанда өткізген кездерінде жазған хаттары
мен күнделіктерінде қазақ даласын анық суреттейді [4, 82-84б.].
А. Янушкевичтің жер аударудағы серіктесі Бронислав Залесский оның
ойын мақұлдап, қайталайды. Ол қазақ даласы антикалық Тозақтың орны
болуы әбден мүмкін еді деп жазады. «Қазақ даласының өмірі» атты суреттер
альбомының (1865) алғы сөзінде ол шөлді ландшафтардың сұлулығымен
қатар олардың адамды тұнжырататын бірқалыптылығын да атап
өтеді: «...Мен шөл даланың кеңдігіне үйрендім... Осы кең байтақ көкжиек,
осы шексіз кеңістік адамға азаттықтың өткір сезімін ұялатады. Бұны әркім
сезініп көрді, бірақ ол ұзақ уақыт жалғаса берсе, бір түрліліктен жалығасың,
қаңырап тұрған шөлден шаршайсың» [5, 14б.].
Густав Зелинский өзінің «Степи» поэмасында қазақ даласының
бейнелерін төмендегідей жырлаған:
«Видел ли ты степи? Когда весенним утром с юга потянет приятным
ветерком.
А травки, которые таились в земле, брызнут – схватят майское
дыхание,
И увядшее лоно родительницы закроют зеленым убранством
молодости.
Если ты видел это, склони гордое чело пред тем,
что ввело тебя в этот круг чудес...».
Шөл даланың шексіз жазық кеңістігі туралы көркем түсініктер
дәстүрлі қазақ мәдениетінде кездеседі. Даланың шексіз жазығында бүкіл
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
119
өмірін өткізген көшпенді-мал өсіруші даланы музыкалық және поэзиялық
туындыларында жырлайды. Даланың айбынды бейнесі Тәттімбеттің «Сары
жайлау» күйі сияқты музыкалық туындылардан көрінеді. Құрманғазы
шығармашылығының биік шыңы таза үндестілікке толы, қазақ даласының
шексіз жазығының бейнесін суреттейтін «Сары-Арқа» («Кең дала») күйі
болып табылады.
Дала – дүние қабылдау мен тіршілік әрекетінің барлық деңгейіне – табиғи
және мәдени, ұтымды және эмоционалды, саналы түрде меңгерілетін және
санасыз, жеке және қоғамдық деңгейлеріне әсер еткен, түркі менталитетінің
қалыптасуындағы анықтаушы категория. Э. Шакенова атап өткендей, - «әр
халықтың өз ландшафты бар, оны қабылдауда халықтың мәдени дәстүрлері
икемделеді, қазақ халқының табиғатындағы осындай анықтаушы кешен дала
мен тау болды. Шексіз кеңдік пен биіктік көшпенді тайпалардың өміріне
ықпал еткендігі сөзсіз, онда қатаң тұрмыс және ұлылық пен руханилыққа
деген анық байқалатын талпыныстары үйлесіп жатыр» [6, 70-б.].
Дала мен тау бейнелері көрнекті қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың
поэзиясында жетекші кеңістікті бейнелер болып табылады [7, 29-б.].
О. Сүлейменов шығармаларындағы дала ұғымы үнемі көшпенділердің мекен
еткен орнымен байланыстырылады. Ақын даланың жағдайын жылдың ең
ыстық кезінде жазады, соның салдарынан ол құрғақ, аптап, үнемі ыстық,
ормансыз, шөлді жазық, күйіп кеткен және т.с.с. түрде анықталады.
Дала пейзажы сараңдығы және бір түрлілігімен ерекшеленеді. Оның
жамылғысы – сор-тақыр, саз, құм, тас. Өсімдіктерден қарағаш, тал, бетеге,
жусан өседі. Негізгі түстері – сары мен жасыл. О. Сүлейменов поэзиясында
шыдатпайтын ыстығына қарамастан дала өз түстерін сақтап қалады. Пейзаж
бір түсті емес, ол - жасыл шөппен әрі «күрең сары», «күрең жасыл» қырандар
және бүркіттермен ойнайтын күн сәулесінің алтын нұры өткен, жарқыраған
әсем көрініс. О. Сүлейменовтің пікірі бойынша, даланы кеңдік, маңғаздылық,
асықпаушылық және немқұрайдылыққа дейін жеткізетін тыныштық
сипаттайды. Бірақ бұл тыныштық тіршіліктің жоқтығын білдірмейді.
Керісінше, табиғат әлемі өзінің қарқынды және әр түрлі тіршілігін кешуде.
Шексіз жазық далада жүген-құрық тимеген жылқылар табыны мен отар-отар
қойлар мекендейді, түйелер жайылып, кесірткелер шапшаң жорғалайды.
Ұшы-қиыры жоқ даланы ақын қырат-үстірттері жоқ «дөңгелек жазық»
түрінде көреді, өйткені «дала биік тауларды сүймейді». Дегенмен, кішігірім
төбешіктер, қорғандар даланың әсем көрінісін бұзбай, оған үйлесімді кірігіп
тұрады.
Сүлейменовтің шығармашылығын зерттеген А. Жуминова ақынның даласы
тау тізбектері мен су көздерінің ландшафтыларын қамтитын Отан, сүйікті өлке
ретінде ұғынылады деген қорытындыға келеді: «Верни меня в родные степи,
хочу туда, где солью Балхаш умывал, где плыл Каратал». Дала көшпенділердің
Вестник ПГУ №4, 2010
120
туған үйінің бейнесі ғана болмайды: «Я сижу в эпицентре вели кой Голодной
степи», бұл жерде голодная степь – «Бетпақ-Дала» шөлінің тура аудармасы -
оның тұрғындарының жинақтаушы белгісі ғана емес: «Степь гуляла в победе,
забыв обо мне», сонымен қатар аналық бастауын алады: «матерью – степь
мы называем». Эпикалық ұлттық дәстүр бойынша О. Сүлейменовтің далаға
деген көзқарасы ерекше: в ней «захоронена радость», она «тянет к себе, так что
ноги под тяжестью гнутся», на ней «бездонны озера», лежащая «огромным
аэродромом», которая «может пулю ту перехватить, расплавить в себе,
остановить», ее «не забудешь», и кто к ней не вернулся, тот «жизнь утратил».
Ақын үшін дала – бұл оның туған жері мен халқының тарихы [3].
Даланың семантикалық баламасы – шөл. Шөл пейзажының дала
көрінісінен айырмасы шамалы, ерекшелік тек «майда тас» - құмның көптігі
мен бүкіл шөлді әлемді өз бойына тартатын жалғыздықта деуге болады.
Алайда шөл әлемінің жалғыздығы қатып қалғандықты білдірмейді, ол
жанданған және онда көптеген тіршілік иелері бар. Өлеңдерде шөл даланың
көктемдегі гүлдеуінен бастап күнге күйіп, тақыр далаға айналғанына дейінгі
өзгерістері бақыланады. Ақын көбінесе қуаң даланы жылдың ең ыстық
мезгілінде көрсетіп, оның ландшафтысына тән жағдайға қарайды. Барлық
тіршілікті қыбыр етпеуге мәжбүрлейтін, шыдатпайтын ыстықтың сипаты
«мелшиіп қалу, қатып қалу» етістіктерімен беріледі. Титығыңа жететін
күндізгі қапырықтан кейін шөл даланың тіршілік иелері біраз тыным алатын
кез - түнде өмір жандана бастайды, түнгі шөл даланы ақын көп суреттеген.
Дала-степь сөзінің семантикалық құрылымы қазақ және орыс тілдерінің
түсіндірмелі сөздіктерінің көмегімен талданады. Орыс тілінің түсіндірмелі
сөздіктерінде степь сөзінің негізгі мағынасы беріледі: «құрғақ климат
белдеуіндегі көлемді, ормансыз, тегіс, шөптесін өсімдіктер өсетін кеңістік».
Қазақ тілінде лексикалық баламасы болатын дала сөзі бар. Қазақ тілінің
түсіндірмелі сөздігінде дала – «шөптесін өсімдікті кеңістік; жайылым».
«Кеңістіктің» семантикалық өрісі қарастырылып жатқан лексикалық
мағыналарды біріктіреді.
Сонымен қатар, зерттеліп отырған мәтіндерде дала сөзі тірек, негізгі,
кеңістікті белгі ретінде пайдаланылады. Осы лексикалық бірлік «орын
(кеңістік)» категориалды-лексикалық семасын сақтай отырып, нақты
кеңістікті концептуалды қабылдауды қамтитын эмпирикалық мағыналардың
толық қатарын береді.
әдебиеттер
1. Рубрук В. де. Путешествие в восточные страны Вильгельма де Рубрук
в лето благости 1253 // Путешествия в Восточные страны Плано Карпини и
Гильома де Рубрука. – Алматы: Галым, 1993. - С. 76-173.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
Достарыңызбен бөлісу: |