11
Жазушының «Кездеспей кеткен бір бейне» туындысы нағыз лирикалық
прозаның үлгісі болып табылады.
Ал «Қыран жыры», «Өмір жорығы», «Жапон балладалары» сияқты
шығармалары прозада символды қолданудың ерекше үлгілерін көрсеткен
туындылар десек болады.
Б. Майлиннен басталған лирикалық прозаның әдебиетте өзіндік
арнасымен толығып, жаңашылдана түскенін көптеген қаламгерлеріміздің
шығармаларынан мысалдар келтіре отырып дәлелдеуге болады. Әсіресе
60-жылдардан бастап қазақ прозасы лиризм өрнектеріне бай, идеялық бағыты
айқын шығармалармен толыға түсті. Олардың қатарына С.Мұратбеков,
Қ. Ысқақ, Ж. Молдағалиев, Т. Жармағамбетов, Ә. Кекілбаев, Ж. Түменбаев,
Т. Нұрмағамбетов, О. Бөкей, Д. Исабеков т.б. көптеген жазушыларды жатқызуға
болады. Аталған қаламгерлердің шығармаларындағы лиризм мәселесін сөз
еткенде, Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесімен туыстығын көрмеу
мүмкін емес. Бұл шын әдеби процестегі дәстүр сабақтастығының бір ғана
айғағы болса керек. Олардың баяндау тәсілінде, образ табиғатында, тіпті
тартыс шырғалаңында «Шұғаның белгісіндегі» кейіпкерлердің көркемдік
сапа өлшемі, ішкі иірімдеріндегі үндестік, сарындастықтарды көруге болады.
Сөз жоқ, ол ұқсастықтың негізгі төркіні ұлттық болмыста жатыр. Дәстүрдің
алтын арқауымен матасып жатыр. Әрине, қаламгерлер дәстүрді жалғастырып
қана қоймай, оны әрқайсысы өзіндік тұрғыдан дамыта, толықтыра, жетілдіре
түскенін де байқау қиын емес. Әр жазушының шығармашылық жаңалығы ол
бейнелеген көркемдік шындықтың өзгешелігінен, сол арқылы әдебиетке «таныс-
бейтаныс» характерлер әкелуінен, қысқасы, адам жанының диалектикасын өз
көзқарасы тұрғысынан ашуынан көрінсе керек..
Олардың ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер
енгізуге, байыта түсуге алып келді және ежелгі озық әдеби үрдістерді шебер
пайдалана білуге жетеледі.
Қаламгерлердің қай-қайсысы да бұл ерекшеліктерді өзіндік табиғатын,
стилін сақтай отырып, дамыта түскен. Мұның өзі олардың шеберліктерін
көрсетіп, стилін айқындай түседі. Осы орайда Ф. Оразаевтың: «Әрине нашар
жағынан көрінетін ерекшелік емес, шеберлік жағынан ерекшелену. Стиль
тек шеберліктің шыңына жеткен жазушыда болады, шебер жазушылардың
ғана шығармалары авторын айтқызбай танытады. Демек, стиль мен шеберлік
ағайын... Жазушы стилін әңгіме еткенде осы шеберлік проблемасын назардан
тыс қалдыруға болмайды», - деген пікірі ойымызды дәлелдей түседі [3, 151].
Жазушы бойына дарып, дамыған әдеби дәстүр әдебиетке жаңа заман
рухын таныған жаңалық үлгісін әкелсе ғана жаңашыл стиль болып табылады.
Бұл жазушыларды да дәстүрді дамыта отырып, жаңа заманның, яғни өз
заманының рухына үн қосарлық өзіндік стильдерімен ерекшеленген талантты
қаламгерлер деп атауға болады.
Вестник ПГУ №4, 2010
12
Өміршең шығармалары арқылы ұлттық әдебиетіміздің зор мақтанышына
айналған Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сияқты өзіндік стилімен,
шеберлігімен дараланған жазушыларымыздан үйреніп, ізін жалғастырып
қана қоймай, өзіндік тұрғыдан дамыта да білген Ә. Кекілбаев, С. Мұратбеков,
Ә. Әлімжанов, О. Бөкей, Қ. Ысқақ, Д. Исабеков, Т. Ахметжан, Н. Ораз сияқты
қаламгерлер туындыларынан лирикалық прозаға тән ерекшеліктерді әр
қырынан көруге болады. Олардың әрқайсысы осы жолда тынбай еңбектеніп,
ең алдымен туындысының идеясы мен көркемдік сапасын өз биігіне шығарды.
Сондықтан да олардың әрбір шығармасынан жазушының ой-өрісі, тіл
шеберлігі, өзіндік стилі танылады. Бұл жөнінде А.Рамазанова: «Көркемдік
әлем – бұл тек табиғатқа таза еліктеу ғана емес, сонымен бірге жалпы
жалғанның заңдылығы туралы қорытылған ортақ көркем тұжырым. Өмір
құбылыстарына әр қилы тағдыр арқылы баға беру, түрлі оқиғалар арқылы
ой қорытуға жетелеу, оны көркемдік сүзгіден өткізіп, белгілі бір көзқарас
қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да, көркемдік әлем – жазушы
танымындағы, қоғамдық санадағы өмір суреті» [4, 23], - дейді.
Көркем әдебиеттің міндеті тек өмір шындығын тізбектеп айтып беріп
қана қоймайды, адамның жанын да зерттейді деуге болады. Ол адамның
ішкі жан дүниесіне бойлап, болмысын танытып, жанындағы дерттің сырын,
себебін ұғуға ұмтылса, көркем шығарма осылардың себебін анықтап, оны
емдеудің жолдарын қарастырады. Жазушылар алдарына қойған осындай
мақсатқа жетуде адамның жан дүниесін, сезім сырын, көңіл-күйін оқырманға
жеткізу үшін авторлық баяндау, суреттеу, әңгімелеу, пікір айту сияқты
тәсілдерді алмастырып қолданады.
Зерттеуші Б.А. Ахундов: «XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басындағы шұғыл әлеуметтік қадамдар шындықтың тек эпикалық кең
картинасын ғана емес, өзгермелі дәуірдің эмоционалдық атмосферасын
бере алатын лирикалық баяндауларды да қажетсінеді. Лирикалық романда
идеялық салмақ «эпикалық» емес, лирикалық бөлімге; кейіпкер істері мен
әрекеттерін сипаттауға емес, оның толғаныс, әсерлену, сыр ашу сәттеріне
түседі»,- деп жазады [5, 278б].
Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын табу үшін ол
шығармада көңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік сипаттары басым
болуы қажет. Себебі лиризм «оқушының интеллектуалды-эмоционалдық
сергектігіне сенімнен» қуат алады. Сондықтан да ғалымдар лирикалық
прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің өз өмірбаяны мен уақыттың
күрделі тарихи, қоғамдық, рухани құбылыстарын терең байланыстырып,
өмір шындығын қызғылықты беруі деп ұғады.
Көркемдік дегеніміз толып жатқан элементтер мен олардың
компоненттерінің, яғни сюжет пен композицияның, тіл мен стильдің қарым-
қатынасы бірлігінен құралады. Демек, автордың баяндау мәнерінен жасалады.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
13
Баяндаудың сәтті шығуында автордың дүниетаным мен жеке шығармашылық
бағыты, композиция мен сюжет, кеңістік пен уақыт ұғымдары арасындағы
байланысты түсіне білу қабілеті, көркем деталь-штрихтарды қолдану машығы
үлкен рөл атқарады.
Лиризмнің жемісті бағдар айшықтарын орнымен пайдалана білген
қазақ қаламгерлері шығармаларынан лиризм психологизмнің, психологизм
лиризмнің ажырамас бөлігі ретінде қызмет атқаратынын аңғаруға болады.
Десек те, психологизмнен гөрі лиризм өз болмысымен көрінеді.
Кейіпкер характері адамның ішкі жан дүниесімен, көңіл-күй, сезімімен,
іс-әрекеті мен сөйлеген сөзімен, ой-арманымен астасып жатады. Сол
арқылы характер эволюциясы бірте-бірте айқындалып, кейіпкердің қандай
мінездің иесі екені танылады. Кейіпкердің іс-әрекеті оның ішкі жан-дүние
толқынысымен тығыз байланысты болғанда кейіпкер бейнесі шынайы жанды
сипатқа ие болады.
Бұл салада қалам тербеген қаламгерлер «айтайын дегенін сырлы суретке
айналдыра» алды. Яғни лирикалық сарындағы шығармалар қатары кеңейді.
Қазақ әдебиеті тарихында лирикалық шығармалар өзіндік қалыптасу кезеңін
басынан кешірді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсіреповтің
әңгіме, повестері мен романдарынан бастау алған лирикалық шығармалар
дәстүрлі түрде С. Мұратбеков, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Ысқақ, О. Бөкей,
Д. Исабеков т.б. қаламгерлердің әңгіме, повестерінен жалғасын тауып
жатты. Осы жылдары қазақ прозасындағы лирикалық сарын психологизм
сияқты бейнелеу тәсілімен үндесіп жатты. Яғни, лирикалық-психологиялық
бағыттағы шығармалар қатары кеңейді.
Қаламгерлер кейіпкерінің жан сұлулығын, арман-тілегін, сағыныш-
аңсарын, ыстық махаббатын өмір шындығымен ұштастыра отырып
шығарманың көркемдік сипаттарын арттырды. 60-80-жылдардағы қазақ
прозасындағы елеулі қол жеткізген табыстардың бірі жазушының лирикалық
проза тәсілдерін жан-жақты зерттегені болып табылады. Прозадағы лиризм
характер ашудың, кейіпкер бейнесін даралаудың, шығарманың эстетикалық
қуатын арттырудың бірден-бір негізі. Лирикалық шығармада кейіпкер сезімі
мен суреткер сезімі астасып келіп отырады.
Көбінесе лирикалық шығармалар бір ғана емес, бірнеше мәселелердің
шиеленісуін көрсетіп отырады. Отан тақырыбы әлем тағдыры үшін
жауапкершілікпен біртұтас болса, соғыс тақырыбы рухани құндылықтар,
халық тақырыбымен, шығармашылық туралы ой-толғаныс адамдар тағдыры
туралы толғаныстармен ұштасып жатады. Лирикалық прозаның ерекшелігі
осының бәрін шынайы түрде, жазушының жүрегінен шығарып нәзік
лиризммен жеткізе білуінде. Ал лиризм көркем шығармаға нәзіктік, сұлулық,
шынайылық дарытады. Мұны О. Берггольцтің: «Біздің тұрмысымыздағы
жалпы шындық менің жүрегім арқылы өтеді» [6, 112],-деген сөзі дәлелдей
Вестник ПГУ №4, 2010
14
түссе керек. Яғни мұнда жеке адамның көңіл-күйі мен сезімі қоғамға тән
рухани құндылықтардан ажырамайды.
Бұл қаламгерлер шығармашылығы қазақ әдебиетінде қарапайым ауыл
адамдарының психологиясын, сана-сезімін, тұрмыс-тіршілігін шынайы
түрде суреттеп берген Б. Майлинмен үндесіп келеді. Олардың шығармаларын
оқи отырып, олардың арасындағы ұқсастықтарды, үндестікті, дәстүр
жалғастығын байқаймыз. Лирикалық прозаның бастауы болып табылатын
«Шұғаның белгісіндегі» нәзік лиризмнің, шынайылықтың үлгілері бұл
туындылардың қайсысында болмасын өзіндік тұрғыдан көрініс табады. Әр
жазушы өзіндік қолтаңбасымен, лирикалық сыршылдығымен, шындықты
жеткізудегі амал-тәсілдерімен өзгешеленіп, ерекшеленіп тұрады.
Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі дегеніміз белгілі бір көркемдік
құбылыста ескінің кей элементтерінің қайталануын көрсету емес, сол
жаңашылдықтың шығармашылық тұрғыдан меңгерілуі екені ұмытпау қажет.
Мұның өзі әдебиеттің бір орнында тұрмай, қозғалыс үстінде екендігін,
дамуын көрсетеді. Жазушылардың шығармаларындағы ұқсастық, ортақ
сипат бір-бірін қайталау емес, дәстүр сабақтастығы, барды үлгі тұта отырып,
оны байыта, түрленте, дамыта түсу деп білуіміз керек.
Көркемдік дәстүр әдебиетті байытып, өркендетеді, шығармашылық
әсер-ықпалды ілгерілетеді. Жалғастыққа жол ашып, қаламгердің типтік образ
жасап, оны даралауды өзгеше сипатпен өрістетуіне мүмкіндік береді. Әрбір
жазушыға дүниежүзілік әдебиеттен бұрын ұлттық сөз өнері қымбат. Ұлттық
көркемдік ой, даму дәстүрі оның шығармашылығын кемелдендіреді. Қазақ
әдебиетіндегі психологизм, лиризм, эпикалық суреттеу тәсілі, әдіс, стиль,
бағыт әдебиет дамуына бағдар болып, жаңа сатыға көтерген суреткерлердің
шығармашылық даралығы бүгінгі әдебиетте шеберлікпен игерілген.
әдебиеттер
1. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. - Алматы: «Арыс», 2009. - 214.
2. Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасындағы қалыптасуы.
- Алматы, 1965.
3. Оразаев Ф. Жазушы стилін зерттеудің кейбір мәселелері // Жұлдыз,
1970. №8. – 56-61 бб.
4. Рамазанова А. Қазіргі қазақ повестеріндегі адам және табиғат
мәселелері (70-80): Дисс. филол. ғыл. канд. – Алматы, 1993. – 129 б.
5. Ахундов Б.А. Литературные направления и стили. - Москва: «Мысль»,
1976. – 346 с.
6. Берггольц О. Избранные произведения в двух томах, т.2. Ленинград:
«Художественная литература», 1967.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
15
Резюме
В статье рассматриваются становление и развитие традиции
лирической прозы в казахской литературе. В связи с этим были
проведены литературные анализы и подведены выводы.
Resume
In this article the formation and evolution of the lyric prose tradition
in Kazakh literature is being considered. In this connection literary analysis
and conclusions were made.
ӘОЖ 882.151.212.2-4
ШӘКӘРІМНІҢ ОҚИҒАЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ
А.С. Ақтанова
Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей қ.
Әдебиет зерттеулерінде драматизмді асқақтық, биіктік,адам жанының
тазалығын, адалдығы нәтижесінде қақтығысқа толы тартысты оқиғаларға
ұрынуы кезіндегі әрекеті негізінде қарастырады. Сондай-ақ, драматизм
әлеуметтік - мәдени қайшылықтарды көркемдік негізде біріктіру құралы да
болады. Көркем драматизм әр дәуірдің қоғамдық-тарихи ерекшелігіне сай
жалпы және жеке хаарктерлерге ие болып әр түрлі тартыстарды шешуде кейде
трагедиялық сипат алса, кейде комедиялық түрде көрініп отырады. Жалпы
драматизм термині полисемантикалық аспектіде көрініп: эстетика категориясы,
поэтикалық элемент категориясы, жанрлық категорияларда көрінеді. Лирика
жанрының сезімге құрылатындықтан лирикалық драматизмнің осы аталған
үш белгісі де лирика бойынан табылатынына әкеледі. Сондай-ақ, лирикалық
тұлғаның, яғни лирикалық «меннің» әлеммен, дүниемен байланысуы белгілі
дәрежеде өзіндік көзқарас қалыптастыратынын айтпай кетуге болмайды.
Белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада қалыптасып, өсетін суреткер тұлғасы үшін
сол қоғамдық-әлеуметтік ортадағы әр түрлі тартыстар, қайшылықтар өз ізін
қалдырады. Міне, осы қоғамдық ортаның әр түрлі тартысы жағдайларды ақын
шығармашылығының өзіндік драматизмін жасайды. Қазақ әдебиетінде сондай
қайшылықты қоғамда өмір сүріп өзінің әдеби бет бейнесін, лирикалық болмыс-
бітімін қалыптастырған ақын - Шәкәрім. Ақын шығармаларындағы көркем
драматизм оның ішкі жан дүниесінің қоғамдағы әр түрлі қайшылықтарға
деген жауабы ретінде көрінеді. Шәкәрімнің әдебиетте қалыптасқан лирикалық
тұлғасы туралы айтқанда оның ең алдымен биік адамгершілікке негізделетінін
айтамыз. Шәкәрім шығармаларындағы негізгі тартыс та адамгершілік пен
оған қарама-қайшы ұғымдар арасында өрбиді. Ақынның өзіндік әлемімен
Вестник ПГУ №4, 2010
16
оны қоршаған дүниенің, оның-рухани өмірінің тарихпен, заманымен
байланыс тудырады. Шәкәрім эпикалық жанр шебері ретінде «Еңлік-Кебек»,
«Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-Айсұлу», «Ләйлә-Мәжнүн», «Мұтылғанның
өмірі» сияқты күрделі тартыстарға құрылған поэмалар дүниеге келтірді.
Ал, лирикалық шығармаларының ішіндегі сюжетке құрылған, белгілі бір
композициялық жүйемен жазылғандары да көптеп кездеседі. Ақынның «Бай
мен қонақ» деп аталатын өлеңі алғаш рет 1912 жалы «Жәрдем» баспасынан
шыққан, «Қазақ айнасы» деп аталатын кітабында жарияланған. Өлең оқиғасы
байдың үйіне келген қонақтың амандасуымен басталады. Алайда, ақын өлеңінің
үшінші шумағындағы:
Іздегені болмайды жалғыз тамақ,
Басқа да жұмысы бар байқастамақ.
Келген кезде – бай менен қонақ тату,
Қайтарында болады қырын қабақ -,
деген жолдар арқылы оқиғаның немене аяқталғанынан хабар беріп,
өзіндік қорытындысын білдіреді. Десек те, бұл әлі де ақынның қорытынды,
соңғы пікірі емес. Өлең оқигасы диалог арқылы өрбиді. Бұл шағын диалог
арқылы қазақ халқының ұлттық тұрмыс-салты мен дәстүріне сай алынған
сөздер тарихилық сипатта көрінеді. Лирикалық өлеңдегі тартыс қонақ пен
байдың арасындағы тартыс келген қонақтың алдымен ақша, соңынан аттың
майын сұрауынан басталады. Бұл ситуациялық оқиға қолында жоқ адам мен
баршылықта отырған адам психологиясын да көрсетеді. Өлеңдегі қелген
қонақ пен байдың алғашқы амандық - саулық сұрасып, мал-жан жағдайынан
хабарласу сәттері шынайы түрде өрілген.
«Семіз бе сіздің елдің малы?»- дейді,
«Тым аса семірген жоқ әлі дейді»-дейді.
«Жолығып, жолда аралап байқап едік,
Жылқыңыз семіз екен, бәлі»- дейді -, деген келесі шумақтардағы
диалогта қонақ пен үй иесінің іштей арбасқан психологиялық тартысы
нәзік те, шынайы берілген. Себебі қонақтың нендей шаруамен келгенін іштей
болжап отырған бай малының жайынан аса сыр ашқысы келмейді. Бірақ
қонақ жай отырмай жолда байдың малын, көріп, хабардар екенін білдіру
арқылы алда болатын әңгіменің шетін шығарады. Шәкәрім шеберлігі - қазақ
халқының тұрмыс – тіршілігін терең білетін психолог, әрі сол мәселені барлық
шынайылығымен көрсете алуымен ерекше.
Ал, өлеңдегі композициялық желіге келсек, оқиғаның шиеленісуі:
Аз жұмысым бар еді сізде,-дейді,
Бір азырақ ақша бер бізге,- дейді.
... – Ол жоқ болса, бір аттың берші майын,
Дұспаныма мақтанып , жаз жайлайын.
Екеуінің біреуін бермесеңіз,
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
17
Қасарысқан бір жолың, мен не айтайын?
- деген шумақтардағы өзіндік тартысқа құрылған диалогтан басталады.
Осы аз ғана диалогтың өзінен қонақ пен байдың арасындағы ширыққан әңгіме
басын аңғарамыз.
Өлең оқиғасындағы шарықтау шегі қонағына байдың:
- Семіз атым жоқ еді биыл,- дейді,
Ақша да жоқ қолымда тиын , дейді.
Аямаймын орайы келмей отыр,
Қатты батып отырсың, қиын.- дейді-, деп берген жауабы десек, оқиғаның
аяқталуы:
Бермеген соң қонақ өкпеледі,
Елемеді мені деп кектенеді.
Не ақша, не ат майын бермеді деп,
Әлгі байды талай жан жек көреді.-деген баяндауы арқылы берілген.
Бұл баяндау арқылы ақын- жай ғана айтып қоя салмайы. Ол қонақтың
не себепті өкпелегенін білдіреді. Сондағы байдың қонаққа мал сойып,
күткені бос әурешілік екені, енді бұл қонақтың байды жүрген жерде сараң
деп айыптап жүретінін көрсетеді. Өлеңнің соңы Шәкәрім лирикасына сай
адамгершілік мәселесін биіктетіп, өзінше баға бере отырып, былай деп
қорытындылайды:
Байда жазық немене, малын сойды,
Қымыз ішті, шай менен етке тойды.
Қонағыңыз тым арсыз болды білем,
Бай бермесе өз малын бермей қойды.
Зиян тартпай қалмайды осыдан бай,
Болмаған соң қонақтың көңілі жай.
Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,
Қазақ қашан ел болар құдайым-ай!
Ақын келген қонақтың әрекеті арқылы ел үстінен күн көруді тірлікке
айналдырған адамдардың арсыз мінезін сынай отырып жасаған қорытындысы
арқылы елді адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік бір амалын тапқандай.
Себебі, халық өз ішінен көріп жүрген осындай адамдардан жиіркеніп, оның
әрекетін қайталамауға тырсады.
Шәкәрімнің «Піскен мен шикі» деген өлеңі де, «Қазақ айнасы»
жинағында алғаш рет жарық көрген. Бұл өлеңде көрнеу тұрған шиеленіс,
тартыс жоқ. Бірақ мұндағы негізгі драматизм өмірге икемсіз бай баласының
іс-әрекеті арқылы көрінеді. Оқиға басы:
Бай мен жарлы баласы аңға шықты,
Жалаң қағып жарап тұр аты мықты.
Жортып жүрген түлкіні көрді-дағы,
Вестник ПГУ №4, 2010
18
Қуып барып еріксіз інге тықты-, деген өлең жолдарынан басталса,
алғашқы драмалық тартыстың басы бай баласының: «шылбырынан арқандап
атты отқа қой, Тойып алсын болғанша біз жұмыстап» деген шаруақор сияқты
көрінген сөздерінен басталады. Драмалық тартыстың осыдан басталатыны
жарлы баласының аттарды «байы айтқан соң амалсыз арқандауымен» көрінеді.
Жарлы баласының шаруа жайын білетінін де ақын осы сөздер арқылы
білдіреді. Себебі, аттарды отқа қойғаннан кейін, басында ақын баяндауында
айтылған «жалаңдаған жарау аттар» қашып кетіп, екеуі жаяу қалады да ,
өз ауылдарын іздеуге шығады. Тартыс үнемі осылыйша екі бала әрекеті
арқылы өрбіп, дамып отырады. Ақын піскен мен шикі әрекеттері арқылы
өлең оқиғасындағы шиеленісу мен шарықтау шегін де көрсетіп өтеді.
Бұл өлеңнің қорытынды екі шумағы да, Шәкәрім шығармашылығына
тән баға бере отырып, қорытынды пікірді үшінші жақтан бақылаушы адам
ретінде береді. Автордың әр өлеңнен кейін осылайша қорытындылап шығаруы
белгілі бір дәрежеде өзіндік қолтаңбасын, өзіне тән стилін танытқандай.
Шәкәрім өлеңдеріндегі ең басты идея - адамгершілік мәслесі десек, ақын
өлеңдеріндегі драмалық тартыс та осы мәселе төңірегінен өрбиді.
«Ашу мен ынсап» өлеңі сегіз тармақты жиырма алты шумақтан
құралған. Қазақ ұғымында қалыптасқан «белді бекем буу» тіркесі лирикалық
кейіпкердің шын ниетімен, бар ынтасымен ісіне кіріскенін көрсетеді. Белін
бекем буынып іске кіріскен лирикалық кейіпкер өз ісін бұлдамайтынын,
қайта елді түзеті үшін шыққан теріне қуанатынын байқатады. Екінші шумақ
алғашқы шумақ идеясын жалғастырады. Мұнда лирикалық тұлғаның
қамығып, психологиялық ішкі тартысқа түскенін көреміз. Оның жан
дүниесіндегі шарасыздық бір сәтте қажығанын, шаршағанын көрсетеді.
Алайда, алдына қойған мақсатынан тартынбауға бел буынған лирикалық
тұлға қайраты мен ойын мұңдасуға шақырады. Лирикалық өлеңнің байланысу
сәтінен ақын қайрат, ой, ашу, еріншек, т.б. дерексіз ұғымдарды жандандырып,
олармен сөйлесе бастайды.
Үміт үзген қорқақ Ой
Дірілдейді қалшылдап
«Мүмкін емес,мұны қой»,-
Деп жалынды жалпылдап
Бір жағымнан Еріншек
Тағы келді салпылдап.
«Болмаймын,-деп,-келіншек»,-
Ашу келді арсылдап.
-деген шумақтағы лирикалық тұлғаның көмекке шақырған ойы
қорқақтық танытса, керісінше қарсы жақтағы Еріншек пен Ашу иектеп,
басым түсіп тұрғандай болады. Шәкәрім өлеңдеріндегі тарихи поэтикалық
сипат күрделі сезім-күйдің, терең ойдың ерекше энергетикалық жағдайда
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
19
болуымен ерекшеленеді. Шумақтағы қалшылдап, жалпылдап, салпылдап,
арсылдап деп көсемше формасында келген эпитеттер дерексіз ой, еріншек,
ашу ұғымдарын нақылдандыра түскен. Сондай-ақ ақын қазақ жағдайын
түзеуге байланысты ойларын ашына, әрі ашық айтады. М.О. Әуезов 1918 ж.
«Абай» жураналының №5 санында жариялаған «Абайдан соңғы ақындар»
деген мақаласында: «Шәкәрім көбінесе өлеңі халыққа ұғымды болуын
көздейді; және өлеңі арқылы халықтың ақылын да тәрбие қылып, жетілдіргісі
келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса
да ішкі мағынасымен еліктеген кісі - Шакәрім. Міне, кемішілкті айтқанда
жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық
бар» - деп Шәкәрім шығармашылығына баға береді.
Өлеңінің келесі шумақтарындағы оқиға желісі ашудың ұрсуы, сабырдың
келіп ақыл айтып, барлық істі ынсапқа сынатумен аяқталады. Лирикалық
тұлға ар, ұят, рахым сияқты адамгершілік қасиеттердің надандарлдың
кеселінен «бетін топырақ жасырып» өлгендігіне налиды. Дегенмен, лирикалық
тұлғаның үміті сабыр айтқан сөзден кейін жанданып:
Жан кіргендей қозғалдым,
Тұла бойым шымырлап.
Жан жағыма көз салдым.
Сөйлейін деп, қыбырлап
- деп тіріле бастайды. Лирикалық оқиғаның соңында драмалық тартыс
шиеленісіне түсіп, елдің жағдайын түзету үшін оқу оқып, білім алу керек
деген қорытындыға келеді.Өлең жолымен берсек:
Ел саңырау, надан ғой,
Естіле ме құр айғай
Емделмеген адам ғой,
Ел бола ма құр ойбай
Құлағы мен көзі аш,
Оқу оқыт, ғылым жай.
Насихатты сөйтіп шаш,
Соны жүрсің біле алмай
- дейді. Лирикалық тұлға ынсап айтқан байламды жүрекке құптатады.
Шәкәрім өлеңдерінде қолданылатын жүрек ұғымы жаратушыға жақын
болу мағынасын береді. Олай болса жүрекке құптату идеясы жаратушы
иеге құптатумен пара-пар. Ақын өлеңінің соңғы шумағында қазақтан
оқыған, білімді адам көп шықса, қазақ басындағы азап кетер еді деген үмітін
де жасырмайды. Белгілі шәкәрімтанушы Б. Әбдіғазиұлының : «Әдетте
лирикалық шығарма ақынның жүрегін кернеген сезім тамшыларынан
туады. Олай болса, ондағы лирикалық қаһарман көп жағдайда ақынның
өзімен теңеседі. Лирикада айтылған ой ақынның ойы ретінде қабылданады.
Ақынның қуанышы да, күйініші де өлеңінің астарында жатпақ»-деген.
Вестник ПГУ №4, 2010
Достарыңызбен бөлісу: |