Психологизм в творчестве Толена Абдикова
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 22.08.14.
A. F. Zeinulina
Psychology in the works of Tolain Abdikov
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 22.08.14.
В данной статье рассматривается мастерство применения
модели психологизма в произведениях Толена Абдыкова. Анализируется
философский аспект познания внутреннего мира героев.
In this article there are is considered the skills of treatment of the
psychologism’s model in works of Tolain Abdikov. There is a philosophical
aspect in cognition of the inner world of heroes.
126
127
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 8 82.151.212.2
А. Ф. Зейнулина*, Ә. Т. Ибраева**
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
СУРЕТКЕРЛІК ТАНЫМ
Аталмыш мақалада Қабдеш Жұмаділов шығармаларының
идеялық – жанрлық сипаты мен көркемдік әдісті қолдану шеберлігі
қарастырылады.
Қазіргі егемендік жағдайымызда еліміз тәуелсіздігін алып,
жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын аттаған уақытта біз болашақ
қадамдарымызды нық, сенімдірек басу үшін, алдымен өткен жолымызды,
тарихи тағдырымызды біліп алуымыз қажет. Ондай танымды қазіргі кезең
проза жанры молынан береді. Көркем сөздің уақыт талабына қарай құбылып
өзгеруі жаңа бейнелердің жасалуы – характер сомдайтын типтендіру
құралдарының түрленуі. Әдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы даму бет
алысын, тарихын зерттеуде көмегі тиетіні сөзсіз.
Қазіргі таңда қазақ әдебиетінде рухани дамуымызға, ұлттық жан
дүниемізге өз шығармаларымен үлкен үлес қосқан қаламгерлердің
шығармашылығын қарастырып, олардың әдебиеттегі орнын, суреткерлік
ерекшелігін ажырату қажеттілігі заңдылық болып табылады. Жалпы, қазақ
әдебиетінің тарихында шығармаларымен оқырмандар ықыласына бөленген,
өзіндік дара тұлғасымен, суреткерлік стилімен есте қалған қаламгерлер аз емес.
Осындай мінезбен танылған адуынды, ұлтжанды қарымды қаламгер
иесі Қабдеш Жұмаділов. Ол - тарихи кезеңдер шындығын, өнер адамдары
мен тарихи тұлғалардың өмір жолын, өнер, мәдениет, салт-сана тақырыбын
және бүгінгі замандастардың тыныс тіршілігін, ішкі дүниесін арқау еткен
шығармалар оқырман назарына көбірек іліктіріп, терең талағаммен жазған
жазушы.
Қабдеш Жұмаділов – тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын
оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине, жазушының «сөз
өнерінің» шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр
түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі.
Қабдеш Жұмаділов - әдебиетке үлкен дайындықпен келген жазушы. Ең
алдымен – ол шебер суреткер. Университетті 1965 жылы тәмамдаған соң,
Қабдеш Жұмаділов екі жыл «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарды.
Газеттен 1967 жылы «Жазушы» баспасының проза бөліміне ауысты. Ол
кезде «Жазушы» баспасының басында белгілі ұлтжанды жазушы Ілияс
Есенберлин отырған еді.
Ілияс Есенберлин Қабдеш Жұмаділовке қамқорлық жасап, оған көп
жәрдем берді. Мәселен, Қабдеш Жұмаділовтің тұңғыш кітабын басып
шығаруға көмектескен, дәл осы кісі. Осылайша, жазушының 1966 жылы ең
тұңғыш кітабы – «Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді [1, 248].
«Жас дәурен» өлеңдер жинағы - жазушының ең тұңғыш және соңғы
поэзиялық шығармалар жинағы болып табылады. Өйткені, Қ. Жұмаділов
поэзия әлемінен проза әлеміне біржола өтіп, енді шағын шығармалар жаза
бастады. 1968 жылы ең алғашқы шағын әңгімелер жинағы «Қаздар қайтып
барады» деген атпен «Жазушы» баспасында жарық көрді. Бұл жинаққа
«Қаздар қайтып барады», «Қайран құрдастар», «Өмір, сен тамашасың»
сияқты әңгімелер енді.
Шағын әңгіме жазып шыныққан жазушы, енді көлемді шығармалар
жазуға кірісті. Ең тұңғыш көлемді шығармасы – «Көкейкесті» романы.
Мәселен, «Көкейкесті» романындағы Қарлығаш бейнесі, «Атамекен»
романындағы Ғалия бейнесі, «Дарабоз» романындағы Назым бейнелері
біртұтас тағдыр жолын суреттейді.
Соңғы жылдар ол бізді «Таңғажайып дүние», «Тағдыр», «Дарабоз»,
«Қыл көпір» сияқты романдарымен рухани әлемімізді байытып, үлкен
шығармашылық жаңалық әкелген жазушы.
1985 жылы жазушы біржола тарихи романдар жазуға көшеді.
Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көштен» кейін жарық көрген екінші тарихи
әлеуметтік сарындағы шығармасы – «Тағдыр» романы. «Тағдырдың» бас
қаһарманы – Демежан Үкірдай. Демежан Шыңжаң қазақтарының азаматтық
теңдігі үшін алысып жүріп, сол жолда басын берген. Маошыл берушілері
оны 1908 жылы Шәуешекте дарға асып өлтірді. Демежан заманы оқиғаларға
аса бай, Ресей мен Қытай империялары арасында шекара сызығы тартылып,
бір қазақтың екіге бөлінуі сол тұсқа тура келді. Демежан образы арқылы
Қытайдағы қазақтардың өміріндегі ірі тарихи оқиғалар бейнеленген.
Тарих тағылымындағы ұлт тағдыры мен Ұлы Дала шежіресі суреттелген
«Соңғы кеш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы – жазушының қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосқан «шедеврлері» болып табылады. Қабдеш
Жұмаділовке 1983 жылы «Соңғы көш» романы үшін М. Әуезов атындағы
әдеби сыйлық берілсе, 1990 жылы «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы
мемлекеттік сыйлық берілді.
“Соңғы көш” – адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын
мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-
келбетінің шежіресі. “Соңғы көш” – ғасырлар бойы аузынан “тәубасы”
мен “қанағаты” түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған,
мына жарық дүниеде барша жұртқа ізгілік пен шынайы қамқорлық және
бауырмалдылықтың жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ
екенін терең түйсінген, “қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін” бет
128
129
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы
бедерленеді.
“Соңғы көш” – қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына
дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият
әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері, несін
жасырайық, қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты
бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген
Ұлы Дала тұрғындарының айнасы. “Соңғы көш” – табиғи тазалығын, кәусар
бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен –
көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы. Қазақ тарихында туған жер,
тас босаға, тал бесік үшін қу далада тәні, құла түзде көрі, құба белде елі
қалғанша жанын пида етіп, басын бәйгеге тіккен, қол бастаған батырлар,
сөз бастаған шешендер әлемі. Тұлпар тұрпатты, сұңқар қанатты, тұғыры
биік, замана желі қай жағынан соқса да иілмеген, сынбаған қазақ жұрты
Қ. Жұмаділов қаламынан “Дарабозды” туғызды.
Қ. Жұмаділов – халық азабы мен кегін, қуанышы мен қайғысын тарихи
тұрғыдан жырлай отырып, оны тұлға ретінде шабыттың шаңқай биігіне
көтерген қаламгер. Ол халық болмысының күллі арналары мен тамырларын
сәтті ұштастыра білді.
Қ. Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай
білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты
бастайтын серкесі, көшбасшысы бар. Қаламгерді толғантқан осы жайттар
еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы Бөгенбайлар тұлғасы
оқырманға танылды. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан,
бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының,
сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы
әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер
бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп
беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді – деген сауал төңірегінде толғаныс
жасауға шақырады.
Жазушының “Сарыжайлау”, “Сәйгүліктер”, “Бір түп тораңғы”,
“Қарауыл”, “Бір қаланың тұрғындары” күні кешегі кеңестік дәуір шындығын
бейнелеген туындыларға жатады. Уақыт біреу. Кеңістік те біреу. Бұлар мезгіл
мен мекен жағынан ғана емес, ішкі мазмұн, пішін жағынан да сарындас
шығармалар. Уақыт та, кеңістік те шексіз. Өмір уақытқа тәуелді. Адам үшін
екі түрлі бесік бар: біріншісі – тал бесік, екіншісі – жер бесік. Екеуінің ортасы
– кеңістік, жүріп өтуге кететін мерзім – уақыт. Қ. Жұмаділов өз хикаяттары
арқылы адам өмірінің уақыт пен кеңістік ауқымындағы мән-маңызына,
мазмұнына үңіледі.
Қ. Жұмаділовтің қаламгерлік қолтаңбасына, өнерпаздық даралығына
оның өмірді жетік білуін, өзі бастан кешкен немесе өзі жетік білетін
жайттарды, құбылыстарды көркем туындысының өзегіне айналдыруын, өмір
құбылыстарын оқырманына ұсына отырып, әр құбылысқа, оның астарына
өзі де, кейіпкері де ойлылықпен үңілуін, әр шығармасының аттарының
өзі символ болып келетінін, тақырып алуандылығын, өмір құбылысын
суреттегенде тың ой, жаңаша да соны пікірлер айтуға тырысатын жазушы
дарынын, ішкі толғаныс пен жүрек тебіренісін, сәулелі сезім мен саналы
парасаттылық ұялаған жазушының өз “менін”, сонымен бірге бүкіл
шығармаларындағы ішкі-сыртқы үйлесімділіктің тек қана қарапайымдылық
пен табиғилық ұғымдарымен тыныс алатынын, әр туындысында ұлттық
болмыстың “мен мұндалап” тұратын қасиеттерін жатқызар едік. Оның әр
хикаятынан өз шығармалары арқылы табиғаттың ұлы жаратылыс заңына,
адам мен адамның, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың арасындағы
үйлесімділікті сақтау қағидаларына уақыт пен кеңістік сияқты ұғымдар
тұрғысынан үңілгенін байқауға болады.
Жазушы өз хикаяттарын бас-аяғы бүтін, біртұтас дүние етіп жазуға,
шығаруға тырысқаны сияқты, адамзат баласы өмір деп атайтын мынау жарық
дүниені, әлемді, ортаны, қоғамды да біртұтас күйінде қабылдауға құштар.
Жазушының табиғи талантын, философиялық көзқарасын бүкіл
хикаяттарындағы, оның ішінде “Сәйгүліктердегі” шеберлігі паш етіп тұр.
Дала сәнін текті мал – жылқысыз елестету санасына сіңбеген Ағыбай
қарияның ауруханада жатқанда өң мен түстің арасында сандырақтап жатып
түс көруі, түсінде қып-қызыл алақанды көруі, төскейде жайылып жатқан
қалың жылқы, кенеттен ай нұрына шағылысып, жарқ еткен ақ балта жүзінің
бітеу, кесек сүйектерге қарш-қарш қадалғанын көруі, сөйтсе, әлгі балтаның
жаңқалап жатқаны жылқының сүйегі сияқты еді, бір уақытта қараса, әлгі
залымдардың шапқылап, балталап жатқаны жылқы емес, бұның жалғыз ұлы
Айдарға айналып кетуі – бәрі-бәрі де бойына жақсылықты да, жамандықты
да сыйғызып тұрған, сол екеуінің шарпысуына мыңдаған, миллиондаған
жыл бойы куә боп келе жатқан уақыт пен кеңістік туралы автордың тосын
шешіміне негізделген.
Жазушының авторлық толғанысы, яғни адам болмысына үңілуі, сол
арқылы барша адамзат баласын ізгілікке, имандылыққа шақыруы, есіңді жи,
адамзат баласы, жан-жағыңа қара деп дабыл қағуынан байқалып тұр. Осынау
философиялық ой-толғаныс оның барлық хикаяттарына арқау болғанын байқау
қиын емес. Бір қарағанда, күнделікті өмірде жиі кездесіп жататын, ұсақ, күйкі
тірлікке жататын қарапайым ғана жайттар қаламгер шеберлігі арқасында аса
өзекті, жалпы адамзат баласына тән ортақ мәселелерге айналған.
Қабдеш Жұмаділов туралы сөз болғанда, оның өзіне тиесілі тарихи
міндетін орындаған ұлт азаматы, нағыз халықтық жазушы екендігіне ешкім
еш күмән келтірмейді. Өйткені Қабдеш Жұмаділовтің жеке басының тағдыры
да, көркемдік әлеміндегі кейіпкерлерінің тағдыры да ұлы атамекендегі
130
131
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
қандастары үшін мүлдем тосын құбылыс еді. Өзіне бүкіл көшпелі қауымның
соңғы бір көшінің рухани қуаты мен азаттықты аңсаған арманы және азабын,
қуанышы мен қайғысының көз жасын аманат етіп тапсырған міндетті Қабдеш
Жұмаділов ар-ожданына кір келтірмей, табандылықпен және шын ер жігітке
тән қайсарлықпен орындап шықты. Ол сол арман-мүдденің жыршысы ғана
емес, соны жүзге асырған нысаналы тұлға дәрежесіне көтерілді.
Ұлттық идея – саяси ұғым емес, үлкен мәні бар тәуелсіз рухани сана
мәдениеті. Ұлттық идеясыз ешқандай халық дербес өмір сүре алмайды. Қазақ
идеясы « Алашорданың » тұсында өте биік тәуелсіз мәдени, ғылыми, рухани
сана сатысына көтерілді. Ол – ұлттық құрылым, тектілік сипат, дәстүр, қызмет
психолгия, сөйлеу мәнері, экономикалық күнкөріс тәсілі, ойлау жүйесі,
рәсімдік салттар, ғылыми атаулар, оның ішінде ұлттың өзіне тікелей қызмет
ететін ғылым мен білім саласы, халық саны, тағы да басқа толып жатқан
рухани сипаттарды қамтиды. Міне, осындай күрделі мәселелерге біз әлі де
жете көңіл бөлмей келеміз. Мұның ұлтқа тигізер кесірін Қабдеш Жұмаділов
«Соңғы көш» дилогиясында көркемдік шешімінің негізгі нысанасы етіп алды.
Қазір де өзінің көсемсөздерінде үзбей қозғап келеді. Қазақ идеясы Қабдеш
Жұмаділдің өмірлік мақсатының алтын діңгегіне айналды.
Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» арқылы қазақтың демократиялық
ұлттық мемлекеті деген ұғымды адамдардың тағдырлары арқылы бейнелеп
берді. Ұлт-азаттық көтерілістің рухы жалындаған бұл шығармадағы
шовинизм мен империялық отарлаушылыққа қарсы күрес, астарын аударып
қарасаңыз, ұлыорыстық шовинизмді де айыптау болып табылатын. Сол бір
идеология қыспағында жарияланған романды дәл қазір оқып отырып, Қабдеш
Жұмаділовтіңтің қалай әдібін жатқыза баяндағанына таңғаласың. Тегінде,
ұлы арманның өзі ілгері жетелеп, жебеп отырған сияқты. Ал «Тағдыр»
романы арқылы екі империяның өз мүддесі үшін жері, тілі, діні, өрісі,
қыстағы біртұтас ұлтты қалай аяусыздықпен екіге бөлгенін көсіле суреттеді.
Жайлауы – жатқа, қыстауы өзіне қалып, баласы басқа мемлекеттің қарауына
кетіп, өзі Отанында қалған тағдырларды қылыштың жүзімен бөлген де сол
империялық қомағай пиғыл. Социализмнің өзін сол басып алушылық және
ұлыорыстық мүддеге бағындырған аяр саясатты барыншы әшкерелеуге де
Қабдеш Жұмаділов батыл барды.
Сырттай қарағанда үлкен шығармаларының алымды да ауыр
тағдырларды суреттеуге арналғанына қарап, Қабдеш Жұмаділовті тек
қасіретті көріністердің жазушысы ретінде бағалайды. Бұл – мүлдем
теріс ұғым. Әзіл мен юморға, неше түрлі қияс-байлық мінезге, махаббат
машақаттарына құрылған әңгімелері кезінде сыншылардың талай
мақаласына арқау болған. Соңғы жылдары сол машығына қайта оралып
жазған әңгімелерінен жазушының жан даусы естіледі. Бұл – көркем ойдың
есейгенінің белгісі. Онда сыни пайымдаудың мысы басым. Оның қазіргі
заманның көкейкесті мәселелеріне арналған, кішкентай адамдардың тағдыры
арқылы үлкен қоғамдық ой қозғаған «Саржайлау», «Сәйгүліктер», «Қарауыл»
атты повестері мен «Көкейкесті», «Атамекен» романдары – Қабдеш
Жұмаділов ізденістерінің жемісін танытатын шығармалар. Бұл туындыларда
қаламгерлік шеберліктің түрлі қырлары барынша еркін көрінеді.
Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясында баяндалған тарихи
оқиғалардың, тарихи тұлғалардың трактовкасы сол кезеңнің оқырманына сәл
тосындау боп көрінуі мүмкін. Себебі, мұнда үйреншікті қалыптар атымен
жоқ, құлдық санадан ада. Сөзіміздің дәлелі ретінде шығармада хандар
бейнесінің сомдалуын атап өтуге болады.
«Дарабоз» дилогиясының бас кейіпкері Қабанбай батыр болса да, мұнда
негізгі қаһарманның бірі – Абылай хан. Бүкіл оқиғалар Абылайдың атымен
тығыз байланысты. Ол заңды да, ХVІІІ ғасырдың ірі тарихи тұлғасы Абылай
хан болғанын дүйім жұрт мойындаған. Сондықтан да, аталмыш дәуірдегі
тарихи оқиғаларды баяндағанда, Абылайдай кесек тұлғаны айналып өту қиын.
Абылайдың «жағымсыз» бейне ретінде суреттелуі С. Сейфуллиннің
«Көкшетау» поэмасынан бастау алатыны түсінікті. Бұл жерде тағы да,
идеологиялық көзқарастар тарихи тұлғалардың бағалануына өз әсерін
тигізгені ақиқат. Сәкеннің бұл поэмасы М. Жұмабаевтің «Батыр Баян»
атты поэмасына қарсы жазылған шығарма деп біледі әдебиетші ғалымдар.
М. Жұмабаев ұлттық танымнан, ұлтшылдықтан айнымаған ақын ретінде
Абылайдың ел бірлігін ойлаушы, қаһарман хан бейнесінде сомдайды. Алайда,
бұның бәрі Абылайдың қазақ халқы үшін маңызы мен қадірін жоққа шығара
алмайды. Белгілі ғалым Р. Бердібайдың: «Абылай хандық құрған дәуірдің ел
ұғымында «Алтын ғасыр» секілденіп көрінуіне дәлел жеткілікті. Кейіннен,
уақытты уақыт қуалап, қазақ елінің басына жаңа озбырлар душар болған
сәттерде де ертедегі Абылай бейнесі қайта жанданып, іріленіп, азаттықтың
туындай, бостандықтың символындай ерлік рухын еске түсіріп отырған»
[2, 5] - деген сөзінде Абылай ханның халық берген бағасы өте дәл берілген.
Дарабоз дилогиясында Абылай ханның бейнесі тарихи шынайы
сомдалғанын көркем мәтінді талдау барысында аңғаруға болады [3, 152].
Абылай оқырманның алдына шығарма басталысымен соңына дейін ел
бірлігін, болашағын, тәуелсіздігін ойлаған хан ретінде көрінеді. Абылайдың
идеялық позициясы, дұрысы жазушы өз шығармасында жеткізбек болған
Абылайдың өмірлік кредосы бірінші кітаптың «Толас» бөлімінде баян
етілетін Хан кеңесіндегі көңіл-күйін суреттеген эпизодтан бірден білуге
болады. «Әбілмәмбет те, Абылай да әзірше көмей көрсетіп, сыр ашпай,
жұрттың сөзін үнсіз тыңдаумен отыр. Әсіресе, өткір көзін ашық есіктен
көрінген көкжиектен айырмай, сазарып қалған Абылайдың жүзінен қазір
қаһарлы ашу байқалады» [4, 13]. Хан кеңесінде қазақтың игі-жақсыларының
басы қосылып, елдің ең маңызды мәселелері талқыланып жатты. Міне, осы
132
133
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
хан кеңесінде кітаптың негізгі қаһармандарының мінезі, идеялық позициясы
ашылады. Жазушы Хан кеңесін көркемдік тұрғыдан алғанда өте сәтті
қолданған. Оқырманның алдына сол кезеңдегі сансыз тарихи тұлғалардың
бейнесін, характерін тізбектелген құрғақ сөзбен, шұбалаңқы баяндау мүлдем
жоқ. Олардың барлығын Хан кеңесіне жинап, алдарына үлкен мәселе қойып,
соны талқылау үстінде әр қайсының портреті берілгенде, мәселені талқылау
үстіндегі тартыста мінезі ашылады. Осы жерде шығарма бейнелерінің өте
күрделі мінезі, идеялық позициясымен бірге, сол кезеңдегі тарихи жағдай
мен қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы, өзге көрші елдермен қатынасы
жан-жақты сөз болып суреттеледі. Мұндай тарихи фактілер құрғақ цифрлар
мен тарихи құжаттардан алынған үзінді цитаттар арқылы берілмейді. Көркем
образдар арқылы, шығарманың сюжетіне қиыстырылады.
Қ. Жұмаділов өз туындысында хандар бейнесі арқылы сол заманда
қазақ мемлекетінде орын алған қоғамдық тенденциялардан хабар берді. Жеке
хандар образы тек характер даралығымен ерекшеленбей, олардың әр қайсысы
белгілі бір идеялық позициялардың өкілдері болды деп айтуға болады.
Қ. Жұмаділов өзінің жазушылық парасатын кең жайып, қазақ
қаламының қуатын дәлелдей түсті. Бұл арқылы жанрлық дәрежеде қанат
жайып, прозасын біртұтастырып жіберді. Аз жазып, асыл мәдени шығарма
тудыру екінің қолынан келмейді. Осы тұрғыдан алғанда біз зерттеу көзіне
айналдырып отырған шығарма жазушының барлық көрген-білгенін жазуы
мен жариялауы болып табылады. Демек, мұнда ақыл мен кемеңгерліктің,
шеберліктің жинақталған нұсқасы бар.
Қалың оқиға, шиеленіскен үлкен тартыс, тағдыр жайы – эпикалық
көлемді романға тән сипат. Роман ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар
сол оқиғаның негізінде туып, өрбіп отырса, әрбір үлкен қалың оқиғаға
байланысты кейіпкердің іс - әрекет, характері де қалыптасып, толыса түседі.
Тарихи роман авторы әрбір кейіпкердің сипатына, мінез – құлқына,
психологиясына тән типтік оқиғаларды оңтайлы талдап ала білуі шарт,
яғни сол өзің ойлап (жатқан) тапқан шытырман оқиғаның миллионнан бірін
екшеп алудың өзі өзінше ауыр жұмыс екенін ескерсек, Қабдеш Жұмаділов
кейіпкерлерінің көтерер жүгі де ауқымды болуы қажет.
Жазушылық өнердің парқын әбден барлаған, өнердің мехнаты мен рахатын
қатар бастан кешірген Қ. Жұмаділовте өнердің жолы әрі ауыр, әрі бақыт екеніне
де ғұмырнамалық жолы арқылы суреттеген. Қазақ жерінің шығыс аймағында
дүниеге келген қаламгерлер прозалық жанрдың әңгіме, повесть, хикаят, роман
аямаған, маңдай терлерін аянбай төккен еңбекқор суреткер.
Эпикалық, поэтикалық шығармаларды прозаға ыңғайлай бастағанда, автор
идеалына лайық әуелгі түрін жоғалтып алғандықтан, эстетикалық әсер солғын
тартады. Қанша шебер қолдан өтсе де, қанша проза жетістіктерімен құлпыртса
да Қ. Жұмаділов романдарындағы өмірлік шындықтардың әсері мол.
Ойшыл қаламгер Қабдеш Жұмаділов қоғамдық құбылыстарға дер
кезінде үн қосып отырған жазушы. Жазушы деген халық жалпы адамзатқа
тән мәңгілік тақырыптарды қозғаумен қатар, өз ұлтының мұн-шерін,
арман-мүддесін айтпай тұра алмайды. Кейде тіпті саясатқа араласады.
Қабдеш Жұмаділов те өз ұлтының алдындағы борышын орындауды өмірлік
мақсат етті. Ол шындықты жазуда еш қаймықпай, Қазақ Елінің болашағын
бағдарлауда суреткерлік таным мен шыңы биік шындық шеберлігімен
танылған, таныла беретін ғасыр жазушысы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қабдеш Жұмаділов публицистикасындағы ұлт мәселесі //
«Инновациялық технологияны тиімді қолдану негізінде педагог кадрларын
даярлау сапасын жетілдіру» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференция. – Шымкент, 2007. – 248-254 бб.
2 Абылай хан. Құраст. С. Дәуіт. Жауапты ред. Р. Бердібай. – Алматы :
Жазушы, 1993 – 416 б.
3 Тарақов, Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай
хан бейнесінің көркемдік тағлымы). – Алматы : Қазақ Университеті, 2004.
- 341 б.
4 Жұмаділов, Қ. Дарабоз: Тарихи роман. - Бірінші кітап. – Алматы :
Шабыт, 1994. - 416 б.
*С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті;
**Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ.
Материал 13.08.14 редакцияға түсті.
А. Ф. Зейнулина*, А. Т. Ибраева**
Художественное познание в творчестве Кабдеша Жумадилова
**Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова;
**Павлодарский государственный
педагогический институт, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 13.08.14.
A. F. Zeinulina*, A. T. Ibrayeva**
Artistic cognition in the works of Kabdesh Zhumadilov
*Pavlodar State University named after. S.Toraigyrov.
**Pavlodar State Pedagogical Institute, Pavlodar.
Material received on 13.08.14.
|