142
143
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
– “an attach for a hay tray to cattle”; Russian kolpachok – pet form to a cap – “a
type of a headdress” and a Belor. Poless. kovpachok – “a cap for uterus isolation
on honeycombs”, etc. These and similar examples reflect its correlation in the
different languages with the words of different synonymic row that also defines
the distinction of lexical communications system.
LIST OF REFERENCES
1 Срезневский, И. И. Замечания о материалах для географии русского
языка // Вестник имп. Русского географического общества. – СПб., 1851.
– Ч.1. – Кн.1. – С. 3-4.
2 Щерба, Л. В. Опыт общей теории лексикографии // Изв.ОЛЯ АН
СССР. - 1979. - №3. - С. 89-117.
3 Синячкин, В. П. Историко-культурный слой тюркизмов в русском
обыденном сознании // Славянские и тюркские языки: грани взаимодействия:
Сб-к мат-лов круглого стола. – Астана, 2008. – С. 132.
4 Амалбекова, М. Б. Казахские образы в русскоязычной публицистике
писателей-билингвов // Славянские и тюркские языки: грани взаимодействия:
Сб. науч. тр. по мат-лам круглого стола. – Астана, 2008. – С. 34.
5 Ильин, И. А. Наши задачи. Историческая судьба и будущее России.
Статьи 1948-1954 гг.: в 2-х т. – М., 1992. – Т1. – С. 280.
6 Кенжалин, Ж. «Адольф Янушкевич как посредник и связующее звено
между казахской и европейской культурой», Қазақ газеттері, от 15.10.2013
7 Миртов, А. В. Донской словарь: Материалы к изучению лексики
донских казаков.- Ростов-на-Дону, 1929.
8 Псковский областной словарь с историческими данными.- Вып.1-4.
- Л. : Изд-во Ленингр. ун-та, 1967-1979.
9 Словарь современного русского народного говора (д.Деулино
Рязанского района Рязанской области) / Под ред. И. А. Оссовецкого.- М. :
Наука, 1969.
10 Никончук, Н. В. Из лексики полесского села Листвин // Лексика
Полесья. Материалы для полесского диалектного словаря. - М. : Наука, 1968.
11 Тучков, С. А. Военный словарь: В 2 ч.- М., 1818.
12 Булыко, А. Н. Даунiя запазычаннi беларускай мовы. - Мiнск : Навука
i тэхнiка, 1972. - 384 с.
13 Супрун, А. Е., Журавский, А. I. Пробнi статтi “Iсторико-
етимологiчного словника бiлоруських тюркiзмiв. Пiдготував А.Е.Супрун за
участю А. I. Журавского // А. Ю. Кримський-украiнiст i opiенталiст. - Киiв :
Наук. думка, 1974.
14 Миронова, Г. М. Названия одежды в древнерусском языке: Дис. ...
канд. филол. наук. - Киев, 1978.
15 Макарушка, О. Словарь украiнских виразiв, перейнятих з мов
тюркских // Зап. наукового тов-ва iм.Шевченко. - Т.5. - № 2. - Львiв, 1895.
16 Гринченко, Б. Д. - Словарь украiнськоi мови: В 4 т. / Под ред.
Б. Д. Гринченко. - Киев, 1907-1909.
17 Анненков, Н. Ботанический словарь. – СПб., 1878. - 646 с.
18 Петрухин, В. Я., Раевский, Д. С. Очерки истории народов России
в древности и раннем средневековье. – М., 2004.
Kazakh Humanities and Law University, Astana.
Material received on 13.08.14.
А. Б. Ибраева
Қазақ және поляк халықтарының тілдік мәдени тұрғысынан
әрекеттестігіндегі түркі тілдерінің ролі
Қазақ гуманитарлық заң университеті, Астана қ.
Материал 13.08.14 редакцияға түсті.
А. Б. Ибраева
Роль тюркизмов во взаимодействии лингвокультур казахского и
польского народов
Казахский гуманитарно-юридический университет, г. Астана.
Материал поступил в редакцию 13.08.14.
Бұл мақалада қазақ және польша халқының өзара қарым-
қатынасы тілдік мәдени тұрғысынан қарастырылады. Әлемнің
тілдік суреті деген түсінікке анықтама беріледі. Славян тілдеріне
кіретін түркі тілдеріне талдау жасалады.
В данной статье рассматривается взаимодействие казахского
и польского народов в лингвокультурологическом аспекте. Дается
определение понятия «языковая картина мира». Проведен анализ
тюркизмов, вошедших в славянские языки.
144
145
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 811.512.122
Ж. Т. Қадыров, Ж. С. Таласпаева
ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕГІ «ӨМІР» КОНЦЕПТІСІНІҢ
ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ
Мақалада «Өмір» концептісінің танымдық табиғаты ақындар
поэзиясындағы қолданысы арқылы қарастырылып, ұлттық
болмыспен ерекшелендіретін нақты тілдік деректермен анықталады.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттің, философияның
негізінде материалдық және рухани мәдениет аясында ұлттық ойлау жүйесі
дами түседі. Образды ойлау арқылы қалыптасатын кеңістік, уақыт, заман
туралы қағидалар негізінде, бір жағынан, болмыс шындығы дәйектелсе,
екінші жағынан, жеке тұлғалардың бағыт-бағдарлары, жеке танымдары
сұрыпталады. Бұны сипаттау үшін сол халықтың философиялық ой-
толғамын, тарихын, психологиясын жетік білу қажет болады, содан кейін
ғана осы аталғандардың тілде қалайша берілгендігін қарастыру туындайды.
А. Әмірбекова концептілердің санада танылу деңгейіне қарай, ақиқат
дүниенің болмысы мен өзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық, ұлттық-
мәдени, эмоционалдық, контраст және калейдоскоптық концептілер деп
шартты түрде жіктеуге болатынын анықтайды [1,10 б.].
Ақиқат дүниедегі абстракцияның жоғары дәрежелі құндылықтарын
танытатын метафизикалық концептілерге - жан, өмір, өлім, тағдыр,
жалғыздық, махаббат деген сияқты ұғым-түсініктер жатады. Бұл ұғымдар
концептінің ұлттық мәдени танымдық категорияларына жатады. Танымдық
білімнің нышандары ақын-жырау, он саусағынан өнер тамған шебер, ел
тағдыры таразы басына тартылған қанмайдан жорықтарда қол бастаған
батыр Қожаберген дастандарында, әйгілі әнші-ақын, күйші, композитор,
әрі ел қорғаны-батыр Сегіз сері өнерпаздың туындыларында, ақын-әншілер,
талантты сазгерлер Үкілі Ыбырай мен Ақан серінің шығармаларында,
«сауырынан су төгілмес боз жоға», жыр жүйрігі Шал ақын толғауларында
және алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев поэзиясында айқын
көрініс табады. Ақындар поэзиясындағы «өмір» концептісі тура аталмай
балама атаумен алмасып беріледі. Мәселен, «өмірдің» бір компоненті,
макрофреймдік қатары «дүние» басқа да тіркестермен жиі беріліп отырады.
«Өмір» макроконцептісіне қатысты тілдік-логикалық модельдер өздерінің
өміршеңдігімен этнос дүниетанымына ортақ модельге айналғандығын
байқауға болады. Олар: қызық, қымбат, өкініш, өткініші, алдамшы, қысқа,
уақытша, жалған, махаббат, опасыз, күрес, т.б. «Өмір» макроконцептісінің
мән-мағынасын лингвофилософиялық тұрғыдан кең түрде ашып беруде
«Дүние» концептісінің орны ерекше. Концептілік мәнге ие «дүние»
лексемасы ақын-жыраулардың тілінде образдық сипатқа ие болып, таным
дүниесінде мықтап орныққандығын көруге болады [2,15 б.].
Ақын-жыраулар поэзиясында «дүние» концептісі әр алуан
лингвофилософиялық мазмұнға ие. Мысалы, Үкілі Ыбырайдың «Бабыңды,
дүние сенің, ешкім таппас» өлеңінде ақын:
Ит дүние қысырақтағы айғырдайсың,
Бетіңмен еш адамды бай қылмайсың...
Сұм дүние соғып кеткен жел секілді
Келеді жылжи көшкен сең секілді
Дүние-ай жарға салған лақтайсың,
Қайнаған, сарқыраған бұлақтайсың, - дей келе дүниенің тұщысынан
гөрі ащысын көп көрген сұм дүниенің опасыздығына налиды. Қожаберген
жырау да «Дүние – аз күндік»дей келе:
Дүние деген сағым, бұлт,
Перзентсіз жанда қуат жоқ.
Бәрінен қиын сол екен,
Артында қалған шырақ жоқ - деп, өмірдің мәні – атыңды өшірмейтін
«шырақ», «із» қалдыру деп түйіндейді. Қожабергеннің өмірдің өткінші екен
деген ойы Шал ақынның поэзиясында да өз жалғасын табады:
Дүние деген шолақ депті,
Жан кеудеге қонақ депті
немесе:
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең, – десе,
Ақан серіде:
Дүниенің мысалы,
Бұтаққа қонған сауысқан, – деп дүниені қонған құс бейнесінде, бір
мезеттік қысқалығын көрсетеді.
Сегіз сері поэзиясында дүниені бірде мақсатына жеткізбейтін жалмауыз
кемпір, бірде қусаң жеткізбейтін қашқан киік ретінде суреттесе, енді бірде
аңшыны алдап кетер алтайы арлан қызыл түлкі күйінде келтіреді. Мағжан
поэзиясында дүние, яғни өмір – қозғалыс, жалғастық ретінде көрінеді.
Мысалы:
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер.
немесе
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
146
147
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Сонымен «дүние» сөзі «өмір» макроконцептісінің мазмұнын
толықтырушы элемент, уақыт пен кеңістік аралығын қамтитын, адам
өмірінде маңызды орын алатын күрделі метафизикалық құбылыс, ақын-
жыраулар тіліндегі өмір дегеннің баламасы, өзіндік концептілік жүйе
құрайтын когнитивтік бірлік болып табылады.
«Өмір мен өлім» ұғымы жалпы адам атаулыға ортақ болғанымен, әр
ұлттың өкілі өздерінің таным-түйсігі мен қабілет-қарымына қарай түрліше
түсінеді. Нысанға алып отырған ақындар поэзиясында «өмір» концептісі
басты-басты логикалық және тілдік модельдерден тұрады. Логикалық моделі:
өмір – қысқа, мәңгілік емес, алдамшы, уақытша, опасыз, жалған, оның тілдік
моделі Үкілі Ыбырайда:
Дүние деген шолақ депті
Жан кеудеге қонақ депті.
Қожаберген жырау дүниенің қысқалығын тағдырына жазылып қойған
заңдылық деп түсінеді:
Білім – мәңгілік,
Дүние – аз күндік.
Алладан бұйрықты ажал келіп жеткен,
Жазмыштың өлшеулі күні дәмі біткен.
Логикалық моделі: Өмір – қымбат; қызық, махаббат, оның тілдік моделі
Үкілі Ыбырай өлеңінде:
Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл
Жауқазын желбіреген жастық шағым,
Өмірдің мағынасын түсіне біл.
Логикалық моделі: Өмір – жол, өзен, оның тілдік моделі Қожаберген
жырауда:
Дүние бір соқпақ жол бұраңдаған.
Бақ тайса ерге дәулет құралмаған,
-десе, Мағжан:
Дүниенің теңізінде адасқанға
Тура жол көрсететін бас.
- деп білсе,
Өмір - өзен, сылқ-сылқ күлер сылдырар,
Қайда ағады, оның жөнін кім сұрар? – деп жырлайды. Екі ақын
да дүниенің алай-дүлей тұрақсыздығын бұралаңдаған соқпақ жол мен
арнасының қайда барып бұрылатыны белгісіз сылдырап аққан өзенге
балайды.
«Өмірдің» құрамдас компоненттерінің бірі – «дәурен» микроконцептісі.
«Дәурен» адам баласының өмірдегі тіршілік әрекетінің жақсылығы мен
жамандығы, шарықтауы мен құлдырауы, бақытқа кенелген не күйзелген
әрекеттерінің бірі ретінде адам жадында үнемі жаңғырып отыратын өмір
кезеңі. «Дәурен» сөзі қазақ тілінің түсіндірмен сөздігінде: 1. Өмір, заман. 2.
Қызықты, бақытты шақ. Дәурен кешті; Өмір сүрді, тіршілік етті; Дәурен өтті.
Дүниенің қызығы кетті. Дәурен сүрді. Қызық көрді; Жас (жастық) дәурен.
Жас кез, қызықты шақ деген мағыналар тізбегінен тұрады [3,89 б.].
«Дәурен» концептісі адам өмірінің бір бөлшегі ретінде танылып, «Өмір»
макроконцептісіне соны бір мағыналық реңк үстейді. Дәурен дәуірмен
тікелей байланысты. Бұлардың байланысы тілдегі «дәурінде дәуірлеу»,
«дәуірінде дәурендету», «дәуірлеген кезеңі» деген сөз тіркестерінен
айқын аңғарылады. Сонымен қатар «дәурен» концептісі адам өмірімен,
оның жасымен тікелей байланысты. Мәселен: балалық дәурен, жастық
дәурен, жігіттік дәурен, бозбалалық дәурен, т.б. «Дәурен» концептісінің
күрделілігі екінші рет қайталанбайтындығымен, қайталанған жағдайда
да сол бастапқыдай болмайтындығымен ерекшеленеді. «Дәурен» поэзия
жолдарында әр түрлі аспектіде көрініс тапқан:
Дария ағып жатқан суда мін жоқ,
Хайуан, өлдім дерге малда тіл жоқ,
Құрбылар, тіршілікте ойна да күл.
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.
Шал ақынның да Үкілі Ыбырайдың да поэзиясында «дәурен - өткінші»
деген ой жалғасын табады:
Бұрынғы өткен дәурен қайтып келмес
Зарығып күндіз-түні сағынсақ та.
Шынында өткен дәурен түс секілді,
Жастық шақ бір жарамды іс секілді – деген жыр жолдарымен Қожаберген
жырауда дәуренді өмірдің түс секілді ғайып болып жоқ болатынын, уақытша
және алдамшы болатынын айтады.
Тағдыр – халықтың концептуалды дүниетаным әлемін қалыптастыратын
сананың маңызды категорияларының бірі. Тағдырға философиялық
сөздікте мынадай анықтама беріледі: «Тағдыр – адам ғұмырындағы барлық
жағдайларды алдын ала пешенесіне жазып қоятын табиғаттан тыс күш
туралы діни мистикалық түсінікті білдіретін ұғым» [4, 409 б.]. Қазақ тілінің
он томдық түсіндірме сөздігінде және қазақ тілінің сөздігінде «тағдыр»
сөзінің синонимдік қатарлары: құдірет, бұйрық, жазмыш, жазу, пешене,
маңдай, бақ, салым сияқты сөздердің мағыналарының барлығы бір-біріне
жуық екені көрсетілген. «Тағдыр» концептісі қандай да болмасын халықтың
мәдени мәні бар концептілерінің бірі, әрі қазақ дүниетанымында басты орын
алады. Ол өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі. Ислам
бойынша, тағдыр Алланың жазмышы, яғни алдын-ала белгілеп қоюы, оған
мұсылман адам күнделікті санада ешбір қарсылықсыз, шыдамдылықпен
көнеді. Адамның шыдамдылық, сабыр еткені, қанағат тұтып шүкіршілік
148
149
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
еткені үшін Құдірет сый көрсетеді деген сенімге байланысты. Бәлкім осындай
түсінік негізінде құдайға сенуші жалғаннан – өмірден түңілмей, оның сәтті де,
бақытты кезеңдерін күтіп, «тағдырдың» келеңсіздіктерін шыдамдылықпен,
мойымай басынан өткізеді. Қазақтың ұлттық танымында «тағдырға»
қанағаттанудан гөрі қанағаттанбаушылығы басым екендігі байқалады. Яғни
«тағдыр» өмірдің тұщысынан гөрі, ащысынан қолданыс табады. «Тағдыр»
мен «өлім» концептілері арасында белгілі бір байланыс бар екені сөзсіз.
Адам өлімнің алдында да тағдырдың алдындағыдай өзінің дәрменсіз екенін
мойындап, өлімді тағдырдың құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды. Тағдыр көп
ретте өмірдің адам баласының мойнына артқан жүгі ретінде танылады. Сол
жүкті әркім әрқалай қабылдайды. Біреулер мойындағы жүкті көтере алмай
жатса, өз өкініші мен өкпесін «өмірден, тағдырдан» көреді. Мәселен, «бұл
тағдырға не қылдым?!» «Тағдырға мынау не шара» - деген секілді күйініші
мен назын қатар айтады. «Дариға, жауыз тағдыр қатты алдады», «Алдамшы
өмір ылғи ғана у береді», «Тағдырдан табандатып тиді шоқпар. Жалындым,
жанталастым, жалбарындым», – деген жолдардан Мағжанның тағдырға
деген өкпе-ренішінің зор екендігін, өмірден көрген теперішінің мол екендігін
аңғаруға болады. Ақын-жыраулар поэзиясындағы «тағдыр» концептісінің
қолданыс аясы күрделі танымдық бірліктердің санатына жатады [5,72 б.].
Ешкім кетіп қойымнан ауысқаны,
Ажал жетіп тағдырдың тауысқаны, – деген Шал ақынның жыр
жолдарында «тағдырдың таусылуы» тіршіліктің тоқтауын білдіреді. Адам
баласының бұ дүниедегі ғұмыры «тағдырдың таусылуымен» байланысты
деген ұғымға саяды. Демек, «тағдыр» концептісінің философиялық аспектісі
тілдегі адам басындағы ауыртпалық, маңдайға жазылған тірлік, пешенеге
берілген бұйрық, жазмыш, тылсым күштің әмірі т.б. секілді когнитивтік
фреймдермен беріледі [5,73 б.].
Кім еркімен кетеді,
Айырылып жеке табынан,
Тағдырда жазса болмайды,
Істің бір қара ағынан
«Заман» адам санасында өзінің ықпалына көндіруші қоғамдық құбылыс
болып бейнеленеді. Тілдегі «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген
ой өмірдегі қоғамдық формацияға мен заман келбетінің өзгергенін бір ауыз
сөзбен түйіндеп жеткізіп отыр.
Неше мың жыл нұрынан бәрін жаратып,
Келтірдің өзің заман ақырына - дей келе Шал ақын заман өзгереді және
оны өзгертетін адам екенін айтады. Яғни, әрбір адам өз өмірін өзі жасайды
дегенге келеді. Және де бұл Қожаберген бабамыздың ойымен үндес:
Барымен базарлаған тауып ап жүр,
Заманнан үміт күткен тамағы іспей.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы «заман» концептісіне лингвокогнитивтік
талдау жасау арқылы этнос болмысына қатысты көптеген танымдық
ақпараттармен танысуға болады [2, 19 б.].
«Заман түлкі болғанда, тазы болмай»,
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!
Қилы заман тіркесінің астары үлкен заманауи құбылысты білдіреді.
Ақындар поэзиясындағы қилы заман ұғымы кілең арыстарымыздың басына
түскен тауқыметтің, зобалаң заманның ащы зарын ұлттың танымына жақын
бейнелер арқылы суреттеген.
«Тіршілік» концептісі – «өмір» макроконцептісінің баламалы атауы,
яғни, өмір бар жерде тіршілік бар немесе тіршілік бар жерде өмір бар.
«Тіршілік» «өмір» макроконцептісінің баламасы ретінде тілде жиі
қолданылады. Тілдік қолданыстағы «тіршілік ету», «тірлік қылу», «тіршілікті
дөңгелетіп алып кету», «тіршілік үшін жанталас», т.б. деген секілді сөз
тіркестері тура немесе ауыспалы мағынада «өмір сүру», «өмір үшін күресу»
деген күрделі мағыналық тұтастықты білдіреді. «Тіршілік» концептісінің
логикалық моделі «тіршілік ету», «өмір үшін тартысу», «күн көру» деген
күрделі логикалық ассоциациялардан тұрады. «Тіршілік» концептісі өмірдің
баламасы ретінде жұмсалғандықтан, бұл аралық Өмір-Тіршілік-Уақыт
атты логика-ассоциациялық үш тағаннан құралады [2, 20 б.]. Жекелеген
ақындардың поэзиялық тіліндегі концептілерді қарастыру арқылы сол
халықтың ұлттық болмыс-тіршілігіне терең бойлауға мүмкіндік алуға
болатыны анық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Әмірбекова, А. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі (М. Мақатаев поэзиясы бойынша). Кандид. диссерт.
авторефераты. – Алматы : 2006. – 26 б.
2 Жиренов, С. ХV-ХІХ ғғ. жыраулар поэзиясындағы «өмір-өлім»
концептісінің танымдық табиғаты. Кандид. диссерт. авторефераты.
– Алматы : 2007. – 26 б.
3 Жанұзақов, Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы : Дайк-
Пресс, 2008. – 968 б.
4 Нұрғалиев, Р. Философиялық сөздік. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы,
1996. – 525 б.
5 Ақын-жыраулар поэзиясындағы «Тағдыр» концептісінің тілдік-
танымдық сипаты// ҚР ҰҒА-ның Хабаршысы. Филология сериясы. – 2007.
- № 5.
150
151
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті, Петропавл қ.
Материал 25.08.14 редакцияға түсті.
Ж. Т. Кадыров, Ж. С. Таласпаева
Природа познания концепта «Жизнь» в поэтическом тексте
Северо-Казахстанский государственный
университет имени М. Козыбаева, г. Петропавловск.
Материал поступил в редакцию 25.08.14.
Zh. Т. Kadirov, Zh. S. Talaspayeva
The nature of cognition of the concept of «Life» in the poetic text
North Kazakhstan State University
named after M. Kozybayev, Petropavlovsk.
Material received on 25.08.14.
В данной статье рассматривается концепт «Жизнь» в
использовании в казахской поэзии и выявяется его национальное бытие
на основе конкретных языковых материалов.
In the given article the concept of «Life» used in the Kazakh poetry
is studied, and its national character based on the specific linguistic
materials is showed.
ӘОЖ 372.416.2:310.3[807]
К. И. Қуразова, К. М. Әбішева
ТҮР-ТҮСТІ БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРДІҢ
СИМВОЛИКАЛЫҚ МӘНІ
Мақалада құрылымында мәдениеттің түстік коды берілетін
сөздер қарастырылады. Олар символикалық қызметті орындайды?
Образды түрде халықтың менталитетін көрсетеді.
Түр-түсті білдіретін символдар жүйесі қандай да болмасын ұлттың
дәстүрлі дүниетанымның негізгі танымдық кодтарының бірі болып табылады.
А. И. Беловтың пікірінше, түр-түсті білдіретін сөздердің мәдени деңгейде
белгіленген эмоционалдық хал-ахуал, жағдайлармен байланысы бар,
сондықтан оларды дүниетанымдық концептілер деп сипаттауға болады [1].
Көптеген халықтың дүниетанымында, символдық жүйесінде «ақ» тазалық
пен пәктіктің, жаңа, тыныштық және жоғары сапалық символы екені мәлім.
«Қара», «қоңыр» түр-түсті білдіретін лексемалар да концептіге жатады.
Олар құндылықтық концептосфераның компоненттері. Құндылықты
концептілердің мәдениеттік мәні бар, олар құндылықтық принциптерінде
негізделген, сол концептілер де ментальдық ұғымдарды білдіреді және
бейнелік компонеттерге де ие [2].
«Қара», «қоңыр» леқсемаларын біз құндылықты концептілер ретінде
қарап отырмыз. Олардың концептілік табиғатын дәлелдеу үшін келесі
дәйектерді келтіреміз: біріншіден, «қоңыр», «қара» концептілер тек түр-
түсті білдірмейді. Олар халықтың құндылықтық тұспалдарын білдіреді. Ол
құндылықтық түспал жағымды немесе жағымсыз екенін көрсетеді. «Қара»,
«қоңыр» концептілері ауыспалы, бейнелі мағынада халықтың жағымды
немесе жағымсыз түспалдауын білдірумен қоса, халықтың субъективтік
қатынасын де сипаттайды: екіншіден, құндылықтық концептілер сан-қилы
ассоциацияларды еске түсіріп, мәдени мән-мағынаны бейнелейді. «Қара»,
«коңыр» сөздері құндылықты концептінің негізгі мәндерінің ұйыткысы.
Олар жеке тұлғаның немесе этностың, ұжымның санасында сақталды, еебебі
концепт – идеалдық ұғым. Ол жарық дүниеге санадан тілдік тұлғалар арқылы
көрінеді. Ол үшін сана-сезімнің түкпірінде жатқан концептілерді дыбыстау
аркылы, ассоциативтік кеңістікке шығарып экспликациялауға болады.
«Қара», «қоңыр» концептілердің ассоциацияларын, жағымсыз,
жағымды тұспалдарын көрсету үшін контрастивті лингвокогнитивтік-
пропозиционалдық анализды қолданайық. Бұл әдістемені когнитивтік-
пропозиционалды түрде B. C. Ли [3] ұсынған, ал К. М. Әбішеваның
[4] еңбектерінде ол өңделіп, оған жаңа талдау сатылары қосылған.
Біз контрастивтік когнитивтік-пропозиционалдық талдау барысында
концептілерді төрт сатыда зерттейміз.
Әлеуметтік-лингвистикалық деңгей: Институционалдық емес.
Жағдаяттың ерекшелігі: стереотиптік. Этникалық норманың тұлғасы:
дәстүрлік. Әлеуметтік ақпаратты жеткізетін механизмдердің түрі:
вербальдық. Әлеуметтік рөл.
Когнитивтік деңгей: Нақты әлемді когнитивтік түрде қабылдау
негізінде қалыптасқан когнитивтік базаның ерекшелігі. Қазақ этносының
сана-сезімінде ерекше когнитивтік база қалыптаскан, себебі шөл далада,
кең сахарада, көшпелі өмір сүру нәтижесінде қазақтың өзгеше өмірге деген
көзқарасы, субъективтік арақатынасы қалыптасқан. Қазақ дүниетанымының
ментальдық репрезентациясы; когнитивтік модель.
Ментальдық мән-мазмұны: «қара» ұғымы, А. Исламның айтуынша, о
дүниені «ақ-қара» қарама-қайшылықтағы оппозиция арқылы сипаттайды.
Осы оппозиция дүниенің тереңінде жатқан архетиптік ұғымнан туындайды
|