268
269
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
иным стереотипам их комбинаций, в связи с чем и происходит выделение
«чужого», хотя его составляющие могут быть «своими» [10, с. 18].
Именно новая комбинация известных элементов, а не собственно
новые элементы, и является, с одной стороны, причиной проблем
межэтнического общения, а с другой – причиной закрепления в сознании
носителей определенной культуры стереотипов восприятия чужой культуры:
иная комбинация знакомых элементов вызывает гипертрофированное
преувеличение тех из них, которые с позиций носителя иной культуры
занимают наиболее отличное от их положения в родной культуре место.
Ученые говорят о принципиальной невозможности обходиться в общении
без стереотипов: «Стереотипы жестко встроены в нашу систему ценностей,
являются ее составной частью и обеспечивают своеобразную защиту наших
позиций в обществе. По этой причине использование стереотипов имеет
место в каждой межкультурной коммуникации. Без употребления этих
предельно общих, культурно специфичных схем оценки как собственной
группы, так и других культурных групп невозможно обойтись» [11, с. 224].
Для межэтнического общения важным является вопрос о случаях, когда
этнические стереотипы препятствуют или способствуют такому общению.
К числу первых можно отнести:
- Стереотипизация лишает общение индивидуальности, потому что
предполагает, что все представители одной этнической группы обладают
одинаковыми чертами.
- В стереотипах могут повторяться и усиливаться ошибочные убеждения,
которые в силу частотности употребления могут приниматься за истинные.
- Стереотипы могут основываться на полуправде и искажениях, давая
тем самым неверные представления о людях.
Вместе с тем стереотипы могут приносить пользу общению. Это
возможно в следующих случаях: Если придерживаться стереотипа
сознательно; Если стереотип точен; Если стереотип является описательным,
а не оценочным; Если стереотип содержит положительную догадку о группе,
но не является прямой информацией о ней [11, с. 224-225].
Для межэтнической коммуникации значение стереотипов неоспоримо:
« Для достижения понимания между различными культурами мы должны
научиться управлять этими стереотипами – уделять максимальное внимание
тем ценностям, которые считаем положительными, и минимизировать или
воспринимать с юмором…то, что считаем отрицательным или приводящим
к конфликту» [12, с. 442].
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1 Кон, И. С. К проблеме национального характера // История и
психология. – М., 1971. – 297 с.
2 Крысько, Г. В. Этнопсихология и межнациональные отношения.
– М., 2002. - 326 с.
3 Стефаненко, Т. Г. Этнопсихология. - М., 1999. – 361 с.
4 Телебаев, Г. Т., Шайкенова, А. Т., Омирсеитова, А. К. и др.
Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты.
– Астана : Елорда, 2002. – 232 с.
5 Павловская, О. Е., Тарасенко, Т. П. «Стиль общения - стиль жизни»
как инновационная модель гуманизации русской логосферы. – Русское слово
в мировой культуре. Материалы Х Конгресса МАПРЯЛ. – Санкт-Петербург,
2003. – С. 58-63.
6 Сулейменова, Э. Д. Толерантность языка и язык толерантности. //
Язык и толерантность: Междунар. конфер. «Ахановские чтения» под эгидой
МАПРЯЛ: материалы докладов и сообщений / Ответ. ред. Э.Д. Сулейменова.
– Алматы : Қазақ Университеті, 2007. – С. 7-13.
7 Ниязова, Г. М. Современное информационное пространство
полиэтничного региона: этнолингвофункциональный подход: автореф. …
д-ра филол. наук: 10.02.19. – Краснодар, 2008. – 44 с.
8 Карнышев, А. Д. Социальная психология и образование. – Улан-Удэ,
1993. – 396 с.
9 Проблемы национального самосознания русских: этнические
стереотипы населения. – М., ИНИОН РАН. - 1998. – 384 с.
10 Прохоров, Ю. Е. Национальные социокультурные стереотипы
речевого общения и их роль в обучении русскому языку иностранцев. – М. :
УРСС, 2003. - 224 с.
11 Грушевицкая, Т. Г., Попков, В. Д., Садохин, А. П. Основы
межкультурной коммуникации. – М. : Юнити. - 2003. - 352 с.
12 Льюис, Р. Д. Деловые культуры в международном бизнесе. – М. :
Дело. – 1999. – 281 с.
Павлодарский государственный
педагогический институт, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 30.07.14.
Г. С. Сүйінова
Этникааралық қарым-қатынастағы деструкциялы көріністер
Павлодар мемлекеттік педагогика институты, Павлодар қ.
Материал 30.07.14 редакцияға түсті.
270
271
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
G. S. Suyunova
Destructive phenomena in interethnic communication
Pavlodar State Pedagogical Institute, Pavlodar.
Material received on 30.07.14.
Мақалада этникааралық қарым-қатынасқа негативті ықпал
ететін құбылыстар қарастырылады.
In this article the author examines the negative effects that prevent
successful interethnic communication.
ӘОЖ 81`38
Б. М. Қадырова, Г. Т. Кәріпжанова, А. О. Кәріпжанова
М. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-
ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КИНЕМАЛАР СИПАТЫ
Мақалада М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы бейвербалды
амалдар қарастырылады.
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдар мәселесі М. Мұқановтың,
Ә. Қайдардың, Қ. Қажығалиеваның, Ж. Өмірәлиеваның, Э. Оразалиеваның
еңбектерінде баяндалады. М. Ешимовтің “Ым семантикасы: универсалды
және ұлттық табиғаты” атты зерттеуі бейвебалды амалдардың ерекшелігін,
ұлттық сипатын жан-жақты танытатын ғылыми еңбек болып табылады [1].
Б. Момынова мен С. Бейсембаева сынды ғалымдардың құрасырылуымен
жарияланған ым мен ишараттың сөздігі бейвербалды амалдарды тануда
маңызы зор зерттеу болады [2].
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдар М. Балақаевтың зерттеу
еңбегіне де нысана болған. Ғалым бейвербалды амалдарды сөйлеудің
қосымша амал-әрекеті ретінде көрсетіп, мынадай анықтама берген: “...Сөйлеу
әр уақытта сөйлеу жағдайында өтеді: дауыс ырғағы, екпін, қимыл, ым,
нұсқау, қол көтеру, көз қысу, бас изеу, күле, ызалана... сөйлеу, бәрі – ойды
дәл жеткізе айтудың қағазға түсе бермейтін қосымша амал-әрекеттері” [3,86].
Біз ғылыми мақаламызда бейвербалды амалдарды зерттеген ғалымдар
еңбектерін негізге ала отырып, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында
ұлттық кинемалардың мол қолданғандығын талдауды мақсат еттік.
«Абай жолы» романы тілін қарастыру барысында жазушының
бейвербалды амалдарды шеберлікпен ұтымды кең көрініс тапқандығына көз
жеткіземіз. Жазушының көркем тілі белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне
әсерлі, бейнелі етіп жеткізеді. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-
тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сондай амалдардың бірі – көркем бейне
жасаудағы бейвербалды амалдардың қызметі. М. Әуезовтің шығармалары
осындай бейвербалды амалдарға бай. Жазушы бейвербалды амалдарды
пайдалана отырып, өзінің стильдік шеберлігін шыңдайды. «Абай жолы»
роман-эпопеясында кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесі, психологиясы
бейвербалды амалдар арқылы ашыла түседі. Кейіпкерлердің жан дүниесін,
характерін, ішкі күйзелісін бейвербалды амалдармен, яғни, ым-ишаралармен
аша білуінен автордың шеберлік мектебінің ауқымдылығын байқауға болады.
Ұлы жазушы қаһармандарының ашу-ызасын оның қимыл-әркеті арқылы
білдіре отырып, ашудың қатты немесе қайтымы тез екендігін де аңғартуға
болатындай бейімдеген. Мысалы кейіпкердің қатты ашуланғанын мына
қимыл-әрекетінен танылады: «Қoлындaғы aсa тaяғымeн жepдi қaтты
түpтiп қaлды» («Абай жолы», 31), «Қып-қызыл бoп тұтaнa»( «Абай жолы»,
32), «дүpс қoя бepдi» («Абай жолы», 32), «eкi көзi қaнтaлaп ұмтылa түсiп»
(«Абай жолы», 32), «бyлығa қaйнaп» («Абай жолы», 107)
Мысалы мына үздіндіде кейіпкердің ашуымен қоса ұнатпау, жек көру
эмоциясы қоса өріледі: «Кipпiксiз сyық көкшiл көздepiн Сapмoллaғa қaтты
жиpeншпeн қaдaп тұpды» («Абай жолы», 32), «тiстeнiп, қыpылдaй түстi»
(«Абай жолы», 137), «қaбaғaн төбeттiң ыpылындaй aшy aйтты» («Абай
жолы», 137), «oқтaй aтып қaлды» («Абай жолы», 186), «қaнын iшiнe тapтып
aлды» (110), «қыpыс қaбaғын сyытa жayып, түйiп aлыпты» («Абай жолы»,
239), «дeмiгiн бaспaғaн, aшyы aлқымынa тығылғaн» («Абай жолы», 255),
«бoйындaғы үнсiз қaтты aшyдaн бeтiнiң түктepi бoзapып шыққa«Абай
жолы», 262),» тaмaғынa жaс тығылғaндaй, ызaлы жaс түйiлiп тұpып
қaлды» («Абай жолы», 262), «жep-жeбipiнe жeтe, ызaлaнa сoқтығысaды»
(«Абай жолы», 74), «ызaлы көңiлi шиpығып oтыp eдi» («Абай жолы», 74),
«тiксiнiп қaлды» («Абай жолы», 47), «тiстepiн сoғaн бapыншa бaсyлы»
(«Абай жолы», 62), «қaпaлық ызaдa, дeмi құpығaндaй қинaлyдa бoлaтын»
(«Абай жолы», 73), «қaбaқ түйiп, eкi көзi қaнтaлaй түсiп («Абай жолы», 83),
«тiстeнe тұpып зiл тaстaды» («Абай жолы», 109), «ызaмeн құсa бoлaмын»
(«Абай жолы», 125), « жaғын тiстeп, қaлың қaбaғын, түкситe түйiп aлды»
(«Абай жолы», 238), «қaтyлaнып, ұpысa сөйлeдi» («Абай жолы», 334),
«қaбaғын түкситe, сyық қapaп тұpды» («Абай жолы», 357).
«Абай жолы» романында кейіпкердің ашу ызасы оның бүкіл болмыс
бітімінен аңғарылады:
272
273
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
« Шұбар сөз қатпаса да ызаланып, Көкбайға салқын көз тастап, сырт
айналып, атына міне берді» («Абай жолы»,11 б). Шұбар ашуы – «сырт
айналу» қимылы мен қоса көз соматикасы арқылы берілген.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кездесетін мимика
түрлері бірнеше топқа бөліп қарастырар болсақ, адамның дене мүшелерінің
қатысуымен түрлі эмоциялары берілгенін көреміз.
Бас кинемасы түрлі мәнді білдіреді. Келісу, келісім бермеу, қарсы болу
мәнін білдіруде үнемі жұмсалса, кейде налу, ренжу, шарасыздықты білдіреді.
Әрқайсы да осы ойдың соңында еді. Үндемей салбырап кете барысты
(«Абай жолы»,12 б).
Ербол төреші болғандықтан, енді жұрттың бәрі жаттап алған
төрелікті өзі тағы бір айтып, аз ойланып, бас шайқады («Абай жолы», 13 б).
Бірінші мысалда, шарасыздық, өкініш қоса берілсе, екінші мысалда
келіспеу мәнінде жұмсалғандығын байқаймыз.
Жазушы шығармаларында қабақ соматизміне байланысты мынандай
кинемаларды кездестіруге болады: қабақ шыту, қабағын кіржиту, қабағын
түю: ашулану, ренжу, көңілі томау.
Жиренше қабағын бір шытып, қозғалақтап қалды. («Абай жолы», 6 б).
Мәтіндегі баяндалған оқиғаға кейіпкердің реніш, өкініш, жиркену сезімдерін
«қабақ» кинемасы арқылы жеткізген.
Жалпы бейвербалды амалдың ең жиі қолданылатыны көзбен
байланысты. Адамның сезім мүшелерінің ішінде көздің қызметі ерекше
маңызды. Мысалы, көзін төмен түсіру- ұялу; көзінің астымен қарау –
сенімсіздік таныту; көзімен ымдау, көзін аларта қарау”, “көзі алаю”, “ала
көзімен қарау” –ашулану; т.б.
« Үлкейіп, алақандай болып кеткен қап-қара көздерінен кесек-кесек жас
тамшылайды». Көздің үлкеюі – қорқыныш, үрейді білдіреді.
«Абай жолы» романында адыраю, одыраю, бажыраю, едірею, ажыраю
сияқты сөздер де адамның әр түрлі эмоциясынан хабар береді.
Бөжей Құнанбайға ажырайып, тіксіне қарап еді, аямас түсі айқын
екен (“Абай жолы”,18 б).
Сонымен қатар жазушы шығармаларында кездесетін “ көзін аларта
қарау”, “көзі алаю”, “ала көзімен қарау”, “көзін алақ-жұлақ ету”, “ала
көзімен ату”, «оқтай қадалу» сияқты сөз тіркестері де кейіпкердің ашу, ыза
сияқты эмоциясын дәл суреттеуде ұтымды пайдаланылған.
Құнанбайға сыр алдырмай, салқын қарап отырған Байсал:
– Қара деп жазалған күнде мұның жазасы не болмақ?-деп еді...
Салқын қарау- жақтырмау, жақтамау,қостамау мәнін білдірген.
Жиын ортасында, жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған
Құнанбайды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырып:
– Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз бе еді? Бұ не
қырсығың?...
– Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!- деп
қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жіберердей қарады
Бөжей мұның бетіне қатты сұрланған жүзбен, ажырайып қарады да:
– Арысыңды енді арыстан жеді,-деп сырт айналып кетті.
Қаламгер шығармаларында кездесетін адам көзқарасын бейнелейтін
сөз тіркестері кейіпкерлердің психикалық жағдайының, басқа адамдарға
қатынасының индикаторы ретінде қызмет атқарады.
Зере мен Ұлжан да Абайға осындай сұраулар беріскен жүзбен бұрыла
қарасты.
Абай әкесіне үнсіз көз салып еді, үндемей түйіліп, Айғызға аса салқын
қарап қалған екен.
Өзі күйіп келген Абай әке жүзінен қаймыға алмады.
– Көріп, біліп келдік. Кәмшат ауру. Әл үстіндіе. Бізді танымады.
Бауыры суып, аямас қас көргендей барлыө жанды...не айтайын?-деп тоқтап
қалды.
Құнанбай оқыс бұрылып, Абайға суық қарады да үндемеді.
Микромәтіндегі қарау түрлері уайым мен қайғыны білдіріп, кейіпкерлер
жүзіндегі қиналысты берген.
Зеренің ашуы, қиналысы, қарсылығы көз соматизмінен жасалған кинема
арқылы шебер жеткізілген:
«-Қорқытпа келіндерімді! О, несі? – деп қатты зекіп қап, ілгері
жылжып кеп, екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне аса суық
қарады...
Зере Құнанбайға әлі де қадала қарап, түйіліп құнанбай шешесінің
ажарын сезді де, жуаси түсті. Көзі де шеше көзінен тайқып кетті».
Сонымен, «Абай жолы» романында: тіксене қарай қалды (7), қадала
қарап (11), үлкен жаудыр көздерін жалт еткізе ойлана бір қарады (12),
оқтала қадады (110), жымия қарап (128), егесе қарады (278), ыстық тарта
қарады (296), барлай қарады (302), айықпай қадалып (348), жоғарыдан
шаншылып, сүзе қарап қалыпты (356),қабағын түксите, суық қарап тұрды
(357), аңыра қарап қалыпты (366) т.б. қарау түрлері қаһарман эмоциясын
дәл де ұтымды беруде қолданылған бейвербалды амалдар екенін көреміз.
Ерін, ауыз соматизмімен ашулану, ұялу, жақтырмау,қызғану, мазақтау,
келемеждеп күлу, өкпелеу, қиналу, таңғалу т.б. сезімдер аңғарылады.
Мысалы, Сондай қартаңдау, ысқаяқ жеңге болып, түсін өзгертіп, ернін
сылп еткізген. Және бетін жыртып, сығырайып тұрып:
– Омай, шикін, о несі екен! «Жігітім» деп, «қара қазақтың асылы» деп.
О немесі Абайдың әнебіреу қырыққан борбайланған солдат баласы ма,
бетім-ау! (Абай жолы). Ерінін сылп еткізу – жақтырмау мағынасын берген.
274
275
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Ерін соматизміне байланысты кинемалар ұнатпау, жақтырмау мәнін де
береді. Мысалы, Қостағы жылқыға кісі жіберіп, ат ауыстырам деп осында
оралып ем, жүргелі отырмын! Абай жақтырмай ернін шүйірді (Абай жолы).
Ерін және ауыз соматизмі арқылы жасалған аузын шылп еткізу, ернін
шылп еткізу кинемалары әр түрлі ұйыспалы (диффузиялы) дыбыстардың
көмегі арқылы жасалады. Қ. Жұбанов: “Аузын шылп еткізу, аузын
быртылдатулар дыбыс пен ымды қосып ұстаған синкреттизм түрі. Мысалы,
аузын шылп еткізгенде еріндері “в” дыбысын шығарады, тілі “д” дыбысын
шығарардағы қалыбында болып, дереу іштен келген ауа тілді тіс түбінен,
еріндері бір-бірінен айырып шығады. Жалғыз айырмасы “в” мен “д” бірден
шығады және еріндері бір-бірінен тегіс көтеріледі (сондықтан шылп етеді),
“в”-ны шығарарда ортасы ғана ашылады. Аузын быртылдатқанда еріндер
алдымен “п” дыбысын шығарады да, аз мезгіл “ұ”-ны шығарардағы қалыпта
тұрып, сонан кейін қос ерінді “ұ” дыбысын, ақыр аяғында “т” дыбысын
шығарады. Бірақ бұларды сондай тез тізіп өтеді, барлығы қосылып кетеді.
Міне, бұл дыбыстар нығыз тіл дыбыстары. Бұлар адам мен адам арасында
ғана жүреді. Сөйте тұрса да бұларды фонетика тексермейді, өйткені бұлар
дыбыс тілінің дыбыстары емес, ым тілінен қалған жұрнақтар”,- дейді [4,41].
Адам жүзінде байқалатын психосоматикалық процестер де мимикаға
жатады. Өйткені, беттің қызаруы арқылы адамның ұялғанын, өңінің бозарып
кеткендігінен қорыққанын байқауға болады.
Ымдау, бір нәрсені мақұлдата сұрау. Мысалы, «Байтас бұған күліп,
енді ірілене қарап:
– Не бетімді айтушы ем? Сорлы қатын алыстан әнмен арыз айтып
жатұанға шыдасын ба? Келсем, алдымнан өзі шығып, атымды байлап
жатыр,-деп Жұмабай жаққа қарап, иек қағып қойды.
Осы кезде Жиренше Абайға ым қақты да, тысқа шығып кетті (20 б)
Иегі кемсеңдеу: көңілі босау:
– Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме!...
иегі кемсеңдеді.
Бірақ үй ішінің қаттылығын осы жаңа келген жандарға шаққандай
боп, кемсеңдеп, иегі дірілдеп, біртүрлі әлсіз үнмен тағы жылады.
Қол соматизміне байланысты кинемалар да жиі қолданылады. Құптау
немесе келіспеу, ашулану, жақсы көру, амандасу т.б. бейвербалды амалдар
қол соматизмі арқылы беріледі. ңАбай жолы» роман-эпопеясына үңілсек:
«Оң қолымен ишарат қылып, түйені шөгер деп бұйырды». Істі тоқтат,
доғар деген белгі ретінде жұмсалған.
Құнанбай сол қолын шұғыл көтеріп қап: «Доғар!» дегендей ишарат
қылды. Қарғыс шарпуынан бетін қорғаған сияқты қозғалыс.
«Қазақ халқының салт-дәстүрінде, сана-сезімінде, жалпы күнделікті
қарым-қатынасында “түкіру” кинамасының бірнеше түрі қалыптасқан.
Мысалы, біріншіден – жұмысқа құлшына кірісу үшін жасалатын кинема.
Ауыр жұмысты істер алдында, алдымен құралды қолына алардан бұрын,
алақынына түкіріп алатын әдет бар. Бұл әдетті көбіне, ер адамдар қолданады.
Сонымен қатар бұл кинеманы ер адамдар күреске шығар алдында да жиі
пайдаланады. Екіншісі – ашуланған, ыза болған кезде қолданылатын кинема.
Салт-дәстүр, наным-сенімдермен байланысты “түкіру” кинемасы күнделікті
қарым-қатынаста жиі қолданылады. Бұл әйел адамдар қолданысында кең
жайылған – жақсы затқа, жақсы адамға көз тимес үшін жасалатын ырым» [5].
«Абай жолы» роман-эпопеясында «түкіру» - қорлау, масқаралау мәнін
беру мақсатында жұмсалғанын көреміз:
«Артынан Сүйіндік осы сөздің мәнісін сұрғанда:
Келінімен жақын екен осы кәпір... Маған не қыл дейсің? Қасыма алып
жүрсем, ертең бетіме түкірмеймісің?-деп ақталған-ды. (« Абай жолы», 27 б).
М. Әуезов шығармаларында адамның қабағын түюі – ренжудің; бетін,
маңдайын, мұрнын тыржитуы – жақтырмаудың, риза болмаудың; ернін
тістелеу – өкініштің; тілін, төменгі ернін шығару – жақтырмау және келемеж
қылу, мазақтаудың; кірпіктің дірілдеуі – ұялғандықтың; тісті шықырлату –
ыза болғандықтың; ернін бұртиту – өкпелеудің символы ретінде қолданылып,
жеке адамның мінез-қырынан, жағымды-жағымсыз қасиеттерінен хабар
беріп отырады.
Қазақ еліне, мәдениетіне, әдет-ғұрпына тән қасиет ер адамға, әкесіне,
әкесі мен атасы қатар тұрса, атасына, яғни жасы үлкен адамға бірінші
амандық беру қажеттілігі сақталған. Мысалы қазақ елін әлемге танытқан
«Абай жолы» эпопеясын алайық, қазақ қоғамының барлық қыры мен сырын
жан-жақты ашып көрсеткені белгілі. Сонымен бірге, қазақ халқының өмірі
мен тарихы ғана емес, әдет-ғұрпы рухы сайрап тұрғандығы анық. Мысалы,
романның бас кейіпкері Абай оқудан ауылын сағынып, тезірек жетуге
асыққан бала, еліне оралған сәтте, алдынан шыққан анасы Ұлжанның
бауырына кіріп кетпек болады. Анасы қатқыл үнмен: «бар, бірінші үлкен
үйдегі әкеңе сәлем бер»,- дейді. Әкені құрмет тұту, ер адамды құрметтеу
т.б. ұлттық салт-дәстүр жатыр. Демек, жазушы қаламына тән осындай амал-
тәсілдердің қолданылу табиғаты мен қыр-сырын ашу қаламгердің тілдік
ерекшелігін танып білуге әсер етеді. Бейвербалды амалдарды өз орнымен
қолдану, шығарманың танымдық-тағылымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін
арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілсіз қатынасты
жете меңгеруге жол ашады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ешимов, М. П. Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты:
филол. ғыл.канд. ...дисс. – Алматы : әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 2004. - 140 б.
276
277
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
2 Момынова, Б., Бейсембаева, С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың
қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы : Қазақ университеті, 2003.
- 132 б.
3 Балақаев, М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы :
Қазақстан, 1965. - 187 б.
4 Жұбанов, Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы : Ғылым,
1999. - 581 б.
5 Нұрсұлтанқызы, Ж. О.Бөккев шығармаларындағы бейвербалды
амалдар. филол. ғыл. канд. ...дисс: 10.02.02. – Алматы : 2006. - 128 б.
С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
Материал 17.07.14 редакцияға түсті.
Б. М. Кадырова, Г. Т. Карипжанова, А. O. Карипжанова
Национальные свойства кинем в романе-эпопее М. Ауэзова «Путь
Абая»
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 17.07.14.
B. M. Кadyrova, G. T. Karipzhanova, A. O. Karipzhanova
National properties of kinemas in the novel-epopee M. Auezov «The
path of Abai»
S. Toraighyrov, Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 17.07.14.
В данной статье рассматриваются невербальные коммуникации
в романе «Путь Абая» Мухтара Ауезова.
This article discusses non-verbal communications in the novel «The
Path of Abai» by Mukhtar Auezov.
ӘОЖ 821.512.122
Б. М. Қадырова, А. О. Кәріпжанова, Г. Т. Кәріпжанова
ТҰРЫСБЕК СӘУКЕТАЕВТЫҢ «АЙ ҚАРАҢҒЫСЫ»
РОМАНЫ: ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК
ШЕШІМ
Мақалада Т. Сәукетаевтың «Ай қараңғысы» романындағы
тарихи шындық пен көркемдік шешім қарастырылады.
Тұрысбек Сәукетаевтың «Қилы тағдыр» деген романдар топтамасы
тоқсаныншы жылдардың соңына қарай жарық көрді. Топтамадағы алғашқы
роман «Ай қараңғысы» деп аталады. Романда Желтоқсан оқиғасына
байланысты тарихи шындық көркемдік шешімге негіз болған. Романның
отыз бес тарауында Желтоқсан көтерілісінің басталауынан бастап барлық
оқиғалар көркем бейнеленеді. Романда көтерілістің шығу себептері:
– Жiгiттер, өздерiң де радиодан естiген шығарсыңдар, бүгiн Қонаевты
орнынан алып тастады! – дейдi қаралы хабар естiрткендей қамығып. –
Орнына қайдағы бiр орысты қойды. Қазақ табылмағандай бұл не қорлағаны.
Басқа республикалардың бәрiнде Бiрiншi басшы – жергiлiктi ұлт өкiлi. Бiздi
басынып отыр. Өстiп кеудемiздi басқызып қоямыз ба, намысымыз қайда? Ел
екенiмiздi бiлдiрейiк Алаңға шығып, пленум шешiмiне қарсымыз дейiк. Қазiр
жариялылық пен демократия заманы, неге конституциялық правомызды
пайдаланбасқа. Бiздi Димекеңнiң адамдары жiберiп отыр. Басқа қазақ
басшылары да наразы. Қорықпаңдар. Қазақ жастарының бәрiне айтыңдар,
митингке шықсын!.. («Ай қараңғысы»).
Бұл көтеріліске ұйымдасудың баяндалатын тұсы. Күн кешкiрiп қалса
да алды-артын ойламайтын қызба жастардың алды дүрлiгiп алаңға барады.
Бірінші күні екi жүздей адам жиналады. Ертеңiнде де күн шыға жұрт ән
айтып, ұрандап топ-тобымен алаңға тағы жинала бастайды. Бiрер сағаттың
iшiнде алаң лық толады.
«Кешегi Пленумның шешiмiн қазақтың намысын таптау, бiздi халық
ретiнде менсiнбеу деп бiлемiн!», «Қайдағы бiр облыстың хатшысын неге
Қазақстанның басшысы ғып қоя салады?», «Жетi миллион қазақта бiр
азамат жоқ дегендерi ме? Бұл не басыну!» деген сияқты пікірлер жан-жақтан
айтылады. Қазақ жастары бейбіт шеруге шығады. Бірақ республиканың
және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол
экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланғаны
белгілі. Қазақ жастарының әрекеті «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыпталады.
Ал жастардың шеруге шыққандағы талаптары – билік басында қазақтың
|