Филологическая серия



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата12.02.2017
өлшемі3,54 Mb.
#3945
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

92
93
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
сүйіспеншілік  сезіммен  тығыз  байланысты  күресшіл  оқиғаға  құралған 
екендігін жоғарыда айтып өткенбіз. Сезім мен елдің әлеуметтік жағдайын, 
оның  қоғамдық  сырларын  және  адами  құндылықтардың  көрініс  тапқан 
тұстарын мынадай түрде топшалауға болады:
1. Ақбөпедей қыршын жастың қанды азабы;
2. Құға кеткен Ақтарлан ат, ел ішіндегі барымта;
3. Тәукеннің жалғысы Әмірханның тұрмыс-тіршілігі;
4. Нағашылар қамқорлығы, серігі Ақтарланды қайтарған ер;
5. Жалынды аспанға алып ұшқан Әмірханның Ақбөпемен танысуы, 
үндеспей ұғысуы; 
6. Әмірхан  мен Ақбөне туралы  ел сыбысының атастырылған күйеу 
еліне жетуі, ел дүрбілісі;
7. Адам нұсқасы жоқ Құдиярдың Ақбөпе еліне келуі және «Жігітжанның» 
жоғалып кетуі;
8. Текеліні мекен еткен қос мұңлық;
9. Ақажанның ашуы, бітімге келмеуі;
10. Әкені райынан қайтарған Қасым мен олардың шешімі;
11. Құдиярдың қаһарына іліккен Ақбөпе, Диуананың амалы;
12.  Ақбөпені  құтқарушы  топтың  амал-әрекеті,  қуғыншы  тобының 
аттануы, екі топтың текетіресі;
13. Ажал оғының Әмірханға дәл келуі, Әмірхан аманаты;
14. Зар жылаған Ақбөпенің Тайшықтан сүйіктісі үшін кек алуы.
Бұл  дастанның  тақырыптас  шығармалардан  өзіндік  ерекшелігі  бар 
екендігін сюжеттік желісіне қарап отыруға анықтауға болады. Ол:
– Халықтың көңілінен шығатын Әмірханның басынан қара бұлттың 
кетпеуі;
– Үміті үзілген жастардың өз заманын жеңуге істеген әрекеттері;
– Ынжық деген Құдиярдың адам ойласа, ойы жетпейтін іс-әрекетке 
баруы;
– Қыз ағасы Қасымның ақылы, әкесін көндіріп, екі жасты қолдауға 
жасаған іс-әрекеттері;
– Ақбөпенің тірі қалып, сүйіктісінің аманатын орындауға бел бууы – 
ертеңгі күнге деген сенімі.
«Иса Байзақов поэмасында жырланатын сұлу әйелдер жауынан кегін 
ала білетін намысқор, өжет, тұлпар мініп, найза ұстаған, қанжар асынып, 
жүректерін кекке суарған ерекше ер мінезді әйелдер», – дейді Е. Ысмайылов. 
«Ақбөпе» дастандағы негізгі басты кейіпкер Ақбөпе де дәл осы бағаға лайық. 
Ақын Ақбөпені бастан-ақ асқан сұлу екендігін баяндайды, жаратылысында 
да, сұлулығында да мін жоқ Ақбөпені: «көзі жанған шамдай, нәркеспен кірпігі 
ойнап атылғандай, екі беттің қызылы ақ мамықтың үстіне қан тамғандай, 
тістері ақ мәрмардай» теңеулері арқылы сырт келбетін көрсетсе, «арудың 
асқар белі, таң шолпаны» метафоралары арқылы бар жағынан арулардың 
аруы екенін айта келіп, «шаққанның ақ құсындай, маралдай кербез сұлу, 
бақ айнасы орнағандай» деген күрделі тіркесті теңеулері арқылы оның ер 
жігіттердің арманы екенін, қылықтылығы мен келісін сипаттайды.
Суырып  салма  ақын  ретінде  танылған  Иса  Байзақов  ақынның  тағы 
бір ерекшелігі поэмалардағы табиғатты суреттеуінде ерекше көрінеді. Осы 
бір ерекшелігіне қарап, Иса ақын табиғатты жырлаудың хас шебері деуге 
де  болады.  Себебі,  ақын  табиғатты  жанды  бейнеде  жырлап,  табиғатты 
кейіпкеріне сыңар етеді. Поэмада жазғы түнді:
«Қалғуда қараңғылық жерге түсіп,
Балғындай маужыраған жарын құшып,
Бұлттардың селдірінен сығалайды,
Түнге  ымдап  кейбір  жұлдыз  көзін  қысып»,  –  деп,  жансызды 
жанжандыру арқылы тамаша пейзаж тәтті сезімге баулиды.
«Пердесі көтерілді таң сарғайып», – таңның атуын құдды таетрда үлкен 
тебіреніс күтетіндей шоқты елестетсе, «көсілген сар жазықта сағым самғап, 
жол берді Әмірханға қойнын ашып» деген қолданыс көзге елестеп, қолға 
ұстатпайтын күштің «қойнын ашуы» тіпті ғажап. Табиғат картинасының 
сиқырлы  бояуын  ақын  эпитетпен  өте  әсерлі  ауыстыру,  алмастыруды 
танытатын жері:
«Кеші еді, жаздың сұлу нұр төгілген,
Жібектей жерге жасыл гүл себілген,
Көк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,
Жерге кеп алыс аспан төңкерілген.
Шымқыған көкжиекте қызыл арай,
Көтерген күн шапағы қызыл тудай.
Тарауы сан жамырай көкке самғап,
Серпілген көк теңізі арман қарай...». Бұл ақынның сезім мен сұлулықтың 
басын қосқан әдемі лирикасы. Оның табиғат лирикасының шынайылығынан 
эмоцияның әсер мен эстетикалық сезімін сезінеміз. Бұл – ақын шабытының 
қайталанбас шеберлігі,суреттеу шеберлігінің палитрасын танимыз.
Иса Байзақов көркем тілдің шебері, жай шебері емес, оны шеберліктің 
шыңына шығаратын классикалық ұстанымы бар ақын. Сондықтан да оның 
поэмаларының тіл табиғаты – ерекше көркем, бейнелілігі – шынай әсерлі, 
ойы – мағыналы да мазмұнды. Ақын жырлап отырып, оқырманын өзімен 
бірге, ала кетеді. Кейіпкердің жан-дүниесіне оқырманын елітумен бірге, 
ақындық толғанысы бірде шабыттанады, бірде табиғат әсерінен қанаттанады. 
Барлық поэмаларында табиғат көрінісін тамаша жырлаған ақын өзіндік стилі 
арқылы  эстетикалық  сезімін  адамның  көңіл-күйімен  үйлестіре  отырып, 
адам мен табиғат арасындағы гормонияны түзеді. Оқырман қиялына қиял 
қосып, романтикалық орта қалыптастырады. Міне, сондықтан Иса Байзақов 

94
95
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
– лирикалы-романтикалық поэманың туып дамуына ең алғаш ат салысқан 
ақын деп айта аламыз.
Поэзия  әлемінде  отты  жыр,  екпінді  шабыт,  толағай  тасқын  жыр  – 
қуатымен еніп, дүлділігімен адамзат жан дүниесін сұлу сезімге бөлеген Иса 
Байзақов жырлары – Қазақ Елінің болашағына аманатталған кәусар рухани 
қазынасы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қирабаев, С. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы : «Қазығұрт» 
баспасы. 2007. 2 том – 416 б.
Ысмаилов, Е. Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы: «Жазушы», 2002. 
– 356 б.
3 «Толқыны бұл өмірдің талайды ұрған» /Бекен Ыбырайым. // Қазақ 
әдебиеті. – 22 қыркүйек 2000.
Материал 14.11.14 баспаға түсті.
А. Ф. Зейнулина
Художественное мастерство в поэмах Исы Байзакова
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 14.11.14.
A. F. Zeinulina
Artistic skill in the poems of Isa Baizakov
S. Toraighyrov Pavlodar State University; Pavlodar. 
Material received on 14.11.14.
В  данной  статье  проводится  анализ  поэтической  системы 
творчества Исы Байзакова.
In this article there has been analyzed the system of poetic creativity 
by Isa Baizakov.
ӘОЖ 8 82.151.212.2
А. Ф. Зейнулина 
ф.ғ.к., профессор, ҚР ПҒА корреспондент – мүшесі, қазақ тілі кафедрасының 
меңгерушісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 
Павлодар қ. 
ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПӘЛСАПАЛЫҚ 
ҰСТАНЫМ
Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясындағы ұлттық 
танымның пәлсапалық тұжырымдамасы мен көркемдік бейнелілігі 
қарастырылады. 
Кілтті сөздер: абыз, данышпан, философиялық түйін, шебер 
ақын, поэзия, имандылық, ұлттық таным, дүниетаным, пәлсапа.
Қазақ  әдебиеті  тарихында  ұлы  ойшыл  –  пәлсапашы,  абыз  ақын 
Шәкәрім Құдайбердіұлы өзіне Хакім Абайды өмір бойы ұстаз тұтып өткен. 
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларын зерттеу барысында байқайтынымыз 
тақырыптың сан алуандылығы: заман көрінісі, жастардың болашағы, адам 
болмысы, адамзаттың келешегі туралы философиялық толғам, өнер тағдыры, 
халық қамы, ел күйзелісі т.б. бәрі-бәрі данышпан ақынды толғандырады. 
Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімінің үндесуі лирикалық жанрлардың басты 
ерекшелігі болып табылады. Абай өлеңдеріне терең талдау жасай келіп, 
академик Ғарифолла Есім өзгеше бір ой ұсынады. Ғалымның пайымдауынша 
Шәкәрім бірінші абайтанушы және ондай қорытындыға оның өлеңдерін 
талдау барысында келеді: «Абай ақыл сатқан саудагер, бұл метафора астында 
шындық жатыр. Абай ақылды адам, бірақ оның ақылы жеке өз қазынасы емес, 
ол өзгелерге керекті ақыл. Шәкәрім: Абайды әлі білмей жүрміз, оны өтпей 
жатқан асылдары көп,- дейді. Абайдың өтпей жатқан асылдарын қабылдау 
ол заман түгіл бүгінгі күннің жеңіл шаруасы емес. Шәкәрім абайтануда сол 
кездің өзінде-ақ бір нәрсеге оқырман назарын нақты аударған, ол Абайға 
бастайтын жол туралы. Тегін білсең, Абай ақылын бос береді дейді, ол үшін, 
мәселе тегін білу, яғни Абайша ойлау дәстүріне түсу, даналыққа құштар 
болу,  қысқаша  айтқанда,  Абайға  жол  табу.  Шәкәрім  осы  өлеңін  жазып 
отырған шағында Абайды тұтасымен ұққан ешкім жоқ дейді, демек, бұл істің 
басындағы ең алғашқы абайтанушы – Шәкәрімнің өзі. Ол Абайды тұтасымен 
ұққандықтан, арнайы өлең жазып отыр. Сондықтан абайтану саласындағы 
Шәкәрімнің бұл өлеңін тұңғыш еңбек деуге болады. Бұған дейін Абай туралы 
дәл Шәкәрім сияқты терең әрі ауқымды ойды ешкім айтпаған еді» [2, 61]. 
Шәкәрімнің Абай поэзиясын терең танығанын ғалым нақты ашып беріп 

96
97
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
отыр. Шәкәрім өзін толғандырған қандай да бір тақырыпты алмасын, одан 
философиялық түйін жасауға өте шебер ақын. 
Шәкәрім  Құдайбердіұлы  өлеңдерінің  тағы  бір  тақырыбы  ойлылық, 
философиялық  толғаныспен  астасып  жататынын  шәкәрімтанушы  ғалым 
Балтабай Әбдіғазиұлы да атап көрсеткен: «Шәкәрімнің реалистік лирикасына 
тән ендігі бір қасиет – терең ойлылық, философиялық астарлылық. Бұл 
тақырыпта жазылған «Тура жолда қайғы тұрмас», «Тау басындағы ой», 
«Күннен  неге  түсіп  тұр  мұнша  жарық»,  «Кетті,  келді»,  «Тіршілік,  жан 
туралы», «Анық пен танық», «Махаббат пен құмарлық», «Пайғамбар Мұса 
жолықса», «Тәңірі мен жан», «Шыннан өзге құдай жоқ», «Шымды жерде 
көресіз қара топырақ», сияқты көптеген өлеңдері Шәкәрім философиясының 
кең қанаттылығын, зор тынысын танытады» [3, 59].
Мәселен,  Шәкәрім  «Ойлаңыз,  ақыл,  білім  қайда  болмақ…»  деп 
басталатын  он  үш  шумақты  өлеңіне  «Анық  пен  танық»  деген  тақырып 
қойған. Бұлай антонимдік мазмұнда тақырып қою Шәкәрім лирикасында 
жиі кездеседі. Ол өлеңнің жанрлық табиғатына да қатысты. Тек тақырыптық 
жағынан қарасақ, ақын біріне-бірі қарсы екі ұғымды тақырып қылып алған. 
Өлең мына жолдармен басталады: 
Ойлаңыз, ақыл, білім қайда болмақ,
Денеде қандай орын, жайда болмақ?
Білу, нану, ұнату – ақыл ісі,
Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?
Тән – сезіп, құлақ – естіп, көзбен көрмек,
Мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек [1, 58].
Баршамыз  Шәкәрімнің  «Үш  анық»  деген  философиялық  трактатын 
білеміз. Яғни, анық деген сөз Шәкәрімнің қазақ поэзиясына енгізген жаңашыл 
тақырыбы. Ол кездейсоқ сөз емес, «анық» оның көркем шығармасында ғана 
емес, дүниетанымдық шығармасында да кездеседі. Оған қарама-қарсы ұғым 
«танық» болған. Осы арқылы Шәкәрім адам бойындағы жақсы мен жаманды 
айыратын ұғым ретінде қолданғанын байқаймыз. Академик Зәки Ахметов 
Шәкәрім лирикасындағы философиялық сарын туралы мынадай терең пікір 
айтқан: «Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі 
ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күй, ішкі 
сезім әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда Шәкәрім 
лирикасында  сыршылдықтан  ойшылдық  басым,  философиялық  сарын 
күшті. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән пәлсапашылдығының 
сыры тереңдн жатыр, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық 
қуаттылығынан  туған.  Сонымен  қатар  ол  көп  ізденіп,  өте  көп  оқыған. 
Қазақтың  белгілі  ақын,  жыршы-жырауларымен  қатар  арғы-бергі  түрік 
ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және батыс ақындарының 
шығармаларын өте жақсы білген» [4,8]. 
Шәкәрім пәлсапасындағы басты концепция – адамтану мәселесі. Ол 
адамның бес сезім мүшесін, олардың қызметін атай келіп, соның бәрі мидағы 
ойға хабар береді дейді. Дегенмен, негізгі шешімді жүрек шығарады дейді 
ақын: 
Ой сонда неше толғау шимай салмақ,
Қайтсе жөні келер деп өлшеуге алмақ.
Дәл сондай қылайын деп ұнағанда,
Ғаділетті жүрегің бір қозғалмақ.
Бар билік сол жүректен шығарылмақ,
Денеге ол шымырлап әсер қылмақ.
Ойыңды дұрыс деме, теріс деме,
Сол арасын анықтап, қара бірақ [1, 58].
Яғни, жүрекке салып өлше деген терең идея жатыр. Ақыл-ой қатты 
кетуі мүмкін, жүрек қашанда кешірімді деген де идея жоқ емес. Көркем 
шығарманың идеясын тану қашанда қиыннның қиыны. Бұл өлеңнің идеясы 
Абай дәстүріне жалғасып жатыр.
Шәкәрім поэзияда қандай да бір тақырыпты алмасын тереңдетіп алып 
кетеді. Ақынның қайсыбір өлеңі көп тақырыпты болып келеді. Бірнеше ұғым 
тақырыпқа бір өлеңде жауап беретіні де бар.
Шәкәрімнің  айтар  ойы  қайғыны  адам  баласы  өз  басына  көбіне  өзі 
тілеп  алады.  Оны  тағдырынан  көру  ағаттық  дейді.  Шындығында  адам 
көбіне өзінің теріс қылығының жемісін көреді, сол үшін сазайын тартады. 
Шәкәрімнің осы өлеңінің терең танымында имандылыққа шақыру жатыр. 
Шәкәрім поэзиясындағы метатақырып ол – имандылық тақырыбы. Оған 
төменіректе кеңірек тоқталамыз. Шәкәрім жоғарыда аталған өлеңінде тағы 
басқа өлеңнің ішкі тақырыбында бірнеше ұғымдарға тоқталған. Соның бірі 
– өмір тақырыбы:
Кейбіреулер жазады: «Қу өмір», – деп,
«Тұрағы жоқ, алдамшы, су өмір», – деп.
«Көрген қызық, қылған іс – бәрі де ұмыт,
Иә, көлеңке, яки түс, у өмір» – деп. 
Бұған да еріп көп жаздым түшіркеніп,
Білімділер сөзі деп ентеленіп.
Өмір емес, алдаған өзіңді-өзің,
Пәленшекем айтты деп қалма сеніп [1, 63].
Шәкәрім өмірдің алдамшы, тұрақсыздығын, көрген түстей өтпелілігін 
сынға алуға қарсы шығады, өмірді кінәламауды, кемшілікті өзіңнен іздеу 
керек екенін насихаттайды. Оқығандардың өзін ой елегінен өткізу керек 
екенін ескертеді. «Қу өмір», «су өмір», «у өмір» тіркестерін үстемелеп жазу 

98
99
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
арқылы адресаттың назарын аударуға ұмтылған. Ақын өмір туралы өзінің 
ойтолғамын былай береді: 
Өмір деген жастықтан қартаймақ па,
Бейнет, рахат, байлық пен мал таймақ па?
Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл.
Жала жауып, салынба жантаймаққа.
Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас,
Қанша қызық көрсе де пенде тоймас.
Сол тоймастық – дүниені жамандатқан,
Сен сөкті деп тағдырды қайта жоймас [1, 64].
Ақын өлеңіндегі үлкен философиялық ой Абайдың «Қартайдық, қайғы 
ойладық, ұйқы сергек» өлеңімен үндесіп, Хакімнің терең ойын әрі қарай 
жалғастыра түседі.
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған 
өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек,
Басқан із,
көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ,
адал жүрмек. 
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн 
өткізбек? [1, 15].
Шәкәрім  өмірдің  заңдылығына  қарсы  шығу  күнә  екенін  ескертеді. 
Тумақ, өлмек, қартаймақ тағдыр ісі, оны өзгерте алмайсың. Абай да, Шәкәрім 
де адал жүруге, тіршілікті босқа өткізбеуге шақырады.
Шәкәрімнің қай шығармасында болмасын құрғақ үгіттің болмайтыны, 
онда терең насихаттың болатынын неше мәрте айттық. Тіпті Шәкәрім өзінің 
бір өлеңіне анық қылып «Насихат» деп тақырып қойған. Ол «Сен ғылымға 
болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ…» деп басталатын өлеңі. Шәкәрімнің 
данышпан тұлға екенін көрсететін жолдар. Соншалықты кеңпейіл ниетпен 
айтылған ойлар. Ақын үйренуге ұялма дейді, білген сайын құштарлан дейді. 
Оны адамзат баласына үйретуің парыз дейді. Халыққа дән сепкендей тарату 
міндетің дейді. Бұл үлкен жүректі адамның ойы. Шәкәрімнің басқаша айтуы 
да мүмкін емес. Осы өлеңнің философиялық астары да күрделі. Шәкәрім 
кімге үйретуді біл дейді. Бұл қиынның қиыны. Оны тануың керек. Адамдығы 
мол адамды шәкірт қылуға насихаттайды. Басқадай болғанда білімнің өзі 
қауіпті екенін ескерткен: 
Шын наданға білгеніңді ұқтырам деп ойлама,
Қанша бидай шашсаң-дағы болмас егін тасты жер.
Тотыға тіл үйретілсе, сөзі – адам, өзі- құс,
Сол сықылды ол наданды ермек үшін сөйлетер.
Қара тасты қанға малсаң, о да маржан бола ма?
Тесік ыдыс су құйылса, өзі қалар, су кетер [1, 67].
Бұдан шығатын қорытынды, кімге неге үйретеріңді біл дейді. Дәлелдері 
терең және ғибратты. Абыз Шәкәрім есіл еңбек еш кетпесін дейді. Залымға 
ғылым үйрету тіптен қауіпті екенін айтқан: «Шын залымға берме ғылым, 
ол алар да оқ қылар, Қаруым деп, кісі атып жер, ол ғылымды хайла етер» 
дейді. Осы насихат өлеңінде ақын «дүниені түзетуші де, бұзушы да ғылым» 
дейді. Насихаттың қуатты жолдары мынадай «жер сықылды пайдалы бол», 
«жаңбыр болып көгерт», «сусағанына су бол» міне бұл жолдар ақынның 
адамдық кредосын байқатады. Шәкәрім ақын лирикалық шығармаларының 
өзінде адам болмысын қарастырғанда, әсіресе оның мәніне ден қоюды жөн 
көреді. Ол өзінің ар ілімінен бір ажыраған емес. Насихат жақсылық үшін 
болашақ үшін айтылады. Сондықтан да ақын: «Қара тасты қанға малсаң, о 
да маржан бола ма? Тесік ыдыс су құйылса, өзі қалар, су кетер» деп ауыр да 
болса шындықты айтады. Қазақ Елінде тектілік деген ұғым бар. Сондықтан 
тектілікке ақын назар аударады. Әрине, тектілікті қанмен келетін қасиет деп 
қана қабылдаудың өзі даулы, тектілікке әлеуметтік факторлардың елеулі 
ықпалы болатынын тарих талай дәлелдеген. 
Шәкәрімнің тағы бір философиялық лирикасы «Ақыл құсы адаспай 
аспандаса…»  деп  басталатын  өлеңі.  Оған  осы  өлеңде  алынған  адам 
бойындағы  қасиеттерді  көрсететін  түсінік  ұғымдар  дәлел  бола  алады. 
Мәселен, осы өлеңінде, басқа да көптеген философиялық лирикаларында 
ақын ой мен таным, өмір мен өлім, жүрек пен иман, ақыл мен айла тағы 
басқа  ұғымдарды  алып,  сөйлетеді.  Кейіптеу  тәсілімен  адамзат  баласын 
толғандыратын көптеген сауалдарға жауап іздейді.
Адамзат  баласының  бір-біріне  бауыр  екенін  ескертеді.  Сырттан 
адамзат баласына келген жау жоқ, өздері түсіністікпен өмір сүрмегендіктен 
бір-біріне  азап  әкелетінін  айқындап  берген.  Дүние  жүзінде  қаншама 
соғыс, оның қаншама зардабын адамзат баласы көріп жатыр. Ақын жеңіл 
тақырып алмаған. Қашанда адамзат баласының тағдырын ойлаған. Күрделі 
тығырықтардан шығарудың жолдарын іздеген. Өлеңнің идеясында адам 
баласы  ақылға  салып  өмір  сүрсе,  көптеген  азаптан  құтылар  еді  деген 
тұжырым бар. Адамзат баласын көп азаптан оның ақылы құтқаратынына 
сенгені байқалады: 
Ар түзейтін ғылым іздейді:
Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нәпсісі айуанмен анық теңдес,

100
101
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Бөлектігі – жалғыз-ақ таза ақылда,
Әлің келсе, жол тап та осыны емдес [1, 181].
Ақылмен тапқан жол қажет деген идея Шәкәрімнің лирикасында алтын 
желідей жалғасын үзбей тауып отырады. Ғылымның дамуы адамзат баласына 
неше түрлі бірін-бірі атып, қырып-жоятын қару жасатты. Сондықтан соларды 
ноқталайтын ар білімі қажет екенін айтады. Шәкәрім шығармаларындағы 
негізгі тақырып адам қоғамын қалай да түзеу, дұрыс жолға салу.
Шәкәрім ақыл ұғымын ерекше құрметтеген адам. Шәкәрімнің «Пайғамбар 
қыл ақылды» деп оның орның ерекше биіктетететін сәттері бар. Сондықтан да, 
осы өлеңінде «Алмадым ақыл тыйғанын» дейді. Мұсылман әлемінде қасиетті 
Құран Кәрімнен кейін, шындық сөз хадистер екені белгілі. Бірақ соның өзін 
теріс бұрып, өзін әулиемін деп өзгертпекші болғандарды сынап отыр. Ол не 
нәрсені болсын ақылға өлшеп қарауға насихаттаған. Өлеңнің негізгі идеясы 
осы. Шәкәрім қандай да бір нәрсенің дәлелі болуын талап етеді. Ақиқат шындық 
жолында тіпті жанымды қиюға да дайынмын дейді. Бұл – данышпанның сөзі. 
Шындығында, Шәкәрім аласапыран заманда да шындықтан қайтпай, адамзат 
баласын адастырар жолға түспеген. Бірақ райынан қайпай, соның құрбаны 
болды. Сондықтан ақын «Даусыз таза хақиқат, Жолында жанды қиғаным», – 
дейді. Өмір бойы адамзатқа ар жолын сілтеумен өмір сүрді.
Шәкәрімнің  ақындық  диапазоны  өте  кең.  Мәселен,  адамның  жас 
мөлшері де арнайы тақырып етіп алынып жазылған өлеңдері де бар. Мысалы, 
басқасын айтпағанда «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» деген өлеңдері осы 
айтылған ойға дәлел бола алады. Бұл қазақ поэзиясында дәстүрлі тақырып. 
Дегенмен Шәкәрім бұл тақырыпқа да даралығымен келген. Жастық туралы 
өлеңі өзінің ырғағымен елітіп әкетіп, жастықтың жалынын байқатады: 
Боз үйге кіріп,
Буының құрып.
Жарыңның барсаң қасына.
Сипалап жүріп,
Төсегін біліп.
Тигенде қолың басына,
Ақылың кетіп жан қалар,
Ғашығың сонда аңғарар.
Қолыңнан тартып,
Білегін артып,
Ақ тамақтан шөп етіп,
Тал бойың еріп,
Тіліңді беріп,
Сүлдерің қалар ес кетіп,
А, дүние, дүние,
Ақылға сонда кім ие?! [1, 28].
Жастықтың  жалыны,  ақылдың  сезімге  басшылық  бергені  шынайы 
суреттелген. Ақын «Ақылға сонда кім ие?», «Ақылың кетіп жан қалар» деу 
арқылы көп нәрсені аңғартқан. Ақыл кеткенмен жан қаларын ескерткен. Жан 
мәңгілік жалғасын таппақшы. Жастықтың жалынын, жастықтың қызығын, 
жастықтың қызуын бейнелеп берген қуатты өлең. Жастық шақ поэзиядағы 
ең мол көрініс тапқан тақырып. Дегенмен, біздің ойымызша жастықтың өзіне 
тән ерекшелігін жалынымен бейнелеуде Шәкәрім өзгеше дарынын байқатқан.
Өзінің адамдық позициясында осынша нақты тұрып сөйлеу ақыннның 
көзқарас қуатын айқындайды. Бұл жерде Шәкәрім жаңалықтың жөні осы екен 
деп халық танымынан, өзінің өмірлік ұстанымдарынан алыстамайды, қайта оны 
түрлендіріп, әрлендіреді. Оған мысал «жаба тоқып жасырған» тіркесі. Ақын 
осы ұлттық танымда бар тіркесті өз қалауына қарай өзгертіп пайдаланған. 
Шәкәрімнің  «Иманым»  циклінде  жазылған  өлеңдері  философиялық 
тереңдігімен, өрнекті айшығымен ерекшеленеді. Ақын өмірде өзіне тірек 
қылған  ой-танымды  ерекше  жүйемен  берген.  Бұндай  терең  тақырыпқа 
осыншама мол өлең арнау қазақ поэзиясында Шәкәрімге дейін болмаған.
«Қазақтың самалға шығуы» – Шәкәрімнің арманы. Бүгінгі тәуелсіздік алған 
елін Шәкәрім Құдайбердіұлы көрмей кетті. Бірақ үмітін үзбепті. Оны осы өлең 
тақырыбы, ондағы қуатты идея айқын көрсетіп тұр. Елдің алдыңғы қатарға 
шығуының негізгі тірегі білім мен ғылым екенін Шәкәрім өз шығармаларында 
талмай насихаттаған. Сондықтан Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбының күшті жағы 
осы деп айта аламыз. «Адамдық борышың, Халқыңа қызмет қылу» деген Шәкәрім 
өзі де осы жолдан соңғы демі қалғанша айнымай өткен. Өзіңнен болған бейнетті 
дүниеге жала қылып жаппа, «Дүниенің ол туралы жасасы жоқ. Біз сөкті деп тоқтай 
ма Алла атқан оқ» дейді. Өмірдің, мына дүниенің заңы өз дегенімен жүреді, сен 
де сонымен үндестікте өмір сүр деп насихаттайды. Демек, Шәкәрім поэзиясы – 
адамзат баласының дүниетанымдық пәлсапасын терең танып зерттеген, ұлттық 
пәлсапа тұжырымдамасының қалыптасуына негіз қалаған рухани әлем кеңістігі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Шәкәрім. Шығармалары. – Алматы : Жазушы, 1988. – 560 б.
2 Есім, Ғ. Данышпан Шәкәрім. – Алматы : Атамұра, 2008. – 336 б.
Әбдіғазиев, Б. Шәкәрімнің лирикалық шығармалары. – Алматы : 
Республикалық баспа кабинеті, 1994. – 72 б.
Ахметов, З. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінде алатын 
орны  //  Жинақта:  «Шәкәрім  –  ұлы  Абай  дәстүрін  жалғастырушы  және 
дамытушы». Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 
– Семей, 1998. – 158 б.
Материал 14.11.14 баспаға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет