Филологическая серия


Национальная картина мира и мастерство в творчестве писателя



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата12.02.2017
өлшемі3,54 Mb.
#3945
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

Национальная картина мира и мастерство в творчестве писателя 
1
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар;
2
Павлодарский государственный 
педагогический институт, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 14.11.14.
A. F. Zeinulina
1
, A. T. Ibrayeva
2
National worldview and skill in the writer’s creativeness 
1
S. Toraighyrov Pavlodar State University; 
2
Pavlodar State Pedagogical Institute, Pavlodar. 
Material received on 14.11.14.

112
113
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
В статье рассматриваются проблемы художественного видения 
национального  сознания  и  национальной  истории  в  творчестве 
казахских  писателей.  Проводится  анализ  особенностей  подбора 
актуальных тем и создания образов.
In the article there are considered the problems of artistic vision of 
national consciousness and national history in the works of Kazakh writers. 
There was given an analysis of the selection by the relevant topics and 
creating images.
ӘОЖ 82-3: (574)
 
Р. З. Зайкенова
1
, Н. С. Балтабаева
2
1
ф.ғ.д., Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, 
2
PhD докторант, Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық Университеті, Алматы қ.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ РОМАН-ЭССЕ ЖАНРЫНЫҢ 
ДАМУЫ
Бұл  мақалада  ұлттық  әдебиетіміз  тұрғысынан  алғанда 
эссе  жанрының  алғашқы  негізін  айқындау,  қай  кезеңнен  бастау 
алатындығы қарастырылған.
Кілт сөздер: Эссе, жанр, мемуар, очерк, роман, проза, философия, 
драматизм.
Қазақстандағы  қазіргі  рухани-мәдени  жағдай  жеке  тұлға  мен  қоғам 
дамуының ары қарай даму бағдарын айқындауды талап етеді. Бұл мәселенің 
табиғи  шешім  табуы  көркем  әдебиет  пен  фольклордың  темірқазығы  – 
адамның рухани дамуы, рухани кемелденуі мәселесімен тығыз байланысты. 
Классикалық  еуропалық  әдебиеттің  дәстүрлерінде  көтерілетін 
эссеистика – әлемдік әдебиеттің, нақты айтқанда ХХ ғасырдың елеулі әрі 
принципиалды құбылысына айналды. Алмағайып уақытпен бірге туындап 
отыратын жаңа проза мен жаңа стиль әрқашан сұранысқа ие. Қазіргі уақытта 
эссе  ұлттық  әдебиетімізге  жанр  ретінде  өзіндік  қызметін  очерк,  әңгіме, 
повесть, роман түрінде көрсете бастады. 
Эссе жанры кеңес әдебиетінің топырағына толық орнықпады, бірақ 
дәстүрлі түрде дамуы батыстан, яғни ең алдымен ағылшын-америкалық 
және латын-америкалық әдебиетте белгілі болды. Ағылшын-америкалық 
үшін бірінші кезекте, ал әдебиеттердің ішінде ең алдымен ағылшындық 
үшін  ең  танымал  болды,  мұнда  эссеизм  ағылшындық  сипатымен  терең 
байланысты  –  «сүйікті  істердің  және  қызығушылықтардың,  ағылшын 
өмірінің өте жеке табиғатының жолын ұстаушылық» және дәстүрлі ағылшын 
демократиясының, яғни заңға парасатпен бағынатын азаматтың өз еркі деген 
сипатқа ие болды [1, 226]. Біздің эсседен байқайтынымыз: еркін форма, 
бұл қатаң жанрлық қағидалардың болмауын көрсеткенімен, жеңілдік пен 
көркемдік негізінде жанр аясына қатаң бағынышты. 
«Қазақ  әдебиеті»  атты  энциклопедиялық  анықтамалықта:  «Эссе  – 
тұрақталған,  қалыптасқан  тұжырымдарға  жаңа  қырынан  қарап,  өзінше 
толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар 
мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, 
публицистиканың,  көркем  әдебиеттің  жанры.  Әдебиеттегі  эссе  –  соны 
пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай 
қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, 
рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен 
ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының 
әшекейлі сипатына, айрықша композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер 
туындысында эстетикалық, интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, 
жарқын, тапқыр, ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезген-
түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе – сипатына туған 
туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар 
мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін 
кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Эссе жанрының негізін салушы – 
ХVІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген француз философы М. Монтень. 
Орыс әдебиетіндегі үлгісі – Федор Достоевскийдің «Жазушы күнделігі» 
шығармасы», – деген сипаттама беріліпті [2, 572]. Ал 1597 жылы ағылшын 
философы Фрэнсис Бэкон да осындай атпен кітап жазып шығарғандығы бұл 
энциклопедияда жазылмапты. Жалпы эссе жанрының бірнеше ғасырлық тарихы 
туралы айтылғанымен, бұл туралы елең еткізер еңбекті кездестіре алмадық.
Ұлттық  әдебиетіміз  тұрғысынан  алғанда  эссе  жанрының  алғашқы 
негізін айқындау, қай кезеңнен бастау алатындығын дәлелдеу үлкен ізденісті 
қажет етеді деп ойлаймыз. Қазіргі деректер бойынша эссе жанрының негізін 
салушы  француз  жазушысы  Мишель  Монтень  деген  пікір  қалыптасқан. 
Себебі ол 1580 жылы «Эссе» деген атпен кітап жазып, онда қоғам мен адам 
туралы өзінің философиялық ой-толғаныстарын ұсынған. Бұл кітап кейіннен 
орыс тіліне «Опыты» (Тәжірибелер) деген атпен аударылып басылған. Бұл 
жанрды Н. Л. Лейдерман, Л. В. Куприяновский, З. И. Кирнозе, Г. М. Цвайг 
сияқты зерттеушілер аквтобиография, биография, күнделік, мемуар, очерк, 
эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма т.б. қатарына жатқызады. 
Жалпы эссе жанрының көркем-құжаттық тарихы ХV ғасырдан яғни 
Қайта  өрлеу  дәуірінен  бастау  алып,  романмен  бірге  дамып  отырған. 
Роман  мен  эссе  бір-біріне  өте  ұқсас.  Роман  өз  дәуірінің  нақты  тарихи 

114
115
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
оқиғаларын қоғамдық-әлеуметтік өмірмен байланысты нақтылы кейіпкерлер 
айналасына топтастырса, эссе тарихи да, философиялық та, өмірбаяндық 
та, монографиялық та, полемикалық та сипаттарды бойына тоғыта береді. 
Эссе латынша (exogamy) – таразылау, ағылшынша (essay) – мақала, очерк, 
ал  французша  (essai)  –  тәжірибе,  шығарма,  мүмкіншілік  деген  бірнеше 
мағына береді екен. Бұл жанрдың түбі жоқ шексіздік сипатының өзі осында 
жатса керек. Эссенің дәл анықтамасын беру – әлі де қиындық туғызып келе 
жатқан мәселе. Себебі бұл жанр күннен-күнге әдебиетте ғана емес, тарих, 
философия,  сын,  биография,  публицистика  салаларында  да  белең  алып 
келеді. Формалық сипаты да әр қилы. Ал қазіргі уақытта роман-эссенің 
көбеюі оның «Бұл – көлемі жағынан шағын, тақырыбы белгілі, құрылысы 
жағынан еркін жанр» деген анықтамасына дөп келмейді. Әсіресе «Көлемі 
жағынан шағын» деген сөз роман-эссенің табиғатын таныта алмайды. 
Әлемдік  контексте  М.  Монтень,  Д.  Дидро,  Вольтер,  Г.  Гейне,  
Г.  Э.  Лессинг,  Б.  Шоу,  Г.  Манн  және  Т.  Манн,  А.  Маруа,  Ж.  П.  Сартр,  
И.  Г.  Эренбург,  К.  Г.  Паустовский,  В.  Б.  Шкловский  т.б.  эссеистиканың 
алыптары саналады. Эссеистика тарихында өзінің сыйлы орынын Англияның 
эссеистері  иеленеді:  Ф.  Бэкон,  А.  Коули,  Дж.  Драйден,  Дж.  Аддисон,  
С.  Джонсон,  Т.  Карлейль,  Р.  У.  Эмерсон,  М.  Бирбом,  Г.  К.  Честертон,  
М. Арнолд, Дж. Оруэлл, М. Оден және басқалары. Латын-америкалық, испан тілді 
әдебиеттердің шарықтауы және оның ХХ жүзжылдықта болған өшпес сәттілігі 
романистикамен ғана емес, сонымен қатар эссеистикамен де байланысты. Осы 
жанрда жазған жазушылардың көлемді туындыларын нақты жете түсінуге 
кеңестік  кезеңнен  кейінгі  уақытта  қол  жетті.  (Х.  Ортега-и-Гассетаның,  
Х. Л. Борхесаның, Ж. Амадудың т.б. тамаша философиялық эсселері). 
Азиялық  эссеистиканы  әдебиетші  ғалым  Александр  Генис 
«данышпандық эссенің әдебиеті» деп атаған екен. Ғалым ең алдымен көне 
қытай философиялық прозасына ерекше көңіл аударып, соның ішінен Лао-
Цзы мен Конфуцийдің эссеистикалық прозасын ерекше атайды. Сондай-ақ 
А. Генис эссенің жапон әдебиетінде де өзінің терең де берік дәстүрлерін 
иеленгендігін атап көрсетеді. 
Жапон эссеистикалық прозасының жарқын үлгілеріне жазушы-эссеист 
Сей  Сенагонның  «Записки  у  изголья»  (лирикалық  эссе-дзуйхицудың 
бірінші жанр туындысы), «Записки от скуки» және эссеист Мисиманың 
«Дневник  летучей  паутинки»,  «Записки  мотылька»  жатады.  Мұнда 
авторлардың қоғамға, адамға деген қасақана емес қатынасы оның барлық 
жоғарғы  және  төменгі,  күлкілі  және  қайғылы  көріністерінде  ашылады. 
Қысқа моно тематикалық әңгіме-фрагмент баяндау кванты ретінде қызмет 
атқарады. Жапон прозасы кең формаларға жалпы әуестенеді. Өрнектілік, 
туындылардың композициясы әдеби шығарманың жанр алдындағы принципі 
ретінде ашылады [2, 254]. 
Тан  империясының  гуманистік  өнері  күнделікті-эссеистикалық 
лирикалық прозаның және «моногатардың» психологиялық повестерінің 
өркендеуін тудырды. Осы кезеңнің ең ірі эссеисті Хань Юй болып табылады. 
Ол  –  жаңа  эссеистік  прозаның  қажеттілігі  туралы  жазған  теоретик-
реформатор.  Оның  «Шығармадағы  рух  –  бұл  өзен  ағыны,  ал  тіл  –  онда 
ағатын барлық заттар. Ағын терең – барлық үлкен және кіші заттар онда аға 
алады. Рухтың тілмен осындай байланысы бар. Рух ұлы болса, онда жолдар 
ұзындығы бойынша, ал олардың дыбысталуы – биіктігі бойынша бір біріне 
сәйкес келеді. Осыған қол жеткізіп, кемелге жақын екендігім туралы айта 
аламын ба?», – деген пікірі көңіл аудартады [3, 295]. 
Жапон әдебиетінің біртума эссеистикалық жанры – «сисёцу», өзі туралы 
проза болып табылады. Бұл – өз өміріңді жалпылама сипаттау емес, дәл 
өзің туралы автобиография. Яғни, ой-пікір бүкіл контексте өзіңе емес, өте 
маңызды болып табылатыны – өзіңнің ішкі дүниеңе бағытталған. 
Эссе жанрының дәстүрлері шығыс әдебиетіне де тән. Бұл дәстүр қазақ 
әдебиетінде де терең әрі берік орналасқан. Классикалық қазақ әдебиетінде 
біз  эссеге  ең  алдымен  Абайдың  бүкіл  «Ғақлиясын»  («Қара  сөздер» 
немесе «Сөздер») жатқызамыз. Профессор А. Ж. Жақсылықов: «Абайдың 
«Сөздеріне»  тән  көзқарасты  баяндауда  мазмұнды  рухты-философиялық 
толықтық,  адал  ниеттілік  және  адалдық,  адамдарға  адамгершілік  әсер 
етуге  бағытталу,  сананың  қауымдық  принципін  ескерту  олардың  батыс 
әдебиетінің эссеистикалық дидактикалық дәстүрлеріне қарағанда Мұхаммед 
Пайғамбардың Хадистеріне жанрлық жақындығы туралы айтуға мүмкіндік 
береді. «Сөздердің» көптеген фрагменттерінде Пайғамбардың Хадистері 
аталады, Құраннан нақыл сөздерден цитаталар келтірілетіндігі кездейсоқ 
жағдай емес», – дейді [4, 207].
Біздің  ойымызша,  Абайдың  «Ғақлияларындағы»  дидактикалық 
екпіндер  «адамдарға  адамгершілік  әсер  етуі»  әрекетінде  көрсетіледі. 
Мұнда Құраннан сілтемелі сәттер бар бірақ Абай үнемі діни тақырыптарға, 
пікірталастарға  түсіндірулер  беріп  отырады.  Тіпті  батыстағы  эссенің 
негізін  салушы  –  Монтеннің  «Тәжірибелері»  моральдық-философиялық 
пікірлесулерден, Библияның көптеген цитаталарынан тұрады, сондай-ақ 
ол діни (христиандық) ілімдер синтезі мен антикалық даналықтың синтезін 
жасады. Сонымен қатар христиандық қағидалардың шексіз рефлексиясына 
және  жеке  бастан  өткізілгеннің,  көргеннің  және  естігеннің  негізінде 
түсініктемелер  берді.  Абай  «Ғақлиясында»  да  қазақ  ойшылы  сілтеме 
ойды береді, сосын бұл ойды тікелей өмірмен байланыстыра отырып, оны 
мысалдарымен-мүкәмалдарымен қосып дәлелдеп шығады. Сонымен бірге 
өз тұсынан тікелей адамгершілікке үндейтін пікір таласулар ұсынады. 
Абайдың  «Қара  сөздерінің»  жанрлық  табиғатына  З.  Қабдолов,  
З.  Ахметов,  Т.  Кәкішев,  М.  Мырзахметов,  Т.  Нұртазин,  А.  Марғұлан,  

116
117
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
А.  Нұрқатов,  С.  Әшімбаев,  М.  Мағауин,  С.  Қасқабасов,  М.  Әлімбаев, 
Б,  Ғабдуллин,  А.  Исмакова,  Р.  Сыздықова,  К.  Өмірәлиева,  Г.  Есімов  т.б. 
сияқты  ғалымдар  назар  аударды.  Ал  аудармашы,  жазушы,  публицист, 
эссеист Герольд Бельгер тікелей мынаны көрсетеді: «Асылында, «Абайдың 
«Сөздері» - насихат емес, ол ой толғаныстары, байымдаулар, қазіргі уақытта 
оны жиі эссе сөзімен білдіреді – асыл ғибадат ойлардың, толғаныстардың 
өзіндік мазмұндауы. Жазудың осыған ұқсас мәнерін Монтень «қаламұшты 
далаға  тастаумен»  бейнелеп  сипаттаған.  Бұл  еркін,  көркем  мәнерде 
баяндалған,  ойдың  шабытты  қатарымен  ерекшеленетін  философиялық 
очерктер, максимдер және рефлексиялар» [5, 248].
«Ғақлия» (Абайдың «Сөздері») – бұл ойшылдың ой-толғаныстарының 
жинағы,  бұл  қазақтардың  діл  ерекшеліктерінен  бастап  еркін,  кейде 
полимикалық мәнерде баяндалған кең жалпылаудың заң, діни сипатына 
дейінгі түрлі тақырыптарға философиялық-моралистикалық, дидактикалық 
эссе: «Менің Сөзімнің бірі біреудің көңілінен шығар және ол оны өзі үшін 
көшіріп алар немесе тек есіне сақтар; егер олай болмаса – менің сөздерім, 
ел айтқандай, өзімде қалады» [6, 160]. 
Егер «Қара сөздерден» әрбір «Сөзді» тақырыптық атауға бөліп қараса, 
онда нақты тақырыптардың және де Монтеньдегі дерексіз тақырыптардың да 
болу суреті көз алдыңызға келеді. «Бірінші сөзді» – «Мені жазуға итермелеген 
себептер туралы» деп атауға болады; «Екінші сөз» – қазақтардың көзімен 
ұлттардың кейбір ерекшеліктері туралы» және т.б. Мұнда «... туралы» – 
бұл жанрдың өзіндік формуласы болып табылады, яғни эссенің мәні атау 
септігінде емес, көмектес септікте беріледі, ғылыми шығармадағыдай дәл 
емес, бір бүйірден қарастырады, ойды өрістетудің себебі қызметін атқарады, 
ол толық шеңберді сипаттап, өзіне – яғни авторға кету және келу нүктесі 
ретінде қайтып келеді» [7, 195].
Монтень  де,  Абай  да  адамның  әлемдегі  артықшылықты  жанның 
орталығы деген бекітуді қабылдамайды, яғни антропоцентризмнің тұғыры 
олардың әлемді сезінуі үшін сипатты емес. Екі ойшылда да астарлап айтудың 
тұмандылығымен  эфемерлік  пікірлері,  ал  бастан  өткізілген  тәжірибенің 
болуымен сентенциясы, адресаттың анықталуымен шындығы бар. 
«Тәжірибелер» мен «Қара сөздерді» салыстыру Абай мен Монтеннің 
көзқарастарының фокусы тепе-теңдігі адамның діни сезімдерінің табиғатын, 
Құдайды біртұтас деп мойындауын, антропоцентризмді терістеу сипатты 
түрде  көрсетеді,  бұл  Монтень  мен  Абайдың  түрлі  конфессионалдық 
тиістілігіне және діни рефлексияларына қарамастан (Монтенің Ескі және 
Жаңа өсиеттерін сыртқа тарату; Абайда – Құран) Абайдың «Ғақлиясының» 
эссеистикалық табиғатына көзқарасымызды растайды. 
Эссе  табиғатына  тән  формалардың  біріне  әдеби  портрет  пен 
зерттеушілік  суреттемені  де  жатқызуға  болады.  Әдеби  портрет  кеңес 
уақытында болымсыздыққа ұрынды. Еуропалық әдебиетте бұл жанр әдебиет 
зерттеушілік формасы бойынша көркем эссенің пайда болуына дем берді. 
2003 жылы М. Сыздықназаров Мәскеу қаласында «Традиции жанра эссе 
в современной прозе Казахстана» деген тақырыпта кандидаттық диссертация 
қорғаған екен. Ал А. Нематованың «Эссе жанры туралы» туралы мақаласында 
эссе жанрының теориясы туралы біршама талдау жасалынған [8, 131]. 
Эссе жанры деректі әдебиет үлгісінің бір түрі ретінде осы сияқты бірен-
саран еңбектерде сөз болғаны болмаса, роман-эссе туралы арнайы зерттеудің 
жазылмағанын байқадық. Осыған орай эссенің болмысындағы өзіне тән 
нақтылы  белгілерін  табу,  поэтикасын  жүйелеу,  қарама-қайшылықтарын 
анықтау,  типологиялық  құрылымы  мен  басқа  жанрлық  формалармен 
қатынастылығын,  классификациялауын  жүйелеу  қажеттігі  туындайды. 
Қазіргі уақытта роман-эссе жазу белең алғанын байқадық. Мысалы, Қалихан 
Ысқақовтың «Ана тілі» баспасынан шыққан «Келмес күндер елесі» атты 
роман-эссесі – 2013 жылдың жемісі болса, ал Қабдеш Жұмаділовтің Қасым 
мен Мұқағали туралы «Шамырқанса, шарт сынатын тектілер» атты естелік-
эссесі де сужаңа дүние. 
Тіпті бір тәсілмен төрт кітап жазып тастаған Қойшықара Салғараның 
«Алтын  тамыр»,  «Көмбе»,  «Қазақтың  қилы  тарихы»,  «Қазақтар»  атты 
шығармаларындағы  роман-эссеге  тән  сипатты,  ондағы  ортақ  идея  мен 
мазмұн сабақтастығын таба отырып, автордың айтпақ ойын, жетпек болған 
негізгі  мақсатын  айқындау  қажет.  Айталық,  «Халықтық  қасиетіңіздің 
қазығы – тарихи сананы қалыптастырыңыз, тарихи есіңізді жиыңыз! Міне исі 
қазақ алдында тұрған ең басты міндет осы» деген [9, 351] жазушы ойының 
тарихи шындықпен үндестігін, яғни тарихилық пен деректілік арқауы жанр 
табиғатына сай ашылды ма деген мәселені зерттеу парыз. 
Ал  Зейнолла  Қабдоловтың  «Менің  Әуезовым»,  Медеу  Сәрсекенің 
«Қазақтың Қанышы» атты шығармаларын да кейбір зерттеушілер роман-
эссеге жатқызған. 
Жоғарыда айтылған А.Исмақованың Абай қара сөздерінің жанрлық 
сипатына  тереңдеп  талдау  қажеттігі  және  «Ғақлияны»  оқып  отырғанда, 
Монтень де, Паскаль да, Граснан да, Ларошфуко да, Ницше де, Шопенгауер 
де...еріксіз  еске  түсетіндігі,  осы  арқылы  қазақ  әдебиетінде  Абай 
қалыптастырған прозалық жанрдың ерекше үлгісін көретіндігі туралы пікірі 
бекер емес. [10, 182]. 
Ал аудармашы-жазушы Герольд Белгер: «По сути дела, «Слова Абай» – 
не назидание, а размышления, суждения, то, что ныне нередко обозначают 
словом эссе – своеобразное изложение сокровенных исповедальных мыслей, 
дум.  Подобную  манеру  письма  Монтень  образно  охарактеризовал  как 
«бросать перо на ветер». Это философские очерки максимы и рефлексии, 
изложенные  в  непринужденной,  изящной  манере,  отличающейся 

118
119
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
вдохновенным  строем  мысли»  –  деп  жазады.  [11,  248].  Осыған  ұқсас 
пікірлер басқа да қаламгерлер еңбектерінен ұшырасады. Әсіресе белгілі 
әдебиеттанушы  ғалым  А.  Жақсылықов  Абай  қара  сөздеріндегі  эссеизм 
Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне жақындығын атап көрсетеді. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  қазақ  эссе  жанрының  қалыптасып, 
дамуында да Абай ғақлиясын тереңдеп зерттеудің қажеттігі туындайды. 
«Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымында Абай арнап кеткен мұңды, 
сырлы бір сәлем осы еді» деп жазған Мұхтар Әуезов «Абай еңбектерінің 
биік нысанасы» деген еңбегінде ақын «жүрегінің түбіне терең бойлауды» 
табыстаған екен. «Абай және Сократ» (Б. Ғабдуллин), «Абай және Гете»  
(Г.  Бельгер)  деген  мақалалар  –  Абайтану  ғылымына  сүбелі  үлес  болып 
қосылған дүниелер. Ал «Абай және Монтень» деген тақырып та арнайы 
зерттеуге сұранып тұр. Себебі Абай ғақлиясы өзіңді өзің тануға жетектейді. 
Яғни «мен» және «мен» деген формула анықталған жағдайда эссеистиканың 
биік деңгейі ашылмақ. Эссенің негізін салушы Монтень де өзі туралы былай 
деп жазыпты: «Менің кітабым өзім арқылы туылды, сол сияқты мен өзім 
кітабым  арқылы  туылдым.  Бұл  кітап  өмірімнің  бір  бөлігі,  менің  негізгі 
жұмысым,  автордан  ажырамайтын  кітап»  (Тәжірибелер).  Міне  Монтень 
мен Абайды байланыстыратын да осы – «мен» және «мен» деген ұғымдар. 
Көптеген сөздіктер мен энциклопедияларда эссе жанрының маңызды 
белгісі  –  оның  тақырыбы  бар,  трактатқа  қарағанда  көлемі  шағын  жанр 
деген анықтама беріледі. Бұл жанр сұлулық, субстанция, өмір шындығын 
көркем суреттей келе, ой қорытындысын «Мен» деген аяқталмайтын ой 
елегімен тұжырымдайды. «Меннің» астарында бүкіл әлем, өмір тіршілігі 
суреттелінеді. «Мен» үш жанрдың тұтасқан бірлігінен тұрады: өмірбаян, 
күнделік, күнәдан тазару (исповедь). Өмірбаяндағы «мен» өткен өмір белесін 
суреттесе, күнделіктегі «мен» осы шақтағы өмірді суреттейді, М. Әуезов 
«Естелік – сөзден соғылған мүсін» деген екен, ал күнәдан тазару – болашақ 
адам өмірінің көрінісі. Осы үш жанрға тән белгілердің барлығы да эссенің 
бойынан табылады». Міне Монтентанушылардың қай-қайсысы да өз ойын 
осы пікір айналасында өрбітеді. 
Эссеге әмбебаптық, яғни синтетикалық қасиет тән. Мұнда жазушының 
талаптарына жауап беретін көркемдік; публистикалық және философтарға 
қажетті  жалпылықтың  сипаты  бар.  Эссе  –  бұл  сапа  мен  көркемдікті, 
публистикалықты және философиялық сыйымдылықты біріктіретін жанр. 
Сәйкесінше, жанрдың параметрлері ішінде жатады, олар ерікті және ағымды. 
Автордың міндеті эссенің формасын өзі анықтау немесе екі-үш сөйлемде 
пікір білдіру. Эссе – бұл дәуір шындығын тікелей көрсететін жанр. Осыған 
орай Ш. Айтматов пен М. Шахановтың кейінгі жылдардағы шығармаларының 
бірін атауға болады. (Плач охотника над пропастью (Исповед на исходе века) 
Авторлар шығарманың жанрын «диалог-кітап» ретінде анықтады. 
Осы үш жанрға (өмірбаян, күнделік, күнәдан тазару) тән белгілердің 
барлығы да эссенің бойынан табылады. Міне Монтентанушылардың қай-
қайсысы да өз ойын осы пікір айналасында өрбітеді. 
Әдебиет  тарихына  көз  жіберсек,  қашанда  жаңа  дәуірдің  өзіне  сай 
тақырып ала келетіні белгілі. Тәуелсіздік жылдар прозасында халықтың 
өткен  тарихын,  рухани  тәжірибесін  жаңа  таным  тұрғысынан  бағалау, 
құндылықтарды қайта қарау, ұлттың рухани жадына назар аудару орын алды. 
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар әдебиетінде жаңа бетбұрыс байқалды. 
Жаңа заман лебі дүниеге жаңаша көзқарасты қалыптастырды. Әдебиетке 
жаңа қаһармандар келді, өмірді бейнелеу кеңістігі кеңейді, философиялық 
сарын,  драматизм  күшейді.  Әдебиет  өмірді  бұрынғыдай  таптық  аяда 
бейнелемей,  әлеуметтік-шаруашылық  мүддені  емес,  ұлттық  мүддемізді 
жоқтаған күрескер кейіпкерлерді алға тартты. Тәуелсіздік жылдарындағы 
проза кеңес дәуіріндегі қуғын-сүргіннің сырын тереңдете ашуға ден қойды. 
Руханият мәселелеріне терең бойлауға мүмкіндік туды. Уақыт талабына орай 
жаңа сапалық қасиеттермен толыса түскен әдебиетіміздің қуатты бір тармағы 
прозада өзгеше бояу, соны нақыштар, рухани ізденістер бой көрсетті. 
Тәуелсіздік жылдар әдебиетінде романтикалық тенденциялар дәстүрлі 
реалистік  әдіс  және  модернистік,  постмодернистік  ағымдармен  жарыса 
көрінді. Адамзат дамуының өтпелі дәуірлерінде, қалыптасқан, орныққан өмір 
салты бұзыла бастағанда және қоғамда нобайы әлі белгісіз, қандай да бір 
жаңа, бірақ белгісіз дүниені күткенде – жаңашыл ізденістер, романтикалық 
тенденциялар бой көрсете бастайды. 
Қорыта келгенде, эссе дегеніміз, жұртшылықты ойлануға үйрететін 
қарымды қаламгердің зерттеушілік еңбегі деп те айтуға болады, яғни көрнекті 
философтардың ойларын қалың көпшілікке жеткізу әдісі. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Джордж Оруэлл. Англия, ваша Англия. Эссе. Пер. с анг. // Иностранная 
литература, 1992. – №7. – 226 б. 
2 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005.  
–254, 572 б. 
Генис, А. Мировая литература: Круг мнений. – М., 1998. – 295с.
4  Жаксылыков,  А.  Образы,  мотивы  и  идеи  с  религиозной 
содержательностью  в  произведениях  казахской  литературы.  Типология, 
эстетика, генезис. А. : Казак университеті, 1999. – 207 с.
Бельгер, Г. К. «Книга слов» Абая и ее переводчики. – В книге: Земные 
избранники (Гете и Абай): Литературно-критические очерки-эссе. – Алматы : 
Жазушы, 1995. – 248 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет