102
103
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
А. Ф. Зейнулина
Философская концептуальность в поэзии Ш. Кудайбердиева
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 14.11.14.
A. F. Zeinulina
Philosophical conceptual importance in the poetry of Sh. Kudaiberdiyev
S. Toraighyrov Pavlodar State University; Pavlodar.
Material received on 14.11.14.
В статье рассматриваются философско-поэтические концепции
национального миропонимания и специфика художественных образов
в поэзии Ш. Кудайбердиева.
In the article there is considered the philosophical-poetic concept
of national world view and specific artistic images in the poetry of Sh.
Kudayberdiev.
ӘОЖ 8 82.151.212.2
А. Ф. Зейнулина
1
, Ә. Т. Ибраева
2
1
ф.ғ.к., профессор, ҚР ПҒА корреспондент – мүшесі, қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
Павлодар қ.
2
филология факультетінің 3 курс студенті, Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институты, Павлодар қ.
ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
МҰРАТ ПЕН ШЕБЕРЛІК
Мақалада қазақ қаламгерлерінің шығармаларындағы ұлттық
ой мен сөздің, ұлттық болмыс пен ұлттық тарихтың көркемдікпен
берілу мәселесі қарастырылады.
Кілтті сөздер: проза, повесть, ауыл, қала, тарих, шетел өмірі,
психологиялық тартыс, сюжет, авторлық ұстаным, кейіпкер,
ұлттық мінез.
Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда тақырып
-алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай,
оқиғалардың суреттелетін өмір құбылыстарының кеңістігі. Ал, шығарманы
талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып - ол шығарманың мазмұнының негізгі
бір құрамды бөлшегі, айтылған, суреттелген жайлардың қоғамдық өмірдегі
маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыкқа айналған
қалпы. Жазушыны не нәрсе қатты толғандырса, толқытса, сол түптің түбінде
оның болашақ шығармаларының тақырыптарына айналады.
Заман, уақыт ырғағының өзгеруі жаңа мазмұн, тың пішіндерді туғызды.
Уақыт пен заман ХХ ғасырдың ІІ жартысында, әсіресе оның соңғы ширегінде
прозаның повесть жанрын алға шығарып, оған осы дәуірдің ең көкейкесті
рухани, адамгершілік мәселелерін образдар тілімен қозғауды міндет етіп
жүктеді.
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ повестерінің басты тақырыптарын
шартты түрде беске бөліп жіктеуге болады. Олар: 1) ауыл 2) қала 3) тарих
4) шетел өмірі.
Осы кезеңдегі повестердің басты тақырыбы – қырда жатқан қазақ
ауылдарының тыныс-тіршілігі болды. М. Мағауиннің «Тазының өлімі»
мен «Қара қызы», Ә. Кекілбаевтың «Шыңырауы» мен «Автомобилі»,
С. Мұратбековтың «Жусан исі» мен «Үшқарасы», Т. Әбдіковтың «Әкесі»
мен «Оралуы», Б. Нұржекеевтің «Кінәлі махаббаты», Д. Исабековтың
«Тіршілігі» мен «Дерменесі», О. Бөкеевтің «Қар қызы» мен «Қайдасың,
қасқа құлынымы», Т.Нұрмағамбетовтың «Түпкірдегі ауылы» мен «Қош
бол, атасы», Ж. Түменбаевтың «Ауыл шетіндегі үйі» секілді қазіргі кәсіби
прозаның әлемдік талаптарына толығымен жауап бере алатын повестері нақ
осы тақырыпқа — ауыл өміріне арналған болатын. Аталмыш авторлардың
осы тақырыпқа деген ерекше сүйіспеншілігінің бірнеше себептері бар.
Біріншіден, бұлардың барлығы дерлік қазақтың байтақ даласының
түпкірлеріндегі ауылдардан шыққан кешегі қыр баласы еді. Сондықтан
олар бұл өмірді, осы қоғамдық ортаның тіршілігін басқа тақырыптарға
қарағанда әлдеқайда жетік білді. Екіншіден, ауыл – қазақ халқының әдет-
ғұрпының, өмір сүру салты мен ұлтгық психологиясының, ана тілі мен
халыктық төл философиясының бастауы, алтын бесігі еді. Сондықтан да
қазақ жазушыларының бұл толқыны ауыл өміріне тән ситуациялар мен әрбір
детальды ерекше ыждағаттылықпен зерттеді.
Қазақ халқының басым көпшілігі ауылдар мен қам-қарекеті мен
әлеуметтік жіктелуі сол ауылдарға ұксас шағын қалаларда тұрып
келгенімен, белгілі бір бөлігі осы жылдары республикадағы үлкен өркениет
орталықтарына қоныс теуіп үлгерген болатын. Олар алыс ауылдар мен
кенттерден оқу іздеп келген шәкірттер, ғылыми-техникалык революция
дәуірінде жаңадан пайда болған мамандыққа бейімделіп кәсіп қуған жастар,
сондай-ақ астанада, немесе облыс орталықтарында қызмет бабымен қалып
қойған мемлекеттік, партиялық шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері еді.
Бұлар, негізінен, маргинал тұлғалар: олар, бір жағынан, әлі ауылдан біржола
104
105
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
қол үзіп кеткен нағыз қалалықтар да емес, екінші жағынан, істеп жүрген
кәсіптері мен тұрып жатқан тұрақты саяси-әлеумет сол қала тіршілігне
дендей ене бастаған жандар болды.
Қала тақырыбына жазылған қазақ повестерінің негізгі кейіпкерлерін,
негізінен, осындай типтер кұрады. Қ. Мұханбетқалиевтың «Ескі
достарындағы» Нұралхан, Д. Исабековтің «Қарғынындағы» Жасын мен
Сәргел, М. Мағауиннің «Қара қызындағы» Бексейіт Атахановтарды
кейіпкерлердің нақ осы тобына жатқызуға болады. Бұлардың бәрі - қазіргі
қалалық зиялы қауым өкілдері, күні кешегі қыр балалары, бұлардың бәрі
де қазір жайлы қалалық пәтерлерде тұрады, бұлардың бәрі де азды-көпті
өмірлерінде махаббат, достык, қызғаныш, сатқындық секілді пенделік
сезімдерді басынан өткерген жандар, бірақ соған қарамастан олар түр-
түсі, адамдық мінезі, талғамы, қоғамдық, жеке көзқарастары жағынан бір-
бірлеріне мүлде ұқсамайды: инженер Нұралхан жаны жайсаң, ақкөңіл жігіт,
бірақ мансапқорлықтан да құралақан емес, тарихшы Бексейіт Атаханов
– қабілетті, бірақ сатқын, ғалым Сәргел — мәймөңке, жылауық, ал Жасын
– Жасын десе Жасын, барып тұрған турашыл, ақиқатшыл, бірбеткей.
Қазіргі қазақ жазушыларының калалықтар өмірінен калам тартқанда
зиялы қауым өкілдеріне ерекше мән беруі тегін емес, өйткені суреткерлердің
бұл толқыны қазақ қоғамының осы әлеуметтік тобымен қоян-қолтық
аралас болғандықтан, басқа әлеуметтік топтарға қарағанда олардың өмірін
жақсырақ, тереңірек білді.
Әдебиетке үлкен дайындықпен келген бұл жазушылар сол кездегі
шығармалардың көпшілігінде орын алған өз кейіпкерлерін олардың
мамандықтарына таңып тастап, кейіпкерлерді олар атқарып жүрген
күнделікті қызмет, тікелей өндірістік жұмыс үстінде ғана көрсетуге күш
салатын социалистік реализм әдістерінен бойын аулақ салды. Олар заманды
адам арқылы, адамды мінезі арқылы, мінезді іс-әрекеті арқылы танытуды
түпкі суреткерлік мақсатқа айналдырды.
Қазіргі қазақ повестерінің таңдаулы үлгілерінің осылайша саналы түрде
«аяқталмай» қалуы осы жанрдың құрылымдық принциптеріне айналып
үлгерді. Шешілмей қалған драмалық түйіндер қазақ повесінің пішінінің
негізгі бір басты қасиеті болып табылатын болды. Басты кейіпкерлері
соңында «бай болып, барша мұратына» жетіп тынатын соцреализм үлгісімен
жазылған кейбір әсіреқызыл әдеби туындылардағы шешімге қарағанда
мұндай шығармалар оқырмандарына үлкен сенім артады, оларды өздерімен
бірге ойланып-толғануға, бір сөзбен айтқанда, белсенді шығармашылық
өмір сүруге шақырады.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ повестерінде жан-жақты көтерілген
тақырыптың бірі - тарихи тақырып болды. М. Әуезовтің әлемге әйгілі атақты
«Абай жолы» эпопеясынан кейін бұл тақырыпқа арналған романдар мен
повестер, поэмалар мен әңгімелер, драмалық пьесалар кең құлаш жайған
еді. Біз сөз етіп отырған повестердің ішінде Ә. Кекілбаевтың «Ханша дария
хикаясы», «Күй», «Бәсеке», «Шыңырау», А. Сүлейменовтың «Бесатар»,
Қ.Мұханбетқалиевтың «Ежелгі дұшпан» секілді повестерін ерекше атауға
болады.
Төл тарихынан көз жазып қала жаздаған қазақ оқырмандары бұл
шығармаларды зор қызығушылықпен қабылдады.
Әбіш Кекілбаев пен Асқар Сүлейменовтің, Қажығали Мұханбетқалиевтің
«Күй», «Ханша дария хикаясы», «Бәсеке», «Шыңырау», «Бесатар»,
«Ежелгі дұшпан» атты повестері тарихи тақырыпқа жазылған үздік әдеби
туындылардың қатарынан берік орын алады. Әсіресе, тарихи тақырыпты
игеруде Ә. Кекілбаев шығармашылығының орны ерекше болғанын айта
кетуіміз керек. Көне аңыздар мен мифтер, маңызды, мәнді тарихи оқиғалар
мен тұлғалар жазушы шығармаларына арқау болды. Ол тарихтың көне
шежіресінен бүгінгі заманның рухани мүддесіне сай келетін мазмұн таба
білді. Ол сонымен бірге сол ескі күндердің тұрмысын тар ұлттық шеңбермен
тұйықтап тастаған жоқ, оны адамзатқа ортақ этикалық, эстетикалық,
философиялық өрістерге шебер ұштастыра білді. Сондықтан да Ә. Кекілбаев
суреттеген Шыңғыс пен Ақсақ Темір, Жөнейіт хандардан бастап қарапайым
құдықшы Еңсепке дейінгі тарихи кейіпкерлер галереясы тек қазақтарға
ғана емес, басқа да талай азиялық жұрттар мен мүлде өзге саяси-әлеуметтік
менталитет иелері еуропалықтарға да түсінікті болды.
Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі әдет-ғұрып, дәстүр-тағылымдарын
егжей-тегжейлі, кейде қызыға суреттеуге бейім қарымды жазушы. Ол
көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына
ерекше мән береді, бірақ арзанқол экзотика жетегінде кетпейді, сол
детальдардың әлеуметтік, философиялық мән-мағынасына үңіліп, халық
өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысады.
Ә. Кекілбаев, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой парасат
көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас диалектикалық
бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Ә. Кекілбаевтың повесть жанрындағы ізденістері жанр құрылымындағы
ескі мен жаңаның бір-бірімен үздіксіз қарым-қатынаста болатындығын
дәлелдейді.
Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесі арқылы – халық прозасының аңыз
жанрын қайта жаңғыртты. Бұл жерде бізді қызықтыратыны – Ә.Кекілбаевтың
«Күй» повесіндегі халық аңыздарының идеялық-көркемдік қызметі, аңыз
тәрізді канондық жанрдың өзгерген күйде жанр құрылымына еніп, оны тек
мазмұндық қана емес, көркемдік тұрғыдан да байытуы, соның нәтижесінде
повестің жанрлық мүмкіндігінің артуы.
106
107
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Әбіш Кекілбаевтың тарихи тақырыпқа жазылған повестерінің ішіндегі
ең бір ерекшесі – «Ханша дария хикаясы». Мұнда қым-қиғаш сюжет те,
аса қызғылықты оқиғалар да жоқ. Повесть фабуласының ұзын-ырғасын
бес-алты ауыз сөзбен тәмамдауға болады. Жарты әлемді аузына қаратқан
ұлы әмірші Шыңғыс хан қартайған шағында таңғұттардың астанасының
ойранын шығарып, бүткіл еркек кіндіктілерінің бәрін қырып салады. Ең
соңғы болып олардың ханы Шидүргінің басы алынады. Сөйтіп , таңғұрттар
Отаны қан сасып, қаңырап қалады. Енді бүкіл таңғұт қыз-келіншектері
монғол әміршісінің қарауында: ашса – алақанында, жұмса жұдырығында
болды. Оның ішінде ай десе – аузы, күн десе – көзі бар Шидүргінің әйелі
Гүрбелжін ханша да бар. Кәрі Шыңғыстың есіл-дерті осы ханшаға ауады.
Сұлуды қалай да өзіне қаратып, кұмарынан шықпаққа бел байлайды. Алайда
туған елі мен жарына адал сұлу ханшаны Шыңғыс қаһары бағындыра
алмайды. Гүрбелжін әміршіні өлтіріп, сонан соң өзі де мерт болады.Сөйтіп
каһарымен дүниенің жарымын тітіркенткен қатыгез қаған да, сұлулығымен
жұртты аузына қаратқан ханша да дүниеден өтеді. Арттарында тек аңыз
ғана және де жай ғана көп аңыздың бірі емес, тағлымы ғасырдан ғасырға
ұласатын аңыз қалады.
Қазақ көркем сөзінде лингвистикалық прозаның негізін қалаған
А. Сүлейменов кейіпкерлерін мінез жағынан даралауға ерекше мән береді,
ол сондай-ақ сюжетті негізінен оқиғаға емес, адамдардың арасындағы
психологиялық тартыстарға құруға көбірек бейім. Мысалы, оның әйгілі
«Бесатар» повесінің оқиғалар желісін бес-алты-ақ сөйлеммен айтып беруге
болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің Қазығұрт аймағындағы
басшыларының бірі Төрехан мен оның Ташкентте оқып жүрген ұлы Сәуар
ақ патшаның жазалаушы отрядының командирі Крейгельдің тұтқынына
түседі. Ал, Төреханның бостандықтағы үзеңгілес серіктері Мұқағали мен
Өтеп болса, керісінше, орыс офицері Иноземцевті кейіннен Төрехан мен
Сәруарға айырбастау үшін қамауға алады. Бірақ олардың бұл ойлары жүзеге
аспайды: Крейгель Қазығұрттың баурайында әкелі-балалы қос боздақты оққа
жығады. Көлемді повестің сюжеттік желісінің негізгі ұзын-ырғасы – осы.
Алайда бастан-аяқ Крейгель-Сәруар-Төрехан ұштағынының арасындағы
психологиялық тартысқа құрылған бұл көркем туынды оқырманды ешбір
жалықтырмайды: жазушы кейіпкерлерінің миы мен жүйкесінде жүріп жатқан
арпалыстарды шебер, білгірлікпен суреттеу арқылы оқырманын да, әдеби
кейіпкерлерін да үнемі ширықтырып, кейде тіпті ышқындырып отырып,
уысынан бір босатпайды. Бодан елдің, намысты ұрпақтарының бостандыққа
ұмтылған ұлы арманының ащы жеңілісін аяусыз шыншылдықпен бейнелеген
бұл шығарманың басты жетістігі де, қазақ прозасы үшін тосындығы да осында.
А. Сүлейменов шығармалары оқырмандарын бірден баурап кете
алмайды. Сөйлемдері қысқа болғанымен, оқуға ауыр, ой мен сезім қақтығысы
мол күрделі әлемге алып келеді. Оның кейіпкерлері оқырмандардан өз
ойларына, қуанышы мен күйінішіне ортақтасуды талап етеді, осы мақсатта
жазушы адам санасы мен жан дүниесіндегі әрбір қозғалысқа егжей-тегжейлі
қарап, кейіпкерлерінің іс-әрекетін пластикалық көріністермен суреттеуге
көп көңіл бөледі.
А. Сүлейменовтің көркемдік баяндау тәсілі – негізінен диалогке жақын.
Ал, диалог кейіпкерді айтысқа тартып, сөз жарысуы, ой алмасуы олардың
бет-жүзіндегі, денесіндегі, қимыл-қозғалысындағы кездейсоқ ишараларға,
тосын іс-әрекеттерге себепкер болатыны белгілі.
Әрбір қимыл-қозғалыс арқылы үлкен бір астарлы ой айтуға
машықтанған А. Сүлейменов диалог кезіндегі кейіпкердің мың құбылған
сыртқы психологиялық құбылыстарын қадағалай отырып, оның ішкі жан
жүйелеріне зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ кейіпкерді өздеріне зерттетеді.
Жазушы, әсіресе, диалог үстіндегі адамдардың бет-жүзінде көрініс беретін
оқыс ишара, емеурін, қимыл көріністерін көркемдік назардан тыс қалдырмай
суреттейді.
А. Сүлейменов өз шығармаларында жанама мінездеу тәсілін тамаша
қолданады. Жанама мінездеудің бірі – типтік, бүтіндей бір халыққа, ұлтқа
тән мінез-болмысты, характерді сомдау әдісі. Көркем әдебиет – бір заманды
екінші заманға, бір ұрпақты оның келесісіне жалғастырып, табыстырып
отыратын рухани алтын көпір. Егер Б. Майлиннің таңдайынан бал тамған аса
көркем әңгімелері мен повестері болмаса, 1920-1930 жылдардағы еліміздегі
кеңестік ұжымдастыру дәуірінің, М. Әуезовтің шешен де шерлі «Абай жолы»
эпопеясы болмаса, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қырдағы қазақ
өмірінің тұтас бір алып панорамасын бүгінгі ұрпақ көз алдына толық, жан-
жақты елестете алмас еді. Сондықтан көркем әдебиетте сол әдебиеттің иесі,
мұрагері болып табылатын ұлт өміріндегі мәнді кезеңдер мен тақырыптардың
жан-жақты, толық қамтылуы тек көркем өнер үшін ғана емес, халықтың
тарихи танымы мен санасы үшін де аса маңызды.
Д. Исабековтің «Сүйекші», «Тіршілік» повестерінде кейіпкерлердің
өмірбаяны, қасіретке толы өмірі оқырманның көз алдында өтеді. Олардың
бүгінгі күнгі сезім сергелдеңдерінің сыры артта қалған ғұмырында.
Сондықтан да бас кейіпкерлерінің өткен өмірін баяндауда автор олардың
реалистік психологиясын беру үшін тарихи-хронологиялық үлгіде суреттеуге
ден қояды да, характерлердің қалыптасу тарихына назар аударады.
Бұл тұрғыдан алғанда повестің бойынан роман жанрына тән белгілерді
байқаймыз. Д. Исабеков повестері романға жүк болар өмірлік материалды
повестің ауқымына сыйғызуға болатынын дәлелдейді. Бірақ жазушы
романдағыдай шырғалаңы мол тарихи оқиғаны молынан қамтып, адам
характерін сол материал негізінде ашуға ұмтылмайды, керісінше, белгілі
бір характер арқылы қоғам шындығын көрсетеді.
108
109
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Жазушы үшін тақырып табу - жалаң мақсат емест, такырып оған өзінің
окырманға айтар ең көкейкесті сыры - идеяны ашу үшін қажет. Ал, идеяны
жан-жақты ашу үшін сәтімен табылған бір тақырып аздық етеді. Көркем
шығарманың тақырыбын да, айтар идеясын да заттандырып, тірілтетін, оның
бойына қан мен жан беретін сол туындылардағы характерлер мен типтер,
образдар жүйесі. Көркем бейнені сомдаудың әдіс-тәсілдері әр алуан. Олар:
портрет, кейіпкердің сөйлеу тілі, тура және жанама мінездеу, ым-ишаралар,
дене қимылдары, көркем уақыт пен кеңістік, психологиялық бейнелеу
құралдары және т.б. Әсіресе кейіпкер характерін ашудағы көркем уақыт
пен кеңістіктің атқаратын рөлі өте зор. Бұл ерекшелік әсіресе О. Бөкей мен
Т.Әбдіков повестерінен айрықша байқалады.
Егер ауыл мен қала, тарихи тақырыптарға арналған шығармалар қазақ
повестерінде молынан ұшырасатын болса, бұл жанрдың шетел өміріне
арналған үлгілері тек Т. Әбдіковтің шығармашылық өмірбаянынан ғана
табылады. Бұның басты себебі осы тақырыпқа қалам тартудың қиындығында
жатты. Біріншіден, темір шымылдық саясаты. Екіншіден, әлемді кеңестік
қоғам тек бір қырынан танып, таптық идеология тұрғысынан түсіндірілді.
О. Бөкеев повестерінде кеңістіктің адамға әсері, адам характерінің сол
кеңістікті түйсініп, сезінуіне байланысты өзгеруіне ерекше мән берілсе,
Т. Әбдіков повестерінде уақыт пен кеңістік болмысы өзінше суреткерлік
қалыпта көрініс табады.
Жазушының «Тозақ оттары жымыңдайды», «Ақиқат» повестерінде
бейнеленген көркем кеңістік пен уақыт туындыда көтерілген маңызды
мәселелердің мәнін ашуға, сондай-ақ жанрлық ерекшеліктерін саралауға
көмектеседі.
Қаламгер «Ақиқат», «Тозақ оттары жымыңдайды» повестерінің
сюжеттік желісін түрлі кеңістік аясында берсе де, адамзат баласының шыққан
тегі – біреу, жер шарының бір нүктесіндегі келеңсіздік адамзаттың бәріне
ортақ деген концепцияны ұсынады. Бұл концепция әсіресе «Тозақ оттары
жымыңдайды» повесінде анық сезіледі.
Шығармада суреттелген оқиғалардың хронологиялық бірізділігінің
сақталмауын жазушының ретроспекция тәсілін қолдануымен түсіндіруге
болады. Повесте екі сюжеттік желі тартылған: біріншісінде бас кейіпкердің
қазіргі хал жағдайы баяндалса, екіншісі оның өткен өмір елестерін қамтиды.
Екі сюжеттік желі авторлық ұстаным арқылы біріктірілген. Әсіресе, атақты
дәрігер, есімі айдайәлемге әйгілі доктор Бейкердің санасында біртіндеп
өше бастаған сурет-елестердің жаңғыруы осы екінші сюжеттік желіге арқау
болған.
Адам санасындағы өткен уақыт жаңғырығы, оның адам характерін
өзгертумен бірге, тұйыққа тірейтінін бейнелеу Т. Әбдіковтің «Ақиқат»
повесіне тән сипат. Повестің бас кейіпкері Роберттің көріпкелдік қасиеттері,
ақылдан азап шегуі, сау жүріп жындыханаға түсуі, асылып өлуі –
шығармадағы негізгі оқиғаның бас-аяғы осы. Зерттеуші Қ. Хамзина аталмыш
повесті жанрлық түрі жағынан фантастикалық деп атағанымен, шығармада
бүгінгі күн шындығы бар екенін жоққа шығармайды. Шындығында да,
повесті философиялық фнатастика жанрында жазылған шығарма десек
дұрыс болар. Себебі повестің негізгі арқауын Роберттің көңіл-күйіндегі
өзгерістер, оның адамзат тарихы, сана, бақытсыздық, ғылым мен өркениет
туралы философиялық ой-толғаныстары құрайды.
Кейіпкер уақыты повестің сюжеттік-композициялық құрылымында
маңызды қызмет атқарады. Жалпы кейіпкер уақыты қаһарманның
суьбективтік уақытын ғана емес, оның өмірбаяндық уақытын да қамтиды.
Кейіпкер уақыты оның характерінің қалыптасу ерекшеліктерін, қоршаған
әлеммен қарым-қатынасын көрсетеді. Роберттің жеке уақыты жазушы
тарапынан ерекше мән берілген «он жыл» мерзімді, лирикалық шегіністегі
бал дәурен, жастық шағын және жындыханада өткізген күндерін суреттеу
арқылы берілген. Бұл үш түрлі уақыттың кейіпкер санасында қалдырған өз
таңбасы бар.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында проза жанрында жазылған туындылар
қазақ көркем әдебиетіне тың көркемдік сапалар қалыптасып, өсу белгілері
байқалғандығының айғағы болғаны бүгінде шындыққа айналған қағида.
Осы уақытта әдебиет майданына араласа бастаған Ә. Кекілбаев, О. Бөкеев,
Д. Исабеков, Т. Әбдіков, С. Мұратбеков, М. Мағауин, Ә. Тарази сынды
қаламгерлер қазақ прозасының кәсіптік деңгейінің көтерілуіне үлкен ықпал
жасады. Әсіресе әңгіме, повесть жанрларын дамытуға белсене ат салысты.
«Осы кезеңде жаңа творчестволық табыстарымен көрінген жазушылар
бұрынғыдан да өсе түскендерін көрсетті. Әр түрлі жазушылар типі
қалыптасты. Олардың стилі де бөлек. Олар бұрынғыдан гөрі өз шеберліктерін
арттырып, көркемдік-поэтикалық қуатын танытты. Мұның өзі ұлттық
мәдениетіміз мен әдебиетіміздің бұрынғы жауһарларынан үлгі алған дәстүр
жалғасы аясында өрістеді. Бұл бұрынғы классиктеріміздің жақсы дәстүрлерін
уақыт өткен сайын жаңа қырынан дамытуға деген үлкен талпыныс еді»
[1, 157], – деп Т. Бекниязов атап көрсеткендей, аталмыш жазушылар алыптар
тобының ізденіс сипаттарын, көркемдік дәстүрін одан әрі дамыта отырып,
әдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Олардың шығармашылығы
жөнінде аз айтылып, аз жазылған жоқ. Мысалы, С. Қирабаев: «Олардың
талантты өкілдері осы дәуір ішіндегі әдеби процеске белсене араласып,
әдебиетіміздің жаңа ізденістерін, табыстарын байытуға үлестерін қосып жүр.
Олар өз дәуірі шындығының жанды суретін ғана емес, замандастарының
ішкі сезім күйлерін, оларды толғандырған ой-пікірлер байлығын ала келді.
Жастардың жазу мәнерінде білімділік, мәдениеттілік сезіледі. Шындыққа
әр көзбен қарап, әрқайсысы әр жағынан толықтыру арқылы олар әдебиет
110
111
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
дүниесін байытуға едәуір үлес қосуда» [2, 84], – десе, Р. Нұрғали: «Қаламнан
өмірге келмеген, өмірден қаламға келген. Творчестволарындағы басты сипат,
басты құнар – өмірдің лебі, тіршіліктің бояуы» [3, 219], – деп, қаламгерлер
шығармашылығының ең басты ерекшелігі ретінде ондағы өмір шындығының
бейнелену сипатын атайды. Расында да жазушылар «шындыққа әр көзбен
қарап» [2, 84], оқырман күткен, көптің көкейінде жүрген өткір әлеуметтік-
адамгершілік мәселелерді алға тартты. Аталмыш мәселелерді шешуде соны
ізденістер көкжиегін кеңейтті. Сондай ізденістердің бір ұшығы шығарма
сюжетінен байқалды.
Қазіргі қазақ прозасында қаламгерлердің адам мен қоғам, адам мен әлем
арасындағы қарым-қатынасқа, адам болмысының мәнін, өмірдегі орнын
бағамдауға байланысты тұжырымдары дүниетаным шеңбері кең, өмірдің
мәнін философиялық тұрғыдан түсінетін кейіпкерлерді өмірге әкелді.
Әрине көркем шығарманың жанрлық белгілерін қатып қалған
ережелермен анықтауға болмайды, себебі әдеби шығарманың өзіндік
көркемдік әлемі бар. Сонымен қатар кез-келген жанр өмір шындығын игеру
тәсілдері, сюжет құру, кейіпкерлер характерлерін ашу амалдарынан көрінетін
өзіндік ерекшеліктерін сақтауға тырысады. Әсіресе шығарманың жанрлық
белгі-қасиеттерін анықтауда ондағы сюжеттің және кейіпкердің сомдалу
сипатының ролі өте маңызды.
Әрбір әдеби жанрдың өзіне тән сюжет ерекшеліктері болады десек,
шығарманың жанрлық белгілерінің бірі автордың сюжет құру шеберлігімен
тығыз байланысты. Көркем шығарманың сюжет өзгешеліктеріне тоқталатын
болсақ, біріншіден, шығарманың сюжеті негізінен характердің ашылуына
қызмет ететінін атар едік, туынды сюжеті қым-қиғаш оқиғалармен ғана
ассоциацияланбайды, сонымен бірге кейіпкерлерді қоршаған ортаның
психологиялық өрістеуіне де байланысты, сондықтан қазіргі шығармада сырт
оқиғалар қақтығысының орнына психологиялық тартыс, сырттай баяндаудың
орнына кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіндегі қозғалысты суреттеуге баса
назар аударылады.
Өзге жанрларға қарағанда прозадағы сюжет композициясының да
өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі қазақ прозазындағы сюжеттің құрамдас
бөлшектерінің өзара байланысы белгілі бір заңдылыққа бағынбайды,
сондықтан шығармадағы оқиғаның баяндалуында хронологиялық тәртіптің
сақталмауы заңды құбылыс. Бұл ерекшелік авторлық ұстаным сипатына,
уақыт-кеңістіктік фактор рөлімен түсіндіріледі. Демек, ХХ ғасырдың ІІ
жартысындағы қазақ прозасы ұлттық таным мен ұлттық болмыс табиғатын
көркедікпен танытуда жаңа кәсіби, көркемдік деңгейге көтерілді.
Дәстүрлі жанрлық шектеулер ауқымынан, қалыптасқан жанрлық
талаптар шеңберінен шыға отырып, еркін жазуға ұмтылған қаламгерлер
сана ағыны, психологиялық талдау, миф пен ақиқат шындықты ұштастыру
тәрізді көркемдік әдіс-тәсілдерді игере отырып, соны жанрлық ізденістер
көкжиегін кеңейтті.
Прозада бейнеленген өмір шындығы көп жағдайда кейіпкердің түйсік-
түсінігі күйінде бейнеленіп, оның дүниені тануы түрінде көрініс берді.
Ұлттық мінез жасаудағы сюжеттің маңызы ерекше болды, сондықтан
шығарма сюжеті характердің ашылуына қызмет етті. Осылайша көркем
шығармада көрініс тапқан көркем уақыт пен кеңістік кейіпкер болмысын
ашудағы ерекше көркемдік тәсіл тынысы кеңейіп, қазақ қаламгерлерінің
ұлттық мұрат – мақсатты жүзеге асыруда мәртебесі жоғары болып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Бекниязов, Т. Кейіпкердің адамгершілік проблемасы. – Алматы :
Қазақ университеті, 1997. – 164 б.
2 Қирабаев, С. 2 томдық шығармалар жинағы. Т. 2. – Алматы : Жазушы,
1992. – 544 б.
3 Нұрғали, Р. 2 томдық шығармалар жинағы. Т. 2. – Алматы : Жазушы,
1991. – 576 б.
4 Бөкеев, О. Біздің жақта қыс ұзақ. Повестер. – Алматы : Жалын, 1984.
– 432 б.
5 Сүлейменов, А. Бесатар. – Алматы, 1997. – 400 б.
6 Әбдіков, Т. Оң қол. Әңгімелер мен повестер. – Алматы : Атамұра,
2002. – 352 б.
Материал 14.11.14 баспаға түсті.
А. Ф. Зейнулина
1
, А. Т. Ибраева
2
Достарыңызбен бөлісу: |