2. Амандық – тілектестік Амандық ұғымының қазақ танымындағы ауқымы өте кең. Айта кетерлігі, ол тек
жағымды мағынада, белгілі бір іске оң баға беру мәнінде жұмсалады. Тілдік қолданыста
«амандық-саулық» бірліктерінің теріс сипатта жұмсалған мысалдарын табу қиын. Біз
мұны «амандық» категориясының басты ерекшелігі және өзіне тән спецификасы деп
бағалаймыз. Жалпы, «амандық» ұғымы салт-жоралғылардың вербалды нұсқасы болуымен
қатар, ниет-тілек, тілектестік контекстінде де қолданылады. Мәселен, «
Ең негізі мына кеселден аман-есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым. Ұшайын десем қанат жоқ... Аман-есен бас қосуға жазсын! Аман бол, досым! Кұрметпен, Иманғали»! https://www.abai.kz/post/108703. Хатты жазушы «амандық» ұғымын пайдалана отырып, ең
алдымен, өзінің ізгі ниетін білдіреді. Бұл жағдайда, «амандық» категориясы «кесел»
түсінігіне оппозициялы болып тұр. Сондай-ақ контекстте «аман-есендік» және «аман бол»
бірліктері жиынтық мағынаны тасымалдап тұрғаны байқалады. Яғни, бұл ұғымдар хатты
алушыға автор тарапынан үміт, ниет, тілекті білдіреді. Сәйкесінше, «амандық» ұғымы
тіліміздегі көптеген оң мазмұнға ие бірліктерді өз кеңістігіне ала отырып тасымалдайды.
«Амандық» категориясы тек тілді қолданушы коммуниканттардың арасында ғана белсенді
емес. Ол сонымен қатар, адам мен жаратушы арасындағы діни мотивтерге ие, сакральды
белгілері бар ұғым. Мысалы:
«Алматыдан Астанаға қатынайтын Airbus жолаушылар ұшағы зiкiр салған бақсыдай дiгiрлеп көкке көтерiле бергенде жанымда отырған орта жастағы кiсi күбiрлеп иманын үйiре бастады: «Я, Раббым! Я, Раббым! Аман-есен жеткiзе гөр! Бiлiп-бiлмей iстеген күнәларымды кеше гөр!..». https://abai.kz/post/16198.
Мысалда, «аман-есен» тіркесі сакральды күш иесіне бағытталған қатынасты білдіреді.
Жалыну, жалбарыну, медет тілеу мәнінде қоланылады. Осы жайттан екі түйін шығаруға
болады. Біріншіден, амандық ол адам өмірінің бір атауы, адам айырылып қалудан
қорқатын үлкен құндылық. Екіншіден, ол коммуникацияда қарапайым бірлік ретінде және
тілдің екінші бір жұмсалым форматында демек, діни мотив бойынша да қолданылады. Бұл
ұғымның тілдік қолданысы мен халық танымында кең екенін көрсетеді. Жоғарыда
ұсынылған
контексттерден
біз
«амандық»
ұғымының
екі
түрлі
жағдайда
пайдаланылатынын аңғардық. Алайда талданған контексттерге жалпылық пен қарапайым
тіл жұмсалып формасы ғана тән. Ал, концепт эквиваленті тек онымен шектелмейді.
Мысалы:
«Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!»- деп жазды Мәжіліс Төрағасы. https://abai.kz/post/114957. Ең
алдымен, ұғым мұнда өз қалпын бұзбай тілек мәнінде жұмсалып тұр. Бірақ басты
ерекшелігі ол ресми коммуникацияда пайдаланылған. Бұл ұғымның тілдік ареалының
шексіз боларының дәлелі. Кейбір ұғымдар нақты бір арнамен шектеледі. Ал, «амандық»
категориясына байқап отырғанымыздай мұндай ерекшелік тән емес. Екінші бір ерекшелік
«амандық» және «денсаулық» ұғымдары тең қолданылған. Біздің ойымызша, бұл
«амандық» категориясының «денсаулық» концептісін репрезентациялауда басты рөл
атқаратынын айғақтайды.