«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет10/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   321
Ключевые 
слова: 
концепт, 
понятие, 
вербализация, 
репрезентация, 
концептуализация, познание, национальное познание. 
 
The article analyzes the concept of "well-being", which forms the information field of the 
concept of "health". Various functions of words and units included in the cognitive range of the 
concept and are studied. 
Key words: concept, verbalization, representation, conceptualization, cognition, national 
conceptualization. 
 
Концептілер күрделі тілдік-менталды бірліктер болып есептеледі. Олар адам және 
халық танымының нысаны. Кез келген концепт белгілі бір деңгейде ұлт тәжірибесі және 
дүниетанымынан ақпарат береді. Сондықтан концептілердің тілдік болмысын зерттеу 
арқылы біз халық дүниетанымына жол ашамыз. Жалпы, концепт нақты бір номинативті 
мағынамен яки бір лексикалық арнамен шектеліп қалмайды. Оның көптеген 
ассоциациялары, ауқымына кіретін ұғымдары жүздеген мағыналық және вербалды 
бірліктері болады. Концептті зерттеуде ең алдымен оның ядролық яғни, түпкі мағынасына 
зер сала отырып, кеңістігін айқындап алған жөн. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
11 
Денсаулық ұғымына «қазақ әдеби тілінің сөздігі»: «есендік саулық мәнінде 
жұмсалады» деген анықтама ұсынады [1; 364]. Сәйкесінше, денсаулық ұғымы өзінің 
басты мағынасынан бөлек, негізгі семасына өте жақын келетін: есендік, амандық, саулық, 
дұрыстық түсініктерін де өз танымдық кеңістігіне қосып алады. Атап кеткеніміздей
концепт өзінің фундаменталды мағынасы арқылы кеңейеді. Қолданыс ауқымы артқаннан 
кейін, басқа өзіне жақын және қарсы ұғымдардың көмегімен де репрезентацияланады. Бұл 
концепттің танымдық термин ретіндегі басты ерекшелігі. «Қазақ тілінің ассоциативті 
сөздігі» еңбегінде амандық-есендік түсінігі денсаулық ұғымымен тең дәрежеде 
қолданылған. Ұғым «адам», «жас», «өмір» бірліктерінің аясында көрсетілген. Бұл біздің 
пікірімізше, «амандық» ұғымының «денсаулық» концептісінің басты репрезентативті 
бірлігі екенін көрсетеді [2]. Ал, «қазақ әдеби тілінің сөздігі» амандық сөзіне: «саулық, 
есендік, деннің саулығы»; «бүтіндік, түгелдік» [3; 489] – деген дерек ұсынып, ойымызды 
айшықтай түседі. Осы себептен, «амандық» категориясын біз денсаулық концептісінің 
негізгі ұғымдарының бірі деп есептейміз. Біздің пікірімізше, амандық-саулық 
контекстіндегі тілдік бірліктер тек «денсаулық» концептісінің тілдік образын ашуға ғана 
көмектеспейді, ол сондай-ақ қазақ халқының таным-түйсігінен мол ақпарат алуға 
мүмкіндік береді. «Денсаулық» концептісін «амандық» және «есендік» ұғымдарымен 
сабақтастықта қарау, ұлт мінезі жайлы аз-кем дерек алуға жағдай туғызады. Бүгінгі 
денсаулық сөзі тілімізде осы күнге дейін «амандық-саулық» бірлігі негізінде қолданылып 
келді. Ал, «денсаулық» ұғымы экстралингвистикалық факторлар арқылы актуалданып 
отыр.
«Амандық» ұғымының қазақ танымы үшін орны бөлек. Мәселен, «бір кісі ауырып, 
төсек тартып қалса, оның жақын достары, туыстары келіп көңілін сұраған, әңгімелер 
айтып, көңілін аулап, сергіткен» [4; 93] – деген пікір дәлел етуге болады. Бұл ой адам 
амандығының қазақ үшін өте құнды болғанын дәйектейді. Сондай-ақ «казах воспринимал 
другого как гостя в этом мире, который сегодня есть, а завтра – кто знает. В казахской 
пословице говорится: «Бір үйде нешеусің, бір-біріңе қонақсың». Поэтому у казахов 
выработалась традиция не отталкивать друг-друга, а сбижаться находить что-то общее» 
[5; 17]. Осы ойлар негізінде біз қазақ ұлты үшін адам мен оның амандығы, есендігі 
әрқашан басты орында тұрғанын сеніммен айта аламыз. Бұл қазақ дүниетанымының 
айнымас бөлшегі, халық мінезінің айнасы. Алайда «амандық» ұғымының маңызы мен 
ауқымы мұнымен шектелмейді. Оны былайша көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет