«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет14/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

4. Амандық – үміт ету 
«Амандық» ұғымы қарым-қатынас барысында байқағанымыздай бірнеше 
қызметтерді атқара алатын күрделі тілдік және философиялық категория. Түсініктің 
тіліміздегі тағы да бір ерекше атап өтуге тұратын белгісі ол – келешекке үміт ету, келер 
күнге сеніммен қарау мәні. Бұл ерекшелікті ауыз екі сөйлеу барысында жиі байқауға 
болады. Алайда ол ресми, функционалды стильде де кеңінен қалданылып келеді. Мысалы:
 
«Ең бастысы, аманшылық болса енді он бес-жиырма жылда қазақтардың пайыздық 
мөлшері бұдан да әлдеқайда өседі». 
https://abai.kz/post/1883

Мәтін үзіндісінде автор 
ұлттың табиғи өсімі жайлы әңгіме қозғайды және қазақ халқының саны артатынына сенім 
білдіреді. Бұл контексттің негізгі ойы. Ақпаратты көпшілікке ұсыну сәтінде автор екі 
мақсатты көздегені белгілі. Біріншісі – ұлт демографиясының оң статистикасы. Екіншісі – 
сол көрсеткіштің орны алатынын білдіру. Ерекшелігі, автор өз ойын нақты дәлелдермен 
көрсетуден алшақтайды. Оның орнына оқырманға әлдеқайда жылдам әсер ететін сөз 
орамдарын қолданады. Контексттегі «аманшылық болса» бірлігі көпке таныс, үйреншікті 
тіркес. Оны қолдана отырып, автор ойын фактісіз алайда ұғынықты жеткізеді және өзімен 
қатар көпшіліктің үміт, сенімін ұтымды ұсынады. Келешектегі жағымды өзгерістерге 
сілтеме береді. Егер, мәтіннен «аманшылық болса» тіркесін алар болсақ, не оны өзгертсек, 
ойдың құнарымен қатар ықпалы жойылады. «Амандық» ұғым-түсінігінің тап осындай 
мазмұнда қолданылуын тағы да мына мысалмен көрсетуге болады:
«Ел үйрене береді, біз 
алға қарай жылжи береміз, аманшылық болса, болашақта барлық арманымызға 
жетеміз».
https://abai.kz/post/1883. «Амандық» ұғымының болашақ жайлы позитивті 
ойлармен тығыз байланыста ұсынылуын осы бір контексттен байқауға болады. Келер күн 
белгілі бір армандармен бірлікте көрсетілген. Бұл жағдайда «аманшылық» сөзі 
«тұрақтылық» ұғымымен байланысып жатыр. Дегенмен оның үміт пен сенімді білдіріп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет