«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 19
8.
Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Пратюркский
языкоснова. Картина мира пратюркского этноса по данным языка / [отв. ред. Э.Р.Тенишев,
А.В.Дыбо]. - М.: Наука, 2006. - 908 с.
9.
Тувинско-русский фразеологический словарь = Тыва-орус фразеология
словары: около 1500 фразеологизмов / Я.Ш. Хертек; под ред. Д.А. Монгуша и Б.И.
Татаринцева; Тувин. науч.-исслед. ин-т яз., лит. и истории. – Кызыл: Тувинское книжное
издательство, 1975. – 204 с.
10.
Хабтагаева Баярма. О монгольских элементах в тувинском языке // Родной
язык. 2016. №1 (4). С. 77-111. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/o-mongolskih-elementah-
v-tuvinskom-yazyke.
ӘОЖ 372.8:82(574) АЛАШЫ АРДАҚ ТҰТҚАН АРДА ЖАН Базылбекова М.С. , 1 курс магистранты,
Әшім Ә.Д. , 3 курс студенті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. E-mail:
ashimaliya@mail.ru Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор, филология
ғылымдарының кандидаты Кыяхметова Ш.А.
Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынов поэзиясындағы саяси тақырыптар, ұлттық мүдде мен мақсаттың көтерілуі, оның тәрбиелік рөлі қарастырылды. Тірек сөздер: сөз құдіреті, саяси лирика, ұлттық мүдде, жаңаша көзқарас. В данной статье рассматриваются политические темы в поэзии Ахмета Байтурсынова, подъем национальных интересов и целей, ее воспитательная роль. Ключевые слова: сила слова, политическая лирика, национальные интересы, новый взгляд. This article deals with political themes in the poetry of Akhmet Baitursynov, the rise of national interests and goals, its educational role. Key words: power of speech, political lyrics, national interests, a new approach. XX ғасырдың басында идеялық мазмұны жағынан басым жырланғаны – саяси-
әлеуметтік өлеңдер.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік қозғалыс күрт дамып,
кеңге қанат жая бастауының басты себебі, қоғамдық өмірдің өрінде жаңа тұлғалар көзге
түсіп, ұлттық сананы жаңа өріске бағыттауға ұмтылуында еді. Ахмет Байтұрсынұлының
«Маса»,
М.Дулатұлының
«Оян,
қазақ»,
М.Жұмабайұлының
«Шолпан»,
С.Сейфоллаұлының «Өткен күндер» өлең кітаптарындағы саяси-әлеуметтік жырлар XX
ғасырдың басындағы казақ жұртшылығын үлкен серпіліске әкелді. Өткен ғасыр
басындағы ақындар алдында қазақ
даласының саяси-әлеуметтік жағдайынан, рухани-
психологиялық ахуалынан туындайтын сан-алуан тақырыптар тұрды. Мұның өзі
лирикалық идеяға көп міндет жүктеді. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге
ұмтылатын лирика жанрының маңызы ерекше артты.
Қазақ ұлтының өзін-өзі тануын, рухани оянуын, мәдениеттің барлық салаларында
өзін-өзі жетілдіре дамытуын, ұлттық айқындалу, тұлғалану бағытындағы ойлары азаттық,
бостандық туралы ойларымен ұштасып жатты. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердіұлының