«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет22/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
21 
ұлт туралы, езілген, артта қалған қазақ ұлты туралы жырлады; өнер-білімге, еңбекке, 
ғасырлық ұйқыдан оянуға үндеп, әрбір қазақтың азаматтық санасын қалыптастыруға 
ұмтылды». Ішкі сұлулығы мен мазмұны жағынан А.Байтұрсынұлы жырлары қазақ 
әдебиетінде ерекше орын алады. Оның жырлары, ең алдымен, ұлттық рухының 
беріктігімен, елдік, мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылған ой-мақсаттардың айқын, нақты 
көрінуімен ерекшеленеді. 
«Ғасыр басындағы ақындар алдында қазақ даласының саяси-әлеуметтік 
жағдайынан, рухани-психологиялық ахуалынан туындайтын сан-алуан тақырыптар тұр 
еді. Мұның өзі лирикалық идеяға көп міндет жүктеді. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт 
жібермеуге ұмтылатын лирика жанрының маңызы ерекше артты. Бір жағынан бұған XIX 
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі азаматтық лириканың дамуы, Абай 
шығармашылығы арқылы ерекше өркен жаюы ықпал етті. Оның үстіне орыс қоғамындағы 
ағартушылық, демократтық ой-сананың өрістеуі бұл кезде Абай арқылы қазақ поэзиясына 
жаңа леп әкелген болатын. Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна XX ғасыр 
басындағы ақынднр шығармашылығының да негізгі идеялық-көркемдік нысанасына 
айналды», [3, 34] деген ғалым Ө.Әбдіманұлы пікірінің шындығы, ғасыр басындағы 
ақындардың саяси-азаматтық лирикасында айқын көрінді. 
Қай әдебиеттің тарихында болмасын ағартушы-демократтар, ұлтшыл-азатшылдар 
кезеңі және олардың ірі-ірі өкілдері болған. Бұл сипат қазақ әдебиеті тарихына да тән 
болса, онда ұлт-азатшылдық кезең Ахметтен басталары анық. С.Сейфуллиннің тарихи 
шындықты тап басып айтқан пікір, яғни «қорлыққа шыдап, күйікке күйіп, ұйқы басқан 
қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жақтаған патша заманында жалғыз 
Ахмет еді» дегені көп нәрсені аңғартып, түнекте жанған шамшырақтай тарих тереңіне 
жетелейді. Ақынның азаматтық поэзиясынан оның өмірлік өзгерістерге белсенді 
қатынасы көрініс беріп, қоғамдық қайраткерлігін айқындай түседі. Поэзияның саяси-
әлеуметтік мәнін арттыра түсуге, жетілдіре түсуге тырысуы – содан. Әсіресе, «Қа ... 
қаласына», «Жұртыма», «Ақын ініме», «Жауап хаттан» тәрізді өлеңдері оның қоғамдық 
қайраткерлік бағдарламасын мейлінше аша түседі. Оларда жеке басқа қатысты күйініш-
сүйінштен, қасірет-қайғыдан гөрі халық қамын жеген азаматтық поэзияның халықтық 
сипаты басып жатады.
А.Байтұрсынұлы шығармашылығындағы азатшылдық бағыт оның саяси 
бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ халқын орыс патшасы езгісінен азат етіп, 
отаршылдық бұғаудан құтқару, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруына қол жеткізуді аңсаған 
арманынан, соған бар даусымен үн қосуынан көрінеді. 
Ахмет поэзиясындағы ағртушылық – оянуға, ояну – қасірет сырын білуге, бас 
кінәліні сезінуге, сезіну – бостандыққа жол ашар бұлқынысқа жетеледі. 
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, 
Сөзі алтын, мағынасы меруерттей, 
Осыдан ғибрат алып жас жігіттер, 
Һәммесі өз халқына қызмет еткей!-
[2, 63]

деп Міржақып тегін айтпаған. Сұлтанмахмұттың «Өткірсің наркескеннің алмасындай» 
деуі де осыдан еді.
XX ғасыр басындағы ақындардың лирикалық өлеңдеріндегі тұтас ұлттық оянуға 
шақыру сарыны халықтың материалдық және рухани салаларындағы ширыға шиеленіскен
жағдайларының әсерінен туындағаны анық. Қазақ поэзиясындағы ұлттық сананы күрт 
серпіліске көтеруге арнаған, жұрттың жауынгерлік рухын аңғартуға бағытталған бұндай 
туындылардың саяси-әлеуметтік ықпалдылығы зор болды.
Көркем шығарма адамды тәрбилелейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана 
қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады. Мінез-құлқына ықпал етеді, 
күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді. Ахмет Байтұрсынұлы - ХХ ғасыр басында қазақ 
қоғамында, қазақ руханиятында үлкен еңбектер жасаған тұлға. Айгүл Ісмақова 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет