«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары
142
- шығармаларын суырып-салып та, жазып та шығарған ақындар шығармашылығы.
Бұл ақындар халықтық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен жазба әдебиет дәстүрлерін
ұштастыра отырып, оларды қатар алып жүрді. Жазба әдебиет дәстүрінде құрылымы
күрделі эпикалық туындылар берсе, ауыз әдебиеті дәстүрлерін, яғни импровизаторлық
өнерін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезеңінде жауынгерлер мен сарбаздардың рухын
көтеріп, қайрат, жігер беру мақсатында пайдаланды.
Жетісу өңірінде өткен тарихи оқиғалардың қай-қайсы да ақындар назарынан тыс
қалған жоқ. Шат-шадыман мерекелермен қоса, ел басына түскен зұлмат күндер де
ақындар жырына арқау болды.
«Жетісу өлкесі арынды ақын, жезтаңдай әнші, қобызшы – домбырашының небір
сойы, таңдайына бұлбұл ұя салған шешендер, қара сөздің теңізін сүзген жазушы, «түлкі
заманды тазы болып шалып», саясаттың сары қымызын сапырған публицисті де
құрсағынан өргізген. Қазіргі ұрпақтың міндеті сол біртуар, өнерлі перзенттерден қалған
мол мұраны жарыққа шығарып, халқымен табыстыру, насихаттау болып табылады» деп
баға береді [1,29] Т.Сыдықов.
Жетісу ақындары туралы әр кездері, әртүрлі мақалалар мен еңбектер жарияланды.
Жетісу ақындық мектебінің жекелеген өкілдері туралы әр түрлі деңгейдегі баспасөз
беттерінде Ғ.Орманов, Б.Әлмағамбетов, Н.Бектемісов, С.Кенжеахметов, С.Оспанов,
С.Тұрғынбеков, О.Исмайлов, М.Көпелбаев, Ж.Кенжалин, М.Сүлейменов, Ғ. Әмірханов
және т.б. мақалалары жарық көрді.
XX ғасырдың 20-30 жылдары Жетісу ақындық мектебіне жаңа сипат беріп, жазба
әдебиет дәстүрін дамытуда Ілияс Жансүгіров шығармашылығы маңызды роль атқарды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Ғали Орманов, Кәкімжан Қазыбаев, Әнуар
Әлімжанов, Құдаш Мұқашев, Сайын Мұратбеков, Қастек Баянбаев, Марфуға Айтхожина,
Сәкен Иманасов, Әбен Дәуренбеков, Бексұлтан Нұржекеев, Шәкен Күмісбаев, Ұзақбай
Доспанбетов, Жұматай Жақыпбаев, т.б. осы ақындық мектеп ақындарының шығармалары
дәстүрінде дамыды.
Ілиястың ақындық дәстүрі өз заманында бүкіл Жетісу өңіріне кең тарағаны, жыр
күмбезінің асыл ордасына айналғаны бәрімізге белгілі [2].
Қалқа Жапсарбаев
- Жетісу өлкесіндегі өркеші өте биік көрінетін Қабан жырау,
Сүйінбай, Бақтыбай Жамбыл, Ілияс Жансүгіров сынды тұлпарлардың тұяғы, асылдардың
көзі, алтындардың сынығы.
Ол елінің, жерінің де жаңарғанын жырына қосады. Оны әсем Көксудан бастайды.
Көксудың басы сол жерде,
Содан шығар мың бұлақ,
Бұрала ағып күмістей
Тарам – тарам сылдырап
Жеріме бақша егіліп,
Жібекке жерім көміліп,
Басында жанды шамшырақ [3, 33].
Қалқа – көп қырлы, терең сырлы ақын. Оның қабілетін өзінше бір өнер мектебі
десе болғандай. Мәселен: батырлық-ерлік жырларын, Отан, туған жер туралы
толғауларын былай қойғанда, оның шежірешілдігі, аңыз – ертегілерге ұқыптылығы, ел-
тұрмысы, ауыл өмірі, оның ардагерлері туралы терең мазмұнды арнаулары табандап
зерттеуді қажет етеді.
Қалқаның қасында білім мол, қабілеті зор, тіл мен әдебиет саласынан жан-жақты
хабардар арнайы адамдар отырмаған. Оның өлеңдерін қағазға көбінесе мектепке барып
жүрген өзінің тіпті көршілерінің балалары немесе сауаттылықтары мәз емес әртүрлі
кездейсоқ адамдар түсірген. Олар жай ғана түсіріп қоймай, өздерінше өңдейміз деп
әлектеніп, өзін жоғалтып, сүреңін кетіріп, тіпті түзейміз деп, күзеп те жіберген.
Сондықтан да оның жеке кітап болып шыққан көптеген жырлары ауыздан шыққан
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
Достарыңызбен бөлісу: |