«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет149/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
140 
бағдарламасында ертегілер бастауыш сыныптарда, 5-6 сыныптарда оқытылады. Қай 
жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды 
тартатын –оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір 
қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Ертегіні оқытуда аса көңіл 
аударатын 
мәселелер төмендегідей: 
-ертегінің жанрлық ерекшелігін таныту, әдеби-теориялық ұғымдар беру
-сюжет пен композициядағы бір тұтастық; 
-шығарманың ұйқаспен келуі, баяндау, суреттеу, портретпен келуі; 
-шығармадағы бейнелі сөздердің мол кездесуі; 
-ертегідегі сөздердің ұлтымыздың салт-санасымен, әдет-ғұрпымен бірге жасасып 
келе жатқан көнерген сөздердің кездесуі; 
-ертегідегі психологиялық кейіпкердің арман-тілегі, жақсылықты, мәнді де, сәнді 
өмірді армандауы; 
-ертегі кейіпкерлерінің қарапайымдылығы, ақылдылығы, данышпандылығы; 
-адамдарға табиғат құбылысының жақтастығы сияқты мәселелерге аса көңіл 
бөлгенде ғана оқырман ертегіні бар жан дүниесімен сезіне алатындығына шүбә жоқ. 
Мектеп бағдарламасындағы ертегіні оқыту барысында қандай әдіс-тәсілдерді, 
оқыту формалары мен сабақ типтерін пайдаланған жөн болар екен деген сұрақ әр пән 
жетекшісін алаңдататыны белгілі. Менің практикамда ертегіні оқыта отырып, ең назар 
аударатын мәселе ертегі мазмұнын меңгерту керектігіне көз жеткіздім. Мазмұнды 
меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы ой қозғау. 
Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған 
толық жоспар, ең басты оқиғаға негізделген тұжырымды жоспар, бөлімдерге бөлу, 
бөлімдерге ат қою, сұрақтар мен тапсырмалар ойластыру. Оқушылардың қабілеттеріне 
байланысты деңгейлік тапсырмалар ойластыру сияқты жұмыстардың барлығы мұғалімнің 
мойнында.
Оқушыларды оқылған мәтінді оқып-талдап қана қоймай, ертегінің мән-мағынасын 
түсіну, оны өз бойынан өткізе алу, одан сабақ алу мақсатында мәтіннің мазмұнына сай 
сұрақтар ғана қойып шектелмей, оқушыға ой салатын проблемалық сұрақтардың 
ұйымдастырылуы жөн болар еді. Проблемалық сұрақтар оқушылардың ойлау 
белсенділіктерін арттырады. Білімді өз ынта-жігерімен, талабымен алуға жағдай жасайды. 
Ертегілерді оқытудағы басты мақсат – оқушыларды қанаттандырып, армандауға, 
қиялдауға баулу, жақсылықтан үміт күтуге болатындығына сендіру, жақсы өмірдің өзі 
білімділікпен, тапқырлықпен, батылдықпен келетіндігін айтып түсіндіру [4]. 
Ертегілердің оқушылардың ой-өрісіне әсері, тәрбиелік мәні зор. Мысалы, қазақ 
халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев бала кезінде Зере әжесінің, ал тұңғыш ғалымы 
Шоқан Уәлиханов бала кезінде Айғаным әжесінің ертегісін тыңдап өскен. Ұрпақ тәрбиесі-
келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі 
балалардың ой-қиялдарын ертегілер арқылы жеткізу мүмкіндігі бар. 
Ресейлік жазушы А.Н. Толстой «Ертегі – біз ұсақтап жинақтайтын, халықтың ұлы 
рухани мәдениеті, және де ертегі арқылы біздің алдымыздан халықтың мыңжылдық 
тарихы ашылады»,- деген екен.. Ертегілердің тәрбиелік мәні туралы К.Д. Ушинский көңіл 
бөліп былай деп жазды: «Халық ертегісінде балалардың ұлы және орындалған жыры бар
– халық балаларға өз армандарын айтады, асып кетсе, халықтың өзі осы арманға жартылай 
сенеді». А.С. Макаренко балаларға ертегілерді қолдану әдістемелері туралы былай деді: 
«Кішкентай балаларға ертегілерді айтуда ертегілерді қысқартуға, тілін өзгертуге, ертегіні 
толық түсінушілікке әкелуге болады және солай ету керек» дейді. 
Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – оқушылардың ақыл-ойын, адамгершілік 
қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д. Ушинскийдің 
сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет