«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет150/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
141 
араластырады. Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен 
тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана 
отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін 
дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына 
ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 
2. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927 
3. Қанипа Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» , «Мектеп» 
баспасы 2003 ж. 
4. «Қазақ әдебиеті» журналы, 1998 жыл №5 
 
ӘОЖ 82.015:39 
 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ 
 
Қабыл Т.
, магистрант
 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. 
E-mail:
 
Tanzharyk_@mail.ru
 
Мақалада Жетісу ақындық мектебін қалыптастырушылар, өкілдері және 
поэзиядағы Ілияс Жансүгіров дәстүрі қарастырылады. 
Тірек сөздер: ақындық мектеп, дәстүр жалғастығы, жаңашылдық, поэзия. 
 
В статье рассматриваются основоположники, представители жетысуской 
поэтической школы и традиции Ильяса Жансугурова в поэзии. 
Ключевые слова: поэтическая школа, преемственность традиций, новаторство, 
поэзия. 
 
The article considers the founders and representatives of the Zhetysu school of poetry 
and the tradition of Ilyas Zhansugurov in poetry. 
Key words: poetic school, continuity of traditions, innovation, poetry. 
 
Әдебиеттану ғылымы лайықты бағасын берген, әдебиет тарихынан өз орнын алған, 
зерттеліп, зерделенген Атырау өңіріндегі жыраулық мектеп, Сыр сүлейлері, Қаратау 
шайырлары, Арқадағы ақындық мектеп, Абайдың маңына топтасқан ақындар 
шығармашылығы қазақ әдебиетінің құрамдас бөлігі ретінде қазақ поэзиясының ХІХ ғасыр 
мен ХХ ғасыр басындағы дамуына зор үлес қосқандығы айқын. Әрине, бұлардың 
қатарында Жетісу ақындық мектебінің де өкілдерінің болғандығы ақиқат. 
Жетісу ақындық мектебінің туып, қалыптасуы Қаблиса жырау, Сүйінбай Аронұлы, 
Жамбыл, Бақтыбай Жолбарысұлы, Қалқа Жапсарбаев, Ілияс Жансүгіров, Сара 
Тастанбекқызы, Толғанбай Мырзағұлұлы, Қуат Терібаев сынды ақындардың 
шығармашылығын талдау арқылы анықталса, ақындық мектептің дамуы, ақындық дәстүр 
жалғастығы мәселелері Қалқа Жапсарбаев, Қуат Терібаев, Пышан Жәлмендеұлы, Сара 
Тастанбекқызы, Ілияс Жансүгіровтердің әдеби мұрасын қарастыру арқылы зерделенеді. 
Олар ақындық мектептің әдеби дәстүрін дамыта отырып, оны жаңа сапаға көтерді. 
Олардың ақындық мектебі өкілдері осы кезеңде мынадай дәстүрлік сипатта дамыды: 
- шығармаларын тек жазып шығарған ақындар шығармашылығы. Олар шығыс 
және орыс әдебиеті үлгілерімен жақсы таныс болды және Жетісу ақындық мектебінде 
жазба әдебиет дәстүрін қалыптастырушылар болып табылады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет