«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет152/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
143 
алғашқы ажарынан ажырап, ақынның орамды тіл, уытты сөз, отты тіркестерінен 
жүдеуленіп қалған.
Ақын дастандарында аттары аңызға айналған арғы, бергі замандардағы тарихи 
тұлғаларды жырға қосады. Мәселен, «Орақты батыр», «Тұрлымбек туралы», «Уәли 
Шора» дастандары тарихтан, шежірелерден алынса, «Біздің Ораз», «Партизан 
Шаймерден», «Сеңгірбаев Мұсабек», «Нұрмолда» атты дастандары халқымыздың күні 
кеше ғана өткен өмір өткелдерінен туындаған. Қалқа шындықты, адалдықты, 
кішіпейілдікті, еңбек сүйгіштікті, адамгершіліктің сара жолын жырлаумен болды. 
Әділетсіздікті, жалқаулықты, зұлымдылықты, істегі кемшіліктерді батыл мінеп-сынап 
отырды.
«Жалайырдың жел жетпес жүйрігі» атанған ақперен ақын Бақтыбайдың жырларын 
да жинаушы, ұрпақтарға мұра етіп, қалдырушы да осы Қалқа ақын болды. Аумалы-
төкпелі заманның ауыртпалығын, кеңестік кезеңнің күнгейі мен көлеңкесін де көп көрген 
ақын шығармашылығы-өз заманының айнасы. Ұлы Мұхтар Әуезовтің ілтипатына 
бөленген [5, 76] Қуат Терібаев өзінің «Ақсу халқына» деген өлеңінде: 
Шаттық пенен қуаныш кеуде кернеп,
Созайын құлашымды еркін сермеп.
Ылайық табысыма тамылжыған,
Асыл сөз көкейімнен шықсын өрлеп,- деп тебіренеді [4, 26].
Қуат Терібаев жастайынан өмір тауқыметін тартып, қиыншылықты көп көрді
Қанаты қатып, бұғанасы бекімей жатып әкесінен айрылады. Сөйтіп, күн көрістің қамы 
үшін ауқатты адамдар босағасында теңсіздіктің теперішін көріп, еркіндікті аңсап өседі. Ол 
өзінің көңіл-күйін, зарлы заман туралы, ондағы айтқаны келіп, атқаны тиген билеп-
төстеушілер, азуы алты қарыс көкжалдар жайында уытты өлеңдер жазып, оның ақыры 
өзіне қамшы болып тиген соң, жалтақтап, іштен тынып жүреді. Осыған байланысты жас 
ақынның сол кездегі өлеңдерінің бірде-біреуі сақталмай, ұмыт болады. 
Жасынан еті тірі зерек жігіт шамасынша орыс тілін де білген, ескіше де, латынша 
да хат таныған. Соңғы жылдары жазылған өлеңдері ғана кағазға түсіріліп, халыққа 
жеткен. Ақын өзінің бір сөзінде: «Жастайымнан Абайды сүйіп оқыдым.
Аудармалар 
арқылы орыс ақындарын сүйіп оқуыма ақындық өнерге жетуіме ұстаздық еткен Әсет 
Найманбайұлы болды» деп жазады. Ақынның олай дейтін жөні бар. Әдебиет зерттеушілер 
еңбегі арқылы біз Әсет ақын мен жас Қуаттың 1911 жылы Сарқантта кездескенін, алғаш 
рет жүз көріскеніне қарамастан екеуінің бір-біріне ықыласты болғанын білеміз. Әсеттің 
«Онегин мен Татьянаны» жырлағаны, ал осы жыр нұсқасының Қуат Терібаев арқылы 
жұртшылықка таратылуы елге мәлім. Кезінде Қуат Әсеттен үйренген өлең-жырларды 
халық арасында таратумен тікелей айналысады.
Әсет шығармашылығынан әсер алған, алғаш рет ұлы Абайдың өлеңдерімен Әсет 
арқылы танысқан, А.С. Пушкиннің «Онегин мен Татьянасын» Әсет нұсқасында тұңғыш 
рет Ақсу алқабында, мұнан соң Жетісу жерінде жырлаған бірінші адам Қуат ақын. Қуат 
Терібаевтың 1916 жылы жазылған «Күнсағила» дастаны - жазба поэзияның айшықты 
өнегесі іспетті. Өзінің сүйгеніне қосылмақ әрекетінің басына азап болып, адал 
махаббатының аяққа басылғанына, сөйтіп мақсатына жете алмаған жастар жайлы 
айтылады. 
Қою оқиғалы «Күнсағила», «Айжан-Жанша» дастандары - ақынның эпикалық 
қарымын айқын танытар туындылар. Қуат ақын шығармалары - өз зерттеушісін күтіп 
жатқан құнды мұра. 
Ақын әйгілі Әсетпен кездеспей тұрып та, онан соңғы уақытта да өмірінің соңғы 
күндеріне дейін өлең жазумен, ән айтумен, айтыспен шұғылданып келгені шындық. Ұлы 
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап ақын Қ. Терібаев Отан қорғауға, жауды 
жеңуге үн қосты, Жамбыл бастаған ақындардың тобына қосылды. 1942 жылы жазған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет