«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет173/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
163 
отыратын шығармашылық үдерісінің төлтума, түбегейлі негіздері; шарттары мен 
заңдылықтары ауқымында ХХ ғасырда қазақ жазба сөз өнеріне де жайылған өнеге, 
өлшемдердің ауқымында жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы шығармашылығы нендей 
сипаттармен дараланып отыр? 
Дүниетаным даналығы бағытында ой үстіндегі қалыпқа бейім оқшау түрде 
орныққан туындылар үлгісімен жазуға қаламгер ынтықпайды. Оның әңгіме, повесть, 
романдарында орталық тұлға төңірегінде ұдайы әрқилы заман, әрбасқа ортада ғұмыр 
кешіп жатқан ел адамдарының өкілдері "қаптап" жүреді. Орталық кейіпкер болмысындағы 
басым мазмұн осы төңіректің белсенді қатысуымен түзіледі, бой көрсетеді. Яғни, 
Бексұлтан Нұржеке-ұлының әдеби үдерісте айқындалған негіздемесі, қисын қалпы 
танылған қайсыбір сәнді түр-үлгілерде жазуға ден қоймағандығынан олжадан қағылып, 
оқылмай қалған жоқ; беталысынан зәредей де ауытқып, тайқымай жазуында қайырлы 
бағытын қалыптастырды. Әлем әдебиетінің даму бағыттарына төрелік айтушылардың 
қара көпшілік (масса - Қ.М.) те бас алмай, құнығып оқитын шығармаларды арзанға балау 
ұстанымдарына бас шұлғи беруге болмайды. 
Ақсүйек оқырман, қара сүйек оқушы деп мұрын шүйірудің тасасында тығылған 
қым-қуыт бітіспес мүдделер дұшпандығының сіресіп қалған өлі мүрдесін қашаннан 
төлтума, түбегейлі негіздері мығым, көл-көсір ризық-игілігі қанға жайылған қазақ 
әдебиетінің аумағына тықпалаудың қажетсіз болып қалатындығы ойда тұрса игі. 
Білгіштер, білімділер бір заманда ендігі дәуірде өнер екінің біріне қол емес, азғана 
артық туғандарға енші дегенді басым-басым бастырмалап айтты. Көркем шығарма күрделі 
ой тұспалдарымен шырмаған үстіне шырмай түсуімен кәделі дегені дұрыс-ақ. 
Алайда кім үзілді-кесілді кепіл бола алады көркем мәнімен кәделі ой тұсауы тек 
ақсүйек оқушыға жағатын кейіпкер оқшаулығына байлаулы дегенге? Бұл бағытта 
таусылып болмайтын даулы әңгіме бар. Он-сан уәжді тоқтам бар. Бексұлтан Нұржеке-
ұлының шығармашылығы қай өлшемде таңбаланғандығы тұрғысында шола қарағанының 
өзінде көп қисындамаларға автордың көз тоқтатпағаны қандай олжа болған дегендей ой 
бас көтеріп қойды. 
Жазушы шығармаларында ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі таңбалары мен 
мұндалайды. Дүние-болмысты рухани іңкәрлікпен аймалап, аялап отырып, жаңалық ой 
сілемдеріне салмақ сала діттеп, діңгек тұғырларды шайқамай қастерлейтін қуатты ойдан 
бас құраған қазақы шешен сөзшеңдік үлгісінде баяндауға қамтылатын өмір құбылыстары 
сәт сайын жадыратып, жабырқатады, ой түбіне тартады. Кәдімгі адам қалпын сақтаған 
кейіпкерлер кеңістігі түрлі-түсті қайталанбас қалыпта қатар түзген. Ығы-жылылық жоқ. 
Кім-кім де дер шағында көркемдік көшіндегі көтерер жүгін шамасына лайықты деңгейде 
алып өтіп жатар еді. 
«Бір өкініш, бір үміт» романы да, «Ерлі –зайыптылар» да, «Күтумен өткен ғұмыр» 
да, «Жау жағадан алғанда» да, «Әй, дүние-ай» да қолдан қолға өтіп, көп оқылған 
шығармалар. 
Қазіргі роман үлгілері бағытында да бұл туындылардың мұрат-мүдде, көркемдік 
әдіс-тәсілдері аумағында айтылуы тиіс тұтастық қалыптағы қисындамаларды алдағы 
күндердің еншісіне сақтай отырып, жекешелеген көзге ұрып тұрған ерекшеліктері тани 
түсу бағытында бірді-екілі тоқтамдар жасаумен тоқтата тұруға тура келді. 
Көзқарас тоғыстарында ауыздан шығып отыратын эстетикалық мұрат, өлшемдерде 
көңіл кідірткетін шығармадағы көпшілділіктің шартты эстетикалық шектерді ысырып 
тастап, түршілдікке шалдығаудың қыспағынан азат шарықтауын құптайтын байлам-
болжамдар жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы шығармашылығындағы еркін жазу аңсар-
машығын құптайды. 
Көпшілік жаппай оқығанынан "Бір өкініш, бір үміттің» мазмұнын шалқытқан өмір 
нұры әлі күнге солғын тартқан емес. Қайта уақыт озған сайын құнар-қатпарлары жоталана 
түскені сезіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет