«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет176/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
166 
тұлғаланған қазақ жазба әдебиетінің көркемдік әлеуетін тануда генетикалық тұрқына 
тарихи-әлеуметтік тұғыр-ортасы бөлектіктен де қазақы, ұлттық төлтумалықтың 
сипаттарын түгендеу мұраты дари қоймаған әлдебір өгейлеу, таңбалы танымның 
талғамынан шығу үшін жалтақтау синдромынан айығудамыз, бәлкім? 
"Бір өкініш, бір үмітте" атамзаманғы кісіліктің түп-тұқианнан бергі қанмен дарып 
келе жатқан қорғаныс-иммунитеті жұтамаған Мәмет қария, Бәтжан ана сынды орталық 
тұлғаларының өмір ауқымында жүрген жай ғана кейіпкерлердің жаратылыс-бітіміндегі 
ұлттық нышандар да шығармада елеулі көркемдік мәнге ие. Қазірде, ана тіліміздің 
айналым шеңбері ырықтан тыс тарыла түсіп отырған шақта сол кейіпкерлердің шығарма 
жазылған тұста мәтін семиотикасын түзу бағытындағы көркемдік міндетінде "көтерген 
жүгі" жаңа бір мәнде құндылық қорды қорғау миссиясына да кірісіп отыр. Жергілікті 
жұрттың сөйлеу ерекшелігі де таңбаланып отыратын шығарма тілі қоспасыз қазақ сөзінің 
бай құнары, бар нәрі. «Бір өкініш, бір үміттің» баяндау өрісі тосын көріністерге, 
суреттерге толы. Тіпті, әйелдердің ұрсысып сөйлеуінің өзі соншалықты етене, 
тіксіндірмейді, жоғалтқан қымбатыңды ойда-жоқта тауып алғандайсың. Бексұлтан 
Нұржеке-ұлының кейіпкерлері -тосын сәттерде де тауып, бойына сыйымды сөйлей 
алатын, дәстүрлі сөзшеңдікті сақтап келген ел адамдары. 
Алып дүние аумағындағы шүйкедей адам баласының шексіздік шалқарымен 
тұтасқан тағдыр-талайы, қазақ атты халықтың тұтас бір буынының дүние көшіндегі, 
тарихи бір кезеңдердегі қоян-қолтық тіршіліктің қызуы мен жылуы шарпыған өмір 
таңбасы, қалыптасу тұғырлары, дағдылы қалпы, ел адамының мінез-болмысы. Романдағы 
бастық Боташ ойдан шығарылған, жуандығын бұлдаған "жағымсыз" кейіпкер емес. Мәмет 
көшеді деп естіп келген сәтте осы бір жанның, кет әрісі болғанымен, кетісуге жоқ ер-
адамзаттың келбеті тұлғаланған. Қаби да бір қырларынан – ағайын арасын ашпаудағы 
ауызға беріктігімен өзіне жақындата түседі. Бірін-бірі қара тұтып күн кешкен қазақы 
елдіктегі қалыпты мінездер жазушының ұдайы көркемдік айналымда ұстап отыратын 
таптырмас олжалары. Жәмихан ауылдан Бекжанды алып кетіп бара жатқан сәт бір түрлі 
ауыр еді. Сәлиманың осындағы шешімді әрекеті қазақ әйелінің қазан басында жүріп-ақ 
сын сәттерде қайрат көрсетер мінез-болмысын дәріптеп тұр. 
Қазақ әйелінің туа бітті кішілік, кісілік қалпы, именіп тұруы, сыйластық сақтауы, 
келіндік институт шарттарындағы бар еркімен бой ұсынған көнбістігі, аналық дарқандығы 
марқайтады. 
Шығармадағы типтік тұлға деңгейінде көкейге орныққан он-сан "кішкентай" 
адамдардың 8 жасар бала көзімен барланып, байсал тапқан өмір ағысындағы шынайылық 
серпіні жоғары. 
Қуыршақ кейіпкерлердің де "тағдырын" барлап, "сөзін" тыңдауға мәжбүрліктен 
зәтте болғандай сол бір 80 жылдарда «Бір өкініш, бір үміт» жұрттың ауызында көп жүрді. 
Жүрек жаншитын, жан дүниені жай түскендей жайратып кететін ахуалдар ақиқаты, 
өмірдің өктемдігі тұрғысында автор да, кейіпкер де пәлсапа соғып, сарыуайым төгіп 
таусылмайды. Автор жүктеген екен, құйтымдай деталь соның барлығын көтеріп кетеді. 
Жәмиханға сөз арасында, өкпелі баланың аузынан наз айтылған. Ананы пана тұтқан 
шаттық, сарқылмайтын сағыныш, кісілік, мығым қажыр, кешірім иірімдері сарқ-сұрқ 
қайнап, көңіл шайқайды. 
Адам баласының кей-кейде айтпасты айтып тастайтыны, тым аяусыз болып кететіні, 
артық кетсе де – менікі дұрысқа салатыны бар. Бетпақ мәдениетсіздікке келгенде алдына 
жан салмайтын қыры да бар қазақтың. Ешкімнен ығыспайтын айдалада аспанмен ғана 
санасып дағдыланып алған көшпелі өмірдің салтынан қалған сарқынды. 
Не де болса тым адал, ақжүрек, аңғал; жаттың илеуіндегі көп тарихи көнбістікке, 
күпті болып күнкешуге бейімділігіне де бой бермей бойын сақтап арпалысқан арманды 
елдің бұйығы әрі буырқанған, өркериеттен "алыс" алтын дәуірлерінің бірі сол бала Шеген 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет