«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет180/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
170 
«Жылағам да жоқ, ішімнен боқтағам да жоқ, бірақ қатты қорландым. Бақтың ішіне 
алысыраққа барып шалқамнан жата кеттім. Біргәдірдің мұнысы несі? Қыста ғана 
соғымбасын жеп отырып: «О, атасының баласы атасынан асқан ақылды болады», – демеп 
пе еді? Оның неге бүйткенін өзімше болжадым: тоғыз жастағы мені мен отыздағы оның 
арасында қандай талас болуы мүмкін? Не істеуім керек? «Киноға біргәдір ағам кіргізбей 
қойды», – деп барсам, сөз жоқ атам ашуланады. Оған жазықты мен болам. 
Ақыры ештеңе болмағандай, елмен бірге кино көріп келген адамша, кештетіп үйге 
қайттым. Ертесі сабаққа бардым». Осы қысқа әңгімеде жас баланың жанын жеген 
тыншытпаған «әділетсіздік» орнатқан ширыққан атмосфера бар. Мырқасым досының 
ақылымен бұғалтыр Қожан ағасына барып «колхоз мүшесінің баласы» деген қағаз сұрауы, 
ағасының біргәдірге ашуы, өзін кәмпитпен марапаттап, киноға «жолын ашуы» жедел 
өтеді. Кейіпкердің жұмысбасты Қожан ағасының кеңсе кіреберісінде ұзап күтіп отырып 
қалғып кеткені болмаса. Шығарма прологында кішкентай інішегінің бұл жайды атасына 
айтқан, айтпағанын сұрап қалған Қожан ағасы былай дейді: 
« – Жүр, үйге қайтайық, – деді есігін жабуға ыңғайланып. – Дұрыс! – деді сонан 
соң арқамнан қағып. – Атаңа жапмандағаннан жаман ағаң жақсарып кетпейді». 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы көркем мәтінінің рухани кеңістігіне қазақтың өмір 
тәжірибесінде түзіп, тумысымен, тұтас тұлғасымен біте қайнаған, айрықша мінез 
ерекшеліктеріне «ақтау» болған қастерлі дүниелерін ұдайы мақсатты түрде тартып 
отыратын қаламгерлердің бірі. Жазушы ендігі ел өмірінде ұмыт бола бастаған, соғыстан 
кейінгі уақыттағы, беріде жетпісінші жылдарға дейін болған Ауыл өміріндегі қазақы 
иірімдерге ұдайы қарайлап отырады. Бір толғамында Ауылдың сөзін сағынатынын айтып, 
жаппай сөз бұзу беталыстарында сөз түзеу миссиясында талай сөздің тағдырын шешеді. 
«Ортан қол» мен «орта қол» талқыға түседі. Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқтың» 
дұрыс екендігін дәлелдейді. 
«Шонжы» сөзін ұйғыр тіліндегі сөз деп ойлаушы едім. Басқалар да білмеген екен. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы бұл сөздің Батпан апасы айтатын өрешеге жайып қойған 
шошайма қатық екендігін жеткізеді. 
«Ойдан қырға, яғни жайлауға қой айдағанда, қойшылар жолай бір-екі түнеп 
жүретін. Сонда жауын-шашыннан қорғанып түнге қарай итарқа, шошала тігіп алушы еді. 
Ол да өз қызығы бар заман екен. Итарқа мен шошаланы кәзіргі қойшылар тіпті де 
білмейді, соған орай ол сөз де «өліпті». Әйткенмен айтылудан қалғанмен, ол сөздерді 
ғылым іздейтін шығар? Іздеуге тиіс қой». Жазушы атаулы тегінде сөз теріп, сөз түгендеп 
отырады. Нұржеке-ұлы мұндайға тіптен бейім. Байқамайтынды барлаумен келеді. 
«Қайран Ақжазықтың ата-бабадан қалған сөздері-ай! Қарттармен бірге біразы кетіп 
те қалыпты-ау!» – деп қай-қайдағыны қозғайды. 
Әпкіш, Бөргелтай, шымбай, дардай жігіт, жозы, шанжа, бопыш, бұғысбақ, асар, 
жадуал, жылу,.. көп сөз. «Қазір ауыл – біз өскен ауылдан басқа ауыл. Өзі де, сөзі де 
басқа». Барлығы рас. 
Қазақ қаламгерлерінің Ауыл түндігінің астындағы құндылықтардың құрып кетпеуі 
бағытындағы тарихи еңбегі туралы біліп отыруымыз, ұмытпауымыз үшін тоқталдым. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы айтқан ауыл қазір тағы өзгерді ғой. Жаһандық урбандану 
Ақжазыққа да құрық тастаған болар... 
Жазушы атаулыны арғы тек жөні де бей-жай қалдырған емес. Арғы уақыттарда хандар 
шежіре жазғызып отырды. Беріде Шоқан, Абай, Шәкәрім... 
Жеті атаны тарқатып отыратын, ағайын жөнін аңлап отыратын баяғының 
адамдарын да енді әдеби кеңістіктен жолықтырамыз. «Ауылдың киесі – қарттар, иесі – 
жастар» депті Бексұлтан аға. «Кеңес заманында елдің шежіресі айтылмайтын болды. Ол 
ескіліктің қалдығы саналды. Бірер текті азаматтар ата-бабасынан қалған шежірені арап 
жазуында сақтағаны үшін сотталып тынды. Ал қазақ жазуы ол кезде негізінен арапша 
болатын. «Ескілік» деген «ескірді» деген сөз емес еді, бірақ бізге оның керегі жоқ көне 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет