«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет181/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
171 
нәрсе деп ұқтырды. Шежіре, шын мәнінде, біздің бір атадан тараған ұрпақ екенімізді 
үнемі еске түсіріп отыратын тарихи куәлік еді. 
... Шежіреден айрылған соң, біз ол әдеттен де бірте-бірте ажырай бастадық. 
Ақырында «Анау – ана жақтың адамы, мынау – мына жақтың адамы, ал мен – өз 
жағымның адамымын» деген жалған жікшілдік пайда бола бастады». 
Осы әдеби мұраға арналған толғамда «100 жаңа оқулық» жобасымен шыққан 
«Әдебиет теориясы» антологиясына осы кітапты бірнеше тұста тоқталып келемін. Себебі 
бар. Әсіресе сол антологиядағы постотарлық әдебиет туралы ашығынан айтылған талқы, 
саралаулар жанға майдай жақты. 
Қазақ әдебиетінің де әлемдік әдеби үдерістегідей бір туындысында бірнеше бағытта 
түзілген рухани кеңістіктері жеткілікті. 
Қазақ сөз өнерінің уақыттың қондырма поэтикалық кеңістіктеріне бой бермейтін, 
бас имейтін арғы ұғымдарға байланған мығым желілері, арғықазақтық айнымас 
нышандары сақталып отыр. 
Қазіргі әлеуметтік орта тұрақсыздығы, сапырылысқан көші-қон, салт-сана 
шарпысулары бел алып, халық өмірінің қайсыбір қастерлі негіздерінің «күні өтіп», 
тіліндегі көп сөз «өліп» жатқандығы әдеби үдерісте нендей текетірес, психологиялық 
ахуалдарда көркемдік шешім тауып келе жатқандығын бір шығарма, бір қаламгер мұраты 
бағытында айқындау, ұғыну, ғылыми саралауға тартып отыру да маңызды. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы қазақтың өмір ортасы туралы жазу мұратында елеулі 
көркемдік өрістер қалыптастырып отырған қаламгер. Ол қазақы отбасылық ғұрып 
құндылығында талмай жазып келеді. Әлемдік романшылдықта айтылатын отбасылық 
романның қазақ топырағындағы көркем үлгісін қалыптастырушы санаулы жазушының 
бірі. Ол ел тарихының жоқшысы. Туған жер тарихын жазуда жұрттың ойында «дәнеңе 
жоқ» уақытта түрен салып, тың көтерді. «Өзендер өрнектеген өлкенің» құны мен сыры 
жалпыға кең таралып әлі айтылмай келеді. Жетісу тарихына бет алған осы еңбегі үшін 
жазушы ел аман, жұрт тынышта «таяқ» жеді. Қызметінен босап, бірер жыл шиеттей бала-
шағамен жұмыссыз да жүрді. 
Мұқағали мұрасына жанашыр болды. Айта берсе, қазақ қаламгері міне, осындай 
дегізетін мазмұн-сапасы таусылып бітпейді. 
Сәл көтеріңкі леппен жазып отырғаным рас шығар, бірақ осы айтқандарымның 
барлығы шындық екені де рас. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы 2016 жылы «Әй, дүние-ай!» романы үшін Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алды. 2017 жылы Талдықорған жұртшылығына 
шығармашылық есебімен келгенінде Ілияс Жансүгірұлы атындағы Жетісу мемлекеттік 
университетінде студенттер жазушы шығармашылығыны бойынша республикалық Білім 
сайысын өткізді. Бексұлтан Нұржеке-ұлы туындылары сараланған мақалалар, республика 
ЖОО білімгерлерінің «Мен оқыған бір кітап» жобасында жазылған ғылыми эсселер 
жинағын шығарды. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы бұдан кейін де студенттермен кездесуге келді. Осындағы 
айтпағым: көпшілік жай сыпайылық үшін, уақыт өткізіп отырған жоқ. Бар ынты-
шынтысымен жабысып, қоштасуға қимай, әр сөзіне жандары кіріп, жасанып, жаңғырып 
тыңдады жазушысын. Оқытушылық тәжірибемде Бексұлтан Нұржеке-ұлы кітаптарының 
қолдан қолға өтіп оқылатынын білемін. «Мен оқыған бір кітап» атты жобамда осы 
адамның шығармашылығы бойынша ең көп эссе жазылды. 
Бір қаламгер осынша жүк көтереді. Қазақта осындай, кейде озық, кейде жетеқабыл 
қаншама сөз ұстасы жасап келеді. Бір адамның шығармашылығын бер жағынан 
қарағанның өзінде шалқар игілікке кенелетінің – рас. Қазақ әдебиеті жер басып жүрген 
жанның барлығына қастерлі, сонымен бірге қазақтың өзіне ғана, әулеті, әрі барса қаны бір 
туған халқы сезінетін, түйсінетін, көңілімен көретін мінез, іс, ішкі күйге қарайлап 
отыратын, айнымайтын кісілік, елдік этникалық тұғырларымен еңселі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет