«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет189/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
178 
ӘОЖ
81'366 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
Мәдениет Е.
,
 «
Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс студенті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. 
Е-mail: 
elyamaden@gmail.com
  
 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. 
Чалтикенова Л.А. 
Мақалада қазақ тіліндегі зергерлік атаулардың сөзжасамдық тәсілдер арқылы 
жасалу жолдары қарастырылған. 
Тірек сөздер: сөзжасам, синтетикалық, аналитикалық, этномәдени, этнография, 
шашбау, шашқап, шолпы, қапсырма, өңіржиек, жүзік, алқа, білезік. 
 
В статье рассматриваются способы словообразования названий украшений в 
казахском языке словообразовательными методами. 
Ключевые 
слова: 
словообразование, 
синтетический, 
аналитический, 
этнокультурный, этнография, шашбау, шолпы, зажим, региональный, кольцо, ожерелье, 
браслет. 
 
The article discusses the ways of word formation of jewelry names in the Kazakh 
language by word-formation methods. 
Key words: word formation, synthetic, analytical, ethnocultural, ethnography, shashbau, 
sholps, clip, regional, ring, necklace, bracelet. 
 
Қазақ мәдениетінде ұлттың ерекшелігін көрсететін, таным мен эстетикалық 
талғамын, салт-дәстүрін бейнелейтін – дәстүрлі қолөнер саласы. Қолөнер саласы ерте 
кезден дамыған. Біз мақаламызда зергерлік бұйым атауларын атауда сөздердің қандай 
мағына беретінін және сөзжасамдағы үш тәсілмен жасалу жолдарын зерделеп, анықтап, 
талдап бермекпіз. Зергерлік атау сөздердің сөзжасамдық сыр-сипатын, сөз тұлғаларының 
модельдерін дұрыс танып, талдай алатын, білімін іс жүзінде орынды пайдаланатын 
студент тыңдаушыға өз ойын айқын, анық етіп жеткізе алады. Бұл студенттің қазақ тілінің 
күрделі сөзжасамдық құрылымын тіл дамыту жұмыстары негізінде меңгеруі арқылы 
жүзеге асады.
Ғалым Ж.Манкеева «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулар»атты еңбегінде зергерлік 
өнерге байланысты сөздердің мағыналары, этнографиялық мәні, шығу төркіні жайын 
түсіндіреді. Еңбегінде зергерлік атаулардың лексика-семантика топтары туралы түсінік 
берген. Мысалы, Бет моншақ-сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын 
бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оған арқау болған «бет моншағы үзілу» тіркесі – «ұялу» 
деген ұғымды білдіреді. «Рухани мәдениетіміздің қалыптасуына септігін тигізіп
тәрбиелік, танымдық қызметін өтейтін, осындай ғажап төл мұрамыздың атауларының бай 
сырларына үңіліп, талдап анықтау, оларды рухани қажетімізге айналдыра білу – ұлт 
санасын жаңғыртатын ұлттық қазына» - деген пікір жазған [1]. 
Зергерлік атауларды жасаудағы сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жиі 
қолданылатын тәсіл синтаксистік немесе аналитикалық тәсіл деп аталады. Бұл 
аналитикалық тәсілдің әрқайсысының өз мағынасы, сөзде алатын орны және олардың 
мағынасын толықтыратын көрсеткіштеі бар. Атап айтсақ, қазақта бұрыннан келе жатқан 
шашбау деген сөз бар. 
Шашбау – екі сөздің бірігуінен, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз. 
Беретін мағынасы қыздардың шашына тағатын бау. Шашбау, шолпы, шашқап. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет