«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет199/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
188 
атамыздың өмір тарихына зер сала бағдарлап отырсақ, ол кісіні қазақтың "Мичурині" 
болған екен ғой деп еріксіз мойындайсыз. Өзі әрі селекционер-бағбан, әрі шипагер ретінде 
халық жүрегінен ерекше орын алып, зор құрметке бөленіпті. Ол кісінің тұрақ мекен-
қонысы: қыс қыстауы Алма-арасанға барар жолдағы Аюлы өзеніндегі Алматы көліне 
барар ысайды (бұрынғы ГРЭС тұрған жер) қыстаса, жазда қазіргі Алма-арасанды жайлап, 
суық күзге дейін ауруларға Арасан суымен ем-дом жасайды екен. Алма ата қыстаған сай 
ол кезде Алма ата сайы аталып, жаз жайлауға ем-дом жасаған Арасан Алмаарасан 
аталыпты. Бұл күнде Алма ата сайы ұмыт болып аталмағанмен, Алмаарасан атауы 
сақталып, осы күнде адамдарды емдейтін Республикамызға белгілі ірі санаторий болып 
отыр. Алма ата жүзден аса сүйекті өсімдіктерді будандастырып, алманың жаңа сорттарын 
шығарыпты. Өсімдіктер жайлы өз байқаулары мен іс-тәжірибелерін көпшілікке айтып, 
түсіндіріп отырса керек. Сондай-ақ Алма ата аса атақты шипагер де болған кісі екен. Ол 
кісінің өсімдіктерден жасаған дәрілері, өсімдіктердің қандай дертке ем болатыны жайлы 
сөздері мен дауа болған ем-домдары жайлы да аталмыш кітапта кеңінен сөз болған. 
Бұрынғы Верный қаласының Алма-Ата аталуының себебі – сол кездегі зиялылар Алма 
атаның есімін мәңгі есте қалдырып, сол атақты адамды құрмет тұтудан болса керек. 
Тарихи Алматы қаласының Алма-Ата аталуының біз айтып отырған қыскаша тарихы 
осымен шектелмек емес. Ол жайында әлі де пайымдаулар мен нақты ой-пікірлер қалың 
жұршылықтан шыға берері сөзсіз. Қазақ тарихында қасиетті, киелі, әулие ата-бабалар 
есімдерімен байланысты жер-су аттарының бары көпке айқын [2, 32]. 
Алтай – 
атауының этимологиясы туралы В.В. Радлов, В.В. Владимирцов, 
Ғ.Қоңқашбаев, В.А. Никонов, Г.И. Рамстедт, М.Рясенен, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар 
пікірлері әр алуан. В.В. Радлов Алтай -- ал (биік) + тай (тау) сөздерінен жасалғанын, 
Ғ.Қоңқашбаев бұл моңғолдың алт (алтын) сөзі мен тай ("та" + "сы") жұрнағының 
қосылуынан туындағанын, Э.Мурзаев алтай моңғ. "таулы ел", "бай тау"деген сөз деп 
пайымдайды. Осы пікірлерді қуаттай отырып, A. Әбдірахманов: "Алтай" атауы көне түркі-
моңғол тілдеріндегі алтын (н) > алта (н) түбіріне ай/й жұрнағы қосылу арқылы жасалған. 
Сонда көне Алтай атауы алтын (тау) деген мағынаны білдіреді", - дейді. Біздің ойымызша, 
Э.Севортян айтқандай Алтай атауының ал сыңары көне түркі тілдерінде "қызыл", "алтын" 
мағынасындағы лексикалық бірлік, дербес сөз болған. Атаудың екінші сыңарындағы тай 
сөзі көне түркі тіліндегі таг (тау) сөзінің кейінгі кезеңдерде дауыссыз г дыбысының 
жартылай дауысты й дыбысына алмасуынан туған. Демек, Алтай - "қызыл, қызғылт", яғни 
"алтын тау" деген мағынаға ие.
Көкшетау – 
қала, тау, Солтүстік Қазақстан обл. Қала аты Көкшетау атынан 
қойылған. 1824 ж. негізі қаланған. Көптеген көлдері бар және қарағай қалың өсетін жер. 
Атаудың бірінші сыңарындағы "көк" сөзі - "аспан" және екінші сыңарындағы ше - 
үстемелі теңеу мәнді қосымша. Атаудың толық мағынасы: "көкпеңбек, әдемі, сұлу боп 
көрініп тұратын тау". Оның суреті мен келбет-кескіні С.Сейфуллиннің "Көкшетау" 
поэмасында тамаша берілген. Е. Қойшыбаев атаудың мән-мағынасы туралы: "Көкшелі 
тау"; қазақтың осы тауда жайлаған (не қыстаған) ескі ру тобының (Көкшенің) атымен 
байланысты. Оның үстіне, қазақтың Көкшебай, Байкөкше антропонимдерімен жақсы 
үндеседі", - деген үзілді-кесілді пікір айтады. Таудың Көкшетау аталуы жер табиғатына, 
оның сұлу көркі мен бедеріне байланысты, тау төңірегінің, оның баурайының мәңгі 
көгеріп, алыстан көкшіл болып көрінетін, жасыл-желең қарағай түсіне орай қойылғаны 
кімге болса да белгілі [2, 94]. 
Ертіс –
Ертіс атауының шығу төркіні жайлы айтылған пікірлерге зер салсақ: алғаш 
рет П.П. Семенов: "Иртыш - қырғыз- (қазақ) тілінде ир - "жер", ал тыш (тіс) - "қазу", - деп 
жазса, В.Бартольд: "Артуш (Эртюш) Гардизи айтуындағы халық этимологиясы бойынша - 
"адам, төмен түс", - деп жазады. Ал А.П. Дульзон: "Бұл атау кет тілінің "Ир-сес > (өзен) > 
Ир-чис сөзінен өзгерген", - деген пікір айтты. Э.М. Мурзаевтың: "Бұл гидронимнің түбірі 
түрікше - ир болуы мүмкін. Қазақша иірім, түрікше ирмак (өзен), өзбекше ирмок (өзеннің 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет